Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 17:52, курсовая работа
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Кіріспе.............................................................................................................................................3
І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................................................................5
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы....................................................................9
III. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары..........21
Қорытынды...................................................................................................................................24
Әдебиеттер...................................................................................................................................25
жұмыс күшіне деген сұраныстың кезеңдік ауытқу жағдайларында жұмыс орындарын сақтауға талпынатын фирма басшыларын қолдауға арналған демеу қаржы бөлу;
мемлекеттік жұмысшылардың оқуын ұйымдастыруға және орташа және кіші кәсіпорындардағы тартымды еңбек жағдайын құруға қатысуы;
жұмысқа орналастыру және жұмысшылардың бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысқан кезде кәсіби қабілеттерін дамыту мүмкіндігін кеңейтетін жұмыс берушілерге демеу қаржы ұсыну;
жұмысқа орналастыру бойынша жеке агенттіктерінің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бюролардан басқасын да қолдау;
оқу орындарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
мүгедектердің жұмыспен қамтылу деңгейін қолдау және жоғарылату бойынша бағдарламаларды дамыту.
Жапонияда жұмыспен қамту саласындағы заң актілерінің кешені тиімді қызмет етуде. Олардың негізінде әзірленетін барлық шаралар халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін басқару жүйесін білдіреді, ондағы негізгі көңіл жұмыспен қамту саласындағы жағдайды жақсартуға, жұмысқа орналастыру мен жұмысшылардың кәсіптік қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған.
Еңбек нарғының Қытайлық моделі бүкіл
экономикалық белсенді халықтың анағұрлым
жоғары кірістерге жету уәждерін қалыптастырып,
жұмыспен қамтуды қолдаудың әлеуметтік-
Батыстың, АҚШ-тың, Жапонияның және Қытай елдерінің халықтың жұмыспен қамтылуын реттеуге деген көзқарастары осындай. Қазақстан үшін қай үлгі немесе олардың қандай ұштастырулары артықшылықта екенін анық айту мүмкін емес. Жалпы алғанда, нарықтық құрылымдардың даму кезеңінде, экономикасы дамыған елдердің еңбек нарқын реттеудегі жинақталған айтарлықтай тәжірибесі, өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескеріп, бідің елімізде оның пайдаланылу мүмкіндігі де жан-жақты зерттелуін талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18-ші жұлдызының желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы» № 129-ІІ Заңына сәйкес, әлеуметтік серіктестік – бұл атқарушы билік ұйымдарының өкілдерімен, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өкілдерімен мүдделерін келісуге бағытталған қарым-қатынастардың және механизмдерінің жүйесі. Бұл анықтама Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде ары қарай нақтылана түсті, онда жұмысшылар (жұмысшылардың өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік ұйымды арасындағы еңбек және онымен тікелей байланысты қарым-қатынастарды реттеу мәселесі бойынша олардың мүдделерінің келісілуін қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастардың жүйесі берілген. Нақты айтқанда, әлеуметтік серіктестік – бұл әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың ерекше түрі.
Әлеуметтік серіктестіктің негізгі
мақсаты – қоғамның, жалдамалы
жұмысшылар мен жұмыс берушілер
мүдделерінің теңгерімділігіне қол
жеткізуге негізделген еңбек
саласындағы әлеуметтік-
Қазақстан Республикасындағы еңбек қарым-қатынастары дамуының қазіргі деңгейінде, әлеуметтік серіктестік жүйесі республикалық, салалық өңірлік деңгейінде және кәсіпорынның деңгейіндегі үш жақты келісім жасау түрінде жүргізілгені тиімді болатынын кей бір кәсіпорындардың тәжірибесі көрсетіп отыр. Кәсіпорын деңгейінде жұмыс берушінің, жұмысшылардың және кәсіподақтың арасында ұжымдық келісім-шарт жасалынады. Ұжымдық келісім-шарт сол кәсіпорында еңбек қатынастарының даму процесінде кездесетін мәселелердің заңмен бекітілген шеңберінде шешілуін қарастырады. Өңірлік деңгейде жергілікті атқару ұйымдарын, жұмыс берушілердің жұмысшылардың бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалынады. Келісімдер өңірдің деңгейінде оның ерекшеліктерін ескере отырып еңбек етудің жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді анықтайтын жазбаша келісім-шарт түрінде белгіленеді. Салалық деңгейде сәйкесінше атқару ұйымдары мен жұмыс берушілердің және жұмысшылардың уәкілетті өкілдері арасында салалық келісімдер жүргізіледі. Келісімдер нақты саланың жұмысшылары үшін арналған ақы төлеу мөлшерімен және еңбекпен байланысты басқа да мәселелерін, олардың міндеттері мен әлеуметтік кепілдіктерін және жеңілдіктерін анықтайтын жазбаша келісім-шарт түрінде ресімделеді.
Сонымен қатар келісімдерде қабылданған мөлшерінің орындалуы әлеуметтік серіктестіктің барлық қатысушылары үшін міндетті екенін атап өту қажет. Серіктестіктің әр бір келесі деңгейінде келісушілер одан жоғары деңгейде келісіп қабылдаған мөлшерлерді сақтауға міндетті. ҚР-ның Еңбек кодексінде келесі жағдайлар атап көрсетілген: «ұжымдық келісім-шарт бас, салалық және өңірлік келісімдермен салыстырғанда, жұмысшылардың жағдайын нашарлатпауы тиіс. Мұндай жағдайлар жарамсыз деп танылады».
Деңгей
Кәсіпорын
Өңірлік
Салалық Салалық келісім
Сурет 3 -Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік жүйесі.
Қазіргі уақытта өңірлік экономиканың ұзақ мерзімді даму перспективасы жоқ, ал бұл перспективаға арналған қажетті жұмыс күшін дайындаудың объективті болжамды бағалаудың құрылуын қиындататынын атап өту керек. Сондықтан, өңірлік деңгейде білікті кадрларды дайындаудағы қажеттілігін болжауға мүмкіндік беретін ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базасы ретінде келесілерді ескеруіміз керек.
еңбек нарқы туралы бастапқы ақпараттарды жинаудың социологиялық әдістері; өңірдегі демографиялық жағдай және халықтың жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері;
оқу мекемелерінің білім беру қызметтерін көрсету мүмкіндіктері туралы сараптамалық бағалаулар;
еңбек нарқындағы маркетингтік зерттеулері.
Еңбек нарқын болжаудың құрылымы өзіне келесі істерді қамтиды:
- еңбек нарқына келетін
- болжам жасалған мерзімнің ішінде енгізілуі күтіліп отырған қосымша жұмыс орындары санының негізінде, өңір экономикасының білікті еңбек ететін жұмысшыларға деген қажеттілігін (жұмыс күшінің сұранысы), жұмыстан шығатындарды ауыстыратын жұмысшыларға деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау (тұрақсыздық себептері бойынша пайда болған, табиғи кетуі, бос орындардың қалғаны).
Болжау кезінде өңірлік
Әлеуметтік-еңбек қарым-
Облыстың 15 аудандық әкімдіктерінің басшыларынан алынған мәліметтердің негізінде, 2010 жылға арналған түрлі ұйымдардың жұмысша кадрларына деген болжамды қажеттілігі анықталды.
Сараптама облыстың кадрларды дайындауға арналған перспективалы қажеттілігі орташа есеппен 80-нен аса мамандық бойынша 7566 адамды құрайды. Облыстың еңбек нарқында сұранысқа ие болған жұмысшылардың саны болжам жасалған кезеңнің жылдары бойынша аз ғана өзгеріске ұшыраған: 2009 жылы ол 5616 маман қажет болса, 2010 жылы 6312 маман қажеттігін көрсетеді.
Қызылорда облысында 2009 жылы «Жол картасы» шеңберінде инвестициялық жобалардың саны 754, ал ашылатын жұмыс орны 37971. Бұл жұмыс орнының қаржысы 25,7 млрд теңгені құрайды. ашылған жұмыс орнына арналғандардың саны 99,2 пайызды құрайды. Ол әсіресе Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан, Шымкент қалаларында. Сонымен қысқарта айтсақ, аймақта жұмыссыздықтың санын төмендетуге, жол картасы бойынша инвестиция тарту арқылы жүргізілуде. Әсіресе, ол өңдеу өндірісінде, газды өндіру бөлу өндірісінде, ауыл шаруашылығында т.б өндірістерде.
2009-2011 жылдары облыс өндірістің дамуына 130,0 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Оның көбеюі мұнай өңдейтін өндіріске, көксарай реттеуші су қоймасына, құрылыс жұмысын, жол салу, Қызылорда -облыс орталығы, жаңалауға т.б. басқа қалалардағы, зауттарда іске қосуға жұмылдырылды. Мысалы, Кентау қаласында – экскаватор зауытын, Ауданында – мақта өңдейтін зауытын, т.б. әлеуметтік инфрақұрылымдарда, бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру бағдарламаларға байланысты өндірістерді индустриялаумен инновация жолымен даму бағыттарын көрсетеді.
Аз уақыт мерзімінде жаңа жұмыс
орындарын іске қосу үшін, айтарлықтай
мүмкіншілігі бар жобаларды жұмысқа
қосу жағдайында бизнестің ролі
үлкен. Шағын және орта бизнесті дамыту
үшін мемлекеттің негізгі
2006-2011 жылдары кезеңінде шағын кәсіпкерлік жұмыспен айналысқандардың саны 1,7 пайызға (116,6 мың-2010 ж) өсті, онда 200 мыңға жуық жұмысшы-қызметкерлер айналысуда. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша, оны іске асыруға нарық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор, рыногты тұтынатын товарлармен бәсекеге қабілеттері жергілікті отандық товарлармен толығымен қамтамасыз ету керек. Сол үшін бюджетте қаржы бөлудің маңызы зор; несие берудің ставкасын азайту, ұзақ мерзімге несие беру бұның барлығы бизнесті жандандыруға мүмкіндік жасайтын негізгі мәселелердің бәрі және жұмыссыздықты төмендетін фактор. Осыны ескере отырып, облыс көлемінде 8 бизнес инкубатор, 12 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс істеуде. Аудандарда, қалаларда бизнес орталығының кіші ұйымдары құрылған. Олардың мақсаты, аудан қала орталықтарында кіші кәсіпкерліктің өңдеу фермерлік шаруашылықтарын, тігін цехтарын орналастырып, тағы басқа қызмет көрсетеді. Жұмыс орындарын ашу болып отыр. Кейінгі жылдардағы талдау мен сараптаудың нәтижесінде, облыс көлемінде қазіргі кезеңде 10 мыңнан асатын, кіші кәсіпкерлік жұмыс істеуде, онда 12 мыңнан асатын жұмыс орны бар. Жалдамалы жұмысшылардың саны облыстағы әр түрлі салаларда экономикалық республикалық көрсеткіштерге қарағанда, өңірде өзгеше ерекшеліктері бар.
Сурет 4- 2004-2009 ж.ж. негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің индекс динамикасы, пайыз есебімен.
Еңбек нарығында жеке дербес жұмыспен
қамтылған халық санының
Информация о работе Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі