Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Тарау Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

Работа содержит 1 файл

Қылмыc саралау.docx

— 103.76 Кб (Скачать)

        Сонымен  қатар ҚК-тің 166 бабына назар  аударсақ онда мемлекеттік құпияларды  құрайтын мәліметтерді шет елдік  мемлекетке, шет елдік ұйымға  немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында  жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ  шет елдік барлаудың тапсырмасы  бойынша өзге де мәліметтерді  Қазақстан Республикасының сыртқы  қауіпсіздігі мен егемендігіне  зиян келтіре отырып пайдалану  үшін беру немесе жинау егер  осы әрекеттерді шет елдік  азамат немесе азаматтығы  жоқ  адам жасаса – деп көрсетілген.  Яғни шпиондық субъектісі болып  16 жасқа толған шет елдік азамат  немесе азаматтығы жоқ тұлға  толады. Адамның жынысы төмендегідей  қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің  белгісі болады. Мысалы 120 бабта зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа  адамдарға күш қолданып немесе  қолданбақшы болып қорқытып, не  жәбірленушінің дәрменсіз күйін  пайдаланып жыныстық қатынас  жасау. Зорлаудың субъектісі болып  14 жасқа толған ер адам табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы  болуы мүмкін. Қандай жағдайда (үйге  алдап алып келу, күш қолдану,  психикалық әсер ету) кәсібі, лауазымдық  жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе  арнайы ереже бойыншы көмек  көрсетуге міндетті адамның дәлелді  себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың  денсаулығына орташа ауырлықтағы  зиян келтіруге әкеп соқса  деп көрсетілген. Яғни қылмыс  субъектісі 16 жасқа толған заңға  сәйкес немесе арнайы ереже  бойынша медициналық жәрдем көрсетуге  міндетті адамдар табылады, оларға  дәрігерлер, хирургтар, медсестралар  т.б. жатады.

        Қысқаша  айтқанда қылмыс субъектісінің  жалпы белгілерімен қатар берілген  қылмыс құрамы үшін міндетті  болып табылатын қосымша белгілерге  ие жеке тұлға қылмыстың арнайы  субъектісі болып таылады. Бұндай  жағдайда әдетте лауазымды тұлға,  әскери қызметкер, белгілі бір  кәсіппен немесе белгілі бір  қызмет түрімен айналысатын тұлғалар  жөнінде айтылады.

        Қылмыстың  арнайы субъектісі туралы мәселенің  тарихында оны анықтау мен  оның белгілерін бекіту тұрғысында  әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда  бұл мәселе түпкілктік шешімін  таппаған.

        Әрекет  етуші құқықтың барлық салалары  немесе тек қылмыстық құықық  үшін лауазымды тұлғаның ұғымы  туралы пікірталас Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексін  күшіне енгізгенге дейін жалғасты.

        Қылмыстық  Кодексте лауазымды тұлға және  жауапты мемлекеттік лауазымды  атқаратын тұлға түсініктеріне  анықтама бере отырып Қазақстан  заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.

       «Лауазымды  тұлға» түсінігі ҚК-тің 307 бабының  І бөлімінің ескртуінде былай  бекітілген: тұрақты уақытша немесе  арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің  өкілі қызметін жүзеге асырушы  не мемлекеттік органдарда, жергілікті  өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ  Қазақстан Республиқасының Қарулы  Күштерінде, Қазақстан Республикасның  басқа да әскерлері мен әскери  құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе  әкімшілік-шаруашылық қызметтерді  орындаушы адамдар лауазымды  тұлғалар деп танылады. Сонымен  қатар аталған баптың екінші  бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің  функцияларын және мемлекеттік  органдардың өкілеттігін тікелей  орындау үшін Қазақстан Ресубликасының  Конституциясында, Қазақстан Республикасының  Конситиуциялық және өзге де  заңдарында белгіленетін қызметті  атқаратын, сол сияқты мемлекеттік  қызмет туралы заңдарға сәйкес  мемлекеттік қызметшілердің саяси  қызметін атқаратын адамдар деп  түсініледі.

        Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексінде  негізінен арнайы субъектісі  бар қылмыс құрамдарынан тұратын  екі тарау бөлініп берілген , олар  лауазымдық және әскери қылмыстар  туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің  Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының  диспозицияларында тікелей көрсетіледі  немесе оның мазмұнынан арнайы  субъектінің белгілері логикалық  түрде анықталады. Олар берілген  құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің  жалпы түсінігі үшін факультативті  болып табылады.

       Қылмыстың  арнайы субъектісінің белгілерін  тиісті түрлік топтарға бөлуге  яғни оларды сыныптауға болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді  үш топқа бөледі: 1) субъектінің  арнайы ролін және құқықтық  жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы  кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының  сипаты, әскери қызметке қатыстылығы,  сот порцессіне қатысуы, сотталуы  немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері  (жас мөлшері, жынысы, денсаулық  жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен  арақатынасы (жәбірленуші және  басқа тұлғалар мен туыстық,  қызметтік және басқалай ара  қатынастары)

         Кәсіби қылмыстылықтың төл тумасы  болып табылатын қылмыстың рецидивімен  күрес практикасы рецидивистерге  арнайы қылмыстық-құқылық шараларды  қолданбайынша оның тамырына  балта шабылмайтындығын дәлелдеп  отыр. Кәсіби және рецидивті қылмыс  ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуына  айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған байланысты өмірдің өзі  мемлекеттік билік органдарынан  жауаптылық пен жазаны күшейтетін  қылмыстық-құқылық нормаларды мемлекеттік  шаралар ретінде енгізіп, жүзеге  асыруды табанды түрде талап  етіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде  қылмысты саралаудың теорясы  мен практикасында белгілі бір  күрделілікті туындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-4. Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының  өзге белгілерінің қылмысты саралауға  ықпалы

        Қылмыстың  субъективтік жағы кінә, ниет  және мақсаттан тұрады. Жекелеген  ғалымдар оның құрамына эмоцияларды  да жатқызады алайда олар оны  кінәнің мазмұнына кіргізеді.

        Жалпы  қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың  субъективтік жағын қылмыстың  кінәнің нақты нысанымен, ниет  және мақсатымен сипатталатын  тұлғаның жасаған қылмысқа деген  психикалық қатынасы ретінде  бағаланады.

        Қылмыстың  субъективтік жағының белгілері  негізгі (міндетті) және факультативті  (қосымша) болып бөлінеді. Олардың  біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда  оның қасақаналық және абайсыздық  формалары жатқызылады. Нақты  жағдайда бұл қасақаналық немесе  абайсыздық (тиісінше олардың тікелей  және жанама, менмендік және немқұрайдық  түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі  мен сипатына тәуелді түрде  қылмыстың субъективтік жағының  міндетті белгісі ретінде кез-келген  құрамда орын алады. Қазақстанның  ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының  диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен.  Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты  тұтындыруға насихат жүргізу  және жария түрде шақыру; 241 бап  – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап  Алаяқтық 120 бап – Зорлау, 312 бап  – Пара беру.

       Белгілердің  екінші тобы – қылмыстың ниеті  мен мақсаты кейбір құрамдар  үшін міндетті, ал басқалары үшін  құрамның факультативті белгісі  қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің  165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан  Республикасының сыртқы қауіпсіздігі  мен егемендігіне нұқсан келтіру  немесе әлсірету мақсатында жасалған  қасақана әрекет ғана мемлекеттік  опасыздық деп танылады. ҚК-тің  216 бабы бойынша әдейі банкроттық  оның қандай мақсатпен жасалатындығына  тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші жағдайда қылмыстың  мақсаты мемлекеттік сатқындық  құрамының міндетті белгісі болып  табылатындығын ал екінші жағдайда  – әдейі банкроттық барысында  ол жауаптылық пен саралауға  ықпалын тигізбейді (алайда ол  барлық уақытта да анықталуы  тиісті болғанымен және жазаның  түрі мен мөлшерін таңдауға  ықпал етуі мүмкін).

        Немесе  ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі – Адам  өлтіру (ауырлататын мән жайда)  басқа адамға құқыққа қарсы  қаза келтіру күшейтілген қылмыстық  жауапкершілікті қарастырады егер  ол пайда табу ниетімен (пункт  «з»), бұзақылық ниетпен (пункт  «к»). Мұнда алғашқы екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.

        И.  Г. Филановскийдің айтуынша: «Қылмыстың  субъективті жағының белгілері  заң мәтініңің өзінен туындайды  немесе заңның тиісті баптарының  диспозициясын түсіндірудің әртүрлі  амалдарының көмегімен анықталады.

        Енді  аталған белгілердің қылмысты  саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар  қылмыстың іс-әрекетінің өзінің  де белгісі болып табылатын  кінә түсінігінен бастаймыз.

       Аталған  мәселені анықтауды қылмысты  дұрыс сарлау табанды түрде  талап етеді: А.А. Пионтковский  «Кінә туралы ілім кеңестік  қылмыстық құқық теориясының  аса маңызды бөлімі болып табылады»-  деп жазған./ 27/

        Біз  өз жұмысымызды орындау барысында  пайдаланған Қылмыстық құқық  бойынша оқулықтарда келтірілген  кінәнің анықтамасы қортындылай  айтқанда төмендегідей мазмұнда  берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен  тиым салынған қасақаналық немесе  абайсыздық нысанындағы тұлғаның  онымен жасалған қоғамдық қауіпті  іс-әрекетке және оның салдарына  психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен  тұжырымдалған бұл пайымдау шын  мәнісінде барлық заңгерлермен  қабылданған.

       Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы  құқықтық теорияның өзекті институтының  тарихында көптеген ғылыми-практикалық  ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар  бар екендігін атап өтуге тиістіміз.  Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары  бойынша тиісті пікір таластар  өткізілген. Аталған мәселелер әрекет  етуші заңнаманың салаларын қолдану  бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер  мен мәжілістердің талқылауының  тақырыбы болды. Мысалы кінә  пайымынан бас тартып, тек оның  қасақаналық және абайсыздық  нысандарын анықтаумен шектелу  туралы, жанама қасақаналық және  қылмыстық менмендікті біріктіру  есебінен кінәнің жаңа үшінші  нысанын «біле тұра» істеу  дегенді енгізу туралы ұсыныстар  болған.

        Бұрынғы  уақыттардағы ғылыми пікірталастарды  талдау біздің жұмысымыздың мақсаты  болмағандықтан біз негізінен  қылмысты саралаудың қазіргі  таңдағы мәселелеріне ғана назар  аудардық. Ғылыми негізділігі күмән  туғызатындай кейбір ой-пікірлерге  тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа  ие болған және практикада  қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді  талдауды ғана міндет ретінде  қойғандықтан біз жұмысымызды  аталған бағытта жүргіземіз.

        Енді  кінәнің нысандары және түрлері  туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің  20; 21 баптарында берілген. Тікелей  немесе жанама ниетпен жасалған  әрекет қасақана жасалған қылмыс  деп танылады. Егер адам өз  іс-әрекетінің қоғаға қауіпті  екенін ұғынып, оның қоғамдық  қауіпті зардаптары болуының  мүмкін екенін немесе болмай  қоймайтынын алдын алса білсе  және осы зардаптардың болуын  тілесе қылмыс тікелей ниетпен  жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары  болуы мүмкін екенін алдын  ала білсе, осы зардаптардың  болуын тілемесе де, бұған санылы  түрде жол берсе не бұған  немқұрайды қараса, қылмыс жанама  ниетпен жасалған деп танылады.

        Қасақаналық  ұғымы негізінен екі түрлі  элементтен – интеллектуалдық  және еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің  қоғамға қауіпті мәнін сезіну  және сана-сезім арқылы өтетін  оның қоғамға зиянды зардабын  болжау қасақаналықтың интеллектуалдық  кезеңін құрайды. Зардаптың болуын  тілеу немесе оның тууына саналы  түрде жол беру еріктілік кезеңі  деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің  қоғамға қауіптілігін сезіну  қасақаналықтың қажетті элементі  болып табылады. Тікелей қасақаналық  пен жанама қасақаналықтың арасындағы  басты айырмашылық еріктілік  сәтінен айқын көрінеді. Тікелей  қасақаналық барысында тұлға  қоғамдық қауіпті салдардың болуын  тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық  ниеттің болғандығын төмендегі  жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің  түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу  үшін кісі өлтіру). 2) пайда болған  салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз. Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады. Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз. Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады. Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық, бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)

Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы