Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Тарау Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

Работа содержит 1 файл

Қылмыc саралау.docx

— 103.76 Кб (Скачать)

         «Квалификация»- термині латын тілінен  аударғанда әлде бір нәрсенің  сапасын, бағасын, жарамдылық  дәрежесін анықтау дегенді білдіреді.  «Сараланған қылмыс» анықтамасы  берілген қылмыстық іс-әрекет  жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда  жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын  білдіреді./6/ Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.

        Қылмысты  саралу ұғымына келетін болсақ  мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін  құқық қорғау органдарының анықтауының  логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің  нәтижесі – қылмыстың жазалануға  тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік  қауіптілік және жазалану қаталдығы  бойынша бөліп көрсетпей құқықтық  бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы  мен санкциясында қарастырылғаны  ғана бағаланады.

        Теорияда  және практикада қылмысты саралаудың  екі мағынасы өзара байланысты  және өзара шартты ретінде  қарастырылады. В.Н. Кудрявцев  және Б.А. Куринов бұл жағдайды  атап ғана қоймай, қылмысты саралау  ұғымын анықтау барысында ескеруді  ұсынады.

        Аталған  жағдайды сақтамау немесе ескермеу  яғни істің нақты мән-жайларына  сәйкес емес қылмыстық заңды  қолдану жасалған қылмыстың сипаты  туралы түсінікті бұрмалайды, оған  дұрыс баға бермейді және әділетсіз  үкімнің шығуына әкеліп соқтырады.  Бұндай жағдайда қылмысты саралау  дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс  саралау сияқты ресми сипатқа  ие болады себебі сот-тергеу  органдарымен беріледі.

        Саралау  сонымен қатар ресми емес (доктриналды)  болуы да мүмкін, ол құқыққа  қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық  баға беруді жекелеген ғалымдар  және практикалық қызметкерлер  түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми  жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге  асырылады. Алайда олардың заңи  күші болмайды.

        Саралау  дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің  оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында  қарастырылған қылмыс құрамы  белгілерінің толықтай сәйкестігін  анықтау және заңи түрде бекіту  болып табылады./7/

        Қылмысты  дұрыс сараламау үкімнің күшін  жою немесе өзгерту үшін негіз  болып табылады. Саралау барысында  жіберілген қателік жазаның түрі  мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын  туындатып ғана қоймайды, сонымен  қатар бірқатар басқа да құқықтық  салдардың негізсіз туындауына  алып келеді (сотталғандық, түзету  мекемесінің түрін және түзету  колониясының режимін анықтау,  рақымшылық жасауды қолдану немесе  қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір  азаматтық-құқылық салдар).

        Кінәлі  адамға жазаның мөлшерін дұрыс  анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға  айта қаларлықтай тәуелді.

        Мысалы  абайсыздықтан кісі өлтірген  адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне  сәйкес жаза тағайындау мүмкін  емес, егер оның әрекеті қателіктің  салдарынан қасақаналықпен адам  өлтіру ретінде сараланатын болса.  Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща  яғни абайсызда кісі өлтіру  үшін үш жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығын шектеуге немесе  сол мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы белгіленген, ал  ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша  алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он  жылдан жиырма жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыру  немесе өлім жазасы немесе  өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазасы қарастырылған. Осы  мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс  саралаудың қандай маңызға ие  болатындығын байқауға болады.

        Қылмысты  саралау процессі яғни оның  жүзеге асырылуы, қылмыстық істі  қозғаудан бастап қылмыстық процесстің  барлық сатыларында орын алады.  Атап айтқанда Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық  істі қозғау, қылмысты ашу, және  істі процессуалдық құжаттау  міндеттері туралы айтылған. Қылмыс  белгілері анықталған әрбір жағдайда  прократура тергеу және анықтама  органдары өздерінің өкілеттіктерінің  шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға  кінәлі тұлғаларды және оларды  жазалауға заңда қарастырылған  барлық шараларды жүзеге асыруға  міндетті. Қылмыстық істі қозғау  туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.

        Қылмыстық  істі қозғау сатысы  қылмыстық  істі қозғау туралы қаулы шығарумен  шектелмейді. Оның мазмұны болып  а) қылмыстық істі қозғауға  заңды себептер мен негіздердің  болуын алдын ала тексеруі, б)  қылмыстық істі қозғау туралы  мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға  дейін сот өндірісінің тиісті  органдары іс бойынша өндірісті  бастау мүмкіндігінің шарттарын  анықтайды, көп реттерде бұл  үшін белгілі бір процессуалдық  әрекеттерді орындайды және қылмыстық  істі қозғау немесе қозғаудан  бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты  алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге  асырылуы мүмкін.

       В.Н.  Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық  процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің  барысында, істі бірінші сатыдағы  сотта қараған кезде, сонымен  қатар жоғары сатыдағы соттарда  қарау кезінде) құқықтық норманы  қолданумен байланысты мәселелер  соның ішінде қылмысты саралау  мәселелері де дербес, көп жағдайда  қайтадан шешіледі»./9/

         Қылмыстық процесстің келесі  сатыларында қылмысты саралау  талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны  айыпталушы ретінде жауапқа тарту  туралы негізделген қаулыны жасақтауда  орын алады онда іс- әрекет  сараланатын қылмыстық заңның  бабы; айыптау қортындысында сотқа  өткізу сатысында алдын ала  таңдау барысында айыпталушыға  тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық  заңның қолданылуының дұрыстығы  анықталады, жасалған іс-әрекеттің  мемлекеттік бағалануы  болып  табылатын сот үкімі әрине,  одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу  актілерінің жүйесінде – үкім  маңыздылығы бойынша ерекше орын  алады: онымен қылмыстық іс  негізінен шешіледі және сотталушының  өзі сотқа берілген қылмыс  бойынша кінәлілігі туралы және  оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі  мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп  жазған М.С. Строгович./10/

        Аппеляциялық  және бақылау өндірістеріне қатысты  айтсақ қылмысты саралау мәселелері  бұл жерде де үлкен маңызға  ие болады. Қылмыстық іс жүргізу  Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына  сәйкес қылмыстық заңның дұрыс  қолданылуы – аппеляциялық сатыда  да бақылау тәртібінде де үкімнің  күшін жоюдың немесе өзгертудің  негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның  дәл мағынасына қайшы келетін  түсіндірудің және қылмыстық  заңды дұрыс қолданбаудың басқа  жағдайларында: айыптау үкімін  бақылау тәртібімен қайта қараған  кезде, ауырырақ қылмыс туралы  заңды қолдану қажеттілігімен  байланысты сот шешімдері мен  қаулыларын жазаның жеңілдігі  немесе басқалай негіздер сонымен  қатар ақтау үкімі   немесе  істі қысқарту туралы шешім  немесе қаулылардың барысында  орын алуы мүмкін.

         Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық  заң, тиісті негіздер болған  кезде қылмысты қайта саралаудың  тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік  органдар қызметінің осы жақтарының  заңмен айқын реттелуі қылмыстық  істің тергелуінің жан-жақтылығы,  қылмысты жасаған деп айыпталған  адамға қорғау құқығының уақытында  берілуінен әрбір қылмыстық істің  әділетті шешілуіне кепілдік  беретін басқа да көптеген  сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың  қатаң сақталуы қажеттілігінен  туындайды»./11/

         Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты  саралаудың жүргізілуінің өзі  үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда  іс-әрекеттің барынша жалпылама  белгілері анықталады яғни , құқықтық  қатынастың түрі анықталады».  Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің  топтық белгілерін анықтау жүзеге  асырылады яғни қарастырылған  қылмыстың қылмыстық кодекстің  қандай тарауымен қамтылатындығы  анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың  түрлік белгілерін айқындау және  салыстырудан тұрады»./12/

        «Қылмыстық  құқық» оқулығының авторлары  да қылмысты саралауды үш кезеңге  бөледі, бірақ оларды басқаша  түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған  іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын  толық және дұрыс анықтаудан  тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс  құрамын сипаттайтын нақ сол  қылмыстық-құқылық норманы анықтау.  Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің  құрамын таңдап алынған нормада  сипатталып жазылған қылмыс құрамымен  салыстыруды қамтиды.

        Қарастырылған  кезеңдердің тек қарапайым кезегімен  емес, біріккен түрде қылмысты  саралаудың бірегей процессін  құрайтын олардың логикалық мәнісінде  берілетіндігін ескерте кетуіміз  керек. Осыған байланысты екінші  кезеңде жасалған әрекет үшін  қылмыстық-құқылық норманы тек  формалды түрде анықтау ғана  жүзеге асырылмай оның айқындылығы  кеңістіктегі және уақыттағы  әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі  тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет  пен қылмыс құрамының белгілері  салыстырылады. Олардың ұқсастығы  анықталғанда қылмысты саралау  аяқталады және бұдан шығатын  қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде  қылмыс бар немесе тұлға қылмыс  құрамын орындады ендеше, оны  қылмыстық жауапкершілікке тартуға  және тұлғаның бұл жауапкершілікті  тартуына барлық негіз бар»./13/

        Осыдан  біз сілтеме жасаған оқулықтың  авторларының түсінігінде нақты  түрінде қылмысты саралау қылмыстық  істі қозғаған сәттен басталады  және үкім шығарумен түпкілікті  аяқталады. Шын мәнінде бұл  логикалық процесс тергеу мен  қылмысты сот-тергеу органдарында  тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.

        Қылмысты  саралау теориясында саралау  және объективті шындық мәселесі  белгілі бір күрделілікті пайда  қылады оның шешілуі әртүрлі  пікірлердің туындауына себепші.  Мәселенің мәнісі мында: қылмысты  дұрыс саралау барысында обективті  шындық анықталама? Тергеу және  сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің  фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық  белгілерін анықтау қылмыстық  заңды қолдануға негіз болады.

        Негізінде  қылмысты дұрыс саралау қылмыстық  істі тексеру барысында тергеу  мен сот арқылы анықталатын  обективтік шындықтың мазмұнына  кіреді.

        Сот  тергеу практикасында қылмысты  дұрыс сараламаудың көптеген  мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің  ауырырақ қылмыс түрі үшін  жауап кершілік қарастырылған  бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық  жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше  құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады.  Келтірілген мысалда қылмысты  дұрыс сараламаудың түрлерінің  бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс  сараламаудың тағы бір түрі  қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың  жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік  көзделген баптың қолданылуы  болып табылады. Мысалы, Қылмыстық  кодекстің 250 бабының орнына 209 бабын  қолдану. 

       Қылмысты  дұрыс сараламаудың үшінші түрі  қолданылуға тиісті баптың, тиісті  емес бөлігін және тармақшасын  қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі  адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші  бөлімінің орнына, екінші бөлім  қолданылады.

        Қылмысты  дұрыс сараламаудың төртінші  түрі қылмыстың бір түрін жасаған  адамға ҚК-тің бірнеше бабын  қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын  қолдану. Қылмысты саралаудағы  осындай қателіктерді әдебиетте  басы артық саралау деп атау  қалыптасқан.                                          

        Қылмысты  дұрыс сараламаудың келесі, бесінші  түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің  бір бабымен немесе баптың  бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып  жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің  179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы  қолданылады дұрысында ҚК-тің  251 бабыда қолданылуы тиіс болатын.

         Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде  қандайда болмасын қылмыс құрамының  белгісі жоқ адамға қылмыстық  заңның дұрыс қолданылмауы болып  табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте  қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз  тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке  тартылады ол өз кезегінде  Қазақстан Республикасның Конститутциясының  77 бабында бекітілген адамның  конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.

Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы