Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

- ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы санаттарға қолданылу қиындығынан;

- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен;

- ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;
- бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;

- кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар [57].

Сонымен бірге, ХҚЕС-ті мемлекеттік немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде проблемалар бар, мұның өзі ағылшын тілін меңгермеген мамандардың ХҚЕС-тің ескірген редакциясын амалсыздан қолдануға және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің қоры жаңадан бекіткен стандарттарды уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес ХҚЕСКҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі ХҚЕСКҚ-нің жазбаша рұқсатынсыз аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны немесе кез келген нысанда толық немесе ішінара пайдаланылмайтыны себепші болып отыр. Министрлік пен ХҚЕСКҚ Шектелген аумақта шектелген кезең ішінде авторлық құқықтан бас тартуды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде Қазақстанға ХҚЕС-ті тек қана мемлекеттік тілде, Республика аумағының шегінде аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі. Сонымен бірге, бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-ның бүкіл кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен, уәкілетті орган орыс тілінде жоғарыда көрсетілген ХҚЕС-қа көшу жөніндегі шартқа қосымша келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

- бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;

- халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
- бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу [59].

Бухгалтерлік есепке алуды реформалағанда Қазақстанда қазіргі уақытта жүргізілетін түбегейлі міндеттердің бірі бухгалтерлерді, қаржылық менеджерлерді, аудиторларды, маркетологтарды және басқа да мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Шетелдік компаниялар санының қазақстан рыногында барынша арта түсуі, бизнестің ғаламдық сипатталуы, бірыңғай еуропалық рынокты құру батыстық есепке алу жүйелелерін, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын меңгерген, батыс стандарттары бойынша оқытылған мамандарға сұраныстың көбеюіне әкеп соғады.

Нарықтық экономика жағдайларында бухгалтерлік деректер негізінен ақпараттың бірден бір шынайы көзі болғанда бухгалтер кәсібінің мәні артады, сонымен қатар оған деген талаптар әсіресе бухгалтерлік пікір қабылдау маңызды әрі шешуші болып табылатын салаларда өсті. Кәсіби бухгалтерлік білім берудің, тәжірибенің, білімнің, сондай-ақ басқару, жоспарлау, технология сияқты салаларда мұқтаждықтың арта түсуінің маңызын түсіну өсті. Бұл сол сияқты, білгірлік пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін тұрақты қолдап отыру қажеттілігі тұрғысынан бухгалтерлердің үздіксіз кәсіби білім алуының маңыздылығын растап түсті.

Кәсіби біліктілік жұмыс беруші үшін оның иесі осы кәсіпке қойылатын барлық қазіргі заманғы талаптарға жауап беретініне кепіл болады деген сөз. Осындай біліктілік иесінің мансаптық өсуде басқа қызметкерлердің алдында елеулі басымдығы болады.

Қазақстан Республикасының Президенті кезекті Жолдауында «еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Қазақстанның халықаралық рыноктарда бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын» ескереді. Осыған байланысты халықаралық стандарттар бойынша қызметтерді ұсыну сапасын жедел арттыру қажет.

Бүгінгі таңда ХҚЕС-қа сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жасауда ақпаратты қалыптастыру принциптерін түсінетін, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындау мен аудитінің қазіргі заманға сай дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын дайындау міндеті тұр.
Бұл ретте бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің сапалы жүйесі экономикалық шешім қабылдаған, атап айтқанда осыған байланысты капиталды инвестициялау және тәуекелдерді талдау бағыттарын анықтаған кезде оны пайдалану мұқтажы және дағдысы бар бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудегі қалыптастырылатын ақпаратқа мүдделі пайдаланушылардың жеткілікті санының болуын қажет етеді. Мүдделі пайдаланушылардың бар болуы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудың маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында төртінші басымдық ретінде қазіргі заманғы білім беруді дамытуды, кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады.
Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін маңызды аспаптардың бірі қалыптастыру реформасы болып табылады. Осы мақсаттарда экономикалық және қоғамдық жаңғырту мұқтаждықтарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қажеттілік көрсетілді.
Бухгалтерлік есепші жүйесінің ХҚЕС-ға бекітілген принциптеріне көшуі оқыту бағдарламаларын қамтитын мониторинг жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыруды, кадрларды, есепке алу қызметкерлерін, экономканың сабақтас саласындағы мамандарды (аудиторларды, қаржыгерлерді) даярлау және қайта даярлау процесіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім беруді реформалау шеңберінде білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта бағдарлау, бухгалтерлік есепке алуға және бухгалтерлердің түрлі санаттарының аудитіне оқытылатындар үшін ХҚЕС бойынша оқу-әдістемелік жасақтаудың (ОӘЖ) үлгілік жинақтарын, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды ХҚЕС-ты терең зерделеуге және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға дайындау бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет.
Қаралып отырған саладағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесінің мазмұнын анықтаған кезде, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру, аудит мақсаттары үшін шаруашылық өмір фактілерінің мәнділігін (елеулілігін) анықтаған, құндық жағынан өлшеген, саралаған және бағалаған кезде кәсіби пірікдің деңгейін әзірлеуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Бухгалтер кәсібі дамуындағы қазіргі заманғы сатыда өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз арттырып отыруды талап етеді. Бухгалтер кәсібі соңғы жылдары іскер және кәсіби ортада «кәсіби бухгалтер» атағын алған жаңа терең мағынада білдіріледі. Бұл ретте Халықаралық бухгалтерлер федерациясы ұсынған кәсіби бухгалтерлер рөлін, функциясын және міндетін түсінуден бастау керек. Осындай түсінік қана қазақстандық бухгалтерлік және аудиторлық кәсіпті халықаралық тануды қамтамасыз етеді. Осылайша, қазақстан аудиторы қол қойған қазақстандық бухгалтерлік сертификатты немесе аудиторлық қорытындыны рыноктың толық бағалауына есептеуге болады.

Өзге шаралардың арасында «кәсіби бухгалтер» атағына нақты мағынаны мамандарды аттестаттаудың және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесі береді. ХҚЕС-ты терең білмей ХҚЕС-қа ойдағыдай көшу мүмкін еместігін тәжірибе көрсетті. Осыған байланысты Қазақстанда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды акредиттеу жүйесін құру мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көзделген. Кәсіби аттестаттау кәсіби жарамдылығын, білімдері мен дағдыларының қазіргі заманғы деңгейін, кәсіптің жағары этикалық нормаларын ұстануды растау құралы түрінде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1 Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары

 

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру Қазақстанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемін төмендетуге жол бермеді және оны қолжетімді деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бұл ретте, алдыңғы жылға жеке инвесторлардың есебінен жаңа құрылыс белгіленбеген. Сондықтан, егер 2013 жылы қажетті шаралар қабылданбаса, онда 2014 жылы өткен жылдармен салыстырғанда тұрғын үй құрылысының көлемі елеулі төмендеуі мүмкін. Бұл, бірінші кезектен, құрылыс секторына инвестициялар көлемінің азаюына және халықта тұрғын үй сатып алу үшін қолжетімді құралдарының жоқтығына байланысты. Атап өткен жөн, мемлекет тарапынан құрылыс саласының проблемасын шешу жөнінде белсенді қадамдар қабылдануда.

2013 жылы барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 6 млн.шаршы метр шамасында, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен 494 мың шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің әлеуетін пайдаланумен қатар тұрғын үй құрылысының жаңа схемасы іске асырылуда. 2013 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», жергілікті атқарушы органдар пилоттық жобаларды іске асыру үшін 20,8 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Сонымен бірге, 6 өңірде «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Осы мақсатқа 2013 жылы 7,3 млрд. теңге көзделіп отыр (Ақтөбе, Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары).  Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау көлемі 2015 жылға дейін сақталатын болады – жыл сайын 10 млрд. теңге. Ағымдағы жылы Астана және Алматы қалаларының серіктес (спутник) қалаларын дамытуға 6,6 млрд. теңге, сондай-ақ, «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша инженерлік желілер салуға 4,8 млрд. теңге көзделген. Тұрғын үй салу жағдайын қамтамасыз ететін негізгі фактордың бірі - құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы. Бұл мақсаттарға 2013 жылы 10 млрд. теңге қарастырылған [60].

Үкіметтің шешімі бойынша құрылыс саласында техникалық реттеу жүйесін реформалау жүргізілуде, ол кезең-кезеңмен еурокодтарға ауысуды көздейді.

Қазақстанда техникалық реттеудің жаңа жүйесін толық көлемде енгізу – бұл ұзақ уақытқа есептелген күрделі және көп еңбекті талап ететін процесс.

Алайда, инвесторлардың қызметі үшін кедергілерді тезірек жою қажеттілігін ескеріп, біз 2010 жылы реформалаудың 1-кезеңіне кірістік, оның шегінде:

- «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі» Құрылыс техникалық регламенті;

- қолдану жөнінде ұлттық қосымшалар мен нұқсаулықтары бар, Еурокодтарға сәйкес келетін Қазақстандық құрылыс нормалары;

- Еурокодтарда қолданылатын терминдердің Ұғымдық-терминологиялық сөздігі әзірленген.

Техникалық реттеу жүйесін реформалау шегінде атқарылған барлық жұмыстар бойынша отандық және шетелдік ұйымдарынан оң пікірлер алынды («AECOM» (АҚШ), сарапшы Брайан Мичама (АҚШ), «Строительные технологии и машины» Акционерлік Қоғамы, Ресей, Жигулевск қаласы, «ИННОБИЛД» Серіктестігі, Алматы қаласы).

Үкіметтің талаптарына сәйкес Қазақстанда 2013 жылдың бірінші жартысында еурокодтарды енгізу және практикалық қолдану басталады. Бұл озық технологияларды және инновацияларды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, мемлекет аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, еурокодтармен қатар ауыспалы кезеңде елімізде қазақстандық нормативтер де қолданылатын болады.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру