Жеке кәсіпкердің табысына салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.

Содержание

1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1Табысқа салық салудың алғышарттары.......................................5
1.2Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі........................................................................................................9
2.2Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін
1.3Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................................15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі.......................................................................................19
қалыптастырудағы ролі............25
2.3Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талау.................................................................28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары.......................................................................................................31
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары.. 35
Қорытынды................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................42

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу.doc отправить.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

Кеңестің алдағы уақыттағы  отырыстарында ірі мұнай компанияларының  жанында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін қарау жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

Салық төлемдері: Облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің түсім көлемі 2011 жылы 25 374 991 мың теңге болса, 2012 жылы 38 231 286 (51% ға артқан) мың теңге болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары

 

3.1 ҚР орта  және шағын кәсіпкерлік субъектілерін  дамыту тенденциялары

 

Мемлекет орта және шағын  бизнестің қалыптасуына және дамуына үлкен зейінді салып отыр. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және жандандыру мақсаттарында Қазақстан Республикасы Президентімен 1997 жылдың наурызында жарлық шығарылған болатын, ол «Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры» АҚ құрылуы үшін негіз болды. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту Қоры» - ҚР Заңнамасымен тыйым салынған қызметтер түрлерін алып тастағанда, сауда, өндіріс, қызметтер және басқалар аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ҚР заңнамасына сәйкес орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері шеңберінде қаржыландыру жүзеге асырылатын, бағдарлама. Қордың негізгі функциялары болып табылады: - шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және жасап шығаруға қатысу; - жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері мен тауарлар мен қызметтер нарығындағы жағдайлардың тоғысуы, шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарынан өз бетімен шыға келе, заңды тұлғаны құрмай жеке кәсіпкерлікті қоса, шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелендіру; - шағын кәсіпкерлік аясында және өзін-өзі жұмыспен қамту аясында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу; - екінші денгейлі банкілерден олармен несиелерді алу үшін шағын кәсіпкерліктің субъектілері пайдасына гарантияларды ұсыну; - бизнес-орталықтардың, шағын кәсіпкерліктің инкубаторларын, кеңес беретін, оқу-әдістемелік, лизингтік және шағын кәсіпкерлік сферасындағы басқадай нарықтық инфрақұрылымдардың дамуына жәрдемдесу; Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіпте несиелендіру бағдарламаларына қатысу. 01.07.2010 ж. шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны 2009 жылдың ұқсас кезенінде 0,7% ұлғайды және 56376 бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 6 айда өнімдерді шығару (тауарларды, қызметтерді) 2009 жылға 90,6 млрд. теңгені немесе 105,4% құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыс бастылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 189589 адамды немесе 102,0% құрады.[10]

Шағын және орта бизнес субъектілерінен  салықтық түсімдер көлемі 2010 жылдың 5 айына (23 кейінгі 6 айға) 18,2 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылы 20,3 % немесе 3,1 млрд. теңгеге көп, соның қатарында берілген салық төлеушілер категориясының жергілікті бюджетіне 7,1 млрд. теңге аударылған, ал ол 2009 жылы 108,1 % немесе 535,0 млн. теңгені құрайды. «Даму»Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ қаражаттарды ескертіп орналастыру бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда қаржылық қолдау мақсатында екінші денгейдегі банктер арқылы (1,2,3 транш) шағын және орта бизнестің субъектілерінің жобалары 3,4 млрд. теңгеге қаржыландырылған болатын. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде екінші денгейдегі банктермен 10,3 млрд. теңге соммасында несиелер бойынша 63 кәсіпкердің өтінімі қарауға алынды, соның қатарында 1 бағыт бойынша - 528,0 млн. теңге соммасында 5 өтінім, 2 бағыт бойынша - 8,7 млрд. теңге соммасындағы несиелер бойынша 56 өтінім (5 өтінім несиегерлер комитетіне жіберілді), 3 бағыт бойынша - 1,1 млрд. теңге соммасындағы несиелер бойынша 2 өтінім (1 өтінім РКС қарауға берілді). «Ауылшаруашылықты қаржылық қолдау Қоры» АҚ ВК филиалымен өткен жылдың 1 жарты жылдығында 33,3 млн. теңге соммасында микронесиелер берілді, с.қ. облыстық бюджет қаражаттарынан ауылдағы шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы бойынша 2,0 млн. теңге. «Продкорпорация» АҚ өкілдігі арқылы көктемгі далалық жинақтау жұмыстарына 173,4 млн. теңге бөлінген.  «Казагрофинанс» АҚ филиалымен ауылшаруашылық техниканы, өндейтін жабдықтарды сатып алуға және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 3004,3 млн. теңге бағытталған, соның қатарында қаржылық лизинг бойынша 495,3 млн. теңге, инвестициялық жобалар бойынша 2509,0 млн. теңге. Аймақтың қалалары мен аудандарында несиелік серіктестіктер жұмыс атқарады, оларға 50,5 млн. теңге соммасында несие берілген. Шағын кәсіпкерлік үшін несие көздері қаражаттарын ұсыну көлемі бойынша негізгі болып екінші денгейлі банктер болып табылады. Өткен жылы (5 айдың ішінде) олармен шағын бизнес субъектілеріне 14,0 млрд. теңге берілді, ал ол өткен жылдың көрскткішіне 89,7 % құрайды. Кәсіпкерлерді өндірістік бөлмелермен қамтамасыз ету үшін мүліктік қолдау мақсатында мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын және бос тұрған объектілерін сенімді басқару және ақысыз жалға беру жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылда сеніммен басқаруға 4 объект, 1 меншікке берілді. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мақсатында 566 жер учаскілері ұсынылды, бөлмелерді қайта жоспарлауға 84 рұқсат берілді. Шағын бизнес кәсіпорындарынан тауарлар мен қызметтерді сатып алу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша облыста жүргізілетін конкурстарға шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің қатысуы қамтамасыз етіледі, субъектілердің берілген категориясында олардың көлемі 11,3 млрд. теңгені немесе оның жалпы көлемінен 41,2 % құрады. Хаттамалық тапсырмаларды орындау үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша Республикалық жұмыс тобының мәжілісі және әр облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша жүргізіліп отырған жұмыс шекарасында рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру бойынша Жұмыс топтары құрылған. Олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа бизнес бірлестіктің өкілдері қосылған (Қазақстан кәсіпкерлері Форумы, кәсіби құрылысшылардың аумақтық қауымдастығы, жарнама өндірушілері, көлік, тәуелсіз эксперттер және басқалар). Рұқсат беретін жүйені оңтайландыру бойынша орган болып облыс акімі өкімімен (№ 1-31ө 05.02.2009 ж.) құрылған әкімшілік кедергілерді жою бойынша облыстық жұмыс тобы анықталынған. Құрамына мүдделі облыстық мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері енеді. Төменге қарай шағын және орта бизнесті қолдау әдістері келтірілген. Бизнес-инкубаторлар –  бизнеспен бірлесіп жүретін, қызметтер мен кеңселік қызмет көрсету, шаруашылық қызметті жүргізу үшін өндірістік, кеңселік және басқадай үйлерді ұсыну жолымен жаңа ғана жұмыс бастап келе жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталатын, ұйымдастырылған шаруашылық кешендердің формаларының бірі (орталықтандырылған бухгалтерия, шағын кәсіпкерліктің адвокатурасы, кәсіпкерлер үшін  білікті кадрларды даярлау). Бизнес-инкубаторлар технопарктер құрамында, сол сияқты техноорталықтардың және басқалардың құрамында тәуелсіз құрылымдар ретінде әрекет ете алады. Өнеркәсіптік аймақтар өзімен, көптеген бөлшектенген шағын кәсіпорындардың біртұтас өндірістік аймақта орналасуы мен жұмыс атқаруын көрсетеді («бір шатыр астында»). Өнеркәсіптік аймақтардың негізгі мақсаттары – бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын және отандық тауар өндірісінің дамуын активтендіру, кәсіпкерлерге көмек көрсету және қолдау, әсіресе олардың қызметінің алғашқы кезендерінде. Өнеркәсіптік аймақты ұйымдастыру заңды бизнесті құруға мүмкіндік береді,олардың тұрақты жұмыс атқаруы үшін экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарды құрады. Өнеркәсіптік аймақтардың міндеттері: - әрекет ететін шағын кәсіпкерліктердің санын ұлғайту; - тұрғындардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық денгейін төмендету; - бәсекеге қабілетті импортты ауыстырушы өнімді өндіру; - өнеркәсіптік аймақтың бүкіл кешені қызметімен және ұйымдастырылуымен байланысты басқа да сұрақтарды шешу, онда орналасқан ШОК-жалға алушыларының табысты жұмыс атқаруы үшін қолайлы жағдайларды құру. 

Технопарктер – бұл  технопарк территориясында орналасып  жатқан шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту және құру арқылы жасалып шығырылған технологияларды коммерциялизация үшін осы ЖОМ әлеуетін пайдалану  мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының базасында немесе негізінен жоғары оқу орындарының базасында құрылатын, құрылымдар. Көбінесе технопарктер ірі университеттік орталықтарда құрылады. Технопарктер мен технополистерді құру мақсаты болып экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастарды, өндірістік қызметті жетілдіруге бағытталған, ғылыми зерттелімдердің және жасаулардың нәтижелерін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, елдің инновациялық инфрақұрылымының бөлігі болып табылады. Технопарктер мен технополистер қызметтерінің міндеттері: - отандық және әлемдік ғылыми-техникалық үдерістің алдынғы қатардағы жетістіктерін өндіріске енгізу; - жаңа инновациялық өндірістерді құруға жәрдемдесу; - инновациялық өндірістерді және ғылыми-техникалық зерттелімдерді инвестициялау;  - ҒТП жәрдемдесетін, идеяларды жасап шығару және қалыптастыру; - инновациялық кәсіпорындарға отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін инфрақұрылымды және қолайлы жағдайларды жасау; - ғылыми-техникалық кадрларды даярлау және қайта даярлау бағыттарын жылдам қайта бағыттауға жәрдемдесу;   - ғылыми зерттелімдердің нәтижелерін коммерциялайтын, шағын инновациялық кәсіпорындар мүддесіне қарай құрылатын, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және қалыптастыру; - ғылыми-зерттемелік, тәжірбиелі-конструкторлық, білім ұйымдары және кәсіпкерлік орта өкілдерінің күштерін біріктіру; - экономика, менеджмент, маркетинг сферасында кәсіпкерлерді даярлау және оқыту, олардың кәсіби, құқықтық, экономикалық және басқарушылық білімдерін көтеру; - ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату; - инновациялық кәсіпкерлікті құруда және дамытуда материалды- техникалық көмекті көрсету; - инновациялық кәсіпкерлік өкілдеріне маркетингтік, кеңес берушілік, және басқарушылық қызметтерді көрсету; - инновациялық өнімге деген мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша тендерлерге қатысу. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін орталықтандырылған бухгалтерия мен заң қызметінің қызметтерін пайдалану оларды штаттағы қызметкерлер ретінде тартпай-ақ білікті мамандардың көмегін алуға, сондай- ақ уақытты және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрудың бірінші кезенінде  шағын кәсіпкерліктің субъектілері бірқатар проблемалармен қақтығысады: жеке кәсіпкердің куәлігін қалай  алу керек, қаңдай салық режимін  таңдап алу керек, қаржыландыру сұрақтары  бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезендегі үлкен роль консалтингтік компанияларға итеріледі.  Қазіргі уақытта консалтингтік компаниялар келесі бағыттар бойынша ШОК қызметтерін көрсетеді: - құқықтық қамтамасыз ету; - аудит және бухгалтерия; - маркетингтік зерттеулер; - бизнес-жоспарлау; - салық заңнамасы; - кеден рәсімдері және т.б. Микронесиелендіру – жақсылау қамтамасыз етілген азаматтардыңөзін- өзі жұмыспен қамтуы және кәсіпкерлікті дамытуы үшін жағдайларды құруға бағытталған, несиелендіру формаларының бірі. Микронесиелендірудің соңғы мақсаты болып берілген аймақтағы кедейлік денгейін төмендету табылады. Коммерциялық емес микронесие ұйымы шағын кәсіпкерліктің субъектілері болатын және оларға қаржылық көмекті көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған, тек қана міндеттерді қамтамасыз ету мақсаттарына ғана құрылады. Қаражаттарды мақсатқа сай пайдалану бойынша микронесиелендіру бағытталған: - төмен табысы бар азаматтардың өзін-өзі қамтуын қамтамасыз ету;  - кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайлар құру. 2003 жыл аяғындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикалық регистірінде 72 микронесие ұйымы тіркелген. Олардың тек 5 микронесие ұйымы ғана шағын қалаларда және 7 микронесие ұйымы – ауыл территорияларында тіркелген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының территориясында шағын және орта бизнестің қазақстандық субъектілеріне ресурстық, әдістемелік, және ақпараттық қолдауды көрсететін, 150 аккредитивтік шетел және халықаралық ұйымдар әрекет етеді. Берілген ұйымның қызығушылықтар сферасы өте кең, олар тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарымен жұмыс жасайтын, қоғамдық бірлестіктерді қолдауды, қолданбалы және терең ғылыми зерттеулер аясындағы халықаралық жобаларға қатысу, берілген аймақтың экологиялық проблемаларын шешу, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту және т.б. қамтиды. Лизинг – инвестициялық қызметтің түрі, Лизинг беруші (лизингтік компания, банк және т.б.) Лизинг алушымен (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) көрсетілген мүлікті сатушыдан өзіне сатып алып Лизинг алушыға осы мүлікті ақылы түрде кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша иелікке және пайдалануға Жеңілдікті кәсіпкерлік (franchise operation) — бұл кәсіпорын-оператор (franchisee)және франчайзер (franchisor)арасындағы келісімшарттық қарым- қатынастар, оның шекарасында франчайзер ноу-хау және оқыту сияқты кәсіпорынның жұмыс атқару аясын қолдауға міндеттеледі немесе ұсынады; бұл ретте франчайзер, ол және оларды қадағалайды, иегері болып табылатын, технологияны және жалпы сауда маркасын пайдалана отырып, оператор істі жүргізеді. 1-ші суреттте Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау көрсетілген.

 


 




 

 




 

 

 

Сурет 3 – Шағын және орта бизнесті қолдау әдістері

 

 

3.2 Жеке кәсіпкердің   табысына салық салуды жетілдіру  бағыттары 

 

 Салық жүйесін реформалау тұжырымдамасы тиісті блоктарға біріктірілген негізгі ережелерді қамтиды:

Прогрессивтік салық салуды енгізу және салықтық жеңілдіктер жүйесін реформалау есебінен жеке тұлғалардың табыс  салығын жетілдіру.

Әлеуметтік  қамсыздандыру жүйесін және әлеуметтік жарналарды төлеу механизмін реформалау.

Әлем тәжірибесін  зерттей отыра, салық салынатын  табысты анықтау кезінде жанұяның бір мүшесіне түсетін табысты  есептеу керек. Бұл ретте, баланың  туылуын ынталандыру мақсатында балалар анының өсуіне байланысты алық салынатын табысты төмендететін қосымша коэффициенттер енгізу керек (мысалы, Францияда осы жүйе іске асырылуды). 

Жеке табыс  салығы  - жеке тұлғалардың ең бірінші  кезекте төлейтін салығы болып саналады.Себебі,тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отыру.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев халықа арнаған  Жолдауында жеке табыс салығының  ставкаларын төмендетіп,салық төлеу  тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір  жүйеге келтіруді атап өтті,яғни мұны жеке тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады.Ал 2009 жылдан бастап қолданысқа енуі тиіс Жаңа Кодексті әзірлеу барысында жеке табыс салығы туралы жағдайлар көп талқыланды.Көптеген пікірлер мен болжамдар қаралды.Оның бастысы корпарациялық табыс салығының ставкасын азайтып,жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесін көбейту еді.Бұл сұрақ ұзақ талқыланып,соңында жеке табыс салығының ставкасын 10 % мөлшерде қалуы шешілді.

Жаңа Кодексі  жобасының баса назар аударылған негізгі ережелері:

1.Салық салу  мәселелері бойынша салықтық  міндеттемелерді атқару барысында  туындайтын  айқын емес,нақтыланбаған  тұстарды және қайшылықтарды  жою бойынша мәселелерді жедел  шешетін, сондай-ақ салық төлеуден  жалтарудың болуы мүмкін схемасының  жолын кесу бойынша Консультациялық кеңес құрылады.Оны Примьер-Министр басқаратын болады.

2.КТС бойынша  реформалауда тұжырымдалған тәсілдің  мәні – КТС-ң ставкаларын төмендету,аясы  тар салалық жеңілдіктер беруден  бас тарту,автоматты түрде берілетін  біріңғай инвистициялық ынталандыруларды  жүргізу,залалдар мерзімін ауыстыруды 10 жылға дейін ұзарту,сондай-ақ салық құрылымын жалпы жақсарту болып табылады.

Жобада КТС 20-15 пайызға дейін төмендетілген. Ставкалардың наты мөлшері мемлекеттің өзінің функциясын,қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті деңгейде айқындалатын болады. Түсіп қалатын кірістер салық салу режимі қайта қаралған экономиканың өндіруі секторының тиімділігін арттыру арқылы толтырылатын болды.

Жаңа инвистициялық  преференциялар КТС бойынша ғана берілетін болады. КТС бойынша жеңілдіктер үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру түрінде әрекет ететін болады. Сонымен бірге залалдарды ауыстыру мерзім 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады.Бұл инвестицияларды есептеп шығарудың артықшылықтарын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.Преференциялар автоматты түрде,яғни қызметті «өңдеу өнеркәсібі» секторында жүзеге асыратын кәсіпорынның өтімін беру ретімн берілетін болады.

АЭА-ның барлық аумағында қызмет талаптарын,атап айтқанда инвестициялық преференциялар режимі бар КТС бөлігінде біріздендіру ұсынылып отыр.Жер салығынан және мүлікке салықтан босату АЭА аумағында ғана сақталады.

Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету  қажеттігін мойындай отырып,АЭА аумағында  қызметін жүзеге асырып отырған инвесторлар да  келесі 5 жыл бойы қазіргі режимді пайдалану үкіндігіне ие болатынын,ал инвестициялық мерзімі аяқталғанша преференциялардың қазіргі режимін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын атап өткен жөн.

ҚҚС бойынша  қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған  ҚҚС-тың есептелінгеннен асып кетуі сомасын автоматты түрде біріңғай қайтару енгізілді.2012 жылы тәуәкелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық егізу көзделіп отыр.Бұл жылды ҚҚС-тың классикалық жүйесіне көшу және жеңілдіктердің мынадай жиынтығын жою сәті ретінде белгілеуге болады:импортқа ҚҚС төлеудің,есепке жатқызудың, «еркін қойма» аумағынан сатуды босату әдісімн импортқа ҚҚС төлеудің мерзімін кейінге қалдыру.

Алкогольге  және темекі өніміне акциздердің ставкалары үш жыл ішінде біріздендіріледі.2009 жылдан бастап Салық кодексінің мәтініне енгізіледі.

Жер учаскілерінің  ауданы не аумағына қарай біріңғай жер салығы ставкаларының 0,1 % -дан 0,5 %-ға дейінгі үдемелі шәкілін енгізу ұсынылып отыр.Бұл ретте,ауыл шаруашылығы  өнімін өндірушілрге арналған басқа  режимдер сақталады: заңды тұлғалар үшін салықтарды 70 % азайту,ауыл шаруашылығы өніін қайта өндірушілер үшін 70 %-ға азайту.

Жеке табыс  салығының біріңғай ставкасы 10 процент  деңгейінде сақталады.Әлеуметтік салықты  реформалау шеңберінде салық ставкуалары 13 проценттен 5 процентке дейінгі  кемімелі шәкілден ставкасы 11 процент шәкілге көшуді жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Информация о работе Жеке кәсіпкердің табысына салық салу