Жеке кәсіпкердің табысына салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.

Содержание

1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1Табысқа салық салудың алғышарттары.......................................5
1.2Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі........................................................................................................9
2.2Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін
1.3Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................................15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі.......................................................................................19
қалыптастырудағы ролі............25
2.3Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талау.................................................................28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары.......................................................................................................31
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары.. 35
Қорытынды................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................42

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу.doc отправить.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

1) қызметкердің  табысы;

2) бiржолғы төлемдерден  алынған табыс; 

3) жинақтаушы  зейнетақы қорларынан берiлетiн  зейнетақы төлемдерi;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы  сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

 

 

    1. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін   қалыптастырудағы рөлі

 

2012 жылдың 1- қазанына  облыс бюджетінің түсімдер болжамы  103342,7 млн.теңге болса, нақты 105405,0 млн теңгеге немесе 102,0 пайызға орындалып, 2062,3 млн.теңге қаражат артық түсті, оның ішінде облыстың өз кірістерінің болжамы 18848,1 млн.теңге 21401,4 млн.теңгеге немесе 113,6 пайызға орындалып, 2553,3 млн.теңге болжамнан артық түсті. Өз кірістеріміз барлық аудандарда (Қармақшы ауданынан басқа), Қызылорда қаласы және облыстық бюджетте артығымен орындалды. Қармақшы ауданы тоғыз айдың болжамын 98,1 пайызға орындаса, жылдық болжамды 71,2 пайызға атқарды. Осындай жағдай облыстық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақыданда қалыптасып отыр (жылдық болжам 56,4 пайызға орындалған).[7] 

Есепті кезеңде республикалық  бюджеттен 81621,3 млн.теңге трансферттер алынды, оның ішінде субвенция – 56267 млн.теңге (100%), ағымдағы нысаналы трансферттер – 10864 млн.теңге (94,9%), нысаналы даму трансферттері – 14490,3 млн.теңге (100%). Республикалық бюджеттен ҚР Үкіметінің резервінен ішкі істер департаментіне бөлінген қаражаттан 26,7 млн.теңге түспеді.

Республикалық бюджеттен  әлеуметтік мақсаттарға жоспарланған 2284,4 млн.теңге бюджеттік кредиттер толығымен түсті.

 

Кесте 3 – Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар, 2010-2012жж.

 

Кәсіпкерлік түрі

        2010ж

      2011 ж

      2012ж

Саны

Үлесі %

Саны

Үлесі %

Саны

Үлесі %

      А

1

2

3

4

5

6

Барлығы, соның ішінде

19569

100

21749

100

20 813

100

А) патент негізінде

14579

74,5

16268

74,8

15922

76,5

В) тіркеу куәлігі    бойынша

4990

25,5

5481

25,2

4891

22,5

             

 

4-кесте мәліметтерінен байқалғанындай, тіркеу куәлігі негізінде қызмет ететін жеке кәсіпкерлерге қарағанда, патент бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің үлесі басым, бір ғана 2012 жылдың өзінде тіркеу куәлігі бойынша қызмет ететін жеке кәсіпкерлердің үлесі 22,5 %, ал патент негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің үлесі 76,5% құрайды

Табыстың шекті мөлшері  асып кеткен жағдайда, салық сомаларын  есептеу табыстың шекті сомасынан  және нақты алынған табыс сомасынан  жеке-жеке жүргізіледі. Салықтың осы  сомаларының арасындағы айырма көзделген  түзетусіз бюджетке төленуге тиіс. Көзделген түзетуге табыстың шекті сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады[8, 12 б].

Қазақстан Республикасында  сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Сондықтан оған байланысты кейбір салық режиміне тоқталып өтетін болсақ, мысалға шаруа қожалықтарына арналған салық режимі бірыңғай жер салығын төлеуге негізделеді.

Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер салығын  төлеушілер кірістер мен шығыстардың  (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдарының)   бөлек  есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен    қызметтің осындай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілігін тапсыру мен төлеуді  жүргізуге міндетті.

Жер учаскесін бағалау  құны бірыңғай жер салығын есептеу  үшін негіз      болып табылады.

Бірыңғай жер салығын  төлеу учаскесі орналасқан жер бойынша  тиісті    бюджетке екі мерзімде:

Төлеудің бірінші мерзімінде бірыңғай жер салығын төлеушілер ағымдағы төлемді бұдан бұрынғы салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бірыңғай жер салығы жалпы сомасының белігінен кем емес мөлшерде төлейді. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығында жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін бірыңғай жер салығын (салық салу объектісінің өзгеруін есепке ала отырып) есептейді және төлейді.

Жер учаскелерін  жалға  берген (алған) кезде  салық    салу  ерекшеліктері

Шаруа   қожалығы  жер учаскесін  басқа  шаруа  қожалығына  берген  кезде тараптардың әрқайсысы  осындай жер учаскесі бойътнша  бірыңғай жер   салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің нақты      пайдаланылуы  кезеңінің негізге  ала  отырып  есептейді және  төлейді.

Жалға алушының пайдалану  кезеңі жер учаскесін жалға алған айдан  кейінгі айдан  бастап  белгіленеді.

Бұл орайда жер учаскесін  жалға беруден алынған (алынуға  тиісті) табыс бойынша шаруа қожалығын  салықты жалпыға бірдей белгіленген  тәртіппен есептейді және төлейді.

Шаруа қожалығы бірыңғай жер салығын  төлеуші болып табылмайды салық төлеушіге жер учаскесін жалға берген кезде осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын есептеу мен телеу жөніндегі міндеттеме шаруа қожалығында қалады.

Жер учаскесін жалға  беруден алынған табыс бойынша шаруа қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді. Бұл орайда осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығының төленген сомасы (есептелген шекте) салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерілуге тиіс.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелер орналасқан   жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі үшін бірыңғай жер  салығы  бойынша декларация  тапсырады.

2. Бірыңғай жер салығын  төлеуші осы арнаулы салық режимін    қолданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынандай құжаттарды :

1) ағымдағы салық кезеңі  үшін бірыңғай жер салығы  бойынша  ағымдағы төлем есебін;

2) нотариат немесе  селолық атқарушы органдар куәландырған  жер пайдалануға құқық  беретін актінің (кейінгі жер пайдалану туралы шартты қоса алғанда, уақытша жер пайдалану шарттарының) көшірмесін тапсырады.

Жер пайдалану құқығына актісі болмаған жағдайда бірыңғай жер  салығын төлеушілер жергілікті атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімін табыс етеді. Кейінгі жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеуші оны алған кезден бастап отыз күн ішінде оның нотариат немесе селолық атқару органдар куәландырған көшірмесін салық комитетіне табыс етеді.

3) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау қүнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған көшірмесін табыс   етеді. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерін бағалау қүны жер ресурстарын   басқару жөніндегі уәкілетті орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құнын негізге ала отырып анықталады;

4)  әлеуметтік салық  сомаларын есептеу үшін қажетті  деректерді міндетті түрде көрсете  отырып, қызметкерлерді салық кезеңінде жалдау туралы  мәліметтер  табыс етеді.

Осы арнаулы салық  режимін таңдап алған жаңадан  құрылған салық төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем  есебі мен арнаулы салық режимін  қолдану құқығына өтініш бергенннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде осы баптың 2- тармағында аталған құжаттарды табыс етеді.

Таратылған немесе қайта  ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салық органына бергеннен  кейін он бес күн мерзімде еткен  салық кезеңі үшін декларация  тапсыруға  міндетті.

Бірыңғай жер салығы төлеушілер шаруа қожалығының басшысын және мүшелерін қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін салық сомасын ай сайын есептеп отырады.

