Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 10:54, доклад
Бірлескен және үлестік меншік – құқығының институтының мазмұны мынадан көрінеді – ол бірнеше пайдалануына мүмкіндігі беруінен. Бірлескен және үлестік меншік – екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оның өзінің мақсаты өзгерілмейінше бөлуге болмайды.
Егер де заңдарда өзгеше көрсетілмесе, ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану, билік ету тәртібі қолданылады.
Ортақ бірлескен қатысушылардың арасында ортақ мүлікті бөлу және одан үлесін бөліп шығару, әрі қатысушылардың алдын-ала үлесін әр қатысушыға ортақ құқығындағы анықтағаннан кейін беріледі.
Ортақ мүлікті бөлген кезде және үлесті одан бөліп шығарру кезінде олардың үлесі тең, егер де заң мен немесе қатысушылардың өзара келісімдерінде өзгеше көзделмесе. Ортақ мүліктегі бөлу және үлесті бөліп шығару, үлесті ортақ меншіктегі ортақ мүліктіт бөлу, одан үлесті бөліп шығару мен бірдей.
Бірлескен меншік үлестік меншіктен айрымашылығы, брлескен меншіктен үлес алдын-ала анықталмайды. Олар тек бірлескен меншіктегі бөлген кезінде немесе бөліп шығару кезінде анықталады. Сонымен, жаңа айтқандай, үлестер заңда өзгеше көзделмесе тең болып табылады. Заң ортақ бірлескен меншіктің үш түрін көрсетеді. Сонымен бірге, заң осы түрлердің құқық қатынастардың өзгертуіне байланысты кеңейтуі мүмкін. Заң құжаттарында ортақ бірлесекен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін(АК 219 бап 1т). Бірақ ешқандай Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінде қарастырылмаған, тек АК-ң 219-бабының 2-тармағында көрсетілген. Бірақ, ортақ бірлескен меншіктің Азаматтық Кодексте нақты көрсетілгеннен басқа түрлері туындауы мүмкін. Қатысушылар ортақ мүлікпен бірігіп иеленеді, пайдаланады, билік етеді.
Бірлескен меншітегі мүлікті иелену, пайдалану немесе оған билік ету.
1. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлескен иеленеді және пайдаланады.
2. Мүлікке билік ету жөніндегі келісімімен қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Егер барлық қатысушылардың келісімімен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде жасауға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың қажетті өкілеттігі болады деген себеппен, мәлімдегі екініш тарап бұл жөнінде белгілі немесе көпе-көрінеу бөлуге тиіс, дәлелденеген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Нотариаттың куәландыруын немесе меншік тіркеуде керек ететін мәмілелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару.
1. Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталмаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заң актілерімен немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп саналады.
Ал,билік ету, яғни ортақ мүліктің тағдыры шешу барлық қатысушылардың келісімі арқалы жүзеге асырылады, бұл жерде барлық қатысушылардың мәміле жасауға қажет емес, және де бұл жерде мәміле кіммен жасалып жатырса да тәуелсіз.
Мысалы; жеке-кәсіпкерлікпен айналысуы үшін азамат, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін қолданған кезде, жұбайының келісімі қажет, егер де заңдылық актілерімен өзгеше көзделмесе немесе неке контрактісінде басқалай көрсетілмесе, ерлі-зайыптылар арасында өзгеше келісім болмаса. Мәміле жасаған кезде нотариалдық куәландыру немесе мемлекетке тіркеуді қажет еткен жағадйда басқа қатысушылардың келісімі қажет болған жағдайда, нотариалыдқ тәртіпте бекітілуі керек.
