«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1992 жылы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде тіркелген және қызметін ГСЛ №002097 лицензиясы негізінде (2000 жылдың 29 қарашасынан бастап) жүзеге асырып жүрген «Альянс» өндірістік-коммерциялық фирмасы негізінде құрылған. Берілген лицензия бойынша бұл серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында архитектуралық, градоқұрылыстық және құрылыстық салаларындағы қызметтерді орындайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы
1.2 «Альянс» ЖШС-нің қоғамдағы атқаратын қызмет салалары
1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» ЖШС-нің қосқан үлесі
2 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік
2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны
2.3 Ақпараттық жүйелердің құрылуы
2.4 «Альянс» ЖШС құрылыс дизайндарының жобаларын ұсыну деректер қорын жобалау
3 «ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДИЗАЙНДАРЫН ҰСЫНУ» ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1 Қазіргі заманға сай программалау тілдері. Delphi программалау ортасы
3.2 «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Диплом көрсету.doc

— 5.19 Мб (Скачать)

Қазіргі уақытта үлкен мекемелерде деректер мен ақпараттарды өңдеу, зиялылық қызметті іске асыру тапсырмаларын шешетін және басқарушылық шешімді қабылдау мен дайындау жағдайында қызмет көрсететін ақпараттық жүйелер құрылған және тиімді жұмыс істейді. Ақпараттық жүйе әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Ақпараттық жүйе құрылымы бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы  ішкі кеңістік, уақытша байланыстар қатынастардың салыстырмалы орнықты тәртібі, кәсіпорынның күнделікті байланысқан және өзара әрекеттескен кешендерінің үлкен санын көрсететін коммерциялық құрылымның тұрақты жұмыс істеуінің міндетті факторы болып табылады. Осылар ақпараттың оралымдығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін ерекше мәнді қамтиды. Ақпараттық жүйелер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Көлемі бойынша жіктелуі:

Жалғыз ақпараттық жүйе тәртіп бойынша  дербес компьютерлермен іске асырылады. Мұндай жүйе жалпы ақпараттық қорлардың  байланысқан бірнеше қосымшаларынан тұрады және бір жұмыс орны бір пайдаланушының немесе пайдаланушы топтың жұмысына уақыт бойынша бөлінген.

Топтық ақпараттық жүйелер жұмысшы  топтың мүшелеріне ақпаратты ұжымдық  қолдану бағдарланған және ол жиі  жергілікті желіде тұрғызылады. Мұндай қосымшаларды әзірлеу кезінде жұмысшы топ үшін деректер қоры серверлері қолданылады.

Корпоративтік ақпараттық жүйелер  жұмысшы топ үшін жүйелердің дамуы  болып табылады, олар үлкен компанияларда  желілер арқылы іске асырылады.

Ақпараттық жүйе қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, беру, өңдеу және жинауды қамтамасыз етеді. Олар жаңа өнімдерді құруға және мәселелерді талдауға көмектеседі. Ақпараттық жүйелер нақты экономикалық объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйе алға қойған мақсатқа жету мүддесінде ақпараттарды беру және өңдеу, сақтау үшін қолданылатын тәсілдер мен құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің  қолдану  ортасы бойынша жіктелуі:

Трансакцияны өңдеу жүйесі оперативтік  және пакеттік ақпараттық жүйесі болып бөлінеді. Мекемелік басқарудың ақпараттық жүйесі кез-келген уақытта пәндік облысының актуальды жағдайын бейнелеу үшін OLTP оперативтік трансакция режимін қамтиды. Ол пакеттік өңдеу мұнда тек шектелген бөлігін ғана алады.

Шешім қабылдау жүйелері - әр түрлі бөліктерде, соның ішінде уақыттық, географиялық және басқа да көрсеткіштермен деректерді іріктеу және талдауды күрделі сұраныстар көмегімен жүргізілетін ақпараттық жүйелердің басқа типін көрсетеді.

Ақпараттық-анықтамалық жүйелер - ол гипертекстілік және құжаттар мен мультимедиаға негізделген.

Офистік-анықтамалық жүйелер - құжат  айнылымын басқару мен  іскер  өнеркәсіпті автоматтандыру мақсатына  қағаз құжаттарды электрондық түрге  аударуға бағытталған.

Ақпараттық жүйе құрылымы − бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы ішкі кеңістіктік-уақытша байланыстары мен қатынастарының салыстырмалы орнықты тәртібі.

