«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1992 жылы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде тіркелген және қызметін ГСЛ №002097 лицензиясы негізінде (2000 жылдың 29 қарашасынан бастап) жүзеге асырып жүрген «Альянс» өндірістік-коммерциялық фирмасы негізінде құрылған. Берілген лицензия бойынша бұл серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында архитектуралық, градоқұрылыстық және құрылыстық салаларындағы қызметтерді орындайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы
1.2 «Альянс» ЖШС-нің қоғамдағы атқаратын қызмет салалары
1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» ЖШС-нің қосқан үлесі
2 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік
2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны
2.3 Ақпараттық жүйелердің құрылуы
2.4 «Альянс» ЖШС құрылыс дизайндарының жобаларын ұсыну деректер қорын жобалау
3 «ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДИЗАЙНДАРЫН ҰСЫНУ» ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1 Қазіргі заманға сай программалау тілдері. Delphi программалау ортасы
3.2 «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Диплом көрсету.doc

— 5.19 Мб (Скачать)

Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) –  мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын  талаптары бойынша күрделі саты.Бұл  сатының мақсаты – жүйелік  ерекшеліктерді өңдеу.

«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу – жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер – оның өнімі болып, келесі төртінші саты – жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:

  • қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
  • мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
  • бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
  • компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
  • мамандар ерешеліліктері;
  • жүйелік ерекшеліктері жатады.

Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп  тоқталайық.Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған  ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы  мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады.

Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне  – концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен  сәйкестік кестесі, енулерді басқару  әдісін сипатталу саналады.

Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері  – сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.

Компьютерлік жабдықтар мен  қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері  – компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.

Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны  жобалаудағы барлық тараулар бойынша  жүйелік  құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.

Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды  сипаттайды. Жобалау барысында логикалық  және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.

Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз  қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында  ұдайы назарда болып, бұл жерде  ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.

Қолданбалы ақпарат жүйесін  іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:

- ақпарат пен жабдықтау;

- қолданушылар интерфейсі;

- бағдарламалық жабдықтау.

Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді  қарастырсақ, пікір алысу мен  қолданбалы программаларды өңдегенге  дейін мәліметтер қоймасының логикалық  құрылымдары, әрі оның сөздігі мен  басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжаттану тиіс.Себебі пікір алмасуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады.

 

 

2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны

 

 

Адамзат мыңдаған жылдар бойы ақпаратты өңдеумен айналысқан. Алғашқы ақпараттық технологиялар есептеулер мен жазба жұмыстарын пайдалануға негізделген. Осыдан шамамен 50 жылдай бұрын компьютердің шығуына байланысты бұл технологиялар қарқынды дамыды. Қазіргі уақытта «ақпараттық технологиялар» терминін компьютерді пайдалана отырып, ақпаратты өңдеумен байланыстырады. Ақпараттық технологиялар барлық есептеуіш техниканы, байланыс техникасын және тұрмыстық электроника, телекөрсетілімдер мен радиотаратуларды қамтиды.

Ақпараттық технология – объектінің, процестің және құбылыстың жай-күйі туралы сапалы ақпарат алу үшін берлігендерді жөнелту мен өңдеуге арналған әдістер жиынтығы мен құралдарының тұтастылығын пайдаланатын процесс.

Ақпараттық салаға дербес компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыс құралдарының қолданысқа ие болуы ақпараттық технологиялардың жаңа даму этапы болды.

Жаңа ақпараттық технологиялар келесі негізгі принциптер бойынша базаланады:

  • Компьютермен интерактивті (диалогтық) жұмыс режимі
  • Өзге программалық өнімдерді біріктіру
  • Есеп қойылымының және мәліметтердің өзгеру процесінің иілгіштігі.

Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлеріне келесілер жатады.

  • мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиялары;
  • басқарудың ақпараттық технологиялары;
  • автоматтандырылған кеңсенің ақпараттық технологиялары;
  • шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық технологиялар;

Ақпараттық технологиялардың құралдар жиынтығы ретінде программалық өнімдердің кең таралған түрлері пайдаланылады: тесктілік процессорлар, баспа жүйелері, электрондық кестелер, деректер қорын басқару жүйелері, электрондық күнтізбелер, функционалдық мәндегі ақпараттық жүйелер.

Ақпарат мынадай семантикалық қасиеттерді қамтуы керек:

  • ақпарат толықтылығы аз, бірақ басқаруда дұрыс шешім қабылдауға жететін құрылымды қамтиды;
  • ақпараттың ауқымдылығы басқарудағы ақпараттың құндылығын сақтау деңгейін анықтайды, дәл пайдалану уақытында;
  • ақпараттың нақтылығында бейнеленген ақпараттың басқару параметрлері және сол параметрлердің шынайы мәні жақындату деңгейі бойынша анықталады;
  • тұрақтылық – ақпаратқа өзгертулер енгізу кезінде қажетті нақтылықтарды сақтайтын қасиет;
  • ақпарат құндылығы – прагматикалық деңгейдегі ақпараттың өлшемі мен қасиеттерін көрсететін кешен.

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістердің жиынтығы».

Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология.

Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану  нәтижесі «компьютерлік технология»  терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда  болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің  қайта құру технологиясына негізделеді. «Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.

Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің  әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.

Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі  ғылыми-техникалық прогрестің дамуына  байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты. Әрине, білім беруді компьютерлендіру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және бағдарламалық құралдардың дидактикалық потенциалына байланысты. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір сабақ үшін бағдарламаның бір түрін ғана жасау қажет емес, сонымен қатар атқару қызметі бойынша бір-бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр кезеңінде қодданылатын (дәрістер, зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр сабақ түрі үшін компьютерді пайдаланудың ұлымды немесе тиімді әдісін және нысанын тандау қажет.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» (work-station),  өзін кез-келген мамандықтың иесі қолданушының-маманның, оның қандай да бір анықталған қимылдарды орындауын автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған, орны ретінде ұсынады. Мұндай құрал әрқашан ДК  болып табылады, және ол қажеттілікке байланысты басқа электрондық құралдармен қосымша толықтырылыды, дәлірек айтқанда: дискілік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құралдармен, оптикалық оқитын немесе штрих кодтарды оқитын құралдармен, графика құралдарымен, басқа АЖО-мен және есептеуіш локальды желілермен және т.б. қосылатын құралдармен.

Әлемде архитектурасы IBM PC болатын  мамандандырылған ДК ең көп таралған. АЖО негізінен есептеуіш техниканы  қолдану бойынша арнайы дайындық өтпеген  қолданушыларға бағытталған. АЖО негізгі тағайындалуы – ол ақпаратты жұмыс орындарда орталықтап өңдеу деп есептеуге болады, АЖО және ДК-дің локальды желілеріне, кейде қуатты ЭЕМ-ды кірістіретін глобальды есептеуіш желілерге бір мезгілде кіру мүмкіндіктері  кезінде «өзіндік» сәйкес деректер базаларын қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптерде халық шаруашылығымен басқарудың таратылған жүйесінің концепциясы іске асырылады. Онда иерархияның әртүрлі деңгейінде ақпаратты өңдеу локальды, маңызды  дәрежеде аяқталған және жеткілікті толық түрде ескеріледі. Бұл жүйелерде ақпаратты астыдан үстіге тасымалдау тек сол жағдайда ұйымдастырылады, егер бұл ақпаратта қажеттілік жоғарғы деңгейде болса ғана. Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеу нәтижелерінің маңызды бөлігі және алғашқы деректер локальды деректер банкісінде сақталуы қажет.   

Таратып басқару ойын іске асыру  үшін басқарудың әр деңгейі және әр пәндік аймақ үшін мамандандырылған дербес компьютерлер базасында автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлеу қажет  болды. Мысалы, экономика сферасында осындай АЖО-да процесстерді жоспарлауды, модельдеуді, оптимизациялауды, әртүрлі ақпараттық жүйелерде әртүрлі  үлесімді есетер үшін шешімдер қабылдауды  іске асыруға болады. Әртүрлі басқару объектісі үшін оның мәніне сәйкес келетін АЖО ескеру қажет. Бірақ-та, кез-келген АЖО әзірлеу принциптері жалпы болуы тиіс:  

- жүйелігі;

- иілгіштігі;

- тұрақтылығы;

- эффективтілігі.

Көрсетілген ұғымдардың мағынасын  түсіндірейік. АЖО жүйелігін  құрылымы функционалдық тағайындалуымен анықталатын жүйе ретінде қарастыру қажет. Иілгіштік – жүйенің ішкі жүйелерінің модульдік құрылуы және осы элементтердің стандартты болу  себебіне байланысты, мүмкін болатын жаңа өзгерістерге лайықталған болуы. Тұрақтылығы. Принцип негізі- ол АЖО жүйесі, негізгі функцияларды оған ішкі немесе сыртқы факторлардың әрекеттесуіне қарамастан, орындауы қажет. Бұл оның жеке бөлімдегі олқылықтар жеңіл жойылуы, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі керек дегенді білдіреді.

АЖО-ның эффективтілігін жүйені әзірлеуге және іске асыруға кеткен шығынды, алдында келтірілген принциптерді іске асыру деңгейіне сәйкестіргендегі интегралдық көрсеткіш ретінде қарастыруға болады

АЖО функционалдануы ойдағыдай  болады, егер ядросы компьютер болатын  ақпараттарды өңдеу құралдармен  адам арасында жүктілік және функциялар дұрыс таралған болса.

Осындай «гибритты» интеллекті әзірлеу  қазіргі кезде ең көкей кесті  мәселе болып табылады. Бірақ-та, АЖО  әзірлеу және функционалдау кезінде  сұраққа осындай келу елеулі нәтижеге әкеледі – АЖО, тек еңбек өңімділігін  және басқару эффективтілігін ғана емес, сонымен бірге маман комфортын көтеретін құрал болады. Сонымен бірге адам, АЖО жүйесінде, бастаушы буын болып қалуы керек.

Өндіріс кәсіпорындарында АЖО автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ), жоспарлаудың, басқарудың, деректерді өндеудің және шешімдер қабылдаудың дербес құралы ретінде маңызды құрылым құрамы болып келеді. АЖО- бұл әрқашан администратор, экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т.б. нақты маманға бағытталған –арнайы мамандандырылған жүйе, техникалық құралдардың және бағдарламалық қамтамасыздандаруыдың жиынтығы.    

Информация о работе «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы