Жеке кәсіпкердің табысына салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.

Содержание

1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1Табысқа салық салудың алғышарттары.......................................5
1.2Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі........................................................................................................9
2.2Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін
1.3Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................................15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі.......................................................................................19
қалыптастырудағы ролі............25
2.3Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талау.................................................................28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары.......................................................................................................31
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары.. 35
Қорытынды................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................42

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу.doc отправить.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

акцизделетін өнімді өндіруге;

    • консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге;
    • мұнай өнімдерін өткізуге;
    • шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
    • жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.

Патент негізіндегі  арнаулы салық режимін мынадай  талаптарға сай келетін:

    • қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
    • жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
    • салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін  қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық  органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген  күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде  мемлекеттік тіркелген күн аталған  дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған  мерзімдерде табыс етпеуі,  олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша  патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі  – есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға  арналған есеп-қисап патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Салық органдары есеп-қисап  пен есеп-қисапқа қоса берілетін  құжаттар табыс етілгеннен кейін  бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.

Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi салық төлеушiлер) болып табылады.

Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:

1) төлем көзiнен  салық салынатын табыстар;

2) төлем көзiнен  салық салынбайтын табыстар.

           Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары:

           1) Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген мөлшерде мемлекеттiк  бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2) балаларға  және асырауындағы адамдарға  алынған алименттер;

3) жеке тұлғаның  өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген  зиянды Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өтеу;

4) жеке тұлғалардың  қаржы рыногы мен қаржылық  ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның  лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4-1) Астана қаласының  өңірлік қаржы орталығының арнайы  сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

5) мемлекеттiк  бағалы қағаздармен және агенттік  облигациялармен жасалған операциялардан  түскен табыстар;

5-1) пайлық инвестициялық  қорлардың пайлары және акционерлiк  инвестициялық қорлардың акциялары  бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;

6) әскери қызмет  міндеттерін атқарған кезде әскери  қызметшілерге, белгіленген тәртіппен  арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

7) тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

8) тиiстi жылға  арналған республикалық бюджет  туралы Қазақстан Республикасының  заң актiсiнде белгiленген ең  төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

9) гранттар қаражаты  есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы  түрiндегi төлемдерден басқа);

10) тұрақты жұмысы  жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;

11) экологиялық  апат немесе ядролық сынақ  полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;

12) Ұлы Отан  соғысына қатысушылардың және  оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегiндегi табысы;

13) өткізілер  күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын  акциялар мен облигацияларды  өткiзу кезіндегі құн өсiмiнен  алынатын табысы (*листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде);

13-1) олармен  азаматтық-құқықтық мәмілелер Астана  қаласы өңірлік қаржы орталығының  арнайы сауда алаңында жасалған  жағдайда осы сауда алаңына  жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

14) мемлекеттiк бюджет  қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы  төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден  басқа);

15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң  (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегiндегi төлемдер;

16) қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;

17) қызметкер ұйымымен  бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан  не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн  көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша  құжатпен расталған шығындардың  өтемдерi;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;

19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк  қызметiнде жүрген шетелдiк жеке  тұлғалардың сол елде салық  салынуға тиiс ресми табыстары; 

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

21) Зейнетақы  төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан  берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық  жылдық табысты алуға байланысты  емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы  болып табылмайтын шығыстары; 

23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;

24) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);

25) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;

26) жұмыс берушінің вахталық  әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға  өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде  жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық  демалысы үшiн жағдай жасай  отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк  сақтандыру қорынан төленетiн  әлеуметтiк төлемдер;

27) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

28) бiлiм беру ұйымдарында  оқитындарға Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

29) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген нормалар  бойынша берiлген арнаулы киiмнiң,  арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да  жеке қорғану және алғашқы  медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

30) өздерінің қызметін  жүзеге асыру мақсатында жеке  кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат  алған мүлікті, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

31) iзгiлiк, қайырымдылық  және демеушiлiк көмек түрiнде  алынған мүлiктiң құны;

31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

32) еңбек (қызметтiк)  мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң  өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

33) сақтандырудың  кез келген түрi кезiнде төленетiн,  шарттың қолданылу кезеңiнде басталған  сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;

34) өз қызметкерлерiн  мiндеттi және (немесе) жинақтаушы  сақтандыру шарттары бойынша  жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру  сыйлықақыларының сомалары;

35) төлем көзiнен  салық ұсталғандығын растайтын  құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

36) материалдық  нұқсанның орнын толтырудың сот  шешiмi бойынша тағайындалған  сомалары;

37) жинақтаушы  зейнетақы қорлары салымшыларының  жинақтаушы сақтандыру шарты  бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;

38) сақтандырылушы  қайтыс болған жағдайда жинақтаушы  сақтандыру шарты бойынша жүзеге  асырылатын сақтандыру төлемдерi.

39) жинақтаушы  зейнетақы қорларына Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген  мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;

40) жеке тұлғалардың  Қазақстан Республикасының мүлікті  жария етуге байланысты рақымшылық  жасау туралы заңнамалық актісіне  сәйкес жария етілген кірістері;

41) міндетті  зейнетақы жарналарын Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.

Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша  салық салынуға тиіс.

Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Дивидендтер түріндегі  табыстарға 5 проценттік ставка бойынша  салық салынады.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын  табыстарына:

Информация о работе Жеке кәсіпкердің табысына салық салу