Жоғарыда көрсетілген иелену, пайдалану, және билік ету тәртібі, егер де Азаматтық кодексте немесе заң шығарушы актілерінде өзгеше көрсетілмесе, сол жоғарыда көрсетілген қолданылады. Ортақ бірлескен меншік, егер оған қатысушылар арасында шартта өзгеше көзделмесе, тағайындалады және қолдануға болады. Бұл жағдайда, ортақ бірлескен меншік тағайындалған және қолданылған жағдай да, ортақ бірлескен меншік пайда болады. Бірақ ортақ үлестік меншіктен, бірлескен меншікке қайтадан құруға заңмен жол берілмейді. Ортақ бірлескен меншік құқығы басқа тұлғаларға құқық қабылдаушылық арқылы өте алмйды. Құқық қабылдаушылыққа тек ортақ меншік мүлік немесе оның бөлігі өтуі мүмкін. Бірлескен ортақ меншікте үлесі жоқ деп саналады, яғни бұл жерде меншік иелерінің ортақ мүліктегі үлесі алдын ала анықталмайды. Сондықтан да, ортақ бірлескен меншік қатысушылары арасында бөлінген, сонымен бірег үлесті бөліп шығару, олардың әрқайсысының, әрбір қатысушылардың ортақ мүлік құқығына байланысты үлесін алдын-ала анықта шартты(келісім) арқылы жүзеге асырылады. Бірлескен меншіктегі мүлікке иелену, пайдалану және оған билік ету. Бірлескен меншікке қатысушылар,олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе,ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Бұл жерде ортақ бірлескен меншік түрлеріне қарамастан, иелену, пайдалану және билік ету ерекшелігін көрсеткен. Мүлікке билік ету жөніндегі мәлімені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады, яғни, қатысушылар арасында өзгеше көзделмесе, егер ортақ бірлескен меншікпен бірлесіп иемденеді және пайдаланады. Бұл, әрбір меншік иесін және барлығы бірдей тең негізінде, бірлескен меншікпен иелену және пайдалану құқығы бар. Мысылы; жекелендірілген квартирамен бірігіп пайдалану және иелену. Біріккен меншік қатысушылары өздерінің иелену және пайдалану құқығы кез-келгенуақытта және ортақ бірлескен меншік әрекет ету кезінде қолданыла алады. Сонымен, бұл жерде айтып отырған норма диспозитивтік болады, өйткені меншік иелерінің келісімі арқылы иелену және пайдалану ортақ бірлескенменшікті, тәртібін өзгерте алады, басқа тәртіп қоя алады. Мысалы; жекелендірілген квартира (пәтер) меншік иелерінің жалпы санының,бір немесе бірнешеуіне пайдалануға бере алады. Бірлескен меншік қатысулары, үлестік меншік қатысушыларынан айырмашылығы: олар ортақ бірлескен мүлікпен қандай да, бір бөлігін иеленуге немесе Азаматтық Кодекстің 242 баптың 2 тармағына сай, компенсация төлеуін талап ете алмайды. Егер бірлескен меншікке қатысушылардың ірқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасауға құқылы. Бірлескен меншік қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушылардың қажетті өкілеттілігі болмады деген себеппен мәміледегі, екінші тарап бұл жөніндегі білгені немесе көпе-көріну білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Нотариаттық куәландыру немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәмілелер жасалуға келісімдері нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс. Бірлескен меншікке билік ету ортақ бірлескен меншік қатысушыларының келісімімен, егер олардың біреуі басқа қатысушының ортақ меншікке байланыстымәміле жасауындағы туралы білген кезде, қалған қатысушылар оның қорытындысында өздерінің қарсылығын білдіре алады. Бұл кезде мәміле жасалынбайды, жасалынған жағдайда жарамсыз деп танылады. Басқа қатысушы мен мәмілені бірлескен меншік қатысушысы /таластырады/ дауласа алады. Бірлескен меншікке мәміле жасау кезінде мәміле жасаушы қалған бірлескен меншікке қатысушылардың келісімімен алдын-ала білуі қажет. Ал, егер нотариалдық куәландыру қажет болған жағдайда нотариалдық куәландыру қажет.
Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару. Ортақ меншіктегі бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын-ала анықталмаған жағдайда ғана жүзеге асырылыу мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары бірлескен меншік құқығындағы нақты үлестері болмайды. Соған байланысты, бұл жерде бірлескен меншікке қатысушылардың мүлікті бқлу және оған үлесті бөліп алдын-ала анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Ортақ бірлскен меншіктегі бөлу және үлесін бөліп шығарудың қажетті алдын - ала жағдайы болып, оны анықтау болып табылады, осыдан кейін бірлескен меншік өзінің беттерінен үлестік меншікке ұқсас болады.
Бұл ортақ үлестік бірлескен меншіктің нақты бөлу және мүлікті бөліп шығаруға көмектеседі. Бірлескен меншіктегі үлесті анықтау бөлу және бірлескен меншіктен бөліп шығарудың қажетті сатысы болуы мән, бұл саты егерде бөлу және бірлескен меншік қолдайды, бір себептермен болмай қалса, өзінің мазмұнын жояды, сол кезде ол көмекші саты ретінде көрінеді, ал бірлескен меншік үлескке ауыспайды.
Бірлескен меншіктегі үлесті анықтау процесі, келесі орталық бірлескен меншіктегі бөлу және үлесті бөліп шығару уақытымен бірігеді. Сотпен қарауы, бірлескен меншіктегі үлесті анықтау құқығындағы бөлу және үлесті бөліп шығару даумен сотта қарау кезінде бір сот процесінде бірігеді. Бөлінгеннен кейін мүлікке ортақ меншік құқығы тоқталады, ал бөлініп шығарған кездн мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы қалған меншік иелеріне сақталады. Келесі жағдайларда қалған ортақ бірлескен меншікті бөлу және бөліп шығару алдын-ала үлесті бөлу процедурасы қайтадан қайталанады. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығарукезіндеғ егер заңда немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең саналады.
Мысалы; Неке және отбасы туралы кодекстің 22-бабында көрсетілгендей. Кей жағдайларда сот жұбайлардың үлестерінің теңдігінен шеттетіп, кәмілеттік жасқа толмаған балалардың жағдайын, мүддесіне байланысты немесе бір жұбайының көңіл аударарлық жағдайына көңіл аударып, және одан үлесті бөліп шығару негіздері Азаматтық Кодеспен, 218-бабының ережелерімен белгіленеді, өйткені Азаматтық Кодеск, басқа да заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындайды. Сонымен, ортақ бірлескен меншіктегіанықтаған кезде, ол үлеспен өте ұқсас бола бастайды. Жоғарыда айтып кеткендей, ортақ бірлескен меншіктегі бөлген немесе үлесті бөліп шығару негізіндері 218-баппен Азаматтық Кодекспен жүргізіледі, өйткені ол баппен үлесті меншікте мүлікті бөлу және үлесті одан бөлу көрсетілмеген, ол бірлескен меншіктің иеленген түрлері үшін, өзгеше белгіленген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындайды.
Ортақ мүліктегі үлестен ақы өндіріп алу.
Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушылардан басқа мүлік жеткіліксіз болған жайдайда да борышқордың ортақ мүліктен үлесін одан ақы өндіріп алу үшін бөліп беру туралы талап қоюға құқылы. Осы айтылған жағдай, ортақ үлестік бірлескен меншіктегі үлесті бөліп шығару, Азаматтық Кодекстің 218 және 221- баптарымен көрсетілген үлесті бөлу тәртібімен салыстырған ерекшесі бар, несие беруші жақтан осындай үлеске ақы өндіріп алу үлесін талап қою.
1. Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.
2. Үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін бөліп шығарудан талап етуге құқылы.
3. Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін бөліп шығарудың әдістерімен шарттарын жөніндегі келісімге келе алған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе, немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығумен меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы.
Басқа меншік иелерінің үлесті меншікке қатысушыға оның үлесін заттай бөліп берудің орыны өтем төлеуіне қатысушының келісуімен жол беріледі. Тиісті меншік иесінің үлесі шамалы болып, нақты бөліп шығаруы мүмкін болмай және ол ортақ мүлікті пайдалануға онша мүдделі болмаса, сот бұл меншік иесінің келісімі болған күнде де үлесті меншікке қатысушыларды оған өтем төлеуге мінтеттей алады. Егер борышкерде басқа мүлкіге жеткіліксіз болса, ақы өндіріп беруге жетпесе, ал қалған қатысушылар бірлескен меншіктің несие берушінің талабынан бас тартса, борышкердің бөлінген үлесін иемдену және несие беруіне борышын өтеу талабына келіспеген немесе несие беруші борышқордың үлесін жария жасауға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндіріп алуға талап етуге құқылы. Егер мұндай жағдайда да үлесті заттай бөліп шығаруы мүмкін болмаса, не үлесті несиеге бірлескен меншіктің қалған қатысушылары бұған қарсылық білдірсе, несие беруші борышқордан өз үлесін ортақ меншіктің өзге қатысушыларына осы үлесті нарықөтық құқына сәйкес бағамен сатып, сатудан түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап етуге құқылы.
