Отчет по практике на железнодорожной станции

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 01:18, отчет по практике

Описание работы

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар.

Работа содержит 1 файл

готовый отчет по практике.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

СТЦ-дан  түскен тасымалдау құжаттарын тауар  кассирі жол анықтамасының реттік нөмірін көрсете отыра жүктің келу Кітабына жазады. Содан кейін  вагон қағазын және жол анықтамасын  тауар кассиріне қабылдаушыны жүктің келуі туралы ескертуі үшін береді. Жүкқабылдаушы тауар кассиріне  жүкті алуға құқығы бар екенін көрсететін сенімділік қағазын және жеке куәлігін көрсетеді.Тауар кассирі  сенімділік қағазын жол анықтамасына енгізеді, қосымша тасымалдау төлем  ақысының мөлшерін есептейді, жол анықтамасында  және вагон қағазында беру туралы толтырады және соңғысын қабылдаушыға береді, ал жол анықтамасы бойынша  берілген жүктер бойынша есеп жүргізеді. Есепті құрастырғаннан кейін жүктердің  келу кітабына жүктің берілген күні, қосымша  жинаулар мен штрафтар жазылады. Қосымша  жинауларды есептеуге арналған құжаттар (қабылдаушы-тапсырушы ескермесі, Ф.ГУ-45, Ф.ГУ-46 вагондарды алу және беру анықтамалары, Ф.ГУ-47 вагондардың нөмірсіз тұру есебіның анықтамасы, ГУ-23 жалпы формасындағы актілер, Ф.ГУ-22 коммерциялық актілер) стансада 3 дана болып құрастырылады.

Құжатта көрсетілуі керек: жүкжөнелтушінің (жүкқабылдаушының) толық атауы, анықтама және мемлекеттік  банк нөмірі, есеп нөмірі, Халық банк бөлімінің атауы. Құжаттарды несиелегеннен  кейін жүктерді сақтауға, вагондарды жууға, жүктердің салмағын есептеуге  және тексеруге кететін қосымша  жинауларды Ф.ФДУ-92 жинақ карточкасына қосады. Жинақ карточкаларын станцияда  әрбір төлеуші бойынша екі  данада жүргізіледі. Онда жинақ мөлшерін анықтауға арналған қажетті ақпараттарды енгізеді. Қосымша жинақтар енгізілу үшін қажет құжаттарды бектіліген период бойынша техникалық бөлімшеге бағыттайды.Жинақ мөлшерін және есептерін анықтағаннан кейін жинақ мөлшерін тізімдерге қосады, ал құжаттың бір данасын стансаға төлеушіге беру үшін жібереді.

Ақша  құрылғыларының, қатал есеп беру құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін тауар  кассасы жабдықталған:

- жалпы, өрт сигнализациясымен;          

- темір есікпен;

- терезелерде металл торларымен;

- металлдық тор есігімен;

- қабырғаға оралған металлдық сейфпен.      

Жинау карточкалары әрбір жеке төлемші бойынша жинау  мөлшерін анықтау үшін қажетті мәліметтерді көрсету мен үш данада жүргізіледі.                   

Жүкті тасымалдау жоспары орындаудың есеп карточкасы жоспарды орындамағаны үшін қорытынды  төлем ақы есептеумен қолданылатын ережелермен сәйкес стансамен жүргізіледі.

Барлық  оқытылатын төлем ақылар орталықтанған  есептеуге қатыспайтын азаматтар  мен ұжымдармен қосымша жинау  бойынша ГУ-57 формасындағы әртүрлі  сұраныстар жинау квитанциясы бойынша  сұралады. ФО-7 формасындағы әртүрлі  жинаулардың түсуі туралы есептер  әртүрлі жинау квитанция талондарымен бірге ТехПД-ға жіберіледі.

Жергілікті  табыстар МД-4 квитанциясы бойынша  сұралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмысы

 

 

Жүкті қабылдап-тапсырушы  келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • Жүкті тиеу және түсіру жұмыстарын жоспарлайды
  • Станциялық және коммерциялық құжаттардың жүргізілуін, сақталуын қадағалайды
  • АСОУП жүйесіне тиеу-түсіру жұмыстарының, кірме жолдарға вагондарды беру-алу жұмыстарының хабарламасын уақытында енгізеді
  • Жүкті қабылдап-тапсырушы станция паркінде кезекшілікті қабылдаған кезде кірме жолдардағы, станция жолдарындағы жүк тиелген вагондар мен бос вагондардың жағдайымен вагон парағы, жалпы формадағы ГУ-23 актісі, ГУ-46 формасындағы вагондарды беру-алу ведомості арқылы танысады. Техникалық және коммерциялық құжаттарды қабылдап, тапсырады.
  • Жүк операциялары аяқталғаннан кейін ППГЖТ талаптарына сәйкес ЦМ-4029 нұсқаулығы бойынша вагондарды коммерциялық тексереді

Тиеуге  жіберілген және вагон қызметкерлерінің (техникалық қарау) жұмыскерлерімен  тексерілген вагондарды жүкті қабылдап-тапсырушы  тексереді, ол тасымалда вагон жүкті  сақтай ала ма екенін бекітеді. Ал вагондарды тиеп біткен соң, жүктерді жөнелтуге қабылдау Кітабында вагон нөмірін және тиеудін басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, қоймада жүктердің материалды есептеуін бітіреді. Әрбір тиелген вагонға жүкті қабылдап-тапсырушы вагон қағазын құрастырады және тауар кеңсесіне жібереді. Ал егер жүкті жалпы емес қолданудағы орында қабылдаса жүкті қабылдап-тапсырушы ескертуде вагонның тиеуге жіберілген уақытын көрсетеді. Ол аяқталған соң, қабылдап-тапсырушы жүкті сыртынан тексеріп, маневр диспетчеріне немесе станса кезекшісіне вагонның алып кетуге дайын екенін хабарлайды және ескертуде тиеудің біткен уақытын жазады. Егер жүктер кірме жолдардан жөнелтілсе, жүкті қабылдап-тапсырушы тиеуді жүктің жағдайы мен жөнелтуге дайындығын арнайы тексеру қажет болғанда ғана бақылайды.

Жүкті тасымалдауға қабылдағанда жүк жөнелтуші жүк  қағазында көрсетілген уақытта  жүкті қабылдап-тапсырушыға  жүкті  тасымал құжаттарымен береді. Жүкті  қабылдап-тапсырушы трафарет немесе стандарт бойынша жөнелткенде даналы және ыдысты жүктердің жалпы мөлшерін дұрыс анықтағанын тексереді  және оның жүк қағазында көрсетілген  мөлшерге сәйкес екенін тексереді, жүктің салмағын есептейді, жүкті қабылдау Кітапшасына жазумен қоймада  жүктерді материалды есептеуді ашады. Егер станцияда жүкті әр түрлі  жүкті қабылдап-тапсырушылар қызмет ететін  жерде қабылдаса, онда әрбір  жерде өз кітабы эжүргізіліп отырады. Кішкене жөнелтілерде әрбір жерде  жүкті қабылдап-тапсырушы теміржол маркировкасын жапсырады, жүк қағазында  осы маркировканы және жүк мөлшерін көрсетеді. 

Жүк операцияларын  ұйымдастыратын теміржолдағы негізгі  агент- жүкті қабылдаушы-тапсырушы. Аралық станцияда тиеу және түсіру көлеміне байланысты штатта бір немесе бірнеше жүкті  қабылдаушы-тапсырушы болады. Жеке станцияларда жүк жұмыстарының көлемі үлкен болғанда тасымалды орындау үшін тауар контораларын ұйыдастырады.

Ағытпалы  жүк операцияларында, егер  станцияның өзінің маневр құрылғыларын орналастырса, құрама пойызының локомотиві вагондар тобын  ағытып, станция кезекшісі  көрсеткен жолға қояды, ал вагондарды жүк фронттарына маневр локомотиві қояды. Егер құрама пойызында тиеуге бос вагондар келсе, онда станция  кезекшісі жүктерді  қабылдаушы-тапсырушыға  жеке жүк түріне және тиеу пунктіне вагондарды таңдасын деп ұйғарым  береді. Барлық тиеуге берілетін вагондар техникалық қараудан өту керек.  Техникалық қызмет ету пункттері  жоқ станцияларда тиеуге берілетін  бос вагондар , сонымен қатар осы  станцияларда еселенген операцияларға  белгіленген жүктелген вагондар тексерілуі керек, ал қажет жағдайда құрама және жұмсама пойыздарын құрастыратын станциялардағы вагондардың техникалық қызмет теу пункттеріндегі жұмыскрлерімен жөнделуі керек. Құрама пойызбен жүк  фронттарына келген вагондарды таратпас бұрын станция кезекшісі жүкті  қабылдаушы-тапсырушыны және теміржол қызметін пайдаланушыны болатын  жұмыс туралы хабарлайды.

Өнімділікті жоғарлату үшін, бос жүрісті азайту үшін және вагон айналымын жылдамдату үшін тиеуге станцияда еселенген  жүк операция ретіндегі босатылған сандарын вагондарды қолдануға тырысады. Тиеуді басқару кезінде жол бөлімі, пойыз диспетчері және сианция жұмыскерлері оның күнтізбелік жоспарының орындалуын, аралықтағы жүк және аралық станцияларының жөнелтуші және сатылы маршруттарын ұйымдастырады. Көп тиеу пункттерінде бос вагондарды келісімді уақытпен және станция жұмысы мен кірме  жолдарының Бірыңғай технологиялық  процесінің нормасына сәйкес береді.

Станция кезекшісі, құрама пойызының құрастырушылар және кондукторлар бригадасы келген вагондарды жүк фронттары бойынша  бөлуге міндетті. Жүк операциялары және  құжаттарды толтыру жүкті  қабылдаушы-тапсырушының басқаруымен  жүргізіледі. Жұмыс жүк оперциялары  біткеннен кейін вагондар жақын  құрама немесе жұмсама пойызбен жөнелтілетіндей  ұйымдастырылуы керек.

Аралық  станцияда тиеу және түсіру оның тұру уақытында вагондардың пойыздан ағытусыз ұйымдастырылуы мүмкін. Ағытусыз тиеу және түсіруді орындау үшін алаңды немесе жүк әкелуді алдын ала  дайындау керек, жұмыс орнына қажет  тиеу-түсіру механизмдері әкелінуі керек, сонымен қатар жұмыскерлер саны алдын ала шақырылады

Жүкті қабылдап-тапсырушы  актілік-іздеу ісжүргізуді де орындайды.

СТЦ операторынан вагонның құжатсыз келгені байқалғаны туралы ГУ-23 жалпы формасындағы актті  алған соң, жүкті қабылдап-тапсырушы  жүк заттарын бекіту үшін шаралар  қолданады. Ол үшін барлық мүмкін болатын  мәліметтерді қолданады: вагон қағазы, вагонға ілінген пломбылар, вагонға  жазылған жазбалар, содан кейін ГУ-22 формасындағы коммериялық акт құрайды, және іздеу жұмысына кіріседі.

Егер  қабылданған шаралар құжатсыз вагонның қайда және қайдан келе жатқаннын  білуге ешқандай мүмкіндіктер бермесе, онда вагон жүк қызметінің бастығының келсімімен арнайы қоймаға жіберіледі.

Егер  басқа стансаға еріп бара жатқан вагонсыз құжат табылса, онда СТЦ операторы  актпен бірге тасымалдау құжаттарын жүкті қабылдап-тапсырушыға жібереді. Жүкті қабылдап-тапсырушы коммерциялық актпен қоса құжаттарды бағытталған  стансаға жібереді және пойызды құрастырған  стансаға болған жағдайды хабарлайды. Егер жүксіз құжат табылса тасымалдау құжаттарын СТЦ операторы тауар  кеңсесіне ретімен жібереді, ал жалпы  формадағы акті коммерция агентіне береді, ол коммерциялық акт құрастырады.

Барлық  жағдайдада коммерциялық акті құрастыру  үшін жүкті қабылдап-тапсырушылар сақталмаған  тасымал байқалған күні рапорт жазады. Рапорт түскеннен кейін коммерция  агенті дұрыс және толық жазылғаннын  тексереді, одан кейін қабылданған  рапорттарды станса бастығы мен  оның жүк жұмыс бойынша станса басытығының көмекшісіне жіберіледі, олар оны толығымен текесріп шығады.

Станция бастығы келісім бергеннен кейін  жүкті қабылдап-тапсырушы коммерциялық акт құрастырады, оны бекітілген ретпен толтырады. Станцияға келген коммерциялық актілер уақытында  тіркеледі, тексеріледі. Іздеу материалдары жүк және коммерция бөліміне жіберіледі.

