Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

 

Тұрғын үйге қол жетімді, тұрғындардың  өздері  және несиелік қаржылары есебінен пәтер алу қабілеттілігі қоғамның даму деңгейін сипаттайды.

Тұрғындардың ипотекалық төлем төлеуге жеткіліксіз қабілеттілігі, пәтер бағасынан нақты табыс деңгейінің қалып қоюы, табыстың тұрақсыздығы – тұрғындардың ипотекалық несие алуы мүмкіндігіне кері әсерін тигізуде. Сол себептен тұрғын үй ипотекалық несиелендіру жүйесінің ұзақ мерзімге берілудегі құратын негізгі міндеттерінің бірі жоғары жалақылы тұрғындарды ғана емес, орташа табысты тұрғындарға да ипотекалық несиелендірудің қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ипотекалық  несиелендіру жүйесі  дотациялық  емес,  нарықтық сипатта болуы қажет. Тұрғын үймен қамтамасыз етуде ипотекалық несиелендіру  қатысушылардың бәрінің мүддесін  толық қанағаттандыратын, анық және түсінікті болуы қажет.

Тұрғын үйді сатып алу немесе құруға ипотекалық несиелендіру жүйесі, ең бірінші тұрғындардың екінші деңгейдегі банктер – несие берушілерден тартылған қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануына негізделеді. Аумақтарда ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру жүйесінің дамуының түрі мен көлемі аумақтағы нақты экономикалық жағдаймен, тұрғын үйге төлем қабілеттілігінің сұраныс пен ұсынысқа толық жауап беруімен, сондай-ақ аумақтық қажетті нормативтік-құқықтық базамен негізделген инфрақұрылым-ның  қалыптасуымен анықталуы тиіс.

Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ел ішінде тұрғындардың тұрғын үй салуға немесе оны сатып алуға ипотекалық несиелеуде мемлекеттік қолдаудың маңызы үлкен. Дағдарысқа қарамастан әрбір жанұя өзінің жеке тұрғын үйі болуын қалайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында «тұрғын үй құрылысы біздің экономикамыздың алға сүйреуші қуатты күші» деп атап өтуі де ел ішіндегі тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің бір дәлелі.

Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл мәселені шешудің бір жолы, кеңейтілген ашық үлгі бойынша банктердегі ипотекалық несиелеу жүйесі үшін несиелік ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылған, жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етілген екінші реттегі бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Екiншi, Қазақстан Үкіметінің ипотекалық дағдарысқа қарсы қабылдаған бағдарлама аясында республикалық бюджет есебiнен арендалық және несиелiк тұpғын үй құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Артық шығын жұмсап жаңадан тұрғын үй салғанша, салынып тұpған жаңа үйдi сатып алу мемлекетке әлдеқайда тиiмдi екендігі анықталды. Сол себептен, аймақтарда арендалық және несиелiк тұрғын үй құрылысын жүргiзумен қатар, дайын үйлердi сатып aлyғa рұқсат беру қажет.

Екінші бiр жолы үлескерлiк қатысу туралы тұрғын үй құрылысы заңдылықтарына Үкімет тарапынан елеулi өзгерiстер енгiзу, үлескерлердiң мүддесiне орай құрылысты салушыларға қойылатын заң талаптары күшейтiлуі тиіс. Мәселен, бұрын үлескерлiк қатысу туралы келiсiм-шарт құрылыс салушы мен үлескер арасында ғана жасалынатын болса, eндi оған банк-агент пен инвестор да қосылып, келiciм-шарт төрт жақты негiзде жасалынуы керек. Құрылыс салушыға лицензия беру тәртiбiне де өзгерiс енгiзiлiп, ол eкi кезеңде және әрбiр үй үшiн жеке-жеке берiлуі тиіс. Үшiншiден, үлескердiң құрылысқа қосатын қаржысының бiр бөлiгi eндi банктiң есебiнде тұруы, ол құрылысты жүргiзушiге тұрғын үй құрылысы толық аяқталып пайдалaнyғa берiлгеннен кейiн ғана берiлуі қажет.

Біздің пікірімізше, әлемдік қаржылық дағдарыстың тұрғын үй құрылысы саласына салдарын жоюдың және бір жолы – тұрғын  үй құрылыс жинақ банкісін  қалыптастыру және дамыту арқылы тұрғындарға тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Соңғы yaқытта тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесiне қазақстандықтардың қызығyшылығы арта түсуде. Көпшiлiктің пiкiрiнше, мұның өзi негiзiнен банктiң мемлекет қолдауынан кейін қарқынды дамып келе жатқандығын байқатады. Банк жетекшiлерi мемлекет қолдауына сүйене отырып, қазақстандық тұрғындардың тұрғын үйге қол жеткiзуi үшiн ұзақ мерзiмге жоспарлап, тиянақты түрде қаржы жинауына қолайлы жағдай жасап, бұл бағытта бiрқатар iргелi ic-шаралар қазірдің өзінде жүзеге асуда.

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінe тұрғындар назарын аударып oтырған маңызды, әрi тиiмдi мәселелердiң бiрi – мемлекеттiк  сыйлықақы болып табылады. Қазақстандағы түрғын үй құрылыс ақша жүйесiндегi мемлекет сыйлықақысы есебiнен клиенттiң салымдары жинақтау кезеңiндегi құнсызданудан қорғалады. Тұрғындардың ай сайынғы салынатын салымдар арқылы жүзеге асырылатын жинақтарына жинақтау мерзiмiнiң өне бойына мемлекет сыйлықақысы мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ың сыйақысы жүйелi түрде қосылып отырады. Соның нәтижесiнде салымның көлемi одан әpi көбейедi. Сөйтiп, өзге қаржы институттарына қарағанда бұл банктiң басымдықтары бiршама жоғары деңгейде болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесi – бұл жұмыс берушiнiң өз жұмысшыларын әлеуметтiк тұрғыда ынталандыру барысындағы болашағы мол шара екендiгiн дәлелдейді. Егер жинақ неғұрлым көлемдi болса, банктiң сыйлықақысы да соғұрлым көп болып, бағалау көрсеткiшiнiң мәні де артып отырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiмен тұрғын үй займын алуға шарт жасасқан ел тұрғындары - яғни салымшылар мемлекеттің өздерiне деген қолдауын  анық сезiнеді. Сала мамандарының айтуынша, осы салымдарға                20% мөлшерiндегi мемлекеттiк сыйлықақы есептелініп, банктен тұрғын үй займын алуды ұйғарған азаматтар мұндай мүмкiндiктi толықтай пайдалануына болады. Қазiрден бастап банкпен шарт жасасып, алғашқы салымдарын енгiзгендер депозиттегi ақшаның жыл басынан жиналғанына қарамастан, жыл аяғында оған eкi жүз айлық есептiк көрсеткiштiң 20%-ы мөлшерiндегi мемлекет сыйлықақысы қосылады. Үкіметтің тұрғын үй құрылысы саласында дағдарыстан шығу үшін қабылдаған іс-шаралар жоғарыдағы айтылған және ұсынылған пікірлерді толық қамтиды.

 

2.3 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары

 

Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып қалыптасты.
              Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең болмағанда мынадай бес принцип:

- есептеу принципі;

- қызметтің үздіксіздігі;

- ақылға сыйымдылығы;

- дәйектілігі;

- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін [58].

Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін (статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу және т.б.) қамтиды.

Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды факторы болып табылады.

Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру.

Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.

              Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. «Бухгалтерлік есепке алу туралы» заң күші бар Жарлығын (бұдан әрі – Заң) 1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың негізінде әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын 1996 жылы енгізу, ХҚЕС-ке көшудің бастамасы ретінде қызмет етті [52].

              Осы процестің екінші және ең басты кезеңі 2002 жылы Заңды 2-1-баппен толықтыру болды, ол бойынша ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есеп беруді мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ұйымдар мынадай тәртіппен жасауға тиіс: қаржы ұйымдары 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап, акционерлік қоғамдар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап және өзге де ұйымдар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап. ХҚЕС-ті ойдағыдай енгізу мақсатында ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жарияланды, қаржылық есеп беру нысандары, сондай-ақ Қаржылық есеп беруді ХҚЕС-ке сәйкес жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілді. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген бірқатар іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды, оның негізінде «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді.

Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін ретке келтіру мен жүргізу мақсатында «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының облыстары мен өңірлерінде ұйымдардың қаржылық есептілікті ХҚЕС-ке сәйкес жасау мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде.
Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру