Анықталмаған
қасақаналық барысында тұлға
келтірілетін залалды сезінеді,
және бірнеше қауіпті салдарының
болатынын болжайды. Бірақ ол
салдар оның санасымен нақтыланбаған.
Субъект өзінің нақты қандай
салдарға қол жеткізгісі келетінін
жеткілікті дәрежеде айқындамаған.
Мысалы адамның басына, денесіне
соққылар жасай отырып кінәлі,
жәбірленушіге өлім келуі немесе
әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты
келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ
қандай ауырлықтағы зиян келетінін
нақтыламайды. Ол олардың қайсысына
да қол жеткізуге мүдделі.
Қасақаналықты
анықталған және анықталмаған
етіп бөлудің қылмысты саралау
үшін маңызы бар. Жай анықталған
қасақаналық барысында егер кінәлі
тілеген салдар оған қатысты
емес мән-жайларға байланыссыз
болмай қалса жасалған әрекет
тек сол салдардың болуын тілеуге
оқталу болып саналуға тиіс. Мысалы
жәбірленуші өлтіруді тілей отырып
оған ауыр дене жарақатын келтіру.
Ондайда әрекет адам өлтіруге
оқталу деп саралануы тиіс. Қасақаналық
ниет қалыптасу уақытына байланысты
алдын-ала ойластырылған және
кенеттен пайда болған болып
бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған
қасақаналық оның пайда болу
сәтімен жүзеге асырылуының арасында
айта қаларлықтай уақыт болуымен
ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында
кінәлі адам қылмысты жасаудың
жоспары мен тәсілдерін ойластырады,
оның ізін жасыру шараларын
қарастырады. Кенеттен пайда болған
қасақаналық ниет атауынан байқалып
тұрғандай қылмыс жасауға деген
ниет кенеттен пайда болып
жүзеге асырылады. Кенеттен пайда
болған ниет кейде қатты жан күйзелісінен
туындаған жағдайда болса жауапкершілікті
жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы
мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша алдын-ала
ойластырған қасақаналық пиғыл, кенеттен
пайда болған пиғылдан қауіптірек болып
саналады. Алайда, кейде кінәлі адам қылмыс
жасауға қалыптасқан әрекетін бірден
жүзеге асыруы мүмкін. Субъектінің әрекеттеріне
қасақаналық бар немесе жоқ екендігін
шешу барысында және әрекетті саралау
барысында қатені құқықтық бағалау мәселесі
туындайды. Қатенің екі түрі болады заң
туралы қате және фактілік қате. Заң туралы
қате барысында тұлға өзінің әрекетінің
қылмыс екендігін немесе қылмыс болып
табылмайтындығын бағалауда жаңылсады.
Бұл жағдайда жалпы ереже әрекет етеді.
Егер субъект өзінің әрекеті қылмыстық
жазалаушылыққа жатады деп есептесе, ал
іс жүзінде ол әрекетке қылмыстық заңмен
тыйым салынбаса, онда ол қылмыстық жауапкершілік
туындатпайды. Керісінше субъект өзінің
әрекетін қылмыс-деп санамаса, ал әрекетке
қылмыстық жауаптылық белгіленген болса,
тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Адамның өзінің іс-әрекетін саралаудағы
және соған сәйкес жаза түрі мен мөлшерін
белгілеудегі қатесі қылмыстық жауапкершілікті
шешуге ешқандай ықпал етпейді.
Фактілі
қате дегеніміз қылмыс құрамының
элементтеріне қатысты, әрекетінің
нақты мән-жайларын теріс ұғынуы
болып табылады. Қылмыстық құқық
теориясында және практикада
фактілік қателерді төмендегідей
түрлерге бөледі: қылмыс объектісі
мен заты жөніндегі қате, жәбірленушінің
жеке басы жөніндегі қате, себепті
байланыс, ауырлататын мәністер
бойынша қате.
Объект
бойынша қате кінәнің нысанын
анықтауға ықпалы тигізбейді
тек оның мазмұнын өзгертеді.
