Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 17:52, курсовая работа
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Кіріспе.............................................................................................................................................3
І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................................................................5
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы....................................................................9
III. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары..........21
Қорытынды...................................................................................................................................24
Әдебиеттер...................................................................................................................................25
Жоспар
Кіріспе.......................
І. Жұмыс
күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі
жағдайы.......................
III. Халықты жұмыспен қамтудың
Қорытынды.....................
Әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді
әлеуметтік саясат – ол халықты
жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып
келеді және болып қала береді. Осыған орай
әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік
топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға
тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды
жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті
ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік
деңгейі жұмыспен қамту саласындағы
саясатты әзірлегенде, кәсіби дайындықтағы
қажеттіліктерді анықтағанда
Осы көрсеткіш еңбек рыногында халықтың әр түрлі санаттағы қозғалыс серпінін түсінуге көмектеседі. Теориялардың біреуіне сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі мен құрылымы табыстағы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен қажеттілігіне тәуелді, олар халықтың әр түрлі санаттары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі жас топтардағы әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі оның отбасы жағдайы мен білім деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйелі түрде түрленеді. Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық санаттар арасында қала мен ауылдың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар байқалады. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, мүгедектік және созылмалы аурулар да еңбек ету қабілетіне зиянын тигізуі мүмкін және сондықтан экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейін әсіресе табысы төмен өңірлерде анықтайтын маңызды факторлар болып есептелінеді.
Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясының анықтауымен (1982 ж., ХЕҰ) жұмыс күшіне немесе ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа талаптарды қанағаттандыратын және оларды жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыздар санына қосылуға мүмкіндік беретін барлық адамдар жатады.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін ХЕҰ-ның стандарттарына сәйкес қабылданған жас – 15 және одан жоғары жастағылар. Көптеген елдерде осындай жас шегі білімге және жұмысқа құқық алудың әлеуметтік стандартына сәйкес келеді.Алайда, кейбір елдерде экономикалық тұрғыдан белсенділер құрамына 15-тен төмен жастағы адамдар да жатады, себебі «еңбекке жарамды жас» 15 жастан ерте басталуы мүмкін.
Экономикалық белсенділік
Еңбекке жарамды жастағы халық – бұл әрбір елдің экономикалық сипатын өлшеу мақсатында белгіленген белгілі бір жасқа жеткен адамдар.
Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) жатады.
І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам(2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.
Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы - еңбек жалақысы өсуге емес, керісінше қосымша сағаттарға жұмыс істеуге дайындықты төмендетуге әкеп соқтыратын жағдаят. Мысалы, әдеттегі ісімен айналысатын шаруалар және толық жұмыс кестесі бойынша оқу жылы ішінде жұмыс істейтін студенттер қосымша ретінде «мақсатты табыс» алуы мүмкін; осыған байланысты аз сағатты жұмыс пен еңбек жалакысын жоғарлату арасындағы таңдау.
Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен
тиімді қамтуды қамтамасыз етудің
әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына
еңбек ресурстарының балансы мен оларды
тиімді пайдалану балансы; халық шаруашылығының
аялары мен салалары бойынша нақты еңбек
шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ
көрсететін еңбек балансы; шаруашылық
қызметтің салалары мен аялары бойынша
қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының
балансы кіреді. Барлық еңбек ресурстары,
оның ішінде: 1.Экономикалық белсенді халық
– жұмыс күші, халықтық тауарлармен қызметтер
өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз
ететін бөлігі. Оған халық шаруашылығында
жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
2.Экономикалық белсенді емес халық – халықтың
дәл осы уақыттақоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін
еңбекке жарамды бөлігі. Жұмыспен қамту
проблемаларын шешетін бағдармалық-
Мемлекет атынан
жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз
Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болыпсаналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеудіқажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының біріболып табылады.Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбіразаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегендібілдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі екі бағытты:
1) жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу;
2) жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады. Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғижұмыссыздыққа айналдыру болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып табылады. Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төментүсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару қажет, «толық жұмыспенқамтылуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейінтөмендете отырып, өз реттеу әлеуетін толық түрде іске асыра алады. Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттіңжұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгелқолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қарастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі. Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын қысқыртып, босжұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осышартты толық сақтайды
Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы.
Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз байланысты. Халықты жұмыспен қамту ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды дайындайтын оқу орындарымен, сонымен қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту туралы жұмыс атқарылуы қажет.
Информация о работе Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі