Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:
мемлекеттің мәнін ашу, оның атқаратын негізгі функцияларының ұғымын және сипаттамаларын түсіндіру;
нарықтық экономиканың мәнін анықтау, оның функциялары, қағидалары (принциптері) және нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсатын зерттеу;
нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай, республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайын сипаттау;
мемлекет пен экономиканың арасындағы өзара байланысты сипаттап көрсету;
мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі, оның қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау.

Содержание

I. Кіріспе............................................................................................................3-
II. Негізгі бөлім................................................................................................
Мемлекеттің мәні мен функциялары.....................................................
Мемлекеттің мәні.....................................................................................
Мемлекеттің атқаратын негізгі функциялары.................................
Мемлекет функциясының ұғымы.....................................................
Мемлекет функциясының сипаттамасы...........................................
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы..................................................................................................
Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары (принциптері)...
Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай............................................................................
Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайы..........
Экономика және мемлекет.......................................................................
Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы...............................
Мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі...................................
III. Қорытынды..............................................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер..................................

Работа содержит 1 файл

ТГУ курстық жұмыс.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

   Экономикасы артта  қалған мемлекеттердің  қарыз дағдарысы.  Қарыз дағдарысын қарастырайық. Нашар дамыған мемлекеттер қарызының көлемі қанша? Оның себептері қандай? Ол қандай салдарға әкеледі? Егер оны шешуге болатын болса, қарыз ахуалын шешу үшін не істеуге болады?

   Қарыздың көлемі  мен динамикасы. Соңғы 20 жылда экономикасы артта қалған мемлекеттердің сыртқы қарызы бірнеше есеге көбейді. Егер қысқа мерзімді сыртқы қарызды қосатын болсақ, онда осы мемлекеттердің сыртқы қарызының көрсеткіші едәуір жоғары болады.

  Дағдарыстың себебі. 70-жылдары экономикасы артта қалған мемлекеттерге дамыған елдердің коммерциялық банк меншік капиталының келіп түсуі едәуір көбейді. Бірақ 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында дүниежүзілік экономикада көптеген өзгерістер болып, бұл өзгерістер экономикасы артта қалған мемлекеттерге жағымсыз әсерін тигізді.

   Экономикасы артта қалған мемлекеттердің  қарыз көлемінің көбеюі тағы  бір себепке байланысты. 1981-1984 жылдары дүниежүзілік валюта нарығында доллар курсының өсуі байқалды. Осыған байланысты қарыздар елдер Американың дайын өнімін импорттау үшін бұрынғыдан да көп төлеуіне тура келеді. Қарызының маңызды бөлігі доллар болғандықтан, осы мемлекеттерге өзінің тауарын әр долларға көбірек импорттауы керек.

   Сонымен, мұнайды импорттау үшін  бағаның тез өсуі, экспортталған  заттардың азаюы, пайыз мөлшерінің  өсуі, доллар бағасының өсуі мен  меншік қарызының азаюы – осының  бәрі қарыз дағдарысын туғызады.

   Экономикалық зардаптары. Осылардан кейін «тәртіпсіз тырысу» кезеңі келеді. Несие беретін мемлекеттер мен Халықаралық валюта қоры бірлесіп экономикасы артта қалған мемлекеттерге көмек көрсету жөнінде әр мемлекетпен ерекше келіссөз жүргізеді. Содан көптеген мемлекеттер қарызды төлеу жөнінде мәулет (отсрочка) алады. Осы шартқа сай экономикасы артта қалған мемлекеттер ішкі үнемді күшейту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс, бұл өзінің несиелерін төлей алу үшін жасалған. Көбінесе бұндай жағдайда мемлекет импортты қысқартып, экспортты үлкен табыс алу мақсатында көбейтуі тиіс. Бірақ экспортты көбейтіп, импортты азайту экономикасы артта қалған мемелекеттерде өмір деңгейінің әрі қарай құлдырауына алып келеді. Сонымен қатар экспорттан түскен қаражат тек қарызды өтеу үшін ғана төленетін болса, онда экономикалық өсуге еш қаражат жетпеуі ықтимал.

   Шешімі бар ма? Экономикасы нашар дамыған мемлекеттердің қарыз дағдарысын жою немесе азайту үшін не істеуге болады?

   Дағдарыстан шығу жолын іздеу  екі бағытта жүргізіле алады. Басында айтқандай, әр мемлекетпен жеке екі жақты келіссөз жүргізуге болады. Бірақ мұндай жағдайда қарыз дағдарысы ондаған жылдарға созылып кетуі және де экономиканың ешқандай өсуі байқалмауы мүмкін. Екінші бағыты қарызды жеңілдетуден тұрады. Көбінесе бұл бағыт экономикасынашар дамыған мемлекеттерге қарызды кешіру болып түсіндіріледі. Бірақ мұндай шешім де көптеген қиындықтар туғызады. Басты қиындық мынада: егер қарызды қайтарудан бір мемлекет бас тартса, онда ол мемлекет коммерциялық банктер мен оның акционерлеріне қаржылық зиян тигізеді. Бірақ осы зардап қайта оралып, мемлекеттің өзіне тиеді; олар коммерциялық банктен енді қарызға қаражат ала алмайды. Үлкен зардапқа тап болған кредиторлар кейбір уақыттан кейін ақшаны қайта қарызға беруі мүмкін деген ойға келеді. Қарыз мемлекеттерге  байланысты, қарызды шығынға жазу (списывать) оларға, әрине, жайлы болып келеді, бірақ қарыз қиындықтарының жай шешімінің жоқтығын білген жөн.

   Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық рефоорманың бірнеше жыолдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.

   Кеңес жүйесінде кедейшіліктің  ресми түрі болған жоқ, бірақ  жағдайы нашар отбасылардың болғаны  белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды.

   Жалпы, КСРО бойынша 1975 жылы  жұмысшылардың табысы 16% болды, ал колхозшылар арасында - 39%, 1985 жылы- 16,3% пен 27,6% болды. Халықтыңжалпы санының 16-25%-ы әр түрлі бағалаулар бойынша кедейлер тобына жатты.

1989жылғы  Кеңес Одағы бойынша  республикалардағы  кедейлік бойынша  берілген мәліметтер

  75 сомнан төмен  табысы бар халық саны КСРО аумағы бойынша кедейлік үлесі
Ресей

Литва

Латвия

Эстония

Украина

Белоруссия

Молдова

Грузия

Армения

Әзірбайжан

Қазақстан

Қырғызстан

Тәжікстан

Түркменстан

Өзбекстан

КСРО  бойынша қорытынды

5,0

2,3

2,4

1,9

6,0

3,3

11,8

13,0

14,3

33,6

15,5

32,9

51,2

35,0

43,6

11,0

23,3

0,2

0,2

0,1

9,8

1,1

1,6

2,2

1,5

7,5

8,1

4,5

8,4

3,9

27,6

100

Статистика агенттігінің мәліметі 

  Реформаға  дейінгі жылдары кедейлергедемографиялық  белгілері бойынша адамдардың  өте аз тобы ғана жатты. Төменгі  квалификация едәуір рөл ойнайды,  бірақ ол да тұрақты табысты  бола алмады. Адамдардың әр түрлі  жерлерде тұруы,аймақтық экономикалық дамуы теңсіздікке әкеліп соқтырады.

   Кедейлікті бағалау деңгейі. Кедейлік көптүрлі жағдаймен түсіндіріледі, адамзат әлуеті дамуының көзқарасынан қарағанда мүмкіндік пен таңдаудың жоқтығын көрсетеді. Кедейліктің анықтамасы жоқ, ал оның өлшемі концептуалды сипаттың қиындықтарымен, толық мәліметтердің болмауымен және субъективті бағалауменбайланысты. Кедейлік көрсеткішін құру үшін республикада «табалдырық» ретінде өмір сүру минимумының көлемі пайдаланылады.

  Өтпелі  экономикалы мемлекеттерде жалақы мен әлеуметтік трансферттен басқа да отбасылар табыс көздері бар деп есептеледі. Сондықтан кедейшілік деңгейін білу үшін баға тұтыну индексі арқылы есептеледі.

Қазақстандағы кедейлік деңгейі

  Өмір сүру минимумы, тг. Жан басына шаққандағы есеп коэффициенті Салыстырмалы  кедейлік
1996

1997

1998

1999

2861

3505

3716

3394

34,6

43,0

43,4

34,5

11,4

12,1

12,8

13,7

 

   1997-1998 жылдары тұрғындардың 43%-дан астамының табысы күнкөріс минимумының едәуір төмен болды, 1999 жылы ол 34,5%-ға түсті.

   Кедейлік деңгейі терең деп жағдайы нашар топтардың тұтынуы күнкөріс минимумынан төмен болғанда айтылады. Қазақстанда тапшылықтың орташа тұтыну көлемі күн көру минимумынан үштенбір есе төмен, Ресейде ол 42,6%-ды құрады, Украинада 32,5%, Әзірбайжанда 51,8% және т.б.

   Кедейліктің тереңдігі Шығыс Еуропаға қарағанда көбірек болып келеді, Еуропада ол 10% бен 15% арасында ауытқиды.

   Барлық әлемдегідей,республикада  да жұмыссыздық кедейлікпен үйлеседі.

Қазақстандағы кедейлік деңгейі  мен жұмыс күшінің  статусы

  Жан басына шаққандағы есеп коэффициенті Салыстырмалы  кедейлік Кедейлік  тереңдігі
  1996ж. 1999ж. 1996ж. 1999ж. 1996ж. 1999ж.
Қалалық жер 30,0 32,9 8,9 10,4 3,8 3,3
Ауылдық жер 39,0 37,1 13,7 18,4 6,6 9,1
 

  Ауылдық  жерде қалалық жерге қарағанда  кедейліктің жоғары және терең екендігін атап өту керек: қаладағы тұрмысы нашар тұрғындар кедейлік сызығынан 30% кем тұтынады, 1999 жылы олар ауыл тұрғындарының 49,6%-ын құрады.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III. ҚОРЫТЫНДЫ

   Қазіргі таңда, нарықтық экономика заманында, біздің алға қойған негізгі мақсатымыз – туған жерімізді жан-жақты, оның ішінде тұрақты экономикалық және әлеуметтік жағынан дамыту, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу, халқымыздың жоғары сапалы өмірін қамтамасыз ету болып табылады. 

    Қорыта айтқанда, мемлекет – белгілі  бір аумақ  шеңберінде  халықты  өз  ырқына көндіріп  отыратын,  бүкіл  қоғам  атынан  ішкі  және  сыртқы  саясатты жүзеге  асыратын,  барлық  халыққа   міндетті  заңдар  мен  ереже- қағидаларды  шығарып  қабылдайтын,  халықтан салық   жинайтын  ерекше құқылы  саяси  ұйым. Қазіргі  заманғы  мемлекет -  қоғамның қалыпты  тіршілігі  мен  дамуын қамтамасыз  ететін,  өзінде  тұрып  жатқан  азаматтар  мен  халықтардың құқықтарын, бостандықтарын  әрі  заңды  мүдделерін  қорғайтын, мемлекеттің  өз ішіндегі  және  сыртқы  даулар  мен   жанжалдарды   шешетін институт.

   Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының ел жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып, халықты алдағы күнге деген сенімге үндеген бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаны болашақты болжау және соған сәйкес нақты жоспарлар құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз болды десек, ақиқаттың ауылынан еш алыс кетпесіміз анық.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық/Құраст. Е.Баянов. – Алматы, 2003. – 692бет.
  2. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. 2-бас., толықтырылған. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 304 бет.
  3. С.Баққұлов /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. – 248 бет.
  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы/Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004. – 696 бет.
  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И., Нысанбеков М.Ә. «Жалпы экономикалық теория» 

       Алматы – Ақтөбе – 365 бет.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: оқу құралы. –Алматы: «Экономика» баспасы, 2003 – 194 бет.
  2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: оқулық. – Алматы: «Экономика» баспасы, 2003 – 432 бет.
  3. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
  4. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 212 бет.
  5. Рыночная экономика. Русско-  казахский толковый словарь-справочник/М.Р.Насырова, С.К.Кулпыбаева, С.П.Гуляева, Д.Э.Бейсенбаев, С.Р.Токсанбаев, Т.М.Мезенцова; Под редакцией М.Р.Насыровой. – Алматы: Білім, 1995 – 608 стр.
  6. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 512 бет.
  7. Сәбден О. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз – Алматы: Қазақстан, 1997 ж.  -  192 бет.
  8. Есқараев Ө.Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007. – 232 бет.
  9. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика .үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2004. 20 наурыз.
  10. Милль Дж.С. Принципы экономической науки. Москва, Политиздат, 1953, Б.352.
  11. Есентугелов А. Стратегия безопасного экономического развития Казахстана в условиях глобализации // Аль-Пари, 2002, №1.3-7б.

Информация о работе Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары