Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:16, курсовая работа
Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:
мемлекеттің мәнін ашу, оның атқаратын негізгі функцияларының ұғымын және сипаттамаларын түсіндіру;
нарықтық экономиканың мәнін анықтау, оның функциялары, қағидалары (принциптері) және нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсатын зерттеу;
нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай, республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайын сипаттау;
мемлекет пен экономиканың арасындағы өзара байланысты сипаттап көрсету;
мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі, оның қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау.
I. Кіріспе............................................................................................................3-
II. Негізгі бөлім................................................................................................
Мемлекеттің мәні мен функциялары.....................................................
Мемлекеттің мәні.....................................................................................
Мемлекеттің атқаратын негізгі функциялары.................................
Мемлекет функциясының ұғымы.....................................................
Мемлекет функциясының сипаттамасы...........................................
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы..................................................................................................
Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары (принциптері)...
Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай............................................................................
Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайы..........
Экономика және мемлекет.......................................................................
Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы...............................
Мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі...................................
III. Қорытынды..............................................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер..................................
Жоспары:
I.
Кіріспе.......................
II.
Негізгі бөлім.........................
III.
Қорытынды.....................
IV.
Пайдаланылған әдебиеттер....................
I.КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: «Мемлекеттік экномиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, қазіргі таңда мемлекет экономикасын өркендету басты мәселелердің бірі болуында. Экономиканы нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік- экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі- мемлекеттік басқарудың экономикалық аспектісінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Әлемдік жахандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау- басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз етеді. Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасы нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады. Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.
Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:
Осы тақырыпты зерттей отырып, мемлекет пен экономика туралы еңбектердің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер). Қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.
Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттің
мәні толықтай ашылады, оның атқаратын
негізгі функцияларының ұғымы мен сипаттамалары
қарастырылады. Екінші бөлімде бірнеше
функция орындай алатын нарық негізі туралы,
яғни нарықтық экономиканың мәні және
қағидалары (принциптері) туралы айтылады.
Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы
экономикалық, әлеуметтік жағдай және
республиканың нарыққа өтуінің концептуалды
жағдайы сипатталады. Үшінші бөлімде мемлекет
пен экономиканың өзара байланысы көрсетіледі,
мемлекеттік саясат және экономиканың
өсуі қарастырылады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Мәнділік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан бөліп алатын, зерттелетін құбылыстың басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттің мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұл бір жақты, демек – ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әртүрлі озбырлықтан қорғауға келіп саятындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану мүмкіндіктерін айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді. Ал В.И.Лениннің сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық және капиталистік тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.
Мемлекетті таптық тұрғыдан
Теория жүзінде зерттеліп,
Әйтсе де, қоғамның көптеген
Бірінші кезекте бұл мемлекет
шешуге тиіс міндеттердің
Мемлекетке объективті ықпал
ету ылғи да үстемдік етуші
таптың мүдделерін ғана
Басқаша айтқанда, мемлекет, тәжірибе көрсеткендей, бүкіл қоғамға үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп таңумен ғана емес, сондай-ақ барлық таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын объективті қажет жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет етуіне, халыққа және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшыраған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің рөлі жағымды бағалануы керек. Егер мемлекет үстемдік етуші таптың, әлеуметтік топтың, билеуші таңдаулы топтың жетегінде кетіп, солардың ғана мүддесін жүзеге асырумен айналысып, басқа барлық әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді ескеремесе, онда оның рөлі жағымды бола қоюы екіталай.
Осылайша, мемлекеттің мәні туралы
мәселеге қоғамның түрлі
1.2.1. Мемлекет функциясының ұғымы.
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда өз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компонеттер мемлекеттің дербес функцияларын айқындап тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдыңпроцесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияеы екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынадай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты
А) сенімді және мәжбүрлеуді;
Б)
басқаруды орталықтандырудың
В)
авторитарлық пен қоғамдық
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет
қызметінің негізгі
Функциялар теориясы
а)
мемлекеттің іс әрекеті жағын
сипаттайды, оның рөлін, мәнін,
дамуперспективасын ашады,
б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді;
в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікірқалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгертулер енгізудің қажеттігіне бағыттайды.
Мемлекеттің функциясы мен мәнін себептік қатынастарымен байланыстыра отырып, бұл тікелей байланыс еместігін естен шығаруға болмайды. Ол кейбір аралық факторлармен, атап айтқанда дамудың белгілі бір кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған міндеттермен жанама байланысқа түседі. Мемлекеттің міндеті неғұрлым динамикалы фактор,демек мәніне қарағанда анағұрлым өзгермелі. Мемлекеттің экономика, әлеуметтік және рухани қатынастар саласындағы, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте, сыртқы саясаттағы нақты міндеттерінің жиі өзгеруі мемлекет қызметінің тиісті түрлерінің ауқымы мен қарқынына, олардың арақатынасының пропорциясына ықпал етеді.
1.2.2. Мемлекет функциясының сипаттамасы.
Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Информация о работе Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары