«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1992 жылы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде тіркелген және қызметін ГСЛ №002097 лицензиясы негізінде (2000 жылдың 29 қарашасынан бастап) жүзеге асырып жүрген «Альянс» өндірістік-коммерциялық фирмасы негізінде құрылған. Берілген лицензия бойынша бұл серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында архитектуралық, градоқұрылыстық және құрылыстық салаларындағы қызметтерді орындайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы
1.2 «Альянс» ЖШС-нің қоғамдағы атқаратын қызмет салалары
1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» ЖШС-нің қосқан үлесі
2 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік
2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны
2.3 Ақпараттық жүйелердің құрылуы
2.4 «Альянс» ЖШС құрылыс дизайндарының жобаларын ұсыну деректер қорын жобалау
3 «ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДИЗАЙНДАРЫН ҰСЫНУ» ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1 Қазіргі заманға сай программалау тілдері. Delphi программалау ортасы
3.2 «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Диплом көрсету.doc

— 5.19 Мб (Скачать)

Сонымен қатар кез келген «мамандықтың» АЖО-на, оны әзірлеу кезінде қамтамасыздандырылуы керек, бірдей талаптар қатарын ұсынуға болады, олар:

- ақпаратты өндеу құралдардың  міндетті болуы;

- диалогтік (интерактивті) режимде  жұмыс істей алу мүмкіндігі;

- эргономиканың негізгі талаптарының орындалуы: оператор, АЖО кешенінің элементтері және қоршаған орта арасында функциялардың рационалды таралуы, жұмысқа комфортты жағдай жасау, АЖО конструкциясының ыңғайлығы, адам-оператордың психологиялық факторларын ескеру, АЖО элементтер түсінің және формаларының әдемі болуы және т.б.;

- АЖО жүйесінде жұмыс істейтін  ДК жеткілікті жоғары өнімді және сенімді болуы;

- шешілетін есептер мінездемесіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру;

- ескішіл процесстерді автоматтандырудың жоғарғы дәрежелі болуы;

- мамандарға АЖО операторы ретінде өзіндік қызмет ету үшін оптималды жағдай жасау;

- маманның АЖО-ды жұмыс жабдық ретінде қолданудан кейін максималды комфорт және қанағат алуын қамтамасыз ететін басқа факторлар.  

АЖО құрылымы техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, және ұйымдастырушылық ішкі жүйелердің жиынтығын кірістіреді.

Техникалық жүйе туралы алдында  айтып кеткенбіз. АЖО тікелей  жасайтын алдында көрсетілген техникалық құралдар жиынына, объектінің жалпы  желісінде жұмыс істейтін,  басқа  АЖО-мен байланысу үшін қажетті  құралдарды, сонымен қатар байланыстың  басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосуға болады.

Ақпараттық ішкі жүйелерге локальды деректер базасында, дәлірек айтқанда, дискілік жинақтауыштарда сақталатын ақпараттар массиві жатады.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру  операциялық жүйелерді, қызмет көрсету (сервистік) бағдарламаларды, қолданушылардың  стандартты бағдарламаларын және модульдік  принциптер бойынша орындалған және АЖО тағайындалуымен шартталған, анықталған есептер класын шешуге бағытталған қолданбалы бағдарламалар пакетін кірістіреді. Қажеттіліктің деңгейіне байланысты бағдарламалық қамтамасыздандыру графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арналған бағдарламалар пакетін кірістіреді. 

АЖО ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың мақсаты олардың функционалдануын, дамуын, кадрлерді дайындауын, сонымен қатар әкімшілік етілуін ұйымдастыру. Сонғыға жатады: жұмысты жоспарлау, тіркеу, бақылау, анализ,  жөнге салу,  АЖО қолданушыларының заңдарының және міндеттерінің құжаттық дайындау.

Егер АЖО-ның құралы жеткілікті күрделі болса, ал қолданушының арнайы дағдысы жоқ болса, онда қолданушыны оның негізгі автоматтандырылған жұмыс орны аймағына бірте-бірте кіруге мүмкіндік беретін, арнайы үйрету құралдарын қолдануға болады.  АЖО функцияларын іске асыру кезінде ағымды қызметінің, ақпараттық қажеттіліктін, оны іске асыру процестерін сипаттау үшін көптеген сценарийлердің мақсаттарын анықтау әдістемелері қажет.

АЖО жобалау әдістемесі оның функционалдау  әдістемесімен байланысты емес болуы  мүмкін, өйткені дамыған АЖО функционалдануы оның қолданушыларымен өзіндік даму мүмкіндігін қарастырады.

