Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 10:54, доклад
Бірлескен және үлестік меншік – құқығының институтының мазмұны мынадан көрінеді – ол бірнеше пайдалануына мүмкіндігі беруінен. Бірлескен және үлестік меншік – екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оның өзінің мақсаты өзгерілмейінше бөлуге болмайды.
Бірлескен және үлестік меншік – құқығының институтының мазмұны мынадан көрінеді – ол бірнеше пайдалануына мүмкіндігі беруінен. Бірлескен және үлестік меншік – екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оның өзінің мақсаты өзгерілмейінше бөлуге болмайды.
Бөлінетін мүлікке бірлескен және үлестік меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бірлескен және үлестік меншік - құқығының айырмашылығы заттық құқықтан заттық құқық, яғни меншік иесі бұл жерде тек қана бір тұлға болып табылады. Мысалы: Азамат, мемлекет, заңды тұлға.
Ал, бірлескен және үлестік меншік құқығында екі немесе одан да көп субъектілер болады. Сондықтан бірлескен және үлестік меншік құқығына көп субъектілік тән. Сонымен бірлескен және үлестік меншік құқығы дегеніміз- бір объектіге көп субъекті болуы. Ол мүліктің бір уақытта бірнеше адамның меншігінде болуынан көрінеді. Бірлескен және үлестік меншік қатынасын кез-келген меншік құқығының субъектілерінің арасында пайда болады. Бірлескен және үлестік меншік- субъектілері, кез-келген меншік иесі сияқты өздерінің еркімен өздеріне тиесілі мүлікпен иеленуге, пайдалануға, билік етуге құқығы бар. Біраз иелену, пайдалану билік құзіретін мүлікпен бірігіп жүргізеді. Бірлескен және үлестік меншік құқығы - объективтік мағынада бір бүтін мүлікті бір уақытта бірнеше адамның меншігінде болуын бекітетін және қорғайтын құқық нормаларын жиынтығы. Ал, бірлескен және үлестік меншік құқығы субъективтік мағынада бір бүтін мүлікпен өздерінің еркіне сай пайдалану, иелену, билік ету ісіне байланысты екі немесе бірнеше адамның құқығы. Кейбір әдебиеттерде ортақ меншік құқығының тек объективтік мағынасы бар, ал субъективтік ортақ, меншік құқығы жоқ деген көзқарастар бар. Бірақ ондай көзқарастарымен келісу өте қиын, өйткені, ол әрекет ететін заңдылыққа, Азаматтық кодекстің ортақ меншік тарауына кері әсер етеді, яғни қайта келеді. Меншік иелерінің әрқайсысына нақты үлесі белгіленгеннен кейін, ортақ меншіктің үлестік меншік айқындайды. Үлестік ортақ меншік қатысушыларына реалдық немесе үлестік құқығы мазмұндалады. Реалдық үлестік мағынада, тұлғаның нақты ортақ затты жекеленуі, яғни әрбір меншік иелеріне жатқызылады. Бұл құрылысын жүргізу кезінде, көп жақ субъектісі бір жақ субъектілерінің меншігіне ауыстырылады. Бірлескен және үлестік меншік-бірнеше тұлғаның құқына меншік құқығы. Сол материалдылыққа сипатталады. Идеалық үлесте құрылыс қолданылмайды, тек үлес құқығының құндылығын белгілейді. Н.Н. Мисник өзінің ұсынысында былай деп жорамалдайды: Теорияда, тараптарға үлестерін қалай бөлінетіндігін елестету мүмкін емес деген. Оның ойнша, ортақ меншіктің қатысушылары үлесі затқа және материалдыққа немесе идеалға жатқызылуға мүмкін деген.
Материалдық үлеске өзінің зат ретінде жұзеге асырылады. Бірақта идеалдылықта, сол уақытта идеалдық жолымен бөлініп, заттарды абстрак ретінде бөлшектенеді. Қазіргі заңда бекітілгендей, үлесі анықталған, үлес құқығының мүліктерімен салыстырғанда, құрылысы үлестік заттарға /реалдық үлеске/ және үлес заттының құндылығына /идеалық үлестер / болып табылады. Бірлескен және үлестік меншік мүліктеріне үлесі белгіленіп, бұл мүліктерге бірлескен меншік қалыптасады. Заңда бекітілгендей презумцияға сай, ортақ меншікте немесе пайда болған кезде, үлестерін үлестіреді. Ортақ үлестің меншікте, шарт негізде немесе заңның күшімен белгіленуі мүмкін. Ортақ меншік құқығының түрлері: 1) Үлесті меншік құқығы. 2) Ортақ бірлескен меншік құқығы.
Үлесті меншік құқығына тоқталсақ бұл – мүлік меншік иелерінің үлесі белгілене отырып, ортақ меншікте болуы, мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңында көзделген реттер қосылмайды.
ҚР Азаматтық кодексінде әрбір меншік иесі ортақ барлық мүлікке үлесі бар деп көрсетілген.үлнстер теңдей /бірдей/ немесе тең емес болуы мүмкін. Бірақ үлестің мөлшері ортақ мүлікті пайдалану, иелену, билік ету мен туындайтын сұрақтарды шешкен кезде ешқандай әсер етпейді. Осы сұрақтар ортақ келісім арқылы шешіледі.Ортақ меншік тек заң мүлікке бірлескен меншік құру көрсетілген жағдайда үлесті болып аталады, әрбір қатысушылардың әрқайсысында анықталған нақты үлесі алдын-ала анықталмаған болса, ортақ бірлескен меншікті бөлген немесе одан алған кезде көрінеді.
Осыған байланысты көбіне үлессіз меншік деп аталады. Бірақ үлестің ортақ меншік қатынастарына әрқайсысына, ал ортақ бір меншік соңында оны бөлген немесе одан шыққан кезде үлеске құқығы бар екеніне сөз жоқ. Үлестік меншік құқығы табиғат заңның мүддесіне үлестің өлшемі арқылы анықталады. Үлестің мөлшері ортақ меншікке өзгертілмей қалмайды, себебі үлестің мөлшері артуы не кемуі өзгеруіне байланысты, ортақ мүліктерді жақсартуына санайды. Азаматтық кодексте белгіленгендей, ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны бөлмей жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншік қатысушының ортақ мүлікке құқықтығы өз үлесін тиесінше ұлғайтуға құқығы бар. Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісімінде өзгеше, көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі. 1.Азаматтықта, меншік иелерінің үлестері айқын талап етіледі. Үлестік ортақ меншікте бөлшек немесе пайыз түрде көрсетіледі. Меншік иелеріне бөлшек ретінде, ¾, ⅔, ⅞ немесе, 10, 20, 35, 50 пайыз ортақ мүлікке жатады. Қатысушылардың ортақ меншігіндегі үлесі тең болып саналады, егерде ол заңнан шықпаса, шарт немесе олардың арасында қатынас болады. Үлестік меншік – құқығындағы үлесті анықтау, ортақ мүлік пайдалану ережелерінде көрсетіледі, бұл тұрғын үйге меншік серіктестік заңының 9 бабында белгіленеді. Меншік иелерінің үлесі салымына байланысты өзгеруі және әрқайсысына келісім түрде мүліктерін үлесіне қарай үлестіреді. Азаматтық кодексте көрсетілгендей, 1) Егер үлесті меншікке қаиысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болса, үлестер деп саналады. 2) Үлесті меншігіне барлық қатысушылардың келісімімен олардың әрқайсысының ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібі белгіленуі мүмкін.
Үлесті меншіктегі мүліктің бөлінуі және одан үлесті бөліп шығару.
1. Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.
2. Үлесті меншікке қатысушы ортақ мүлікпен өз үлесін бөліп шығаруды талап етуге құқылы.
3. Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреунің үлесін бөліп шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктегі өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы.
Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында және берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше, мүлік болмаса, бөлініп шығумен келіспейінше иесі үлестің меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлеуге құқылы. Үлесті меншіктің қатысушысына заттай бөліп берілетін мүліктің меншік құқығындағы оның үлесіне сәйкессіздігі келісті ақшасын немесе өзге өтем төлеу арқылы жөнге келтіріледі. Басқа меншік иелерінің үлесті меншікке қатысушыға оның үлесін заттай бөліп берудің орнына өтем төленуіне қатысушының келісуімен жол беріледі. Тиісті меншік иесінің үлесі шамалы болып, нақты бөліп шығару мүмкін болмай және ол ортақ мүлікті пайдалануға онша мүдделі болмаса, сот бұл меншік иесінің келісімі болмаған күнде де үлесті меншікке қатысушыларды осы өтем төлеуге міндеттей алады.
Қазіргі кезде бірлескен меншік мынандай түрде болуы мүмкін:
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ;
2. Шаруа ( фермер) қожалығының меншігі ;
3. Жекелендірілген тұрғын үй меншігі;
Ортақ бірлескен меншік қатысушылардың үлесі болады, бірақ алдын-ала нақты анықталмаған және үлес тең деп саналады. Бұндай жерим ерлі зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған меншігіне қолданылады. Келісімге келіскен жағдайда, сотқа жолдама алады. Неке контрактасы бойынша ерлі-зайыптылардың ортақ және бөлек меншіктері болуы мүмкін. Ортақ меншік құқығы-азаматтардың қатысуымен үлестік бірлескенде меншікте бола алады. Ал, заңды тұлғалардың қатысуымен және мемлекеттік қатысумен-тек үлестік болып табылады. Ортақ үлестік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы нақты үлестерінің белгіленеді. Ортақ үлестің меншіктің мағынасы бір тұтас мүлікке бір уақытта бірнеше тұлғаларға нақты үлесінің болуына байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың нормалардың жиынтығы. Ал, суъективтік мағынада-бұл бір тұтас мүлікті өзіне берілген нақты үлесі негізінде екі немесе бірнеше тұлғалардың өз еріктеріне сай иелену, пайдплану және билік ету құқығы.
Ортақ үлестік меншік құқығының пайда болу негізіндері. Ортақ меншік құқығы әртүрлі юридикалық негіздерге байланысты пайда болады. Көп жағдайда бірнеше тұлғалардың азаматтық мәліме жасауынан, сатып алу және біріккен қызмет ( жай серіптестік құру) туралы шартта жаңа бөлінбейтін затты құру немесе әзірлеу, бірнеше тұлғаның бөлінбейтін затты мұрагерлікке алуы. Ортақ мүліктің құрамына – мүліктің пайдаланудан түскен жемістер, өнімдер және пайдалар жатады, олар қатысушылар арасында өздерінің үлесіне сай, немесе өзара келісілген келісін бойынша бөлінеді. Ортақ ілестік меншік құқығында үлесті анықтау.Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің заң құжаттарынданегізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестер тең саналады. Үлестік меншік құқығындағы қатысушылардың теңдік презумциясын көрсетеді, яғни бұл презумциясы, егер де үлестік меншікке қатысушылардың үлестерінің мөлшері заң құжаттары нгізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса қолданылады. Ал, негізінен үлесті меншікте қатысушылардың үлесі көбіне тең болмайды. Бұндай теңсіздік заң актілерінде, сонымен қатар қатысушылардың келісімімін көрсетеді. Үй – жайлардың екі немесе одан да көп меншік иелерін тиісілі үйлерде меншіктің ереше нысаны құрылады. Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөлшектері кіреберіс, баспалдақтар, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жұйелермен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде қоректендірі элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер үй-жай меншік иелеріне ортақ меншік құқығының тиесілі болады. Сонымен, жоғарыда айтқандай үлестер көбіне тең болмайды. Мысалы; Тұрғын үй туралы заңының 31 бабының 6 тармағында көрсетілгендей, үлестің мөлшері егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе бөлек меншіктегі тұрғын үй жайлардың немесе тұрғын емес жайлардың пайдалы бүкіл үйдің жалпы алаңына қатысымен анықтайды. Үлестің теңсіздігін ортақ меншік құқықындағы оның қатысушылар бекіте алады және олардың келісімімен болады. Мысалы, Ортақ үлестік меншікке бірнеше азамат үй алса, олар әрқайсысының үлесінің мөлшерін белгілей алады. Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары, олардың ортақ үлестік меншігіндегі ортақ мүлігіне тең емес үлес қоя алады. Ортақ меншік құқығы барлық меншік иелерінің өзара келісімі түрде болуға тиісті. Егерде келісім болмай, екі жақтан қайшылық туындаса, ортақ мүлікті иелену және пайдалануы құқық өкілеттігі пайда болатын немесе құқық өкілеттігімен билік жүргізеді. Егере де меншік иелері мүліктерді иеленуге және пайдалануға, өзара келісе алмаған кезде, әрқайсысы сотқа жолданан алады. Билік ету құқына қайшылық туындаса (мысалға екі меншік иелері ортақ мүлікті сатқысы келген жағадайда, үшініші тұлға қарсы болған кезде), яғни осындай жағдайда дау болған кезде, сотпен реттеу мүмкін емес. Жоғарыда айтылған, мысалға орала отырып, екі меншік иелері өздеренің үлесін тұтастай немесе бөлшектей сату мүмкін, бірақ үшініші жаққа мүлікті бүтіндей беруге құқылы емес. Азаматтық кодекс 248-249 баптарына сәйкес, егере адама заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жағдайлар бойынша меншік иесіне заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе, бұл адама мүлікке меншік құқығына ие болады. Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығына бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзгеде реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. Меншік иелерінің мүддесі айырбастау да емес, бірақ тұитынушы құндылығын көрсетеді. Оның мүддесі кірісінде емес, ортақ заттан келетін, (мысалы: жалға беру) бірақө тұтынушы өзінің пайдасы үшін( мысалға, өзінің үйде тұруы). Меншік иелерінің үлесі ортақ мүлікті иеленуге және пайдалануға құқылы. Ортақ меншік қатысушылары басқадан мүлкін тәркілеуге талап ету құқылы. Мына жағдайда, меншік иелері иелену және пайдалану ортақ мүлікті жартылай бөлу, үлес меншік құқығына жартылай бөлген мүлікке ие, өзінің табиғатында заттық құқығы болуы мүмкін. Егер шартты келісімде үйді иелену және пайдалану туралы, жергілікті әкімшілік нотариусімен бектіліпі, үлестік меншік құқығына көшеді, (мысалға:үлесін сатып алушы, немесе мұра қалдыру үшін).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану:
1.Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану, оның барлық қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
2.Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүліктің өз үлесі мөлшеріне тең бөлігі өзіңнің иеленуіне және пайдалануына берілуіне құқылы, ал бұл мүмкін жағдайда өз үлесіне тиесілі мүлікті иеленетін және пайдаланатын басқа қатысушылардың тиісті ақша сомасын немесе өзгеден өтем төлеуді талап етуге құқылы. Сондай-ақ меншік бір негізінде туындайды, үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін белгілеу, және отбасы мүшелері немесе басқада тұлғалар құрылысқа қатыса алады.
Құрылыс біткеннен кейін, мемлекет басқару органдарда (жергілікті өзін-өзі басқару). Үй кімнің атына белгіленген тұлғаларға, және басқа тұлғаларға тіркелуі мүмкін. Меншік иелерінің әрқайсысына өзінің үлесті меншіктегі мүлікке билік ету жатады. Үлеске билік ету үшін, мүлкін өзінің мүддесіне үлесін үлесіру мүмкін. Азаматтық кодексте көрсетілгендей үлесті меншіктегі мүлікке билік ету.
1.Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады.
2. Үлесті меншікке әрбір қатысушысы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепіл беруге, Азаматтық кодекстің 216-бабында көзделген шарттарда сақтай отырып, оған өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде, сатылатын үлесті оның, сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерін басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушылардың сатып алуға басым құқығы болады. Үлесті меншікке барлық қатысуылардың келісімі болмаған жағдайда үлесті меншік құқығындағы үлесті сату үшін жария саудаға салу, Азаматтық кодекстің 212-бабының, 2-тармағында көзделген реттерде және заң құжаттарында көзделген өзгеде реттерде жүргізілуі мүмкін.
1. Ортақ меншіктің өзге қатысушылары борышқордың үлесін сатып алудан бас тартқан реттерді несие беруші, борышқордың ортақ меншік құқығындағы үлесін жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арықылы ақы өндіріп алуға талап етуге құқылы.
2. Үлесін сатушы оның сату бағасын және сатудың басқада шарттарын көрсете отырып, үлесті меншікті басқа қатысушыларына өз үлесін бөтен адамға ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншікті басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса, немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығында сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөніннен хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келеген адамға сатуға құқылы.
3. Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда үлесті меншікті кез-келегн басқа қатысушысы үш айдың ішінде, сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.
4. Үлесті сатып алудың басым құқығын басқа біреуге беруге рұқсат етілмейді.
Үлесті меншікке барлық қатысушылардың келсімімен, олардың әрқайсысының ортақ мүлікті құру менкөбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібі белгіленуі мүмкін. Ортақ үлесті меншік қатьысушылардың құрамы олардың көбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібіні белгілеуге мүмкіндігі көрсетілген. Бұндай келісімге ортақ үлесті меншікті қатысушылары ортақ меншікті құрар кезде, сонымен бірге әрекет ету кезінде жасай алады. Сонымен әрбірі қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай үлестер тең емес боуы мүмкін. Айтып кеткендей, үлесті өзгерту және анықтау үлестік ортақ меншіктің қатысушыларының келісімі арқылы жүргізеді. Егер де, ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының бірі өзіңнің есебінен ортақ меншікті пайдаланудың бектіліген тәртібін бұзбай бөлінбейтін жақсарту жасаса мүлікке, ол ортақ мүлікке құқығындағы үлесін көбейтуге құқығы бар. Бірақ бір меншік иесімен тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізген кезде, өз есебінен және ортақ мүлікті пайдалану тәртібін бұзбай қолдануы, үлестің өзгеруіне әкелмейді, тек бұл бірлескен меншік иесі өзі кетірген шығынды басқа адам меншік иелеріне төлеуін талап ете алады. Ортақ меншк иесінің заңдылық юридикалық маңызы. Осы сұрақ бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Бір жағдайда ортақ меншік иелерінің үлесі деп меншіктің субьективтің құқығындағы ортақ мүлікке арифметикалық көрсетілген үлесі (1) 2, 1(3) т.б ретінде түсіндіріледі, ал басқалардың көзқарасы бойынша –жалпы обьектіге қатынасты әрбір меншік иесінің құқықтың көлемі сандық көрсеткішінде. Бірінші көзқарасты дұрыс деп санауға болады, өйткені ортақ меншікте үлесін бөлу мүліктік емес, көп жағдайда ортақ меншік қатынастарының мағынасында сай келеді. Ортақ меншікті идеалды және үлес деген түсінік бар. Нақты үлес дегеніміз-бұл ортақ мүліктің нақты бөлігін меншік иесінге шындап та фактілік пайдалануға беруі. Ал, үлес түсінігі-бұл меншік иесінің үлесі-мүліктік нақты үлес емес. Ортақ үлестік меншік құқығы мүліктің жойылуы арқылы немесе бөлу арқылы, бірлескен меншік иесінің басқа да бірлескен меншік иелерінен олардың үлесін сатып алу –сату шарты бойынша немесе сыйлау шарты бойынша алу арқылы тоқтатылады. Ортақ үлестік меншік құқығының жүзеге асырылуы. Ортақ үлестік меншік құқығының біріккен меншік иелеріне ортақ иеленуге, пайдалануға және билік етуге мүлікке құзыретін көрсетеді. Әрбір біріккен меншік иесі ортақ меншік құқығын жүзеге асырған кезде үлесінің мөлшеріне қарамастан, бір дауысқа ие. Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру оған қатысушылардың келісімімен жүзеге асырлуы керек. Егер екі бірлескн меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалануға қатысты келіспеген болса, онда олардың әрбіреуінің ішінен, біреуі болса да сотқа жүгіне алады. Егер келіспеушілік билік етуге байланысты болса да,(мысалы;екі меншік иелері ортақ мүлікті сатқысы келсе, үшіншісі оған қарсы болса), онад туындаған дау сотпен реттелуге жатпайды. өзарар келісім принципі –ортақ меншіктің билік ету құқығын жүзеге асыру кезде, айып алусыз әрекет ету керек. Келтірілген мысалға қайтадан тоқталып кетсек, екі меншік иелері бірге немесе бөлек өзедерінің үлестерін сата алады, бірақ, үшіншісі тұлғаға ортақ мүлікті сатуды міндеттеуге құқықтары жоқ.Үлестік меншікке жататын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету тәртібі үлестік меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады, ал егер келісімге келмеген жағдайда сотпен үлесін мөлшеріне тең бөлігі өзінің иеленуіне.