Егер
субьекті заңмен қатаң қорғалатын
объектіге қол сұқтым дап ойлап
қатаң емес түрде қорғалатын
объектіге қол сұқса, ол қатаң
қорғалатын объектіге қол сұққан
ретінде жазаға тартылуы тиіс.
Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында
оны екі қабат деп ойласа
алайда ол ондай болмай шықса
онда ол кінәліге алдын-ала
белгілі екі қабат әйелді өлтіруге
оқталғаны үшін жауапқа тартылады.
Керісінше тұлға әйелдің екі
қабат екенін алдын ала білмей,
екі қабат әйелді өлтірсе ол
жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке
тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке
басына байланысты қате, әдетте
егер жәбірленушінің жеке белгілері
қылмыс құрамының міндетті белгісі
болып табылмаса жауапкершілікке
ықпал етпейді. Мысалы көршісін
өлтірмек болып кездейсоқ адамды
өлтіреді. Егер кінәлі судьяны
немесе тергеушіні өлтірмек болып
алайда қателесіп кездейсоқ адамды
өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша
сот төрелігін немесе алдын
ала тергеуді жзеге асыру адамның
өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке
тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға. 340
баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір
бойы бас бостандығынан айырылуы.
Зат
бойынша қателесу екі жақты
мәніске ие болады. Егер тұлға
заттың сапалық мәнісіне байланысты
қателессе ондай қателесу жауапкершілікте
ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры
магнитофон ұрлаймын деп қателесіп,
радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер
тонаушылар ақша ұрламақ болып
сейфті ашқанда онда ақша жоқ
болып шықса онда олардың әрекеті
осы затты ұрлауға оқталу болып
есептелінеді. Қылмыс жасау құралы
бойынша қателесу, тұлға, белгілі
бір себептермен, қол сұғылған
объектіге залал келтіре алмайтын
құралмен, жасалған кезде орын
лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос
оқпен оқталған мылтықпен адам
атпақ болады. Бұл жағдайда ол
адам өлтіруге оқталғаны үшін
жауапқа тартылуы тиіс.
Егер субъект
өзінің қараңғылығынан қылмыстық
заңмен қоргайтын объектіге залал
келтіру мақсатын да оған жарамйтын
құралдарды пайдаланса (дуа салу,
қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті
анықтау болып табылады және
қылмыстық жауапкершілікке тартуға
жатпайды. Себепті байланыс бойынша
қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет
пен салдардың арасындағы себепті
байланысқа қатысты жаңылысу
болып табылады. Егер тұлға өзінің
әрекетінен қандай салдар туындайтынын
анық білетін болса онда оның
себепті байланыстың дамуы бойынша
қатесі жауапкершілікті анықтау
үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект
жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы
өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан
кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай
әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға
ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті
қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін
білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру
болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты
ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп
есептесе ол саралау белгілері бойынша
қателесу болып саналады. Бұл кезде екі
жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай
субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың
ауырлататын мән-жай екенін білмейді.
Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау
175 бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын,
ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға
білмеуі мүмкін.
Бұл
жағдайда қателесу назарға алынбайды
және заңды қателесу бойынша
ереже қолданылады. Екінші жағдайда
субъект өзінің нақты әрекетінің
ауырлататын жағдайда жасалғандығын
білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші
ұйымдасқан топқа немесе алдын
ала сөз байласқан топқа өзгенің
мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын
білмеуі мүмкін, сондықтан жай
ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа
тартылуы тиіс. Фактілік қателердің
кез-келген түріне заңи баға
бергенде тұлға жауапкершілікке
тек оның кінәсі болғанда ғана
тартылуы тиіс деген жалпы
ереже басшылыққа алынуы керек.
ІІІ – тарау . Қатысушылықпен
жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық
нормалардың бәсекелестігі барысында
қылмысты саралау
ІІІ-1. Қылмысқа қатысушылық
түсінігі
Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық
кодексінің және Қазақстан Республикасының
1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын
салыстырмалы түрде талдау топтық
белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің
120 бабында сараланған белгі ретінде
ескерілген болса, Қазақ КСР-ның
ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта
құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс
жасаудың қоғамдық қауіптілігінің
өсе түскендігін дәлелдейді.
Қатысушылық
қылмыстық жауаптылықтың қандайда
болмасын ерекше негіздемелерін
туындатпайды. Қылмыстық кодекстің
3- бабында бекітілген қылмыстық
жауаптылық негіздері қылмыс
бірнеше тұлғаның күш біріктіруші
арқылы жасауы жағдайына да
толықтай тиісті болды. Алайда
қатысумен жасалған қылмыстың
қылмыстық жауаптылығы және оның
қажетті элементтерінің бірі
– қылмысты саралау өзіндік
ерекшеліктерге ие болады. Олар
негізінен төмендегіден тұрады.
Ұйымдастырушының,
айдап салушының немесе көмектесушінің
іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда
орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
тәуелді болады. Себебі тек соның
әрекеттерінде ғана жасалғаны
үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа
тартылуы тиісті қылмыс құрамының
белгілері болады. Қылмыстық құқықта
қылмыс жасаған әрбір адамның
жеке жауаптылығы принціпі болғанымен
ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші
сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін
орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек
қарастыруға болмайды.
Қатысушылар
(ұйымдастырушы, айдап салушы
және көмектесуші) мен орындаушының
жүзеге асыруға деген дәрежесі,
басқа қатысушылардың да жауапкершілігін
шешу туралы мәселеге тікелей
ықпал ететіндей болуы қарастырылады.
Мысалы, егер орындаушы оған байланысты
емес себептермен қылмыстық әрекетін
оқталу сатысында тоқтатын болса
онда барлық қалған қатысушылары
да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың
әрекетін саралау ең алдымен қылмысты
бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде
оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық
топты құра отырып, олар қандай мақсат
көздеді және қатысушылар арасындағы
өзара байланыстың сипаты қандай, олардың
арасында алдын ала сөз байласу болдыма,
қылмысқа қатысушылардың қандай түрі
қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының
түрі есепке алына отырып шешіледі.
Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінде
қылмысты қатысушылықпен жасау
құрамының сараланған түрі ретінде
қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей
болып бөлінген: қылмысты адамдар
тобының жасауы 6-бапта, алдын
ала сөз байласқан адамдар
тобының жасауы 49-бапта, қылмысты
ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта
және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың
(қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше
бөлімнің 2 бабында қарастырылған.
Қылмыстық
топ болып жасаудың (қатысушылықтың
бірінші нысаны) барысында қылмыстың
барлық қалыптасушылары ҚК-тің
Ерекше бөлімінің тиісті бабы
бойынша ҚК-тің 28 бабына сілтеме
жасалмай жауаптылыққа тартылатыны
белгілі себебі олардың барлығы
қылмыстың бірігіп орындаушылары
болып табылады. Орындаушы түсінігін
дұрыс ұғыну және анықтау адамдар
тобымен жасалған қылмысты дұрыс
саралауда үлкен маңызға ие
болады. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының жаңа ҚК-де орындаушы
ұғымы кеңейтіліп оған тек
қылмысты тікелей жасаған тұлға
ғана емес, басқа тұлғаларымен
бірге оның жасалуына тікелей
араласпаған тұлғаларда жатқызылады.
Ондай адамдарға ұрлық жасау
барысында пәтерге кірмеген және
ұрланған заттарды алып шықпаған
көшеде тұрып қылмыс жасау
орнында бөгде адамдардаң болмауын,
адамдар тобымен жасалған қылмысты
ешкімнің көрмеуі мақсатымен
қадағалап тұрған адамды жатқызуға
болады.
Қылмысқа
қатысушылықтың бірінші нысанында
қатысушылардың әрқайсысы қылмыс
құрамының объективтік жағымен
қамтылатынын әрекеттерді орындауға
қатысады немесе толық көлемінде
не белгілі шамада орындайды.
Қылмысты бір тұлғаның жасауынан
айырмашылығы топтық қылмыста
қылмыс тобының қатысушылары
үшін ортақ болатын объективтік
жақтың белгісін құрайтын бір
әрекетті орындау үшін өзінің
күштерін біріктіретін бірігіп
орындаушы тұлғалар қатысады. Оның
барысында кейбір бірігіп орындаушылар
қылмыстың объективтік жағының
барлық белгілерін толық кірістіретін
әрекеттерді жасауы, ал басқалары
бұл белгілердің тек кейбір
бөлігін жасайтын жағдай кездесуі
мүмкін.
Орындаушылардың
әлде біреуінің іс-әрекеті қылмыс
құрамының объективтік жағының
барлық белгілеріне ие болмаған
кезде, қылмысты сарлау мәселесі
бойынша талас жиі кездеседі.
Бұндай жағдайда қылмысты дұрыс
саралау берілген тұлғаны бірігіп
орындаушы немесе қылмысқа көмектесуші
деп танудан тәуелді болады. Олардың
арасына айырым қою жиі қиындық
келтіреді және топтық қылмыстарды
саралаудағы қателіктердің себебі
болады.
Негізінен
көмектесу әрекеттері қылмыстың
объективтік жақтарын орындау
бастағанға дейін сонымен қатар
оның орындалуы барысында, алайда
қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге
асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың
жасалуы барысында қылмыстың
объективтік жағын құрайтын әрекеттердің
орындалуына көмектесетін болса
егер ол болар-болмас деңгейде
болсада бірігіп орындаушылық
ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді
тергеу және сот тергеуі барысында
тікелей орындаушы болып табылмайтын
тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау
керектігі жөнінде мәселе пайда
болады: адамдар тобымен жасалған
немесе бір тұлғамен жасалған
қылмыс ретінде бағалау туралы
Қазақсатан Республикасы Жоғарғы
Сотының Пленумы қаулыларында
бұд сұрақтарға жауап берілген.
Атап
айтқанда «Бөтеннің мүлкін талан-таражға
салуды саралаудың кейбір мәселелері
туралы» 1996 жылғы 25-шілдедегі
қаулысының 7 пункітінде қылмыстың
берілген түрі үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылатын жасқа
жетпеген немесе есі дұрыс
емес деп танылған тұлғамен бірлесіп
жасаған қылмыс адамдар тобымен жасалған
талан-тараж ретінде бағаланбайтындығы
көрсетілген.
Қатысушылардың
жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар
мен орындаушының жауапкершілігінің
әртүрлі болуы мүмкіндігінен
көрініс табады. Мысалы, орындаушы
қылмысты аяғына дайін жеткізуден
өз еркімен бас тартуына байланысты
қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы
мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап
салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс
жасауға көндіруге бағытталған
ұйымдастырушылық әрекеттері немесе
жасалуы мүмкін қылмысқа көмек
көрсеткені үшін 24, 28 баптар бойынша
және ҚК-тің Ерекше бөлімінің
тиісті бабымен жауаптылыққа
тартылуы мүмкін.
Қатысушылықпен
жасалған қылмысты саралау барысында
жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайларды есепке
алу олар жасалған іс-әрекетке
және ұйымдастырушының, айдап салушының,
көмектесушінің жеке бастарына
қатыстылығы тәуелділікте шешілуі
тиіс.
Ұйымдастырушыға,
айдап салушыға немесе көмектесушіге
қатысты мән-жайлар тек олардың
әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау
барысында ғана есепке алынады
және басқа тұлғалардың әрекеттерін
саралау барысында есепке алынбайды.
Мысалы пайдакүнемдік ниетпен
қасақаналықпен адам өлтіруде
ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «з»
пункіті бойынша жауаптылыққа
тартылса ал осы қылмысты орындаушының
әрекеттері 2 бөлімнің басқа пункттерімен
саралануы мүмкін.