АЖО тілдік құралдары соңғы қолданушылар көзқарасынан әдістемелік құралдардың  іске асыруы болып табылады, ал бағдарламалық  құралдар қолданушылардың тілдік құралдарын іске асырады және соңғы қолданушыға барлық қажетті қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.

 

АЖО-ның тілдік құралдары

АЖО тілдік құралдары, қолданушы қимылдарының және оған ДЭЕМ реакциялардың мағынасы жағынан бір мәнді сәйкес болу үшін қажет. Оларсыз оқыту процесі, диалогты ұйымдастыру, қателіктерді табу және түзету мүмкін емес. Мұндай тілдерді әзірлеу күрделігінің мағнасы, олар процедуралық болмауы тиіс. Егер процедуралық берілген қимыл қалай орындалатынын көрсететін болса, процедуралық емес қандай қимыл орындалу қажет екендікті бөлшектемей көрсетеді. Демек, соңғы қолданушылар ақпараттық қажеттіліктін іске асырылу процесін бөлшектеп білуі қажет емес болғандықтан, АЖО интеллектуалдығы тым жоғары болғанда, оның тілінде процедуралық емес мүмкіндіктер көбірек болуы тиістігін қарастыру қажет.  

АЖО тілдері қолданушы-бағытталған, сонымен қатар маманды-бағытталған  болуы қажет. Бұл қолданушылар классификацияларының әртүрлігіне байланысты, олар өзара  тек мамандықпен қана емес, сонымен  қатар қызмет бабының иерархиясы, оқыту дайындығы, қолданатын деректер түрі және т.б. бойынша ерекшелінеді. Сонымен қатар, кәдімгі тілді қолдану, осындай келудің қарапайым болып келуіне қарамастан, күрделі емес нәтижелерді алу үшін пернетақта арқылы күрделі конструкцияларды енгізу қажеттілігі қандай-да бір елеулі артықшылықты бере алмайды.   

Кез келген тілде сияқты, АЖО тілінің негізін алдын-ала анықталған терминдер, сонымен қатар, көмегімен, жаңа терминдер орнатыла алынатын әдістер сипаттамалары,  барларды алмастыра немесе толтыра отырып құруы қажет. Бұл АЖО жобалау кезінде АЖО терминологиялық негізін анықталған түрмен классификациялауға әкеледі, яғни тілдің негізгі синтаксистік конструкцияларын және терминдар және олардың жиынтықтары арасындағы семантикалық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты АЖО қарапайым классификациялауға қажеттілік туады, мысалы, ондеудің кейбір қоолданушылық режимдеріндегі деректерді ұсыну мүмкіндіктері бойынша: сандық, текстік, аралас. Күрделі жағдайларда АЖО классификациясы деректер базасының ұйымдастырылуымен анықталады. Мысалы, кейбір АЖО барлық деректер және конструкциялар кестелік түрінде (кестелік АЖО) немесе арнайы операторлар  түрінде (функционалды АЖО) тіркеледі.

Қолданушы тілдері АЖО диалог түрі бойынша да айырады. Диалогты қолдау құралдары соңғы жағдайда қолданушы білуі қажетті тілдік конструкцияларды анықтайды.

Бір АЖО конструкциясында бір емес бірнеше типті диалог болуы мүмкін, ол қолданушының оқу немесе жұмыс  істеу процесі кезінде активтілігінің өсуіне, және қолданушы құралдарымен  АЖО дамуының қажеттілігіне байланысты болады. АЖО әзірлеу кезінде көбірек қолданылатын: ДЭЕМ-мен басталатын диалог, формаларда толтыру диалогі, гибридты диалог, оқытылмаған қолданушымен диалог және ақпараттар кадрлерін фиксациялау көмегімен жасалатын диалог. ДЭЕМ-мен  басталатын диалог кезінде АЖО қолданушысы толық тілдің конструкциясын және мнемоникасын оқудан босатылады. Бұл әдістін модификациясының бірі мәзір әдісі болып табылады, мұнда ДЭЕМ-мен ұсынылған варианттардың бір немесе бірнешеуі таңдалады.   

Формаларды толтыру диалогі  кезінде, ол да ДЭЕМ-мен басталады, қолданушы  дисплей бетінде арнайы таңдалған  формаларды келешекте оларды анализдеу  және өндеу үшін толтырады. 

Гибридты диалог қолданушымен немесе ДЭЕМ-мен де басталуы мүмкін.

Оқытылмаған қолданушымен диалог кезінде  ДЭЕМ-нің жауаптары толық анық  және қолданушы ойында дұрыс істеді ме жоқ па деген ой қалдырмау қажет.

Ақпараттың фиксацияланған кадрлері көмегімен құралған диалог кезінде  ДЭЕМ жауапты бар тізімнен таңдайды. Бұл жағдайда қолданушы өте қысқа жауаптарды енгізеді, ал негізгі ақпарат автоматты шығарылады. 

Диалог түрі АЖО классификациясын анықтай алады, мысалы, оқытылмаған  қолданушы құралдарымен диалогы  бар АЖО. Осындай белгі бойынша  АЖО классификациясы қолданушының мамандық бағыты бойынша классификациясымен байланысты. Мысалы, мәзір әдісі бойынша диалогы бар АЖО жетекші персоналға жататын экономист-қолданушыға лайықты емес.    

Егер АЖО бағдарламалық құралдар көзқарасынан қарайтын болсақ, онда АЖО  классификациясы кең болуы мүмкін. Олар бағдарламалау тілдері бойынша, қолданушыға бағдарламалаудың процедуралық  құралдарын  ұсыну мүмкіндіктері бойынша, іске қосу процесі кезінде бағдарламалық жүйені ары қарай мүмкіндігі бойынша, деректер базасымен басқару жүйесінің бар болуымен, қолданушы тілінен транслятордың және интерпретатордың болуы бойынша, қателіктерді табу және түзету құралдары бойынша және т.б. классификацияланады. АЖО-де қолданылатын қолданбалы бағдарламалар пакеттер параметрлері жүйенің нақты қосымшаға байланыстыруды қамтамасыздандыруды жеңілдету үшін өзгертілуі мүмкін. Қолданбалы бағдарламалар пакетінің генераторының өзі де қолданылуы мүмкін.  

АЖО құрамына әртүрлі бағдарламалық  компоненттер кіреді, олар - негізгі  есептеу функцияларын және диалогты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар, сонымен қатар деректермен басқару жүйелері, трансляторлар, анықтамалық жүйелер, негізгі деректерді, диалог сценарийлерін, нұсқауларды, басқаратын парамерлерді, қателіктер тізімін кірістіретін деректер базасы. АЖО негізгі компоненттері оның құрамын анықтайды және АЖО әртүрлі белгілері бойынша классификациялауға мүмкіндік береді. 

АЖО-ның соңғы қолданушымен дамуын қамтамасыз ететін, АЖО құралдары  шекарасында қолдануына тәуелді, АЖО  екі үлкен класқа бөлеміз: қызмет ететін және интеллектуалды. Олардың екуіде әртүрлі қолданушы үшін тағайындалуы мүмкін. Бірақта, сонда да кейбір қолданушылар туралы алдын-ала ана немесе басқа АЖО қолданушысы бола алмайды деп айта аламыз. Мысалы, қызмет көрсететін қызметшілер (іс жүргізетінділер,  хатшылар) олардың орындайтын функцияларының ерекшеліктеріне  байланысты интеллектуалды АЖО керек етпейді (өздерінің тікелей қызметтерінде).

Ұйымдастырылған басқару сфераларында қызмет көрсететін АЖО келесідей  бола алады:

- ақпаратты-анықтамалық;

- есептеуіш;

- мәтінді өңдейтін.  

Интеллектуалды АЖО деректерге және білімге бағытталған деп  екіге бөлуге болады (даталогиялық және фактологиялық).

Ақпаратты-анықтамалық АЖО қандай да бір басқару процесіне қызмет көрсетеді.

Есептеуін АЖО өзіндік мазмұнына  байланысты әртүрлі болады және көптеген категориялы қолданушыларымен қолданылуы мүмкін. Олардың көмегімен бір-бірімен байланысты және емес, ұйымдастырушылық экономикалық есептер қойылуы және шешілуі мүмкін, алдын-ала анықталған немесе АЖО функционалдау процесі кезінде анықталатын деректерді іздеу немесе өндеу орындалуы мүмкін.

Мәтінді өндейтін АЖО әртүрлі құрылымды  және сөйлемді мәтіндік ақпаратты, мәтін  семантикалық анализденбейтіндей етіп, өндеуге және генерациялауға тағайындалған.  

Даталогиялық типті интеллектуалды АЖО деректер базаларын және қолданушылар тілдерін кең қолдануға негізделінген. Мұнда қолданушы өз бетімен деректер базасын және тілдерді өзгерте, далогтык мүмкіншіліктерін түрлендіре алады. Осындай АЖО-да білімдер базасы жоқ болады, яғни басқарылатын объектінің осы немесе басқа қасиетіне түсініктемені қамтамасыз ететін ережелерді сақтауға мүмкін жоқ. Білімдер базасы негізгі компонент болып фактологиялық типті АЖО құрамына кіреді. Фактологиялық АЖО сонда  пайдалы, егер АЖО шарттарында жұмыс жиналған тәжірибемен және оның негізінде логикалық шығарылумен анықталатын болса.  

Ұйымдастырылған басқаруды автоматизациялау тұрғысында іске асырылуы қажет бірнеше негізгі функцияларды белгілейік:

  • интерпретация (пәндік аймақтағы деректердің және фактілердің, олардың өзара қатынасын және жүйесін орнату үшін, анализдеу және сипаттау);
  • диагностика (басқарылатын объектінің күйін, жағдайын іздеу, анықтау және сипаттау);
  • мониторинг (АЖО функционалдануын қадағалау және алынған нәтижелерді тіркеу);
  • жоспарлау (берілген әрекеттер жүйелілігін қамтамасыз ету);
  • жобалау (қолданушылық интерфейстерді және дамуды қамтамасыз ету).

 

АЖО-ның классификациясы

АЖО индивидуалды, топтық, ұжымдық болуы мүмкін. Топтық және ұжымдық АЖО-да ЭЕМ жүйесінің эффекитивті функционалдану мақсатында – мамандарға (коллективке) АЖО-да жұмысты ұйымдастыруға талаптарды  қаттылау және осындай жүйеде әкімшілік ету функцияларын дәл анықтау  керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, иілгіш, түрақты дамуға және толық жетілдірілуге лайықталынған болуы қажет. Мұндай жүйеде келесілер қамтылу керек:

  • ақпараттарды өндеудің машиналық құралдарға мамандардың неғұрлым жақын болуы;
  • диалогтік режимде жұмыс істеу;
  • АЖО эргономика талаптарына сәйкес  жабдықталуы;
  • компьютердің жоғары өнімділігі;
  • қиын процестердің максималды автоматтандырылуы;
  • мамандардың олардың шығармашылық белсенділігі ынталандыратын, келешекте бұдан былай жүйе дамуына себепті болатын, еңбек шарттарымен моральды қанағаттануы;
  • мамандарды өз бетімен оқыту мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін есептерді шартты екіге бөлуге болады: ақпараттық және есептеуіш.

Ақпараттық есептерге ақпаратты  кодтау, классификациялау, жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау, іздеу  және шығару жатады. Жиі ақпараттық есептер күрделі емес арифметикалық  және текстік мінездемелі есептеуіш және логикалық процедураларды және қатынастарды (байланыстарды) кірістіреді. Ақпараттық есептер ереже бойынша ең көп еңбекті болып табылады және мамандардың жұмыс уақыттарының үлкен бөлігін алады.  

Есептеуіш есептер формализацияланатын да, толық формализацияланбайтын да бола алады. Формализацияланатын есептер формальды алгоритмдер базасында шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу есептері және математикалық модельдер негізіндегі есептер. Тікелей есептеу есептер қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Ал көбірек күрделі есептер үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану қажет.

Соңғы кезде сематикалық, толық  емес формализацияланатын есептердің шешімдерінің құралдарын әзірлеуге  үлкен назар аударылады. Мұндай есептер  экономикалық есептермен оперативті басқару кезде жиі пайда болады, әсіресе толық емес ақпарат шарттарында шешімдерді қабылдағанда. АЖО құрылымы – бұл оның ішкі жүйелерінің және элементтерінің жиынтығы. Қамтамасыз ететін жүйелерге бірінші кезекте мыналарды жатқызуға болады: техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар, ішкі жүйелердің бүтін тізбегі болады. 

Техникалық қамтамасыз ету өзімен техникалық құралдар кешенің ұсынады, оның негізі ретінде маманның делдалдарсыз (бағдарламашылар, операторлар және т.б.) жұмыс істеуін ескеретін, мамандырылған дербес компьютер қызмет етеді. Топтық АЖО-да мұндай компьютермен 4-6 адам қолдана алады. Мамандандырылған ДК құрамына кіреді: процессор, дисплей, пернетақта, ақпараттың  магнитты  жинақтауыштары, баспаға шығару құралдары және графопостроительдер.   

Информация о работе «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы