Отчет по практике на железнодорожной станции

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 01:18, отчет по практике

Описание работы

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар.

Работа содержит 1 файл

готовый отчет по практике.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

Станцияға келген пойыздарды қабылдау реті:

Жолаушылық, елдік, багаждық пойыздардың тұру және қабылдау кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелерінің қосымша шаралары:                  

1 көрсетілген  пойыздардың тоқтау уақытында  бағыттама күзеттік жағдайға  енгізіледі.                    

2 бос аралықта жүкті пойызды жолаушы пойыздың соңынан жөнелтуге тиым салынады, яғни шығу бағдаршамының сары түсі жанып тұрғанда.                              

3 бір уақытта екі электропойызды қабылдағанда ДСП екі машинистке қабылдау және жөнелту шараларын хабарлауы керек, ал жолаушыларға арнайы қауіпсіздік шараларын хабарлауы керек.                                                                                   

Станцияға келген локомотивтің белгілі бір бөліктен станциялық жолға итеретін локомотивтің қабылдау реті:                                         

Аралықтан локомотивті қабылдау кезінде пойызды  жөнелту үшін ДСП бөлікке жақындағанда локомотив машинистіне қабылдау ретін хабарлайды.                                                                 

ДСП қабылдау маршруты дайын «Тегі» уақыты “__”  машинистке бұйрықты қайталағаннан  кейін ДСП оның дұрыстығына еөз  жеткізгеннен кейін қабылдауға рұқсат етеді.

 

 

 

  1. Жүк қызметінің жұмысы

 

 

Жүк жұмысы жалпы пайдалану және жеке пайдалану  орындарында атқарылады. Жалпы пайдалану  орындарында  тиеу-түсіру операциялары жинақталған темір жол станциясының жүк аулалары және темір жол қарамағындағы  басқа да тиеу-түсіру қосындары жатады. Жеке пайдалану орындарында мекеме мен кәсіпорын қарамағындағы  қоймалар, жүк алаңдары және қосындар жатады.

Жүк тасымалдау жөнелтушінің қаржысы есебінен дайындалады. Жүк кеңсесінде кіре ақысы анықталып, оны жүк қағазына жазады (кіре ақысы  арнайы тарифпен анықталады). Бұл ақыан  басқа теміржол жүкті тиеу, түсіру, салмағын өлшеу және кірме жолға  вагондарды жеткізу үшін үстем ақы  алады. Жүк қағазы негізінде жүк  кеңсесінде кіре ақы қағазын толтырады. Жүк кеңсесінде тасымалдауға берілетін  ақы алынып, бұл жөнінде жүк  жөнелтушіге құлақ қағазы беріледі.

Жүк бөлімдеріне  қызмет ету бойынша маневр жұмысын  шұғыл басқару және тиеу-түсіру жоспарын орындауға бақылау, вагондарды уақытында  кірме жолдарға және кірме жолдардан алу, беруді станция кезекшісі орындайды, жүк операцияларын орындауды бақылауды аға қабылдаушы-тапсырушы орындайды.

Жергілікті  жұмысты басқару ДСП ауысымдық  жұмыс жоспары негізінде орындайды:

- вагондарды  кірме жолдарға беру және алу  бойынша жұмыс жоспары (ДС, ДСЗ  тапсырмаларды ауысымды үлкен  жүкті қабылдаушы-тапсырушыдан);

- вагондардың стансалық және тиеу-түсіру жолдарында жағдайы және орындалуының нөмірлі есебі;

- пойыз  диспетчерінен ауысымға жұмыс  жоспары;

- жергілікті  жүктердің келуінде берілген  ақпараттармен.

Құрастырылған құрам, оның қоршауы ТҚБ жұмыскерлерімен  орын ауыстырған соң және дауыс күшейткіш  арқылы бекітілген реттің келісімінен  кейін пойыз қабылдаушысы коммерциялық қарау және табылған ақауларды жоюға  кіріседі.

Вагондардың табылған коммерциялық ақауларын жою  коммерциялық қарау барысында орындалады, негізінен пойыздан вагонды ағытпай орындайды. Пойыздан вагонды ағытпай жоюға болатын коммерциялық ақаулар тізімі «Пойыздар мен вагондарды коммерциялық жағынан қарау Ережесінде» келтірілген. Жүктердің ұрлану және автотракторлы техникалық бұзылу көрсеткіштері бар пломбысы жоқ вагондар туралы пойыз қабылдаушысы лезде аға немесе жеке өзі ВЖДО және көліктік полиция жұмыскерлеріне хабарлау керек, бұл вагондарды күзетке жібереді және пломбыларды іледі және , содан кейін ГУ-37 формасындағы «Пломбылау кітабына» енгізеді.

Вагонның  техникалық жағдайынын пайда болатын  коомерциялық ақаулар вагонның жатқан техникалық жағдайына келген соң  жояды. Егер техникалық ақауларды пойыздан вагонды ағытпайжоюға мүмкін болмаса, онда ТҚБ жұмыскерлері жүктерді сақтап қалуды қамтамасыз етуге шаралар қабылдау керек және станса кезекшісіне ВУ-23 формасындағы келісімді вагондарды ағыту үшін  ьеруі керек және вагон мәліметтерін ССАБЖ жүйесінің базасына енгізуі керек. Мұндай жағдайда вагон шанағына сәйкес бормен белгі қояды.

Қарау кезінде  жүктердің қауіпсіздігін  және сақталымдығына қауіп төндіретін табылған коммерциялық ақауларға ГУ-23 формасындағы акт  толтырылады. Акт бланкілері нөмірленуі керек және стансаның штемпелімен  басылуы керек.

Әрбір акт 3 данада жасалады. Барлық даналарда  бірдей нөмір болуы керек. Жалпы  формадағы акт аға пойыз қабылдаушысына құрастырылады және вагондардың  коммерциялық ақауларын жүргізген  пойыз қабылдаушысы қол қояды, бірақ  екі адамнан аз болмауы керек. Егер пойыз күзетте болса, онда оларда ГУ-23 жалпы формасындағы актқа қол  қояды.

Құрамды қарау шешімін толтырып біткен соң  және коммерциялық ақауларды жойғаннан  кейін пойыз қабылдаушысы ГУ-98 формасындағы кітапқа пойыздың жөнелтуге дайындығы  туралы белгі жазады, дайын болған уақытын белгілейді және пойыз нөміріне немесе вагн қаралған жолдың нөміріне қарама-қарсы жерге қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Техникалық кеңсенің жұмысы

 

 

Станцияда вагондарға техникалық қызмет көрсету  бөлімі жұмыс істейді. Бұл жерде, яғни қабылдау- жөнелту жолдарының ағытусыз жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қоса вагонымен ағытпа жұмыстарын жүргізуге арналған.

Станцияда  транзитті поездарда  өңдеу құрамаға техникалық қызмет көрсетуден, вагондарды ағытусыз жөндеуден және автотежегіштерді сынаудан; құраманы коммерциялық тексеруден және коммерциялық ақаулықтарды түзеуден; локомотивті  немесе локомотивтік бригаданы ауыстырудан  құралады.

Құрамаларға техникалық қызмет көрсету  кезінде вагондардың техникалық күйін, олардың автотежегіш жабдығын тексереді, түзеуді қажет ететін ақаулықтарды анықтайды. Бұл жұмысты  бригадалар орындайды, олардың әрқайсысы  бірнеше топтан құралады. Топқа вагондарды тексерушілер, тексеруші- автоматчик және слесарь-жөндеушілер кіреді. Бригадалар мен топтардың санын поездар құрамаларының саны мен ұзындығына, олардың келу қарқындылығына және өңдеуге Бремени нормаларына байланысты есептеумен анықталады. Әдетте құраманы бір бригаданың үш-төрт тобы біруақытта әрқайсысы өзіне бекітілген бөлікті жөндейді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді вагондарды құрамадан ажыратпай түзейді.

Вагондарға техникалық қызмет көрсету  пункттері (ТҚКП) үш топқа бөлінеді: көпшілік тиеу станцияларында орналасатын негізгілер, тексеру және ірі ағымдағы жөндеу үшін вагондарды түсіру және дайындау; сұрыптау станцияларында вагондарды тексеру және ағымдағы жөндеу үшін; транзитті поездарда вагондардың күйін бақылайтын учаскелік станцияларда орналасқан бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттері. Сондай-ақ вагондарды кіріс жолдарға техникалық берудің бақылау посттары мен пункттерін белгілеп көрсетеді.

Локомотивтер  айналымының ұзартылған учаскелерінде вагондарды техникалық тексеру және жөндеуді техникалық қызмет көрсету пункттерінде шоғырландырады. Бұл локомотивтерді ауыстыру пункттерінде құраманы бақылаушы техникалық тексерумен шектелуге мүмкіндік береді, ол поездардың қозғалысының үдеуіне әкеп соғады.

Құрамаға техникалық қызмет көрсету  мен коммерциялық тексерісті поезд  келгеннен соң бастайды. Техникалық кеңседе параллель локомотивтік бригада тапсырған құжаттарды тексереді және ағытылатын топ вагондарына құжаттарды таңдап алады. Анықтамалық қағазға станция штемпелімен расталатын, сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Пойыздық  диспетчер құрамда техникалық және коммерциялық ақаулықтары бар вагондар  болған жағдайда станция кезекшісіне  хабар береді, осы арқылы станция  кезекшісі техникалық қызмет көрсету  бөлімі жұмыскерлеріне ақаулықтар, мұндай ақаулығы бар вагондардың құрамның қай жерінде орналасқанын айтып  қажетті құралдар мен материалдар  дайындатады.

Келген  пойызды ТҚКБ жұмыскерлері мен белгі  берушілер қарсы алады. Қабылдау жолына пойыз тоқтаған соң белгі  берушілер техникалық- басқарушылық акт бойынша құрамды табан  тежеуіштерімен бекітеді.

Пойыздық  локомотивтерді ағытады, локомотивті  жолдан алған соң станция кезекшісі  станция кезекшісі жанындағы  оператор арқылы құрамды техникалық қызмет көрсетуге жібереді.

Құрам топ  вагонды техникалық қызмет көрсетуге  жіберген соң станция кезекшісі  ТҚКБ операторымен бірге құрамды  қоршайды және осыдан кейін тексеру- жөндеушілер техникалық қызмет көрсетуге  көшеді.

Транзитті пойыздарға қызмет көрсету локомотивтік бригаданың ауысуынсыз локомотивті  құрамнан ағытпай жүргізуге болады, бұл тек келген пойыздарды қоршаған және техникалық қызмет көрсеткеннен кейін жүзеге асырылады.

Жүк тасымалдау құжаттары стансаның техникалық кеңсесіне жіберіледі. Мұнда осы  құжаттар негізінде әр бір құралған пойызға анықтама қағазы толтырылады. Анықтама қағазға пойыз нөмірі, құрастырған  және баратын стансаның аттары, вагондардың  пойызда орналасқан тәртібіне сай  нөмірлері, пойыздың ұзындығы мен массасы  көрсетіледі. Осы анықтама қағазы бойынша  жол бойында пойыздар мен жүк  құжаттары өткізіліп, қабылданып алынады  және пойыздарды сұрыптау мен құрастыру  оталары іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тауар кеңсесінің жұмысы

 

 

Тауар кеңсесі  күні бойы жұмыс істейді. Кезекшілер ауысымы Астана уақыты бойынша сағат 8-00 және 20-00 орындалады. Кезекшілікті тапсырған кезде тауар кассирі ауысымды кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітапшасына қол қою арқылы тапсырады. Тауар кассирі несиеленбеген құжаттардың бар екенін, жүктерді жөнелтуге қабылданған және қайтадан мекен жайы ауыстырылған құжаттарды, тарифтік басқарма, кестелер, қатал есеп беру бланктары, ақшалай түскен пайда мен чектерді тапсырады.

Тауар кеңсесінің негізгі атқаратын жұмыстары:

- жүктердің станциядан толығымен және әрбір жүк жөнелтуші бойынша жеке түсіру жоспарын орындауды бақылау;

- тасымалдау құжаттарын толтыру;

- тасымалдау бойынша есептерді енгізу;

- жүктердің мекенін ауыстыру үшін сұраныстарды қабылдау.

Тауар кеңсесі  станцияның басқа бөлімшелерімен, кірме  жолдармен, жүкжөнелтуші және жүкқабылдаушылармен  байланысу үшін телефон байланысымен, жүк құжаттарының бланктарын және есептеулерді құрастыру үшін арналған жазба машинкасымен, жүк құжаттарын және бланкларды сақтауға арналған шкафтармен, жиһазбен және басқа  да офис жабдықтарымен жабдықталған.

Жүктерді  тасымалдауға қабылдағанда (жалпы қолданудағы  орындарда) тасымалдауға жіберетін  жүктің тасымалдау құжатын жүк жөнелтуші  толтырады және оны жүк ауласына жібермес бұрын тауар кеңсесіне  жібереді.  Тауар кассирі тасымал  құжаттарының дұрыс толтырылғанын, бұл тасымал жоспармен қарастырылды ма екенін тексереді және жоспарда позиция нөмірін көрсетеді, бағытталған  стансаға тиеу уақытша жабық емес пе екенін және жөнелтілетін жүкке  ашық па екеннін тексереді. Содан  кейін кассир жүк қағазын станса бастығына немесе тауар кеңсесінің бастығына  тиеуге рұқсат алу үшін жібереді. Егер бәрі дұрыс болса  тауар кеңсесінде тасымал құжаттарының сәйкес торларында стансаның  коды және нөмірі жазылады, ал орталықтанбаған  есептеуде тасымалдауға келетін  есептерді анықтайды, әр түрлі жинақтар квитанциясы бойынша есептейді. Содан кейін жөнелтушіге жүк  квитанциясые береді. Жұмыс көлемі көп емес стансада барлық операцияларды  тауар кассирі орындайды.

Жүктерді  тасымалдау ережесіне сәйкес толтырылған  вагон қағазын жөнелтуші стансадағы тауар кеңсесінің тауар кассиріне  көрсетеді. Сонымен қатар жүкжөнелтуші вагон қағазын толтырғанда жүкқабылдаушының ұйымының кодталған атауын жазып  кетуі керек. Тауар кассирі жоспардың  бар екенін, вагон қағазының дұрыс  толтырылғанын, бағытталған станса көрсетілген жүкті беру үшін ашық па екенін және қосымша құжаттардың (сертификаттың сапалы куәлігі, ветеринар  куәлігі) бар екенін тексереді. Содан  кейін вагон қағазын тіркейді, тасымалдау жоспарының нөмірін, жүктің станцияға кірген және оның вагонға тиелген күні мен айын, жүк әкелінетін қойманың нөмірін мен атауын, бағытталған станса кодын қояды, одан кейін вагон қағазын жөнелтушіге қайтарады.

Жүкжөнелтуші  құрылғыларымен жүкті қабылдап және вагонға тиегеннен кейін вагон  қағазын тауар кеңсесіне жібереді. Жүкті тасымалдауға қабылдағаннын  дұрыс толтырғанын тексеріп тауар  кассирі таксировка жасайды және тасымалдау ақысын есептейді, вагон  қағазына сәйкесінше анықтамалар енгізілген соң вагон қағазын коммерция  агентіне жол анықтамасын толтыру  үшін береді. Жүкті тасымалдауға қабылдауды толтыру бойынша оперцияны жеделдету  үшін тауар кеңсесінде тасымалдау бөлімшесінен хат арқылы оратылған тасымал  жоспарын қабылдау бойынша тасымалдау құжаттарын алдын ала таксировка жасау орындалуы мүмкін. Толтырылған  жол анықтамасын вагон қағазымен  бірге коммерция агенті тауар  кассиріне береді, ол дұрыс толтырылғанын  тексереді, қажет болса жиналған есептеулерді кіргізеді, жеткізу мерзімін қояды, берілген төлем бойынша соңғы  бақылау есебін жүргізеді, құжатқа  өз қолын және қажет штемпельдерді  қояды, жөнелтушіге жүкті тасымалдауға қабылдау туралы квитанция береді. Тиеу бекеттерінен келген вагон қағаздарына  коммерция агенті құжаттарды жинайды  және оған тиелген вагондар туралы ақпаратты енгізеді. Одан кейін құжаттарды СТЦ-ға жібереді, тауар кеңсесінде қалған жол анықтамаларының корешоктарын Ф.ФО-4есепке жазады, жөнелтуге қабылданған  және вагондарға тиелген жүктер туралы жазады, сонымен қатар  Ф.ГУ-4 анықтамасына жазады.

Информация о работе Отчет по практике на железнодорожной станции