Отчет по практике на железнодорожной станции

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 01:18, отчет по практике

Описание работы

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар.

Работа содержит 1 файл

готовый отчет по практике.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі  бөлігін атқару арқылы мемлекеттің  көлік жүйесінің негізі болып  табылады. Қазақстан темір жол  торабының инфрақұрылымы республиканың  барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір  жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне  ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.

Қазақстан Республикасының территориясының  үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың  шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір  жолдарының ролі барлық отандық экономика  үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің  көптеген түрлері үшін темір жол  көлігі бәсекелестігі жоқ көлік  болып табылады.

Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, ЖАҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік  шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен  көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне  икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін  сақтау табылады. Басқару мен құрылымын  жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық  бағытталған қызметіне негіз  қаланды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай  арасындағы мемлекеттік шекаралық  өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион  тонна жүк тасылды. Бұл жылы  станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш  құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді.

Сонымен қатар жуық арада Жезқазған  – Бейнеу темір жол магистралі іске қосылмақшы. Жол құрылысының бастапқы жұмыстары қазіргі кезде басталып та кетті. Бұл Жарық станциясынан басталып, Жезқазғанмен аяқталатын біржолды темір жол желісінің және оның бойындағы станциялардың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы темір жол желісінің бойында І классқа жататын Жаңаарқа станциясы да бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Станцияның сипаттамасы. Станциялық жолдардың мамандандырылуы. Станциялық құрылғылар

 

Жаңаарқа станциясы Қарағанды тасымал бөлімшесі “Қазақстан темір жолы” ҰК құрамына кіреді. Жұмыс сипаттамасы бойынша телімдік және жұмыс көлемі бойынша І классқа жатады.

Станция келесі екі аралықпен шектеседі:

  1. тақ бағытта – Жаңаарқа станциясы 69 км разъездімен – біржолды, автоматты локомотивті сигнализациямен жабдықталған.
  2. жұп бағытта – Жаңаарқа станциясы 96 км разъездімен – біржолды, автоматты локомотивті сигнализациямен жабдықталған.

Станцияның жолдық дамуы:

 

Жолдың №

Жолдардың атауы

Жолдар шектелетін стрелка

лар

Ұзындық, м

Вагон

дардың шартты сыйымдылы

ғы

Жолдағы

құрылғылар

Басы

Соңы

Толық ұзындығы

Пайдалы ұзындығы

Электроқшаулағыш

Түйіспелік желі

АЛС

2

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк және жолаушы пойыздарына арналған

42

39

1011

1001

69/38

Бар

Жоқ

Бар

І

Басты жол – екі бағыттағы жүк пойыздарына арналған

40

37

1191

1065

73

Бар

Жоқ

Бар

3

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк пойыздарына арналған

28

35

1170

1048

72

Бар

Жоқ

Бар

5

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк пойыздарына  арналған

28

35

1170

1048

72

Бар

Жоқ

Бар

7

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк пойыздарына  арналған

32

29

1215

1084

75

Бар

Жоқ

Бар

9

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк пойыздарына  арналған

32

33

1119

995

68

Бар

Жоқ

Бар

11

Қабылдау-жөнелту жолы - екі бағыттағы жүк пойыздары үшін вагон жинауға арналған

30

33

1120

1000

69

Бар

Жоқ

Бар

13

Қабылдау-жөнелту жолы – екі бағыттағы жүк пойыздары үшін вагон жинауға арналған

34

31

1116

993

68

Бар

Жоқ

Бар

15

Шығару жолы – қауіпті жүктер ЖМ бар вагондар үшін

36

До упора

93

42

3

Жоқ

Жоқ

Жоқ

8

Выставочный для «водянки» и  машин НЖС

16

 

223

152

10

Жоқ

Жоқ

Жоқ

10

Шығару жолы –жолаушы вагондарына арналған

10а

44

227

219

8

Бар

Жоқ

Жоқ

12

Тартым жолы

8

«Ст. шегі» белгісі

430

356

23

Жоқ

Жоқ

Жоқ

23

Тиеу-түсіру жолы

55

 

428

360

25

Жоқ

Жоқ

Жоқ

25

Тиеу-түсіру жолы

55

 

437

380

27

Жоқ

Жоқ

Жоқ

37

Тартым жолы

3

 

462

399

26

Жоқ

Жоқ

Жоқ

41

Түсіру жолы

23

 

133

90

6

Жоқ

Жоқ

Жоқ


 

Басқа мекемелердің басқаруына келесі станциялық жолдар берілген:

ТЧЭ-15. Станциялық № 9 жол № 8 жолға № 502 стрелкасы арқылы жалғасқан. Шекарасы - № 502 стрелканың шектік бағаны.

№ 10 жол - № 36а жолына жалғасады, шекарасы № 509 стрелканың шектік бағаны.

ПТО ВЧДЭ 13. № 6 жол № 15 жолға № 36 стрелка арқылы жалғасады. Шекарасы – М-24 бағдаршамы.

ПЧ-28. № 19, 21 жолдар № 25 жолға № 47 стрелка арқылы жалғасады. Шекарасы – М-27 бағдаршамы.

№ 22 жол № 8а жолына № 522 стрелка  арқылы жалғасады. Шекарасы – №522 стрелканың шектік бағаны.

№ 4 жол № 501 стрелка арқылы станцияның 8 жолына жалғасады. Шекарасы - № 501 стрелка.

НОРП. №43 жол №25 жолға №47 стрелка арқылы жалғасқан. Шекарасы – М-31 бағдаршамы.

ШЧ-22. №36 жол №513 стрелка арқылы №4 жолға жалғасқан, шекарасы – №513 стрелка.

ВП-21. №32, 34 жолдар №4 жолға №505 стрелкасы арқылы жалғасқан. Шекарасы – №505 стрелка.

ЭЧС-12. №26 жол №24а жолға №504 стрелкасы арқылы жалғасқан. Шекарасы - №504 стрелка.

Станция маршрутты-релелік орталықтандырумен  жабдықталған. Орталықтандырылған стрелкалар мен сигналдарды бақылау және басқару үшін станция кезекшісінің ғимаратында пульт-манипулятор, табло және байланыс секциясы орнатылған.

Электрлік орталықтандырылған 46 стрелка  бар. Электроприводтар автоматты түрде (маршруттың басталу және аяқталу тетіктерін басу арқылы) немесе стрелочный рукояткамен басқарылады.

Станцияда орнатылған құрылғылар:

  1. Телефон байланысы – поезд диспетчерлерімен, көрші станциялардың кезекшілерімен байланысу үшін орнатылған.
  2. Станция ішіндегі тікелей телефон байланысы - №1, 2 қосындармен, ТҚКП-мен, өткел кезекшісімен, байланыс диспетчерімен, депо кезекшісімен, компрессор цехымен байланысқа арналған.
  3. Поездық радиобайланыс – поездық локомотивтердің машинистерімен, көрші станциялардың кезекшілерімен, өткел және депо кезекшілерімен байланысу құрылғысы.
  4. Маневрлік радиобайланыс – маневрлік локомотивтердің машинистерімен және құрастырушылар бригадасымен, №1 қосын сигналистімен, №2 қосынның поезд құрастырушыларымен байланысуға арналған.
  5. Екіжақты парктік байланыс;
  6. Жергілікті телефон байланысы;
  7. Ақпараттық байланыс.

Тауар кассирлерінің, станциялық технологиялық орталық операторларының, жүкті қабылдап-тапсырушылардың жұмыс орындары тасымал құжаттарын, поздық ақпараттарды өңдеуге арналған автоматтандырылған жұмыс орнымен жабдықталған.

Маневрлік жұмыстарды орындауға арналған №12 және №37 екі тартым жолы бар.

Станцияда бір маневрлік локомотив  ТЭМ-2 жұмыс істейді.

Станция аумағында 93 км-де ПЧ-28 кезекші  жұмыскері бақылайтын реттелген  өткел орналасқан. Өткел автоматтандырылған шлагбаумы бар автоматты бағдаршам  сигнализациясымен жабдықталған.

Станциядағы 2-ші жолдың бойында ұзындығы 700 метр аласа жолаушылар платформасы орналасқан.

І басты жол мен №2 қабылдау-жөнелту  жолының арасында жолаушы поездарының  класстық вагондарын сумен жабдықтауға арналған трубалар салынған.

Сонымен қатар жолаушы поездарының  класстық вагондарын сумен жабдықтауға арналған стационарлық колонка бар.

Станцияда келесі жұмыстар орындалады:

  1. барлық поездарға техникалық қызмет көрсету, локомотивтерді және локомотив бригадаларын ауыстыру, вагондарды жөндеу;
  2. алысқа жүретін және жергілікті жолаушы поездарын қабылдау, жөнелту, өңдеу және оларды сумен экипировкалау;
  3. транзитті өңдеу және өңдеусіз поездарды қабылдау, жөнелту, жинақтау және өңдеу;
  4. Жаңаарқа – Қаражал, Жаңаарқа – Жезқазған, Жаңаарқа – Жарық телімдеріне поездар құрастыру мен тарату және құрама поездармен жұмыс;
  5. вагондарды кірме жолдарға беру және алу;
  6. қызметтік корреспонденцияны қабылдау және тапсыруға байланысты операциялар.

Станцияға келесі кірме жолдар жанасады:

 

Кірме жол №

Кірме жол қызметін пайдаланатын өнеркәсіп (мекеме) атауы

Меншік иесі

Жанасу орны және кірме жолдың шекарасы

Жылжымалы құрамның кірме жолдан шығуын ескертетін сақтандырғыш құрылғылар

33

«Центр транспортного сервиса» АҚ

«Центр транспортного сервиса» АҚ

Шекара – М-17 бағдаршамының оқшаулағышы

Сбрасывающий остряк №41СО

24

«ТЭК Казахстан» ЖШС

ПЧ-28

№3 жолға жалғасқан 7 стрелка, шекарасы – «Кірме жол шекарасы» белгісі

2/4 стрелкалары бақылау жағдайына  қойылады

16

«Жол жөндеуші» «КДРП» компаниясы ЖШС филиалы 

«Компания «Жол жөндеуші» филиалы» «Жол жөндеу бойынша Қарағанды дирекциясы

№12 тартым жолына №16 біріктіргіш  жолы арқылы, шекарасы – «Кірме жол  шекарасы» белгісі

№46СО сбрасывающий остряк


 

№33 «ЦТС» АҚ кірме жолына Нургалиев  ЧЛ кірме жолы жанасады.

№16 кірме жолға КДРП «Ремстройдор»  ЖШС кірме жолы жанасады.

№22 ПЧ-28 кірме жолына (цистерналарды  сумен экипировкалау жолдары) ЧП Титов Ю. кірме жолы жанасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Станцияның басқару құрылымы

 

 

Станцияның  техникалық жұмыстарды өңдеу, шығару үшін берілетін еңбек әдістері, техникалық құрылғыларды өнімді пайдалану, пойыздың қауіпсіз қозғалысы мен техникалық қауіпсіздігін станция бастығының көмекшісі басқарады. Станциядағы  жұмыстарды станция инженері тексереді. ПЧ, ГШЧ жұмыскерлері мына жұмыстарды басқарады: станциядағы поездардың жолдарда жөнделуін қарайды, СОБ және байланыс құралдарының жөнделуін қадағалайды.

Станция кезекшісі үнемі мына жұмыстарды басқарады: пойыздарды қауіпсіз жағдайда қабылдауы, станция шегінде пойыздарды жөнелтуі және маневрлік қозғалыстарының басқарылуы кіреді. Станция кезекшісінің бұл жұмыстарды орындаудағы шығарған шешімі бүкіл стансадағы қызметкерлер үшін маңызды болады. Бақылау бөлімінің жұмыскерлері вагондардың, пойыздардың техникалық тексерісін іске асырады.

Маневр  жұмыстарын әдетте, маневр бригадалары  басқарады, ал оларды пойыз құрастырушылар басқарады. Маневрлік бригада мүше құрамында: екі пойыз құрастырушысы, локомотив машинисті және оның көмекшісі. Станция кезекшісі бір ауысым уақытында міндетті түрде станцияның шұғыл жұмыстарына басшылық етеді де, оның басты міндеттері мыналардан тұрады:

- вагондардың  тұруын, тиеу-түсіру жұмыстарының  бір тәуліктік ауысым жоспарының  орындалуын қамтамасыз етеді;

- жол  бағдарын құрастыру жоспарын  қатаң қадағалау қажет;

- пойыз  диспетчерімен бірге 4-6 сағаттық  кезендегі пойыздарды жөнелту  жоспарын құрастыру қажет;

- пойыздар  мен вагондарды өңдеудегі технологиялық  мөлшерді орындау қажет;

- вагондардың  жалпы станциядағы тұру уақытын  және операцияларды қысқартуы  керек;

- маневрлік  жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік  ережесін сақтау керек, және  станция жұмыскерлерінің қозғалыс  қауіпсіздігін сақтауын үнемі  бақылауы керек.

Станцияда ауысымдық жоспардағы жұмыстарды өнімді орындау үшін бірыңғай ауысым ұйымдастырылады  және олардың басшысы болып станция  кезекшісі  саналады.

Кезекшілік  соңы аяғында станция кезекшісі  міндетті түрде қалыпты жұмыс  атқарылуы үшін алдағы ауысымға арнайы шарт жасауы керек. Сонымен қатар, пойыздарды ешбір кедергісіз қабылдау үшін арнайы бос жолдармен қамтамасыз етуі керек, құрамдарды вагондар тобын жөнелтуге  дайындау керек және оларды ауысым басында арнайы жолдарға беру қажет.

Информация о работе Отчет по практике на железнодорожной станции