Жүк бөлімдеріне  қызмет ету бойынша маневр жұмысын  шұғыл басқару және тиеу-түсіру жоспарын орындауға бақылау, вагондарды уақытында  кірме жолдарға және кірме жолдардан  алу, беруді станса кезекшісі орындайды, жүк операцияларын орындауды  бақылауды аға қабылдаушы-тапсырушы  орындайды.                                          

Жүктерді  қабылдап-тапсырушы вагондарды тасымалданған  жүктердің қалдықтарынан тазалағанын, габариттің барын тексеріп, түсіру біткен соң ДСП-ны жүк операциясы біткені туралы және вагондар алуға  дайын екені туралы хабарлайды. ДСП  құрастырушылар кірме жолдан вагондарды алу туралы нұсқау береді және қабылдап-тапсырушыны  берілген жолға маневр локомотивінің  кіру уақыты туралы хабарлайды. Кірме  жолда қызмет етуі біткен соң құрастырушы  ДСП-ға істелінген жұмыс туралы баяндайды.

Станцияның  жергілікті жұмысы тиеу-түсіру, жүк  иелерінің мекен жайына келетін  вагондарды қайта жөнелтуден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі мамандықтар бойынша техника қауіпсіздігі

 

 

Жаңаарқа станциясындағы жүктерді қабылдап-өткізуге арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқаулары.

Қауіпсіздіктің  жалпы талаптары:

Жүкті қабылдап-өткізуші ішкі ережелер тәртібін сақтау тиіс: жоспарлы жиналыстың басталуына 30минут қалған кезде арнайы киім мен аяқ киім киіп келуі; жоспарлық жиналыс және қауіпсіздік техникасы бойынша  мақсаттық нұсқаулардың аяқталуынан  кейін қызметтік көпір арқылы жұмыс орнына өтуі тиіс; мақсаттық  нұсқау жұмыскерлердің қол қоюы арқылы өткізіледі; жұмыс орнын жұмыс  істеу уақытында маңызды себепсіз қалдырып кетуге тиім салынады. Төтенше  жағдай кезінде стансия басқармасын  хабардар ету; жүкті қабылдап-өткізуші жұмысқа міндетті түрде жақсы  демалып келу керек;

Жұмыс процессінде  әрбір жұмыскер жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауға тиіс: тек қана өз жұмыс орнын ғана емес, сонымен  қатар жалпы қолданушы жұмыс  орнындарын тазалықта сақтау; тамақ  ішер алдында қолдарын тиянақты сабынмен жууы тиіс; арнайы киімдердің жағдайын байқап, оны тазалықта ұстау.

Электрқауіпсіздік шаралар жүкті қабылдап-өткізуші ашық және сақтандырылмаған электрқұралдарының тоқ өткізуші бөліктеріне тікелей  және бөгде затпен тиісуіне тиым салынған; 10 м-дан таяу қашықтықта орналасқан байланыс желісінің үзілген сымына жақындауға тиім салынған; жұмыс орнында  электрқұралдарын байқаған кезде стансия  бойынша кезекшіге хабарлау керек.

«Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы»  Заңының 47-ші бабына сәйкес екі демалыс  күндері бар бес күндік жұмыс  аптасы орнатылады. Бес күндік жұмыс  аптасы кезінде күнделікті жұмыс (кезек) ұзақтығы жұмыскерлердің сенімді адамдарымен  келісілген және жұмыс аптасының  орнатылған ұзақтығын қадағалаумен, жұмыс берушімен бекітілетін  жұмыс берушінің актісімен немесе кезекшілік тәртібімен анықталынады. Өндіріс сипаты және жұмыс шарттары бойынша бес күндік жұмыс аптасын  енгізу орынсыз ұйымдарда бір  демалыс күні бар алты күндік жұмыс  аптасы орнатылады. Алты күндік жұмыс  аптасында күнделікті жұмыс ұзақтығы апталық норма 40 сағатта 7 сағаттан, апталық норма 36 сағатта 6 сағаттан, апталық норма 24 сағатта 4 сағаттан асуы мүмкін емес. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттардың шарттары бойынша  жұмыс берушімен орнатылады.

Информация о работе Отчет по практике на железнодорожной станции