Бірыңғай жер салығын  төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша  декларация табыс ету үшін белгіленген  мерзімдерде:

1)  әлеуметтік салық  бойынша декларация;

2)  төлем көзінде  ұсталатын жеке табыс салығы  бойынша есепті;

3)   жинақтаушы  зейнетақы   қорларына  міндетті  зейнетақы   жарналарын төлеу женіндегі есептілікті;

4)  жер  бетіндегі   көздерден  су  ресурстарын   пайдаланғаны  үшін төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша   декларацияны табыс етеді.

Жоғарыда түсінік беріп  өткен кәсіпкерлік қызметтің  жекелеген түрлері бүгінгі күнде жаппай дамып келе жатқан кәсіпкерлік түрлері болып табылады. Көбінше ол қалалык жерлерде дамыған, әсіресе Астана сияқты ірі қалаларда олардан түсетін салықтық түсім мөлшері басқа елді мекендерге қарағанда жоғарырақ.

Қазақстан Республикасында  салықтар және басқа да толемдер Қазақстан  Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылдың 12 маусымында қабылданған, іс жүзіне 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Кодексі негізінде алынады.

Қазақстан Республикасындағы  салық зандары және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялығы принциптеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасының  салықтары және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдері айқын  болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеуінің салық міндеттемелері туындарының орындалуының және толықтырылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Қазақстан Республикасында  салынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бірі: шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі.

Арнаулы салық режимін  қолданатын жеке кәсіпкерлер арнаулы  салық режимі қолданылатын қызметінен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейді.

Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығының сомалары Қазақстан  Республикасында салық төлеу  кезінде есепке жатқызылады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық  төлеушілер табыс салығын төлегенін  растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгені расталмаған табыс сомасына салық   заңдылығымен белгіленген ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі.

 

 

2.3 Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан түсетін салықтық түсімдер жағдайын талдау

 

Облыс бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнестің  белсенді субъектілерінің (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар) саны 20 813 құрап, ол өткен жылдың ұқсас  мерзімімен салыстарғанда 4,5 пайызға  төмендегені байқалуда.

Шағын және орта кәсіпкерлік  саласында 172,1 млрд. теңгенің өнімі  өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға өссе, онда жұмыспен қамталғандар саны 65 695 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен.[9]

Кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады.

Облыста шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік қолдау екінші деңгейлі банк филиалдары, «Агронесие корпорациясы» ационерлік қоғамының  Қызылорда өкілдігі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының филиалы, шағын несие ұйымдары және тағы басқа түрлі қаржы ұйымдары арқылы жүргізіледі.

2012 жылы барлық көрсетілген  қаржы институттары арқылы шағын  бизнес субъектілеріне 13,6 миллиард  теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 8,8 миллиард теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өскені байқалуда.

Шағын және орта бизнестің  дамуын ынталандыру мақсатында облыста 2012 жылы «Қазақстанның үздік тауары»  өңірлік көрме-конкурсы мен «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» конкурсы өткізіліп, көрмеге жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері мен тауарлары кең көлемде қойылды.

Сонымен қатар, облыс  әкімінің бизнес қауымдастықпен кездесулері тоқсан сайын өткізіліп, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды.

Әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстарын жалғастыру мақсатында   Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы «Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және бизнеске түсетін әкімшілік  кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» №470  қаулысымен кеңес құрылды.

Кеңеске облыс әкімі  төрағалық етеді және оның құрамына  мемлекеттік органдар, «Атамекен  одағы» Ұлттық экономикалық палатасының  облыстық филиалы, «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдері енгізілген.

Кеңесте, кәсіпкерлік  саласында кездесетін қиындықтармен  қатар бизнесті жүргізуге берілетін  рұқсат құжаттарын қысқарту, оны оңтайландыру мәселелері қаралды. Мысалы, аталған кеңестің тамыз айындағы отырысында кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін табыстау, сондай-ақ, құрылыс нысандарын салу және салынған құрылыс нысандарын қабылдау барысында кездесетін кедергілер, рұқсат беру құжаттары қаралса, қыркүйек, қазан айларындағы отырыстарда өзен жағалауы туризмін дамыту мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Информация о работе Жеке кәсіпкердің табысына салық салу