Егерде ортақ меншіктегі борышкердің үлесін алу мүмкін болмаса, немесе бұндай бөлуге, бірлескен меншіктің қалған қатысушылары келіспеген жағдайда несие беруші борышкерден өз үлесін ортақ меншіктің өзге қатысушыларына осы үлесті нарықтың құнына сәйкес бағамен сатып, сатудан түскен қаражатты борышты өтеуге талап етуге құқылы.
Бірлескен ортақ меншіктің түрлері
Некеде тұрған кезде жинаған ерлі-зайыптылардың мүліктері, бқл жерде, олардың ішінде кім жиды, кімге тіркелгеніне қарамастан, олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Бірақ ерлі-зайыплар арасында бұл мүлікке басқалай режим қойылуы мүмкін. Жұбайлардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, билік ету құқытары бірдей. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған шақта тапқан мүлікке ерлі-зайыптылардың еңбе етуімен, кәсіпкерлік қызметін тән интелектуалдық қызмет қорытындасынан түскен және ортақ мүліктен түскен пайда, олармен алынған жәрдемақы, тағы да басқа ақшалай төлемдер жатады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкісі сонымен бірге ортақ табыстары арқылы алып, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктері, бағалы қағазлар, пайлары, несие басқа да коммерциясының ұйымдарындағы үлестері және де кез-келген ерлі-зайыптыларымен жинаған неке де тұрған кезде тпақна басқа да мүліктер жатады. Егер жұбайлардың біреуінің үй-шаруашылығымен, балаларды тәрбиелеумен айналысқан немесе басқа да дәлелді себептер бойынша өзінің дербес табысы болмаса, мұндай реттерде жұбайлардың мүлікке құқығы бірдей. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөніде мәмілелер жасауға құқылы. Мүлікке билік ету жөнінде жұбайлар өзара келісіп билейді. Некеде тұрған кездегі тапқан мұліктер, контрактіде өзгеше көзделмесе, ортақ бірлескен меншік болып табылады. Ерлі-зайыптылар өздерінің неке контрактілерінде бұл мүлікті ортақ үлестік немесе бөлек меншікке жатқызылуы мүмкін. Жұбайлардың әрқайсысы ортақ мүлікті басқаруға байланысты дербес келісім жасай алады. Нотариалдық рәсімдерді талап ететін ортақ мүлік жөнінде келісім жасау үшін жұбайдың екіншісінің жазбаша түрде жұбайлар арасындағы дау пайда болған кезде талап қою жолымен сот арқылы шешіледі. Жұбайлардың бөлек мүлкіне ерлі-зайыптылардың некеге отырғанға дейінгі мүлкі, сондай-ақ некелескен кезде сыйға алған немесе мұрагер ретінде алған мүлкі, олардың әрқайсысының өз меншігі болып табылады. Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда жеке пайдалануындағы заттар /киім-кешек, аяқ-киім және т.б./ некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алғанмен, оларды пайдаланбаған жұбайдың меншігі деп танылады.
Некенің нақты жойылуына байланысты жұбайлардың бөлек тұрған кезінде олардың әрқайсысының алған заттарын сот бөлек мүлік деп тануға құқылы.
Сонымен, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі бұл некеде тұрған кезде жинаған мүлкі болып табылатындығын, айтып кеттік. Міне, осыған байланысты мысал келтірсек; ерлі-зайыптылардың біреуінен тұрғын үйді жекешелендірілген кезде, екінші жұбайы тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, бұл мүлік некеде тұрған кезде бірлесіп жинаған болып табылады, өйткені, ақшасыз түрде иемденген. Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір қаражаты жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі, олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Мысалы, Ерлі-зайыптылардың біреуіне тиесілі үй ортақ қаражаттары арқылы күрделі жөндеу жасалған кезде, үй ортақ меншік болып табылады.