Ақпараттық жүйе ретінде басқарушы әсерлерді жасауға жарамды ақпарат түзейтін жүйе саналады. Ақпараттық жүйе өндірісті бақылаудың ақпараттық процестері жиынтығынан тұрады. Басқару жүйесі негізгі құрастыру, тіркеу, жинау, тасымалдау, өңдеу, көбейту, ұсыну және ақпаратты сақтау құбылыстарын бір кешенге жинау мүмкіндігін туғызатын ақпаратты қайта қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық жүйе бұл басқару ақпаратына ақпарат қалыптастыру мақсатында қайта өңдеу процестерін қалыптастыратын ақпарат моделі, қаралатын адами - машиналық жүйе. Ақпараттық жүйенің негізгі көрсеткіштері:

  • Жүйенің өндірістілігі – белгілі бір ақпарат көлемін аз уақыт ішінде қайта түзу;
  • Жүйенің өткізгіштік қабілеттілігі – бір сағатта әріптік сандық шамада шешім шығаруға ыңғайлы түрде өңделген ақпаратты беру мен қамтамасыз ету;
  • Жүйенің есептегіштік тұрақтылығы – бір сағатта есептеу операцияларының жиынтық санын беру;
  • Жүйенің сыйымдылығы – бір бірлік уақыттағы айналымдағы ақпарат көлемі;
  • Жүйенің сенімділік деңгейі;
  • Ақпарат бірлігі;
  • Жүйе құны және оның сатылып кету мерзімі.

Бұл көрсеткіштердің негізгі деңгейі келесі факторларға байланысты:

  • ақпараттық жүйе құрылымы, технологиялық ақпараттың қайта түзілуінің алгоритмдік жүйесі;
  • ақпараттық қайта түсу процесінің ақпараттық сатысы;
  • басқару циклінің қайталануы.

Ақпараттық жүйе нысан туралы ақпарат жинақтау, тасымалдау, өңдеу, басқарма қызметін тарату үшін жұмысшыларды әр түрлі ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру секілді коммуникациялық жүйе құрайды. Тиімді ақпараттық жүйе әрбір басқарма деңгейінде өз қызметін тиімді таратуға қажетті ақпаратты ғана береді. Ақпараттық жүйе фирманың шаруашылық жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында тек ақпаратты өңдеу және сақтау, кеңсе жұмысын автоматтандыру ғана емес, сонымен қатар басқарудың жаңа әдістерін қалыптастыру үшін ғана енгізеді, яғни фирма мамандарымен шешім қабылдау, жаңа телекоммуникация қолданудан, үлкен және кіші есептеу желілерін пайдалану істерін модельдеуге негізделеді.

Кибернетикадағы ақпараттық жүйелер  келесі белгілер бойынша бөлінеді:

  • элементтердің өзгергіштігіне қарай динамикалық және статистикалық болуы;
  • элементтер байланысына қарай дитерминантты, нақтылық;
  • элементтердің күрделілігіне қарай жай, күрделі, өте күрделі.

Ақпараттық жүйелер мына түрде  жіктеледі:

Техникалық жабдықталу деңгейіне қарай: қол еңбегіне бағытталған автоматтандырылған механизация, автоматизация, автоматика және робот техника;

Функционалды қызметіне қарай: ақпаратты өңдеу, ақпаратты іздеу, ақпараттық – анықтамалық іздеу, ақпараттық кеңес беру;

Технологиялық түйткілдеріне қарай: ақпараттық іздеу жүйесі, құжаттамалық, картографиялық және қосарланған болып бөлінеді. Ақпараттық іздеу жүйесі белгілі бір мекемеде мәліметтерді іздеп, оны сақтап отырады.

Ақпараттық жүйелер әр түрлі  белгілері бойынша жіктеледі:

  • масштабы  бойынша;
  • қолдану ортасы бойынша;
  • ұйымдастырылу ортасына байланысты;

Ақпараттық жүйелер масштабы  бойынша жалғыз, топтық, корпоративті болып бөлінеді.

Жалғыз ақпараттық жүйелер автономды дербес компьютерде (желі қолданылмайды) жүзеге асады. Мұндай жүйе  бір жұмыс орнын уақыт бойынша бөлетін, бір қолданушы немесе қолданушылар тобының жұмыс жасауына есептелген, жалпы ақпараттық қормен байланысқан бірнеше қосымшалардан тұрады. Қосымшалар жергілікті деректер қоймасын басқару жүйелері (ДҚБЖ) көмегімен жасалады. Жергілікті ДҚБЖ-лар арасында Clarion, Clipper, FoxPro, dBase және Microsoft Access белгілі.

Топтық ақпараттық жүйелер  әдетте жергілікті есептеуіш желі базасында құрылады және ақпаратты жұмысшы топ мүшелерінің ұжымдық пайдалануына бағдарланған. Мұндай қосымшаларды құруда жұмысшылар тобы үшін деректер қоймасы серверлері   (SQL-серверлері деп аталатын)    қолданылады. SQL- серверлердің көптеген  коммерциялық және коммерциялық емес бар. Олардың арасында кең танымалылары Oracle, DB2, Microsoft SQL Server, Inter Base, Sybase, Inforqix.

Корпоративті ақпараттық жүйелер үлкен компанияларға негізделген, территориялық желілер және тораптарды қолдайтын жұмысшы топ үшін жетілдірілген жүйелер болып табылады. Негізінен олар бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымды болады.

Қазіргі уақытта үлкен мекемелер  мен компанияларда деректер мен  ақпараттарды өңдеу, зиялылық қызметі  іске асырылып, тапсырмаларын шешетін  және басқарушылық шешімді қабылдау мен дайындау процесінде қызмет көрсететін ақпараттық жүйелер құрылған және тиімді жұмыс істеуде.

Қазір басшы мен орындаушы өз жұмыс орындарында нақты өндірістік немесе нарықтық жағдайды талдау үшін жедел түрде жан-жақты ақпарат  ала алады. Басқарушылық еңбекті ұйымдастыруда мұндай жаңартулар оның технологиясының елеулі сапалы өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды. Ақпараттар ағынын рәсімдеу, деректерді өңдеу әдістерінің қолданылуы, деректер қорының ұсынылуы – бұлардың бәрі жүзеге асырудың жаңа нақты тәсілдерінде ие болды. Яғни, жоғарыда аталған мәселелерді ескере келе, ақпараттың маңыздылығын, оның көкейтестілігін және де ақпарат негізінде құрылған ақпараттық жүйелердің қоғам өміріндегі алатын орны үлкен екенін байқаймыз.       

Техникалық прогресс көбінесе адам қызметінің әр түрлі салаларында автоматтандырылған жүйелерді енгізу көмегімен анықталады. Біздің елде әлеуметтік-экономикалық қатынастардың құрылуы қоғамдық өмірдің демократияландыру қызметінің барлық салалары ақпараттық қамтамасыз етушілікті жүргізуді талап етуде. Қоғамда ақпараттық қаржылық өсімі бақыланып отыратындықтан ақпараттардың деңгейі әлі жеткіліксіз. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпаратты іздеу, беру, өңдеу, сақтау және жинауды қамтамасыз етеді. Олар жаңа өнімдерді құруға және мәселелерді талдауға көмектеседі. Ақпараттық жүйелер көптеген салаларда пайдаланылады. Білім беру, денсаулық, банк ісі, бухгалтерия, сақтандыру, салық, статистика салаларында ақпараттық жүйелер көмегімен түрлі жетістіктерге жетіп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік салаларда, құқық мәселелерінде де ақпараттық жүйелердің маңызы орасан зор.

Қазіргі уақытта компьютер және басқа да электронды есептеуіш машиналар  қоғамда немесе адам өмірінде маңызды  орын алады. Ақпараттық машина ретінде оларды қолдану атына сай келмесе де соңғы жылдары коммерциялық компанияларға тікелей экономикалық тиімділік беретін нақты өндірістік жобаны дайындауда талап етілетін уақытты қысқартуға жол беру, оларды іске асыру кезінде өндірілмеген шығындарды азайту, бухгалтерлік, техникалық және басқа да құжаттардың түрлерін дайындауда қатенің пайда болу мүмкіндігін шығарып тастау және тағы басқа оларды қолданудағы негізгі түрлері болып табылады.

 

Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда  жобалау

Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан  оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар  кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде  мақсатты өнімді қалаптастырады.

Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?

Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?

Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны  болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру  кезінде оны тұрғызуға кететін  үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын  алдын ала анықтау;

Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін  анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;

Өңдеу жоспарын тұрғызу.

Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін  құжаттандыру және алдын ала зерттеу  нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

Ондағы есеп беру құжаттарында:

 Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;

Экономикалық, яғни мүмкін болатын  шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті  көбейту;

Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке  арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;

Амал жасау немесе қолданушыға  өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде  қолданушының  ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне – жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;

қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді  талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;

жүйе талаптарын талдау сатысында  зерттеуші басқару есептерін  шешетін негізгі типтік әдістерді  білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман  өзі тұрғызғалы отырған жүйенің  атқарымдық ерекшеліктерін де жетік  меңгеруі керек;

жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;

келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды  қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т.б.), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т.б.), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Информация о работе «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы