Отчет по практике на железнодорожной станции

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 01:18, отчет по практике

Описание работы

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар.

Работа содержит 1 файл

готовый отчет по практике.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

Темір жол  жолдарында тұрған кезде станция  жұмыскерелері келесідегі қауіпсіздік  шараларын сақтауы керек: ұзын жолмен тек қана жолдың сыртымен немесе жоларасының  ортасымен жүруі керек, бұл уақытта  қозғалыстағы пойыздарды, манерде құрам  мен локомотивтерд, тиелген жүктің сыртқа шығып тұрмауы байқауы  керек; жолындағы құрылғылар мен  заттарға назар аударуы керек  бағаналар, құдықтар, байланыс желілері.

Қозғалыстағы  құрам үшін жолға шыққанда ғимараттан алдын-ала бұл жолда қозғалыстағы құрамы жоқ екеніне көз жеткізіп алып шығуы тиіс: жолдан тікелей  бұрышпен өткенде, алдын-ала бұл  жерде қауіпті қашықтықта пойыздар, маневрлік құрамның, локомотивтің жоқ  екеніне көз жеткізу керек; қозғалмалы құрам тұрған жолдан өткенде вагондарту өту алаңын пайдалану керек. Вагонның астымен өтуге тиым салынады; жолда  тұрған вагондар мен локомотивтерді аралағанда станция, парк, кезекшілеріне, вагон қозғалысын реттеушілерге, құрастырушы  бригадасына жұмыс уақытында  жолды олардан 3 м қашықтықта, вагон  арасынан олардан 5м кем емес қашықтықтан  өту қажет; станция аумағынан  жұмысқа келгенде немес жұмыстан қайтақанда арнайы белгіленге қызмет бабында өтетін жолды пайдалану  керек; вагонның өту алаңынан шығардан бұрын табалдырықтың жарамды  екеніне, аралас жолда қауіпті қашықтықта локомотив, вагондар жоқ екеніне, жол  арасында бөгде заттардың жоқтығына  көз жеткізіп алу керек, түскен кезде  қолсалғыштан ұстап, вагонға бетіңізді  қаратып түсу керек; өтетін алаңға отыруға. Одан түсуге қозғалыстағы құрам тоқтап тұрған кезінде ғана рұқсат етіледі.

Пойыз құраушыларға, көмекшілері мен кондукторларға қажет болған жағдайда ғана өтетін алаңға отыруға, вагондар мен локомотивтерлің  арнайы табалдырықтарына отыруға немесе түсуге қозғалыстағы құрамның жылдамдығы 3км/с артық болмаған жағдайда рұқсат етіледі, маневрлік құрамның қозғалысы  кезінде қауіпті жерлерде ауа-райының  қолайсыз кезінде (көктайғақ, тұман, нөсер, боран, қатты қар жауыптұрғанда) қараңғы жерлерде, биік платформада, жүк қоймаларында өту алаңымен вагондардың  арнайы табалдырығына отыруға және одан түсуге тиым салынады. Өтетін алаңда, вагондардың арнайы табалдырықтары мен баспалдақтарымен байланысқан  табалдырықтарында, цистернаның, баспалдақта  локомотив құраушы мен оның көмекшісі  ұстауға міндетті: тоқтаусыз 120км/с  жылдамдықпен келе жатқан пойыз кезінде  жолдан 5м қашықтықта болса; жылдамдығы төмен қозғалыстағы маневрлік құрам, локомотивтер, вагондар ағытқанда алдын-ала  шеткі жаққа 2м кем емес қауіпсіз жерге кетіп қалу керек; 3 км артық  қашықтықта локомотиві алда жүретін  маневрлік құрамқозғалғанда, сондай-ақ құрамда өтпелі алаңы жоқ вагондар болса құрастырушы бригадаға  локомотивте болуға рұқсат етіледі.

Пойыз құрастырушыларға тежегіш ауданына және арнайы баспалдаққа  отыруға және одан тұруға қыс уақытында  тек қана құрам немесе локомотив  толық тоқтағаннан кейін рұқсат етіледі. Тек қана жаздың уақытында  арнайы баспалдаққа және тежегіш  аудандарына отыру және одан тұру құрам немесе локомативтің 3км/сағ  жылдамдықпен қозғалса рұқсат етіледі:

- пойыздар 60-120 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанда,  сонымен қатар маневр құрамы  және локоматив қозғалғанда алдын-ала  қауіпсіз орынға, яғни релістің  шетінен 2-мден аз болмайтындай  қашықтыққа шегіну керек;

- тиеу  және түсіру орындарындағы, әсіресе  ақтарма жүктерді, маневр жұмысы  түсірілген және тиеуге дайындалған  жүктердің габаритін сақтағанда  ғана, яғни жүктің биіктігі 1200 мм-ге  дейін, өңделеді. Оны шеткі релістің  шүйдесінің сыртқы нүктесінен 2м-ден жақын болмайтындай орналастырады, ал үлкен биіктік болса 2,5м ден жақын емес қылып орналастырады.

Маневр  өндіру уақытында пойыз құрастырушыларының өтуге тежегіш аудандарында немесе вагон баспалдақтарында, цистернадағы сатылармен байланысқан баспалдақтарда және локоматив ауданы тек баспалдағында  тұтқа ұстай отырып ғана рұқсат етіледі.

Өтпе  ауданы немесе жолаушы вагондарындағы тамбур есіктері бар вагондар құрамда  болмаған жағдайда маневр құрамының  локомативпен 1км қашықтықтан аса  қозғалысы кезінде пойыз құрастырушыларға локомативте болуға рұқсат етіледі. Онымен қоса өткелге жақындағаны  туралы белгіні уақытында беру, сонымен  қатар жолда жұмыс істеп жатқан жұмыскерлерге, бұрманы бағыттама  жұмыскерлеріне белгіні беруге жауапты  маневр локомативінің машинисті  болып келеді.

Жолға жақын  орналасқан платформалар, ғимараттар және қоршаулардың жанында маневрлерді  өңдеуде пойыз құрастырушысына  жолаушы вагонның тамбур сатысында  тұруға болмайды, егер тамбур есігі  ашық болмаса.

Биік  платформалары қозғалысында жұмыскерлерге  арнайы вагон баспалдақтарында биік платформа жағында тұруға болмайды. Автотіркегішке, буксаға, платформада  тұру және оның бортында отыра жүруге болмайды.

Маневр  құрамының вагондармен алдыға жүруі  кезінде пойыз құрастырушысы  қозғалыс бойынша бірінші тежегіш  ауданында және ескертпе белгілерін беруге арналған вагон баспалдақтарында тұруы керек, ал тежегіш аудандары  және баспалдақтары болмаса, жұмыскер жолдың шетімен немесе жоларалығының  ортасымен жүруі керек.

Тежегіш аудандарына, арнайы баспалдақтарға отыруға  және одан тұруға маневр құрамының  қозғалысы кезінде болмайды:

- бұрмалы  бағыттамаларда, өткелдерде және  басқа қауіпті орындарда;

- тиімсіз  метеорологиялық жағдайда ( тайғанақ, тұман, жаңбыр,жел және т.б.);

- толықтай  жарықталмаған орындарда;

- биік  платформаларда, жук қоймаларында  және ақтарма аудандарында;                                                                                     

Пойыз құрастырушысына  жолдың қисық ауданында маневр кезінде  жолды өтуге тек қана осы жолда  ешқандай пойыз қозғалысы және маневр құрамы жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін рұқсат етіледі.

Маневр  құрамының қозғалысы кезінде  вагондар арасындағы орынға автотіркегіш басының дұрыс шешілуін және қосылуын, рычаг валигін қарау үшін  кіруге болмайды, сонымен қатар бұрмалы  бағыттама маңында, ақтарма жүктерін тиеу-түсіру орындарында және өткенде  вагондарды ағыту жүргі Станцияда  қыз мезгілінде маневрлік және пойыздық жұмыстарды атқару қиын жағдайға әкеп соқтырады. Температура төмендегенде жылжымалы құрамның кедергісі көбейеді. Бұрмалы бғыттаманың жұмысы қиындайды. Қатты боран соққанда қарлар жолдар мен бұрмалы бағыттамаларды басып  қалады, бұл уақытта пойызды қабылдау және жөнелту қиынға соғады.

Қыс мезгілінде жұмыстарды пайдалануға көп көңіл  бөлінеді, яғни стансаның техникалық және аймақтық құрылғыларын, сонымен  қатар қаржинағыш жұмыстарын ұйымдастыруды  дайындайды. 

Негізгі көңілді станса жұмыскерлері мен  бригадаларға бөлу қажет, оларды қысық  жұмыстарға дайындау қажет. Жұмыскерлерді  қыс мезгілінде жұмысқа шығармас бұрын, олармен сабақ өткізуі  қажет. Бұл сабақ барысында: аяз  кезінде бұрмалы бағыттамамен қалай  жұмыс істеу керек екндігі  туралы және өзінің қауіпсіздігі жайлы  айтылады. Қыс мезгіліне дайындау шаралары:  

а) жолды  жөндеу, бұрмалы бағыттамалыр және басқа техникалық құрылғыларды жөндеу;

б) жүк  шаруашылығын дайындау;     

в) станция  парктерін жарқырату.

Станцияда қыс мезгіліндегі техникалық жұмыстар:

Қатты аяз, қар басу және температураның төмендеуі  кезінде ДСП кедергісіз пойыздарды қабылдау үшін станцияда бос жолдардың  болуын қамтамасыз етуі керек және стансадағы жұмыскерлердің қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуі қажет. Жолдарды тазалауға кіріскен адамдар барлық пойыздардың қозғалысы мен маневрлік  құрамның қозғалысы жайлы алдын-ала  ескертілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Жаңаарқа станциясының техникалық-басқару акті, ж;
  2. Жаңаарқа станциясының технологиялық процессі, ж;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Берілген  практика бойынша  есепте арнайы тапсырмаға байланысты барлық бөлімдерді қарастырдым. Олар мыналар: станцияның жалпы сипаттамасы, орындалатын жұмысы, Ақадыр станциясынының басқару құрылымы, жүк, коммерциялық операциялар, жолдардың сипаттамасы, тауар кеңсесі мен техникалық контора жұмыстарын қарастырдым.

Сонымен қатар стансция жұмысының технологиялық  процессі мен техникалық басқару  актісімен толығымен таныстым.

Станциядағы оператордың, кассирлердің және станция  кезекшісінің атқаратын қызметерімен танысып меңгердім.

Сонымен қатар станциядағы әрбір жұмыскерлерге  арналған техникалық қауіпсіздігі ережелерін үйрендім.

Жалпы бұл  практика бойынша есепте берілген тақырыпқа  байланысты барлық мағлұматтар толық  жан - жақты қарастырылды.

 

 

 

 

 


Информация о работе Отчет по практике на железнодорожной станции