Жеке кәсіпкердің табысына салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.

Содержание

1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1Табысқа салық салудың алғышарттары.......................................5
1.2Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі........................................................................................................9
2.2Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін
1.3Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................................15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі.......................................................................................19
қалыптастырудағы ролі............25
2.3Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талау.................................................................28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары.......................................................................................................31
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары.. 35
Қорытынды................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................42

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу.doc отправить.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

     

Салық ставкалары.

Төлем көзінен салық  салынатын табыстарға:

  1. Дивидендтер;
  2. ҚР ҰБ лицензиясы бар банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
  3. Ұтыстар;
  4. Резидент емес тұлғалардың ҚР-ғы көздерден алған табыстар;
  5. Резидент банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, лизинг берушілерге және борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға төленетін сыйақылар;
  6. Эмитент борыштық  бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы жатады.

Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы  осы салықтың төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылады.

Салық төлеушінің  салық  салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық  төлеушінің  салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15%-тік ставка бойынша  салық салуға  жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме  арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды  тұлғаның таза табысы корпорациялық  табыс салығының үстіне белгіленген  тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

 

 

1.2 Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі

 

Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең  тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.

кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi [2, 24 б].

Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес  монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.

Шағын кәсіпкерліктің басқа  артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың  жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің  қысқартылуымен, негізгі қорлардың  жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.

  Құрамдас бөлігінің  бірі – бизнес инкубаторлары  болып табылатын  кәсіпкерлік  ортаның дамуына ықпал ететін  нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы  орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.

Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын  (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2004 жж., 2005-2007 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері  бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта  бизнес субъектілерінің тұрақты  өсуі 2008 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.

Экономикасы жаңа дамып  отырған елдер үшiн орта және шағын  бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн  дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады [3, 67 б].

2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және 19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын  кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды. 2006-2008 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, зерттеу барысында  шағын және орта  бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта  бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

 

Кесте 1 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар

 

Кедергілер

2006 ж.

2007-2008 жж.

  1. Салық саясаты

2

1

  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы

1

2

  1. Несие саясаты

4

3

  1. Өнімді өткізу мәселесі

4

  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі

5

5

  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

3

6


 

Келтірілген мәліметтерден  көріп отырғанымыздай Қазақстан  нарығында шағын кәсіпорындардың  тиімді қызмет етуіне кедергі болып  отырған мәселелердің бірі – салық  саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Шағын бизнес субъектілерінің  жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ  доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

 

Үшінші орында кәсіпкерлер  несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша   шағын және орта  бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.

       Төртінші  мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған  факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.

 

  Кесте 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі

 

Көрсеткіштердің

аталуы

                          Жылдар

2009/

2004

жылға, %

2004

2005

2006

2007

2008

2009

1. Тіркеуге алынған ШКС саны,  соның ішінде:

514,4

331,5

372,5

388,2

408,5

449,9

87,4

шағын кәсіпорындар, мың бірлік

318,4

109,0

110,1

111,7

103,2

114,8

36,0

жеке кәсіпкерлер, мың бірлік

196,0

225,5

262,5

276,6

305,2

335,1

171,0

2. Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішінде:

248,2

280,9

329

353,7

382,2

376,4

151,6

- шағын кәсіпорындар, мың бірлік

52,2

58,4

66,5

77,0

77,0

97,1

186,0

3. Тіркеуге алынған субъектілердің жалпы санындағы қызмет ететін ШКС үлесі, %соның ішінде:

48,3

84,7

99,2

91,1

 

93,7

83,7

173,3

- шағын кәсіпорындар үлесі, %

10,1

17,6

17,9

19,9

18,8

21,6

213,9

4.Тіркелген шағын кәсіпорындардың  жалпы санындағы қызмет ететін  шағын кәсіпорындардың үлесі, %

 

16,4

 

53,6

 

60,5

 

69,0

 

74,5

 

84,6

 

515,8

Информация о работе Жеке кәсіпкердің табысына салық салу