Отчет по практике на железнодорожной станции

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 01:18, отчет по практике

Описание работы

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар.

Работа содержит 1 файл

готовый отчет по практике.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

 

 

 


 

 

 

 

 

    

 

1 сурет  – Жаңаарқа станциясының басқару  құрылымы

 

 

3 Станциялық  құжаттар

 

 

Станциядағы ең негізгі құжаттардың бірі стансаның  техникалық басқару акті (ТБА). Станция  жұмысының ұйымдастырылуына қойылатын  негізгі талаптар – жол жүрісінің  қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ету және станция қызметкерлерінің еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауы. Сол мақсатқа техникалық басқару актісі (ТБА) қызмет етеді, ол станцияның құралдарын қолдану тәртібін және станцияға пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу және маневр жұмысының операцияларын қауіпсіз және бөгетсіз орындау тәртібін орнатады. Ол 4 бөлімнен тұрады:

1. Станция  туралы жалпы мағлұмат

2. Пойыздарды  қабылдау және жөнелту

3. Маневр  жұмысы

4. Жұмысшылар  қауіпсіздігі

Оны станса бастығы қарастырады, ревизор тексереді.

Теміржол  көлігінің техникалық жұмысын регламенттеудің  негізгі құжаттары:

- сигналдар  бойынша нұсқаулар;

- техникалық  пайдалану ережелері;

- маневрлік  жұмыстар бойынша нұсқаулар;

- теміржол  қызметкерлерінің міндеттері.

Әрбір станцияда  аталған құжаттар міндетті түрде  болуы қажет. Станцияның жұмыскерлері міндетті түрде станцияның техникалық жұмысын регламенттеу құжаттарын және техникалық басқару актісін жатқа білуі керек.

Тағы  бір негізгі құжаттардың бірі – станция жұмысының технологиялық процессі. Станция жұмысының технологиялық процесі құрамдар мен вагондарды баптау, ажырату, құрастыру, маневр жасау және жергілікті жұмыстар операциясын ғылыми ұйымдастыру және озық жұмыс әдістерін, станцияның техникалық құралдарын толық қолдану негізінде ең аз уақытта жүргізуді көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЭО бөлімінің операторының жұмысы

 

 

СТО операторына  келесі басты функциялардың орындалуы  тапсырылады:

а) қабылданған  және жөнелтілген пойыздарға уақытында  және сапалы  түрде тасымалдау құжаттарын жинау және өңдеу;

б) натуралық  қағазды құрау;

в) тиеу- түсіру жолдарда вагондардың түгел  болуы және номерлік санағын жүргізу;

г) пойыздардың  салмағы мен ұзындығы бойынша  топталу жоспарының орындалуын қадағалау;

д) тасымалдау құжаттарының түгел болуын қадағалау;

е) вагондардың  станциядан уақытында жөнелтілуін  қадағалау;

ж) беру жұмыстарын жүргізу;

з) ТБАЖ жүйесіне ақпараттарды енгізу;

и) ТМД  мемлекеттері  мен  Балтика елдерінің  вагондарын қадағалау.

СТО операторы  келесі операцияларды орындайды:

  • топтастырылған пойыздарға тасымалдау құжаттарын өңдеу;
  • станцияға түсіру жұмыстары үшін келген вагондардың құжаттарын тауарлық кеңсеге тапсыру;
  • пойыздардың жақындауы, вагондар мен жүктер туралы ақпара алу;
  • 200 және 201 хабарламалы пойыздардың қабылданғаны және жөнелтілгені туралы ақпараттты, сонымен қоса Қарағанды станциясы арқылы өтетін 206 хабарламалы жолаушы пойызы туралы ақпаратты жіберу;
  • локомотив бригадасына жөнелтілетін пойыздардың құжаттарын ДУ-40 журналына қол қою үшін  тапсырады;
  • қабылдау- жөнелту жолдарындағы топталған құрамды тексереді;
  • өңдделген пойыздарды келуі бойынша жазып отыру;
  • алынғандарды станция езекшісі жанындағы операторға тапсыру;
  • пойыз құраушылары мен станция езекшілері үшін маневрлік жұмысты орындауға тапсырма беру;
  • 09-00 сағатқа жұмыс паркін анықтайды;
  • тасымалдау құжаттарынан бөлек ағытылған және коммерциялық ақаулықтар табылған жағдайда жалпы формалы акт толтырады;
  • 9802 хабарламасы арқылы жөнелтілген ақпаратттың сапасын және дұрыстығын тексеру;
  • техникалық ақаулықтары бар вагондарды тұрып қалуын кітапшасына тіркеу;
  • ӘТЖК тексеретін жүктерді кітапшаға енгізу;

Топталған пойздар үшін тасымалдау құжаттарын конверттейді, конвертке тексеру  бланкін жапсырып, пойыз номерін, бас және соңғы вагонның номерін, оператор фамилиясы мен станция  штемпельін қою керек.                                                    

Станцияның  технологиялық орталығының жұмыскерлер  құрамына келесілер кіреді:

  • станциялық технологиялық орталығының операторы – 7 адам;
  • СТО операторын станция бастығы тағайындайды және ол станция кезекшісіне бағынышты.

Тасымалдау  құжаттарын дұрыс толтыру үшін және вагонайналымын бағыты бойынша дұрыс  жіберу үшін СТО жұмысшылары келесілерді  басшылыққа алады:

- қысқа  қашықтықтар сызбасының альбомын;

- темір  жол картасын;

- станциялар  тізімінің алфавиттік кодын;

- салмақ  пен құрам ұзындығын өлшеуге  арналған кестені;

- қауіпті  жүктерді тасымалдау тәртібін

- топтастыру  жоспары мен пойыздар қозғалысының  кестесін.

СТО келетін  және жөнелтетін поездарға жүк құжаттарын өңдейді және таңдайды, стансадағы вагондарға құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан құжаттарды қабылдайды және тапсырады. СТО қызметкерлері  станция жолындағы вагондардың  болуы мен орналасуына үздіксіз нөмірлік есепке алу жүргізеді, есептілік  құрайды, сонымен бірге станция  жолдарында вагондарды дер кезінде  жөнелтуді бақылайды,  поездар  мен вагондар туралы ақпаратты қабылдайды және жібереді. СТО-да  вагон парктерінің  болуы және қолданылуы туралы есептілікті, вагондардың жолдан жолға және бөлімшеден бөлімшеге өтуін жасайды. СТО  құру жоспарының сақталуын, толық салмақты және толық құрамды поездарды  жөнелтуді бақылайды.

Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция  аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны учаскелік стансада ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі  мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға  жазудың телетайпты посттарымен  СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан  және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.

СТО операторы  немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы  вагондардың массасы мен санын  есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті  – вагондар массасы мен санын  көрсете отырып, құру жоспарының міндеті  бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын  станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың  құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.

Егер  поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу  үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы  деректердің салыстырып түзетілгенмен  сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне  тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті  немесе оның көмекшісі СТО-ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО  операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына  сәйкестігін тексереді. Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды  маневрлік диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың  міндеттерінің өзгерістерін ескере отыырп, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді  аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын  және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын  ескеретін пункттерде вагондардың  тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады.  Дөңес  кезекшісі және СП құрастырушылар СТО  операторына басталмаған жоспармен  салыстырғанда маневрлік жұмыстағы  барлық өзгерістерді хабарлауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Станция кезекшісінің жұмысы

 

 

Станция кезекшісі - станция бастығының ауысымдық  көмекшісі. Ол пойыздарды қабылдау, жөнелту  және өткізу, сондай-ақ жылжымалы құрамның стансаның басты және қабылдау-жөнелту  жолдарымен басқа да (маневр диспетчері жоқ жерде-басқа жолдармен де) жүрістерін жеке өзі басқарады. Станция  басшысының орынбасары тәуліктік және ауысымдық жоспардың, қозғалыс қауіпсіздігінің  және техника қауіпсіздігінің орындалуын, техникалық құрылғылар мен техникалық процесстердің өңделуін қамтамасыз етеді.

Станция кезекшісі келесі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізудің жедел орындалуын;
  • маневрлік және жүк жұмыстарының орындалуын;
  • вагондар мен пойыздардың өңделуін.

Станция кезекшісі жұмыс уақыты кезінде  келесілерді қамтамасыз етеді:

  • пойыздарды жөнелту, қабылдау және өткізудің ауысымдық жоспарын және құрамның топтасуын, өңделуін қамтамасыз етеді;
  • пойыздар мен вагондарды өңдеудің техникалық уақыт мөлшерін орындалуын, операцияаралық интервалдарды максималды түрде қысқарту, вагондардың станцияда жалпы тұру уақытын қамтамасыз етеді;
  • вагондарды тиеу және түсіру пункттеріне жүк жұмыстарын орындау үшін жөнелту;
  • маневрлік жұмыс кезінде жұмыскерлердің қауіпсіздік ережесін орындауын үнемі бақылап отыру;
  • станцияның техникалық құрылғыларын тиімді пайдалану;
  • еңбектің тиімді жағын анықтап, сол анықтағандарды жұмыс барысында қолдану;
  • станция жұмысын әр ауысым аяғында қорытындылау.

Ауысым жоспары орындалмаған жағдайда немесе ақаулықтар табылғанда жиынға осы жұмысқа қатысқан барлық жұмысшылар шақырылады. Ауысым кезіндегі жиынды қорытындылауда келесілерге аса  көңіл бөлінеді: пойызды қабылдау және жөнелту кестесіне, вагондарды жинау және жіберу тапсырмасына, вагондардың  станцияда тұру мөлшеріне, станция  жұмысының технологиялық процесіне.

Технологиялық процестің әзірленуі  мен енгізілуін, еңбектің озық әдістерін  жаңартуды және енгізуді, техникалық құралдарды тиімді пайдалану бойынша  іс-шаралар өткізуді, поездардың жүріс  қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді станция бастығының орынбасары жүзеге асырады.

Станция жұмысының анализін инженер  жүргізеді. Станциядағы маневрлік  жұмысты жедел жоспарлауды және тікелей басқаруды станция кезекшісі (ДСП) орындайды. Станция аумағындағы  поездарды уақытылы және қауіпсіз қабылдауды, жөнелтуді, өткізуді, сондай-ақ маневрлік  қозғалыстарды станция кезекшісінің өзі басқарады.

Осы жұмыстарды орындауға бағытталған  станция кезекшісінің нұсқаулары, поездың  дайындығымен, қабылдануымен және жөнелтілуімен  байланысты барлық қызметтің жұмыскерлері үшін міндетті болып саналады.

Маневрлік жұмыс поезд құрастырушысының өз басымен орындалады. Ауысымдық  жоспарды орындау бойынша дұрыс  қалыптасқан жұмысты қамтамасыз ету, барлық жұмыскерлердің еңбек өнімділігін  жоғарлатудағы өзара қызығушылықтары  үшін, станцияда, басшылары станция  кезекшілері болып табылатын  ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған

Станция жұмысының анализін инженер  жүргізеді. Станциядағы маневрлік  жұмысты жедел жоспарлауды және тікелей басқаруды станция кезекшісі (ДСП) орындайды. Станция аумағындағы  поездарды уақытылы және қауіпсіз қабылдауды, жөнелтуді, өткізуді, сондай-ақ маневрлік  қозғалыстарды станция кезекшісінің өзі басқарады.

 Осы жұмыстарды орындауға  бағытталған станция кезекшісінің  нұсқаулары, поездың дайындығымен, қабылдануымен және жөнелтілуімен  байланысты барлық қызметтің  жұмыскерлері үшін міндетті болып  саналады. Маневрлік жұмыс поезд  құрастырушысының өз басымен  орындалады.

Ауысымдық жоспарды орындау бойынша  дұрыс қалыптасқан жұмысты қамтамасыз ету, барлық жұмыскерлердің еңбек өнімділігін  жоғарлатудағы өзара қызығушылықтары  үшін, станцияда, басшылары станция  кезекшілері болып табылатын  ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған. Станция кезекшісі жұмыс барысында  мыналарды қамтамасыз етеді: пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу, құрамдарды өңдеу, тарату, құру бойынша ауысымдық  жоспардың орындалуы, пойыздар мен  вагон топтарын өңдеу 

Информация о работе Отчет по практике на железнодорожной станции