Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................................................................5
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы....................................................................9
III. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары..........21

Қорытынды...................................................................................................................................24

Әдебиеттер...................................................................................................................................25

Работа содержит 1 файл

мини жоба статистика.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

         Қазақстан  Республикасының Статистика жөніндегі  агенттігінің мәлімттері бойынша   нақты жалақы айлық облыстар  бойынша балық аулау және орман   шарушылық салаларында ең төменгі  2008 жылғы Жамбыл облысында  (18920 теңге) ең жоғарғы Қостанай  облысында (35750 теңге), ал біздің зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан облысында орта жалақы нақты  25 мың теңгенің шамасында болып отыр. Ол Республикалық жалақы мен салыстырсақ – 28,2 пайызға төмен, ал Қостанай облысымен салыстырсақ – 46 % төмен.

Жүргізілген зерттеулер экономиканың бюджеттік салаларындағы орташа жалақының көлемі, агроөндіріс кешенінің саларына қарағанда, өндірістік салалардан айтарлықтай артта қалып келе жатқанын көрсетуде. Сараптама жасалған кездегі республика бойынша орташа жалақының 37,2 % өсуі кезінде, білім берудегі орташа айлық жалақы 17,6 % артқан, ал денсаулық сақтауда – 27,2 % артқан. Бұл көрсеткіштің ең көп жоғарылауы «Өндіріс» (43,2 %) және «Қаржы әрекеттері» (83,4 %) салаларында қол жеткізілген. Экономиканың аграрлық саласындағы жағдайды ерекше атап өту қажет. 2009 жылы экономиканың бұл саласында орташа жалақы қаржы саласымен салыстырғанда 6,6 есе аз, ал тау-кен өндірісіна қарағанда 2,9 есе кем болған.

Қазақстан Республиасындағы еңбек  нарығының және «Халықтың көшіп  қонуы туралы» статистикалық мәліметтердің сараптамасы еңбек ресурстарын қалыптастырудың ең маңызды факторларының бірі еңбек көшіп қонуы болып табылатынын дәлелдеуде. 1-ші кестеде келтірілген ресми мәліметтер Қазақстаннан кету немесе көшіп-қону (оның ішінде жұмыс іздеушілердің де) үрдісінің төмендеуі туралы дәлелдеуде.

 

Кесте 1-  2000, 2004-2009 жылдардағы  халықаралық  көшіп қонудың өзгеру серпіні (динамикасы).

мың адам

Көрсеткіштер

Жылдар

2004

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстанға келгендер 

46378

68319

74807

66731

53397

40668

33730

Оның ішінде ТМД елдерінен

43460

61831

65829

56635

42613

37252

30576

ТМД елдерінен басқа 

3962

6488

8978

10096

10784

3416

3154

Қазақстаннан кеткендер

155749

65530

52139

33690

42435

35826

29874

Оның ішінде ТМД елдеріне

116707

46929

40698

30271

39767

33192

27650

ТМД елдерінен басқа елге

39042

18601

11441

3419

2668

2634

2224

Көшіп қону сальдосы

-109371

+ 2789

+22668

+33041

+10962

+4842

+3856

     Ескерту - ҚР-дағы  еңбек нарығының және «Халықтың  көшіп қонуы туралы»  сатистикалық  деректер  негізінде өңдеп, дайындаған.




 

2000 жылы Қазақстаннан кеткен  тұлғалардың саны Қазақстанға  келгендердің санынан 3,4 есе артып  кетті. 2010 жылы Қазақстанға келгендердің саны Қазақстаннан кеткен тұлғалардың санына қарағанда 1,1 есе артық болды, 2009 жылы көшіп қонудың сальдосы (айырмашылығы) +3856 мың адамды құрады.

Бұл, біздің ойымызша, бір жағынан, республикадағы экономикалық жағдайдың  біршама жақсаруымен, екінші жағынан  – шетелдік жұмыс күшінің кіруіне  рұқсат беретін қатаң квотаны  белгілейтін көптеген әлеуетті елдер-реципиенттердің айтарлықтай әкімшілік-заңнамалық жағынан енгізілген шектеулерімен түсіндіріледі (шындығында, көп жағдайда бұл жоғары білікті мамандарға қатысты емес).

Қызылорда облысы, республика көлемінде топ жағдайға, еңбек ресурсының мол мөлшердегі кейбір аймақтардың барлығы жатады, экономика және жұмысбастылық, табиғи демографиялық: әлеуметтңк факторларға байланысты. Облыстағы барлық халықтың саны 1.01.2010 жылдың басында 2,4 млн жетті, әр бір шаршы км халықтың тығыздығы 23 адамға жетті, басқа облыстарға қарағанда  4-5 есеге  артық. Облыстың орталық  қаласы шымкент аталған. Халықтың саны -800 мыңға жуық адамды құрайды, былайша айтқанда  облыстағы барлық  халықтың  34 пайызы жүрді. Облыс көлемін облыс орталығы шымкент қаласынан басқа, үш қала бар (Арыс, Кентау, Түркістан), 12- аудан 174 ауылдық- әкімшілктерді, 868 ауылдық- мекендері бар халықтардың саны 40 пайызға, ауылдық халықтың саны 61 пайызға жуық. Жер көлемі 117,3 мың шаршы км. Республика халқының 15 пайызын құрайды. 5-ші  суретте Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы халықтың саны, оның ішінде қала, ауылдық  халықтың динамикалық көрсеткіштері көрсетілген.

 

Сурет  5 - Қызылорда облысындағы жалпы халықтың оның ішінде қала, ауылдық  халықтың  динамикалық  көрсеткіштері  2000, 2005-2009  ж.ж.

(саны, мың адам)

 

 

         Облыстағы  халықтың өсуі бір қалыпта  болуда. 2000 жылда  барлық халықтың  саны  2, 005 мыңды құрады, 2010 жылдың  басында  2 млн 380 мыңнан асты, ал 2015 жылдың басында  3 млнға жетеді  деген болжам бар немесе  2000 жылмен салыстырғанда  1 млн-ға жуық өседі. Енді халықтың жалғасу жағдайын облыстағы аудан, қалалар бойынша  талдау жасайтын болсақ, онда  мына жағдайда көруге болады ( 2- кесте).

 

Кесте 2 - Халықтың аудандар, қалалар  бойынша көрсеткіштерінің  динамикасы

мың адам жыл басында

 

Қалалар мен ауылдар

Жылдар

2009 ж

%, %

2000ж

2000

2005

2006

2007

2008

2009

1.Шымкент 

2. Арыс 

3.Кентау 

4.Түркістан

5.Бәйдібек ауданы

6.Қазығұрт ауданы

7.Мақтарал 

8.Ордабасы 

9.Отрар 

10. Сайрам 

11. Сарыағаш 

12. Созақ

13. Төлеби 

14. Түлкібас

15.Шардара

Облыс бойынша   

482,9

60,5

80,0

174,1

 

50,6

 

81,2

241,3

81,2

54,3

218,4

214,0

47,4

105,2

86,6

65,6

 

2051,4

526,1

63,8

83,7

188,5

 

53,9

 

98,8

263,5

89,2

56,0

243,2

236,7

51,2

110,6

93,3

73,1

 

2233,5

535,1

64,8

84,6

193,5

 

54,7

 

100,8

268,7

97,8

56,4

248,9

246,7

52,1

112,8

95,4

74,6

 

2282,5

554,5

65,0

85,8

197,7

 

85,1

 

102,5

272,4

96,6

56,6

249,1

254,1

53,2

114,9

97,5

76,2

 

2331,5

566,7

65,9

87,2

202,2

 

55,5

 

104,7

276,4

96,8

57,3

256,5

261,1

54,5

117,2

99,6

77,3

 

2381,3

581,4

67,1

89,4

208,1

 

56,8

 

105,5

278,6

97,7

58,9

258,1

263,3

55,9

118,6

101,2

79,5

 

2429,6

122,7

116,5

111,8

118,3

 

112,3

 

118,3

115,5

114,2

108,5

118,2

179,0

117,2

112,7

119,9

121,2

 

118,4

Ескерту - Автордың статистикалық  агенттің  мәліметтеріне негізделген өңдеуі.


 

Кестенің көрсеткіштері әрбір  мемлекеттің өзінің экономикалық өсу  дәуіріне қарай немесе сол аймақтың  талабына сәйкес, еңбекке жарамды  халықтың өсуіне керекті көрсеткіштерінің бәрі, ол табиғи халықтың көбейуін керек  етеді. Өңірдегі болып жатқан экономикалық өзгерістерді, стратегиялық мәселелерді іске асыру үшін, әсіресе 2020 стратегиялық жоспарлауға қысылған, бағдарламалардағы өндірістерін индустрия –инновациялық процестерді дамыту жөніндегі, тиімді агробизнесті жандандыру еңбек ресурсын тиімді пайдалану, халықтың жұмыс бастылығын, жол картасы арқылы орындау өте өзекті мәселе болып отыр. ОҚО-ның еңбек қорғау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының мәліметтеріне сүйенсек  2004-2005 жылдары, аймақта жұмысқа қамтылмаған халықтың саны 8,0-8,5 % шамасында болса, ал қазіргі 2008-2009 жылдары 6,0% - 6,5 % дейін төмендеді.

Халықтың жұмысбастылығы проблемасын  талдаудың арқасында 2004-2009 жылдардағы мәліметтерге қарағанда Оңтүстік Қазақстан  облысында, жұмыссыздық басым көпшілігі  әйел адамдар. Әйел адамдардың жалпы санының өңірдегі 60-тан аса % 2009 жылдың басында жұмыспен қамтылмағанын көрсетеді. Ал, ер адамдардың  жұмыспен қамтылмағандары осы талдау жүргізген кезеңде 25-27 % шамасын құрайды.

Жалпы  тіркелген жұмыссыздардың саны аймақ бойынша 9560 шамасында, бұл экономикалқы белсенді халықтың 8,4 % құрайды, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш - 5,5 %; Түркістанда - 5,9, Мақтарал ауданында -5,5, Төлебиде -4,8 % құрайды т.б.

Зерттеулерге қарағанда 2001-2009 жылдардағы негізгі жұмыссыздықты Оңтүстік  Қазақстан облысында әйел адамдар құрайды. Әйел адамдар үлесі 60% жоғары. Бұл кезеңде еркектердің саны 42 - 27 % деңгейінде ауытқылауда.

Облыстағы «2010-2014 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірыңғай кадр саясатын ұйымдастырудың негізгі бағыттары туралы» қаулысы бағдарламалық болды. Әр түрлі меншік иесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың кадр қызметтерімен өзара әрекеттесу жұмыстарын қарастырып отырған бұл құжат, айтарлықтай салмақты сараптамалық, ғылыми-социологиялық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың нәтижелі қорытындысы болмақ . Оны орындау барысында өңірдегі біріңғай кадр саясатын жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қарым-қатынастарды заң жүзінде реттеу қажеттілігі де дәл осы кезде пайда болады. Кадр саясатының ағымдағы түзетілімінен байланысты емес түрде, оның басты мақсатын өңірдің жоғары білікті кадр әлеуетін қалыптастырудың стратегиясын анықтау, онан ары қарайғы дамуы мен тиімді пайдаланылуы сияқты деп тұжырымдауға болады. Бұл мақсатқа жету үшін әр түрлі категориядағы және әлеуметтік топтардағы кадрлармен жұмыс істеудің артықшылықты бағыттарын анықтау қажет, бұл кейінге қалдыруға болмайтын шаралардың бағдарламасын анықтауға, ағымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Еңбек нарқында қалыптасқан жағдай жұмысшылар мен мамандарды оқыту және дайындаудың қазіргі тәжірибесін қағида түрде өзгертуді талап етуде. Мұндай жағдайларда осы маңызды мақсатты шешу ісінде барлық қызығушылығы бар жақтардың өзара ынтымақтасуы керек, оларды білікті мамандармен қамтамасыз етуде кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету жүйесін әзірлеу қажет. Қажетті саладағы және керекті көлемдегі білікті жұмысшыларды дайындауға қатысты мәселенің мамандарды дайындауға арналған өңірлік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру арқылы шешілуі қарастырылуда. Бұл жерде тапсырыс деп ұйымдардың барлық деңгейіндегі бюджеттер мен құралдарының есебінен білім беру мекемелерінде мамандарды дайындаудың кадр саясатының субъектілерімен келісілген көлемі мен саласын айтады.

Облыстық және  аудандық әкімдіктер және ұйымдармен бірлесіп барлық әлеуметтік-экономикалық салалар үшін кадрларды дамыту және нығайтудың салалық мақсатты бағдарламаласын әзірлейді. Бағдарламаны қаржыландыру облыстық және жергілікті бюджеттердің, сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын ұйымдардың  есебінен де жүзеге асыруға болады. Облыстық бюджеттің құралдарына қатысты бағдарламаны жүзеге асыру үшін арналған қаржылар облыстық бюджетті қабылдау кезінде бекітіледі.

Біздің пікірімізше, кадр саясаты  туралы ұсынылған өңірлік бағдарламасының  концепциясы, марғымсыз, өңірлік кадр саясатының ұйымдастыру құқықтық аспектілерін дамытудың бүкіл проблемасын жоққа шығара алмайды. Сонымен қатар,  бұл проблема облыстың кадрлық жоспарлау, білім беру және басқа салаларындағы заң шығарушылардың, басқарушылардың, ғалымдардың және мамандардың қатысуымен әрі қарай өңдеуді және талқылауды талап етеді.

Сонымен қатар, біздің ойымызша, бұл  механизм жетілдіруді қажет етеді. Еңбек нарқын бағалау, жұмыс күшін  салааралық, кәсіби аралық, аумақтық қайта  бөлу, экономиканың құрылымын өзгерту, бірінші кезекте еңбек нарқына алғаш рет қамтылатын жастар арасындағы еңбек ету бағыттарының өзгеруін сөзсіз тудыратын өзгерістері, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру және нарықтық механизмдерді дамыту сияқты проблемалары білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындауды болжау ісіне жаңа әдістемелік тәсілдің анықталуын талап етеді. Бұл тәсілдер болжау сипатында және ғылыми-негізделген кәсіби бағдарлаумен, білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту перспективасымен, кадрлық, қаржылық, құқықтық қамтамасыз етілуімен баланысты болуы тиіс. Кадрларды дайындауды болжау көкейкесті болуда және үкіметтің түрлі деңгейдегі атқару ұйымдарының көзалдында болуы керек.

Облыстағы адам ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру  үшін, оларды қалыптастыру, пайдалану, дамыту, жұмыспен қамту, көшіп қону тұрғысынан алғанда, еңбек ресурстарын басқару проблемаларына жанжақты сараптама жасау қажеттігі сияқты деректері де айқындала түседі. Қазіргі замандағы өндірістің қарқынды дамып және еңбек сипатының барынша күрделеніп келе жатқан жағдайларында, білім беру жүйесіне қойылған талаптар – кейбір мамандық кадрлары санының тым артық болу немесе жетіспеушілік факторларының әсерінен ғана қалыптастырылмайды. Болашақ мамандардың қажетті кәсіби, психологиялық сипаттамаларының жиынтығы мен дамуын ұғыну ісі ерекше мағынаға ие.

Осылайша, өңірлік еңбек нарқын болжау жөніндегі жұмыстардың процессінде  келесі жағдайлар әсер етеді:

- аумақтық және салалық ерекшеліктері  ескерілген күйдегі кәсіби-біліктілігі  бойынша жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының ара қатынасы;

- еңбек нарқындағы жұмыс күшінің  сапалы құрамы;

- жаңа жұмыс күшін дайындаудың,  жұмыстан босатылатындар мен  жұмыспен қамтылмаған халықты  қайта даярлаудың қажетті көлемдері  және кәсіби-біліктілік құрылымы.

Өңірдегі демографиялық жағдайға сараптама жасау ісін бастапқы кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін алуды жоспарлап жатқан, түрлі категориядағы халықтың саны мен сапалық құрамы туралы ақпараттарды алудан бастау керек. Барлығынан бұрын, бұл жалпы білім беру мекемелерінің бітірушілері, сонымен қатар еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі органдарда есепте тұрған жұмыссыз азаматтар, жастар мен ересек халықты қоса есептегендегі жұмыспен қамтылмаған халық болуы тиіс.

Еңбек ресурстарын және материалдық  әлеуетті пайдаланудың тиімділігін сыртқы және ішкіге бөлу қажет. Сыртқы тиімділік бітірушілерді жұмысқа орналастырумен және бюджеттен тыс шығыстарды ұлғайтумен байланысты, ал ішкі тиімділік әр оқу орнының өндірістік әлеуетін пайдаланудың деңгейін тікелей бағалайды. Біздің жағдай үшін ішкі тиімділік қызығушылық танытады.

Кадрларды дайындауға арналған тапсырысты қалыптастырудың тиімділігі, өңірлік  еңбек нарқында сұранысқа ие болған кадрларды дайындаудың көлемдері  мен кәсіптік-біліктілік құрылымын  болжау, кәсіптік білім беру мекемелерінің резервтерін анықтау мен пайдалану ісі біз ұсынған ұйымдастыру механизмдеріне сәйкес келеді, ал жүргізіп жатқан іс-шаралардың жетістігі осы жұмыстағы қатысушы серіктестердің бірлескен әрекеттерінен байланысты болады.

Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы  қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық  бағыттар  бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі