«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1992 жылы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде тіркелген және қызметін ГСЛ №002097 лицензиясы негізінде (2000 жылдың 29 қарашасынан бастап) жүзеге асырып жүрген «Альянс» өндірістік-коммерциялық фирмасы негізінде құрылған. Берілген лицензия бойынша бұл серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында архитектуралық, градоқұрылыстық және құрылыстық салаларындағы қызметтерді орындайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы
1.2 «Альянс» ЖШС-нің қоғамдағы атқаратын қызмет салалары
1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» ЖШС-нің қосқан үлесі
2 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік
2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны
2.3 Ақпараттық жүйелердің құрылуы
2.4 «Альянс» ЖШС құрылыс дизайндарының жобаларын ұсыну деректер қорын жобалау
3 «ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДИЗАЙНДАРЫН ҰСЫНУ» ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1 Қазіргі заманға сай программалау тілдері. Delphi программалау ортасы
3.2 «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Диплом көрсету.doc

— 5.19 Мб (Скачать)

а) мердігер мен тапсырыс беруші шарт жасалғаннан кейінгі кезеңде  құрылыс салуға жасалған шарт бойынша  түсімді арттыратын немесе кемітетін  ауытқуды немесе қарсылықты келістіруі мүмкін;

б) белгіленген бағасы бар шартта келісілген түсім сомасы бағалардың артуына жол беретін ескертулер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін;

с) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша  түсім сомасы мердігердің кінәсінен  шартты орындауда кешіктірулер нәтижесінде  туындаған айыппұл санкцияларының нәтижесінде кемуі мүмкін;

д) белгіленген бағасы бар шарт шығарылатын өнімді шығаруға белгіленген  үлесті көздеген кезде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім шығарылған бұйымдар санының артуына қарай  ұлғаяды.

 

 

 

 

1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосқан үлесі

 

 

«Альянс» ЖШС–і айналысатын  негізгі сала – үй-ғимарат құрылысы. Бұл фирма қазір еліміздің  Қызылорда  қаласында «Ақмешіт» 1300 орындық қалалық мешітті салып  бітірді. 

 

 

 

 

1.1-сурет. «Альянс» ЖШС тұрғызған  Қызылорда қаласындағы 1300 орындық  мешіт

 

Қызылорда қаласының оңтүстік  Жібек жолы көшесі мен Мостовая көшесінің қиылысында  жеті күмбезді, сәулетті әсем ғимарат  көпшіліктің назарына еріксіз түсетін жаңа мешіт орналасқан. Бұл жаңа мешіт  2008 жылдың  қыркүйек айының соңында, яғни рамазан айының  Айт мерекесі күні ашылды. 

Осындай Сыр елінде  2000 адамды қабылдай алатын сәулетті    үлгідегі  мешіт нысанының тұрғызылуына  демеушілік жасаған Өтемұратовтар әулеті және  мешіт құрылысын сапалы да әсем болып салынуына  Алматылық «Күмбез»  ЖШС жоба жасаса, «Глобал Девелопмент» компаниясы  тапсырыс беріп, бас мердігер жергілікті  Альянс  ЖШС мен көркемдік безендіру жұмыстарын «ҚаПРОЛТД»  ЖШС-і және жеке кәсіпкер М.Байбосынов  қызмет жасады.

Мешіттің кең ауласы  көгалдандырылып, жамағаттың дем алып отыруына қолайлы  орындықтар қойылған  және де  ауланың жүретін  аралықтарына  тас плиталар төселген.

Мешіттің жалпы жер көлемі 5,257 га құрайды. Қай кезде де сәулетті ғимараттар озық өркениет пен ілім-білімнің бастауын айғақтайтын болған. Жеті күмбезімен мұндалап, барша жұртты имандылыққа бастап тұратындай. Оның басындағы айшықтары алтыннан құйылыпты. Күмбезін Қоқаннан келген шебер Шәміл Асатбаев жасады. 6 қаусырмалы, 3 сыңар есік Қоқандағы жүз жылдық қара ағаштан қашалған. Мешіттің сыртқы қабырғалары қою жасыл түсті  гранит  тастармен  көмкерілген. Намазжай залына Ираннан алдырған  жасыл түсті кілем  төселген және де  Қытайдан алдырған  360 шамы бар  әсем де үлкен  хрусталь  люстра орнатылған. Имандылық үйінің ішкі қабырғаларындағы өрнектер Құран сүрелері мен аяттары. Мұнарасының биігі-37 метр. Мұнда алты медресе сыныбы, төрт намаз оқитын орын, әйелдер мінажат ететін бөлек бөлме де қарастырылған. Сонымен қоса  60 адамға арналған салт-дәстүр бөлмесі бар. Бұл бөлмеде де 200 шамды үлкен хрусталь люстра орнатылған. Салт-дәстүр залында аты айтып тұрғандай неке қию, баланы сүндетке отырғызу рәсімдері  орындалады. Сондай-ақ 23 оқушыға арналған 6  сыныбы бар. Мұнда оқушылар  діни білім алады. Сонымен қатар  300 адамға әйелдер намазжайы да бар. Бұл намазжай бөлек орналасқан. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен салынған  әрқайсысы 50-ден аса  адамға арналған ерлер мен  әйелдер дәретханасы бар.

Мешіттің тағы бір ерекшелігі 200 адмаға лайықталған  жамағаттың ата-бабаларына  Құран бағыштап ас беруге арналған  асханасы қарастырылған. 
      Қорыта айтқанда  жаңа мешітте  барлық жағдай жасалған және де заман талаптарына  сай келеді.

Бұдан басқа да «Альянс» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы аумағына қосқан үлесі 1.2-кестеде келтірілген.

 

Объектінің/жұмыстың атауы

Жалпы құны, млн.теңге

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жиделі су қоймасының реконструкциясын жүргізді

803,9

Қызылорда қаласының тұрғын үй секторларын  газбен қамту жұмыстары бойынша газ құбырларын жүргізді

1937,9

Қызылорда қаласындағы магистральды жылу желілерінің жылуын қайта қалпына  келтірді

308,3

Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй салды

181,1

Алматы қаласы, «Ақбота» кешеніндегі тұрғын үйді тұрғызды

121,1

Хорасан-1 ден Хорансан-2 дейінгі  көлік жолын салды, Қызылорда  қаласы, Жаңақорған ауданы

181,8

Қызылорда қаласында 50 пәтерлік тұрғын үй тұрғызды

232,4

Қызылорда облысының Жаңақазалы және Әйтеке би кенттерін сумен қамсыздандырды

199,1

Қызылорда қаласындағы 1300 оырндық  мешітті салып бітірді

503,5

Салынған мешіт территориясын  әрлеу, жөндеу жұмыстарымен айналысты

133,9

Қызылорда қаласында әкімшілік  ғимаратынан Сот отырысын салды

160,2

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Хорасан кен орнында технологиялық жабдықтардың құрылыстық-монтаждық жұмыстарымен айналысты

150,3

Маңғыстау облысындағы Құрық-Ақтауда 70км-ге жететін су құбырын салды

831,6

Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында 80 орындық перзентхана салды

1125,6


1.2-кесте. «Альянс» ЖШС-нің аяқталған құрылыс нысандары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕСІ

 

2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік

 

 

Ақпарат – анықталмағандық деңгейін және жартылай білімді толықтыратын қоршаған орта, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлерінің объектілері туралы мәліметтер. Информатика ақпаратты біздің көріп жүргенімізден басқа қоршаған әлемнің объектісі немесе құбылысының бір-бірімен тығыз байланысқан мәліметтері ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан қарағанда ақпаратты берілгендер туралы білім тұтастылығы ретінде де қарастыруға болады және олар бір-біріне тәуелді. Өңдеу  процесінде ақпарат құрылымы мен формасын өзгертуі мүмкін. Ақпарат элементтері мен олардың байланысы құрылым белгілері болып табылады. Ақпараттың ұсынылу формасы әр түрлі болуы мүмкін. Олардың маңыздылары: символдық (әр түрлі символдарды пайдалануға негізделген), текстілік (текст – белгілі тәртіппен орналасқан символдар), графикалық (әр түрлі суреттер) және дыбыстық. Күделікті өмірде ақпарат пен мәлімет синоним ретінде қарастырылады. Негізінен ақпарат пен мәлімет арасында  айырмашылықтар бар. Мәлімет дегеніміз өңдеуге ыңғайлы түрде ұсынылған ақпарат. Мәліметтер де текст, графика және аудиовизуальды түрде берілуі мүмкін. Мәліметтерді ұсыну информатиканың тілі болып табылады. Ол қарым қатынас, электрондық түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыратын символдардың жиынын, ережелер мен келісімдерді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты құруға, жөнелтуге, пайдалануға, есте сақтауға, қабылдауға, көшіруге, таратуға, түрлендіруге, өңдеуге, бөліктерге бөлуге, қысқартуға, сақтауға, іздеуге, өлшеуге және бұзуға болады.  Ақпаратқа байланысты осы операциялар ақпараттық процестер болып табылады.

Ақпараттың қасиеттері болып сенімділік, толықтылық, құндылық, жетімділік, түсініктілік, ықшамдылық және т.б. табылады.

Ақпараттық ресурстар – бұл адамдардың идеялары. Олар кітаптар, мақалалар, патенттер, диссертация, ғылыми-зерттеу құжаттары, техникалық аударулар және т.б.

Жүйе дегеніміз бір уақытта  біртұтас болып қарастырылатын кез келген объект. Жүйелер өзара құрамына және басты мақсатына байланысты ерекшеленеді.

Әр түрлі элементтерден тұратын  және әр түрлі мақсаттарға бағытталған  жүйелерге мысал:

  1. Жүйе: фирма

Жүйе элементі: адам, жабдық, материал, ғимарат және т.б.

Жүйенің басты мақсаты: тауар өндіру

  1. Жүйе: компьютер

Жүйе элементі: электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс сымдары және т.б.

Жүйенің басты мақсаты: берілгендерді  өңдеу

  1. Жүйе: ақпараттық жүйе

Жүйе элементі: компьютер, компьютерлік желі, ақпараттық және программалық қамтамасыз ету

Жүйенің басты мақсаты: маманданған  ақпаратты өндіру.

Информатикада «жүйе» түсінігі кең  таралған және көптеген мәндерге ие. Ол техникалық құралдары және программаларды жинақтауда жиі қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі жүйе болуы мүмкін. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуге арналған көптеген программалар, қосымша программалар, құжаттар мен есептеулерді басқару да жүйе болып саналады.

Ақпараттық жүйе дегеніміз қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты сақтау, өңдеу және шығару барысында қолданылатын құралдар, әдістер және қызметкерлер жиынтығы. Ақпаратты өңдеу үшін негізгі техникалық құрал ретінде дербес компьютер қолданылады. Ақпараттық жүйені келесі жүйелер жиынтығы деп қарастыруға болады: техникалық, ақпараттық, математикалық, программалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру.

Кез келген жүйені зерттеу мен құру, ендіру әдістемесінің негізіне өзара  бір – бірімен қатынаста, байланыста болатын әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп нақты формуланы орындайтын және берілген есеп көлеміне байланысты әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Жүйе және оның элементтері жайлы ой қозғағанда ортақ объект, өзара байланыс пен қасиеттер ұғымы да бірге жүреді. Осы ұғымдар бірігіп зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән- мағынасын ашады. Жүйенің күйі анықталу барысындағы құбылыс мезетін білдіреді. Оны көбінесе жүйеге енуші әсерлер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады. Егер, жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса, онда осы процесс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді. Сыртқы әсерлер әрекеті қарастырылмаған кездегі жүйенің өз күйін өзгеріссіз сақтап қалу қабілеті тепе-теңдік деп аталады. Сыртқы әсерлер әрекетінен соң жүйенің тепе-теңдік күйге оралу қабілетін тұрақтылық деп қарастыруға болады. Ал егер жүйенің тепе-теңдік қалпына қайтып оралу қасиеті бар болса, оны тепе-теңдіктің тұрақты күйі деп атайды. Жүйелік зерттеу әдістері ақапараттық жүйелерді болжау, ендіру мәселелерін шешуде маңызды орын алады. Мысалы, ақпараттық жүйе үшін жүйенің құрылымын дұрыстап таңдау және негіздеу аса маңызды шара болып табылады. Бұл жерде элементтердің құрылымын, элементтердің өзара байланысының ішкі кеңістікте тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында сол жүйелердің атқарымдық міндеттерінің анықталуы және оның сыртқы ортамен байланысы деп түсінуге болады.

Жалпы жүйелер қарапайым, өте қарапайым, күрделі және өте күрделі деп  топталады да олар үшін атрибуттар мен қатынастар ұғымы қалыптасады. Күрделі жүйелер біртекті элементтердің үлкен жиындарынан, әр түрлі қасиеттері мен әртекті қатынастардан тұрады. Жүйелерді құру барысында олардың қасиеттері ескеріледі. Олар гомеостатикалық, тұтастық, бөлінгіштік, дербестік, қосындылық, бөлекшелік, көптілік, бейімділік, изоморфты, сәйкестілік және тағы басқа. Бөлінгіштік қасиеті бұл жүйенің анағұрлым ұсақ бөліктерге немесе жүйе элементтерін бөліп алу мүмкіндігі. Кез келген ақпараттық жүйе атқарымдық және жабдықтаушы ішкі жүйелерден тұрады. Атқарымдық ішкі жиындар өз кезегінде атқарымдық есептер жиынтығына бөлінсе, ал жабдықтаушы ішкі жиындар нақты есептерге бөлінеді. Көпшілдік қасиеті – жүйеге кіретін ішкі элементтердің күйі. Басқа элементтердің өзгеріс күйінен өзгеше болуын көрсетеді. Бейімділік қасиеті – жүйенің өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделіп отыру қабілеті. Изоморфтық қасиеті бір жүйенің қасиеті басқа жүйелердің қасиеті арқылы көрініп бейнелену мүмкіндігі. Бұл нақты экономикалық жүйелерді экономико – математикалық ұйымдастырушылық және тағы басқа үлгілер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Сәйкестілік қасиеті бұл жүйенің әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық, ақпараттық және басқа да аспектілерін басқа жүйелермен сәйкестендіре байланыстыруды жабдықтайды. Кері байланыстық қасиеті басқарушы жүйе мен басқарылушы жүйе ақпарат арқылы тікелей және кері байланысып қозғалысқа түседі. Мұндағы тікелей байланыс дерективті ақпарат та, ал кері байланыс қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есеп беру ақпаратының ағыны.

“Жүйе” ұғымына  “ақпараттық” сөзінің қосылуы оны құру және жұмыс істеу мақсатымен бейнеленеді. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, беру, өңдеу, сақтау және жинауды қамтамасыз етеді. Олар жаңа өнімдерді құруға және мәселелерді талдауға көмектеседі.

Ақпараттық жүйе нақты объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жету мүддесінде ақпараттарды беру және өңдеу, сақтау үшін қолданылатын тәсілдер мен  құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің әр түрлі тағайындалуында ақпараттық жүйелердің үлкен көлемі жұмыс істейді. Олар бір-бірінен келесі факторлар бойынша ерекшеленедi: ақпараттық жүйені жинақталған тәжірибе бойынша құру және жұмыс істеу; қолданылған құралдарымен деректерді жинау, табыстау мен өңдеу және т.б.

 


А

 

 

 

 

 

2.1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер

Қандай да бір тағайындалуда ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді шартты түрде блоктардан тұратын схемалар түрінде көрсетуге болады:

  • ақпаратты сыртқы және ішкі көздерден енгізу;
  • ангізілген ақпаратты өңдеу және оны қолайлы түрде көрсету;
  • пайдаланушы көру үшін ақпараттарды шығару және басқа жүйеге    табыстау;

Кері байланыс – бұл енгізілген ақпараттың түзетілімі үшін берілген мекеменің адамдарымен өңделген ақпарат.

Жүйені құру және қолдану  үшін ең алдымен компьютерлік технологияның  мүмкіндігін, қабылданған шешімі мен  басқару мақсатын, мекеменің саясаты  мен құрылымын түсініп алу  керек. Ақпараттық жүйе мекеменің бөлігі болып табылады.

Кез-келген мекеме үшін ақпараттық жүйесін құру және қолданылу келесі тапсырмаларды шешуге бағытталған:

  • ақпараттық жүйенің құрылымы, оның атқарылымының тағайындалуы мекеменің алдына қойған мақсатымен сәйкес болуы керек;
  • ақпараттық жүйенің негізі экономикалық-әлеуметтік, әдептік принципке сәйкес қолданатын және түсінетін адамдармен бақыланып отырылуы тиіс;
  • сенімді, заманға сай және жүйелендірілген ақпаратты өндіру.

Ақпараттық жүйелер динамикалық, ықтималды және өте күрделі жүйелер қатарына жатады. Кез-келген ақпараттық жүйе құрамы мынадай ішкі қамсыздандырушы жүйелерден тұрады:

  • Ақпараттық қамтамасыз етуші бөлік
  • Математикалық қамтамасыз етуші бөлік
  • Техникалық қамтамасыз етуші бөлік
  • Құқықтық қамтамасыз етуші бөлік
  • Ұйымдастырушы қамтамасыз етуші бөлік

Техникалық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған техникалық құралдар комплексі. Ақпараттық қамтамасыздандыру –ақпаратты кодтау және жіктеу жүйесінің деректер қоймасын құру әдістемесінің жиынтығы. Математикалық және программалық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жиынтығы. Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпаратты алу, өңдеу және қолдану ретін ұйымдастыратын ақпараттық жүйелердің құрылуын, жұмыс істеуін және олардың құқықтық жағдайын анықтайтын заңдылық нормалардың жиынтығы. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйені жасау және қолдану процесінде қызметкерлердің және техникалық құралдардың байланысын ұйымдастыратын әдістер және құралдар жиынтығы.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат − белгілер мен сигналдар түрінде берілетін зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында ЭЕМ-ге енгізіліп, оның жадысында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын деректер.

Ақпарат ақпарат беру процесінен бөлінбейді, өйткені ақпаратты пайдаланушы мен оның шығу көзін қарастыру керек. Ақпараттағы пайдаланушының ролі осы сияқты анықтауда ерекшеленеді. Ақпарат ақырғы тұтынушының кеңейтілген білім қоры туралы мәлімет болып табылады.

Информация о работе «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы