Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Тарау Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

Работа содержит 1 файл

Қылмыc саралау.docx

— 103.76 Кб (Скачать)

       Нормалардың  осындай бәсекелестігі кезінде  мынадай құқықтық жағдай қалыптасуы  мүмкін: бір қылмыстың екі түрлі  құрамының арасындағы бәсекелестік. Олар ҚК-тің бір бабының әр  түрлі бөлімдерінде немесе пунктерінде  көрсетілуі мүмкін. Бұл айтылғандар  құрамының негізгі және сараланған  түрлері арасындағы бәсекелестіктен  басқа ешнәрсе емес. Мысалы 181 баптың 1 бөлімі «Қорқытып алушылық»  оның негізгі құрамын қарастырады, ал 2 бөлімі сараланған (күш қолданумен жасалған қорқытып алушылық). Ол арнайы норма болып  табылғандықтан оған басымдық беріледі.

       Құрамының  бірнеше басымдық берілген түрлері  арасындағы бәсекелестік болуы  мүмкін.

       Мысалы  ҚК-тің 181 бабының 2 бөлімі аталған  баптың 3 бөлімімен бәсекелеседі  «ұйымдасқан топпен немесе жәбірленушінің  денсаулығына ауыр зардап келтірумен  жасалған қорқытып алушылық».  Бұл жерде ауырырақ сараланған  белгі жеңілірек сараланған белгіні  сіңіруіне байланысты 181 баптың 3 бөлімі  қолданылады.

      Арнайы  қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінің  барысында қатысты бұл құқықтық  жағдайда жазылған ереже әрекет  етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық  жауапкершілікті қарастыратын нормаға  басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның  қылмыстық және қылмыстық –  іс жүргізу заңнамасының жалпы  принциптеріне атап айтқанда  заңдылық, әділеттік және ізгілікке  негізделеді.

      Қазақстан  заңшығарушысы Қылмыстық кодексте  қылмыстың жиынтығын қылмыстық-құқылық  нормалардың бәсекелестігінен айырып  көрсеткен. Бұның негізінде арнайы  норма жатқызылады және оның  маңызын бекітеді. Егер белгілі  бір және нақ сол әрекет  Кодекстің тиісті баптарының  жалпы және арнаулы нормаларының  белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың  жиынтығы болмайды және қылмыстық  жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің  арнайы норманы қамтитын бабы  бойынша туындайды.

      Қылмыстық-құқылық  нормалардың бәсекелестігі барысында  Қылмыстық кодексті дұрыс қолдану  тек төмендегі шарттар орындалғанда  ғана мүмкін болады. 1) Жасалған  іс-әрекетті оның мазмұнын және  белгілерін терең зерттегенде. 2) ҚК-тің Ерекше және Жалпы бөлімдері  баптарының жүйесін білу. 3) Әрекет  етуші заңнаманы терең түсініп  меңгеру.

 

 

Қ О Р Ы Т  Ы Н Д Ы.

 

 

      Біз «Қылмыс  құрамы саралаудың заңды негізі»  атты тақырыпқа жазылған дипломдық  жұмысымызды қортындылаудан бұрын  аталған тақырыптың қылмыстық  заңнаманы жүзеге асырудағы және  қылмыстылықпен күрестегі маңызын  атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты  орындау барысында біз қылмыс  құрамының қылмысты саралауда  негізгі маңызға ие болатындығына  көз жеткіздік. Қылмыс құрамы  заңшығарушымен қылмыстық-құқылық  нормада бекітілген негізгі белгілерден  құрала отырып өз кезегінде  қандай іс-әрекеттің қылмыстық  жауаптылықты туындататындығын  және нақты қандай түрдегі  немесе қылмыстың қай түріне  жатқызылатындағын айқын көрсетеді.  Қылмыс құрамының құқық қолдану  практикасында шешуші маңызға  ие болатындығын анық байқауға  болады әрине біз бұл жерде  құқық қолдану ретінде тек  қылмыстық заңнаманы қолдану  жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды  еске сала кетудің артығы болмас.

      Әрине берілген  жұмыс қылмысты саралаудың барлық  кешенді проблемаларын толықтай  ашып, олардың практикалық шешімін  табудың жолдарын көрсетеді деп  санай алмаймыз. Жұмысты орындау  барысында жалпы жұмысымыздың  мазмұнында біз қылмысты саралаудың  құқық қолданушылық қызметінде  ерекше орын алатындағын яғни  құқықтық нормаларды қолданудың  көптеген басқа түрлерін жүзеге  асыру үшін алғы шарт болып  табылатындығын атап көрсеттік.

       Қылмысты  саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет  белгілерінің қылмыстық заңда  қарастырылған белгілі бір қылмыс  құрамына дәл сәйкестігін тиісті  процессуалдық актіде анықтау  және бектіу болып табылады.

       Қылмысты  дұрыс саралаудың қандай маңызға  ие екендігін төмендегідей мысалдан  байқауға болады. М. Деген азамат  өзінің әйелінің төсекте ашынасымен  жатқан жерінен үстінен шығып  әйелін ерекше қатігездікпен  өлтірген. Тергеу органдары оның  әрекеттерін ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «д» пункітімен саралаған ал сот онымен келісіп 12 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындаған алайда кіәлінің әрекетінде жан күйзелісі жағдайы болғандығын атап өткен. Жоғарғы сатыдағы сот кінәлінің әрекетін 98 баптың 2 бөлімімен қайта саралап оған осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Осы мысалдан қылмысты дұрыс саралаудың әділеттілік, заңдылық үшін, адамдардың тағдыры үшін қандай маңызға ие екендігін түсінуге болады.

       Жұмысымыздың  қортындысында қылмысты саралаудағы  қылмыс құрамының негізгі мәселелерінің  жоғарыда өзіміз атап көрсеткендей  болып табылатынын оның мазмұны  негізінен «Қылмыс құрамы» ілімін  тереңдетуге бағытталғанын, тергеу  мен соттық қызметіндегі оның  маңызын атап өтуге тиіспіз.  Қылмыстық құқықтың әлдеқандай  институттарын жақсы меңгеру  негізінде ғана практиканың тиісті  мәселелерін оның ішінде оперативтік  – тергеу қызметінің қортындысы  болып табылатын қылмысты саралауды  да дұрыс шешуге мүмкіндік  пайда болады. Қылмысты дұрыс  саралаудың әділсоттылық үшін  қандай маңызға ие болатындығын  тағыда атап көрсете отырып, біз  қылмысты саралаудың заңды негізі  болып табылатын қылмыс құрамының  осы орайда шешуші маңызға  ие болатындығына назар аударамыз. 

       Қылмысты  дұрыс саралаудың әрекет ететін  заңнамаға қатаң түрдегі сәкестікте  жүргізілуі, қоғамдағы әділеттікті  қамтамасыз етуге, адам мен  азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  сақтап, қорғауға қылмыстылықпен  күресте тиісті жетістіктерге  қол жеткізуге мүмкіндік беретін  бірден-бір жол.

      Егер осы  жұмысты орындау барысында қылмысты  саралаудың негізгі теоретикалық  мәселелерін ашып оның барысындағы  қылмыс құрамының қылмысты саралаудың  заңды негізі ретіндегі маңызына  терең талдау жасай алса  автор  өзінің алдына қойған міндеттерін  орындалды деп санайды. 

 

 

 

 

                                     Сілтемелер

 

1 Куринов Б.А. Научные  основы кваликфикаций преступлений. МГУ, 1976, 4 б.

2 Кудрявцев В.Н. Теоретические  основы квалификаций преступлений. М., 1963, 3-4. б.

3 Сергиевский В., Рахметов  С. Квалифакация преступлений  – Алматы: Өркениет, 1999, 8 б.

4 Кудрявцев В.Н. Теоретические  основы квалификаций преступлений. М., 1963, 6. б

5 Куринов Б.А. Научные  основы квалификаций. МГУ. 1976, 12. б.

6 Сергиевский В., Рахметов  С. Квалификация преступлений  – Алматы: Өркениет, 1999. 9. б.

7 Сергиевский В., Рахметов  С. Аталған еңбек. 10 б

8 Уголовное право. Особенная  часть: Учебник (Под ред. д.  ю н. Проф. Н. И. Ветрова и  д. ю н. Проф. Ю.И. Ляпунова  – М.: Новый Юрист,) 1998. 22 б

9 Кудрявцев В.Н. Аталған  еңбек 16 б

10 Сериевский В., Рахметов  С. Аталған еңбек 13 б.

11 Куринов Б.А. Научные  основы квалификаций преступлений  МГУ, 1976. 10 б.

12 Бұл да сонда 67 б.

13 Советское уголовное  право. Общая часть. М., «Юрид.  Лит.», 1977. 105 б.

14 Кудрявцев В.Н. Общая  теория квалификации преступлений  М., «Юристь», 2001. 57б.

15 Уголовное право. Часть  Общая. Т. 1. Уголовный закон. М., 1970. 181 б.

16 Трайнин А.Н. Общее  учение о составе преступления. М., 1957. 60 б.

17 Брайнин Я.М. Уголовная  ответственность и ее основание  в советском уголовном праве.  М., 1963. 94

18. Кудрявцев В.Н. Общая  теория квалификации преступлений. М., 2001. 59 б.

19. Бұл да сонда.

20. Пионтковский. А.А. Учение  о преступлении. М., 1961. 115 б.

21. Кудрявцев В.Н. Общая  теория квалификации преступлений. М., 2001. 61 б.

22. Бұл да сонда. 62 б.

23. Брайнин Я.М. Аталған  еңбек. 162 б.

24. Коржанский  Н.И. Объект  посягательства и квалификация  преступления. Волгоград., 1976. 37 б.

25. Трайнин А.Н. Состав  преступления по советскому уголовному  праву. М., 1951. 214 б.

26. Трайнин А.Н. Общее  учение о составе преступления. М., 1957. 194 б.

27. Пионтковский А.А. Учение  о преступлении. М., 1961. 301 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер.

І  Нормативті-құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
  3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
  4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
  7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
  8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).

 

 

                        

ІІ. Арнайы әдебиеттер

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.
  3. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и Особенная части: Учебное пособие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с.
  4. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист, 1998 – 768 с.
  5. Советское уголовное право. Общая часть. М., «Юрид. лит.», 1977 – 544 с.
  6. Советское уголовное право. Общая часть: Учебник / Под ред. Г.А. Кригера, Н.Ф. Кузневцовой, Ю.М. Ткачевского. – 2 –е изд., доп. И перераб. – М.: Изд-во МГУ, 1988. – 368 с.
  7. Смирнова Н.Н. Уголовное право: Учеб, - СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998. – 675 с.
  8. Брайнин Я.М.  Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963. 94 б.
  9. Коржанский Н.И. Объект посягательства и квалификация преступления, Волгоград, 1976.
  10. Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификций преступлений М., «Юрид. Лит.», 1972 – 330с.
  11. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений-2-е изд., перераб. и допол.- М., «Юристь», 2001.-304 б.
  12. Куринов В.А. Научные основы квлификаций преступлений М., МГУ, 1976, - 185с.
  13. Пионтковский А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 365 б.
  14. Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999 – 106 с.
  15. Рахметов С.М., Турецкий Н.Н. Преступления против личности: Учебное пособие – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 176 стр.
  16. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 280 б.
  17. Яблоков Н.П. Расследование организованной преступной деятелности М.: Юристъ, 2002 – 172 с.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 


Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы