Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................................................................5
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы....................................................................9
III. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары..........21

Қорытынды...................................................................................................................................24

Әдебиеттер...................................................................................................................................25

Работа содержит 1 файл

мини жоба статистика.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары

 

1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер  мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен  әлеуметтiк-экономикалық  дамудың  индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:

1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;

2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөнiндегi шараларды;

3) халықтың  әлеуметтiк  қолдауға  мұқтаж  нысаналы  топтарының жұмыспен  қамтылуын  ұйымдастыруды;

4) қосымша жұмыс орындарын ашатын  шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау  мен  дамытуды;    

5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау  мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;

6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;

7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы  органдардың рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;

8) жұмыспен қамтуды реттеу және  еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттiорганның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;

9) жұмыспен қамту мәселелерi  жөнiндегi деректердiң ақпараттық  базасын жетiлдiрудi;

10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды  ескере  отырып,  қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын  әзiрлейдi  және бекiтедi.

2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық  және  жергiлiктi бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының  заңдарына  сәйкес өзге  де  көздер  есебінен  жүзеге асырылады. 

Халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары

1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен  нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына  жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.

2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:

 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына,  Қазақстан Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де  қолайлы еңбек  жағдайларын,  жұмыссыздықтан  әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;

2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,  жұмыс  орындарын ашуға;

3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;

4) азаматтардың заңдарға сәйкес  жүзеге асыратын еңбек және  кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн  дамытуға  жәрдемдесуге;

5) бар жұмыс орындарын сақтаған  және жаңа жұмыс орындарын,  оның iшiнде  нысаналы  топтарға  арналған  жұмыс  орындарын  ашатын  жұмысберушiлердi  ынталандыруға;

6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға;

7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға,  сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге  жұмыс  күшiн  шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;

8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға  квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;

9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды  жергiлiктi   атқарушы  органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;

10) халықты жұмыспен қамту саласындағы  қызметтi экономикалық және әлеуметтiк  саясаттың  басқа да бағыттарымен үйлестiруге;

11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;

12) мемлекеттiк органдардың халықты  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп,  реттеп отыруға  және олардың  орындалуын  бақылауды жүзеге асыруға;

13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi жәнешетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын  шешуде  халықаралық  ынтымақтастықты   ұйымдастыруға;

14) жұмыс берушілер, қызметкерлер  және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;

15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмысорындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық жәнеинвестиция саясатын жүргізуге  бағытталған.

 

 

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010**

Негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері

Экономикалық тұрғындар белсенді халық

7479

17399

77657

37840

67901

78028

98228

38415

98457

98611,2

Жұмыспен қамтылған халық

6698

86708

96985

27181

28726

17403

57631

17857

27903

48114,6

Жалдамалы қызметкерлер

3863

34030

24229

64469

94640

54776

64973

55199

45238

85409,8

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер

2835

52678

72755

62711

92620

42626

92657

62657

82664

62704,8

Жұмыссыздар

780

3690

7672

1658

8640

7625

4597

2557

8554

5496,6

Жұмыссыздық деңгейі

10

49

38

88

48

17

87

36

66

65,8

Жастар жұмыссыздығының деңгейі

19

117

314

514

313

412

19

47

46

75,2 

Ұзақ  мерзімді  жұмыссыздық деңгейі

7

66,05

35

14

35

45

34,03

32

82

52,2

Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

6

13

14

7

14,6

13,2

11

7

10,08

9

Экономикалық тұрғыдан енжар(әрекетсіз) халық

3175

83155

33278

63383

43476

93493

93463

23416

23500

33488, 4


 

 

 

 

Кесте №3   ҚР-ның негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері

 

Қорытынды

 

Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық  конференциясында қабылданған қарарына сәйкес экономикада жұмыспен қамтылғандарға зерттелген аптада сыйақы үшін жалданып, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен қамтудан табыс әкелетін жұмыс істеген (ең болмаса аптасына бір сағат), 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық санына жұмыста уақытша болмаған, бірақ  оған ресми тіркелген адамдар  да жатады. Уақытша болмаған себептеріне еңбекке уақытша жарамсыздық (ауру), жүктілігі және босануы, балаға күтім жасау бойынша демалыстар, жыл сайынғы еңбек немесе оқу демалыстары және басқалары болуы мүмкін.

Жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатынасы ретінде есептеледі. Ол 15 және одан жоғары жастағы барлық халық санында жұмысы бар (табысты кәсібі) халықтың үлесі ретінде анықталады.

Осы көрсеткіш еңбек рыногындағы  өндірістік қызметінде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін сипаттайды және уақыттың сол немесе өзге де сәтінде қызмет көрсету мен тауарларды өндіруге қатысатын ел тұрғындарының бөлігін анықтауға көмектеседі.

Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі  елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.

Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік  әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы.

Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  еңбек  нарығындағы  жағдайы  халықтың экономикалық  белсенді  және белсенді  емес  көрсеткішін,  жұмыспен қамтылуы  және  жұмыссыздық көрсеткіштерінің  өзгеруімен  сипатталады. Республика  экономикасында  2010 жылғы  IV тоқсанда  8,1 млн.  Адам жұмыспен  қамтылды. 

Жұмыспен  қамтылғандар  құрылымында  жалдамалы қызметкерлердің үлесі 67,1%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,9% құрады.

2010 жылғы III тоқсанда 15 жастағы және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,9%-ға көп. Республика экономикасында 8,2 млн.адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 67,5%. Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны  215,9 мың адамға (2,7%-ға) артты. 2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағыжәне одан асқан адамдар) 474,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрады

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі // Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті «Хабаршысы» журналы. - Алматы. - 2010.- №1 (73).- 429-435б., 0,4 б.т.
  2. Қазақстанда еңбек нарығының даму оның болашағына болжам // Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті «Хабаршысы» журналы.- Алматы. - 2010. - №2 (73).- 352-356б., 0,3 б.т.
  3. Эренберг Р. Дж., Смит Р. Дж. «Современная экономика труда :

теория и государственная политика». – Хаппер Коллинс, Колливер Пабликейшнс, 1994. – 604б.

  1. Смит «Экономика труда». – Рутледж, Лондон, Нью-Йорк,

2000. – 257б.

  1. Рейнольдс Л. Дж., Мастере Х.С., Мозер К.Х. «Экономика

труда» / Рейнольдс Л. Дж., Прентис-Хол, Инк., Иглуд Клифс, Нью-Джерси 07632, 1997. – 562б.

  1. Карибджанова А.С. «Экономика рынка труда». - Алматы :

Алматинский институт экономики и  статистики, 2000. – 84 б.

  1. Закон Республики Казахстан «О занятости населения» //

Казахстанская правда 5 қаңтар 1999 ж.

  1. Закон Республики Казахстан «О труде в Республике

Казахстан» - Астана: 2000 4. Постановление Президента РК «О социальном партнерстве в области социально-экономических и трудовых отношений» // Казахстанская правда, 23.12.1999 ж

  1. Карибджанова А.С. Экономика труда (рынок, человеческий

капитал, производительность): учебное  пособие. – Алматы, «Высшая школа бизнеса и права, 1999. – 217б.

  1. Рофе А.И., Збышко Б.Г., Ишин В.В. Рынок труда, занятость

населения, экономика ресурсов для  труда: учебное пособие / Под ред. Проф. А.И.Роше. – М. : Издательство «МИК», 1998. – 165б.




Информация о работе Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі