Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:
мемлекеттің мәнін ашу, оның атқаратын негізгі функцияларының ұғымын және сипаттамаларын түсіндіру;
нарықтық экономиканың мәнін анықтау, оның функциялары, қағидалары (принциптері) және нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсатын зерттеу;
нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай, республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайын сипаттау;
мемлекет пен экономиканың арасындағы өзара байланысты сипаттап көрсету;
мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі, оның қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау.

Содержание

I. Кіріспе............................................................................................................3-
II. Негізгі бөлім................................................................................................
Мемлекеттің мәні мен функциялары.....................................................
Мемлекеттің мәні.....................................................................................
Мемлекеттің атқаратын негізгі функциялары.................................
Мемлекет функциясының ұғымы.....................................................
Мемлекет функциясының сипаттамасы...........................................
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы..................................................................................................
Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары (принциптері)...
Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай............................................................................
Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайы..........
Экономика және мемлекет.......................................................................
Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы...............................
Мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі...................................
III. Қорытынды..............................................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер..................................

Работа содержит 1 файл

ТГУ курстық жұмыс.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

   Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.

   Адамдардың өндіріс, орналастыру  және алмастыру саласындағы қатынастарын  қамтитын мемлекеттің экономикалық  функциясы жетекші орындардың  бірін алады. Экономикалық функцияныңкөлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әртүрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және, әдетте, ықпал етеді де:

  1. экономиканы дамытудың сара жолын таңдау;
  2. мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;
  3. экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру;
  4. жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау;
  5. экономикалық инфқұрылым құралдарын пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айрықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.

  Мемлекеттің  ішкі функцияларына сондай-ақ  мына төмендегілер де жатады:

    • идеологиялық, бұлфункцияның мақсаты – халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету,бұқаралықақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Мемлекет азаматтар санасының үкімет саясатын қолдауға немесе оған адалдыққа негізделуіне және оппозициялық-сыни идеяларды қабылдамауына мүдделі. Әдетте, мемлекет идеологиялық функцияны қамтитын мақсаттарға қол жеткізу жолында қаржы алмайды, оны жүзеге асырушы мекемелер жүйесін құрады, ниеттес және рухы жақын мемлекеттік емес құрылымдар қызметін қолдайды;
    • қорғаушы, бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен нығайту, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған. Мемлекет сот, құқық қорғау органдарының және осы функцияны жүзеге асырумен айналысатын билік құралдарының ұйымдастыру-мәжбүрлеу жүйесін құрады, олардың қызметін қаржыландырады, оның тиімділігін арттыру шараларынқабылдайды, оның халық үшін қолайлы және ашық болуын қамтамасыз етеді,қажеттілігіне қарай үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады;
    • экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқаратын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми-техникалық прогресті жедел дамытудан және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа төніп тұрған қауіпті екеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығына да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғат ресурстарын ұтымды да үнемді пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе теңдігін бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Қазақстанда осы жүйені басқаратын және аталған қызметтерді атқарумен тікелей шұғылданатын табиғат ресурстары және айналадағы ортаны қорғау министрлігі арнайы құрылды. Бүгінде адамзатқа экологиялық қауәп қатер төніп тұрғандықтан, ал жекелеген мемлекеттердің оны жоюға күш-мүмкіндігі жете бермейтіндіктен, бұл бағытта бірнеше мемлекеттердің қызметін үйлестіру қажеттігі туады. Сондықтан, экология саласында халықаралық және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс-қимыл тәжірибесін тарату кең өріс алуда.

     Сыртқы  функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі ффункциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.

     Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің  қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен  олардың агрессиялық әрекетеріне  қарсы тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және байыту. Қорғаныс функциясы бейбіт уақытта және соғыс кезеңінде әртүрлі болады: бірінші жағдайда әңгіме агрессияға қарсы дайындық, әскери күш пен жауынгерлік техниканы алдын-ала жинастыру және жетілдіру, армияның бүгінгі күнгі күрестің барлық трлерін меңгеоу туралы болса, екінші жағдайда – мемлекеттің және оның армиясының қарсыластарымен жауынгерлік шайқастар мен басқа да операцияларға шын мәнінде қатысу. Алайда, қандай жағдайда болса да, мемлекет аталған фуекцияны жүзеге асырумен айналысатын, қорғаныс министрлігі басқаратын кең тармақты органдар жүйесін құрады, армияны және қарулы күштіңң басқа да түрлерін ұстайды, оларды жинақтаудың және олардың жұмыс істеуінің тәртібін анықтайды, әскери қызметке шақырылатын азаматтардың құқықтары мен міндеттерін реттейді, солдаттардың, оффицерлер мен генералдардың өзара қарым- қатынас принциптерін бекітеді, армияны жаңа қару – жарақпен және техникамен жарақтандырумен, оны азық- түлікпен, киім-кешекпен, материалдық- ұйымдастыру құралдарымен қамтамасыз етумен айналысады.

     Мемлекеттің  басқа бір сыртқы функциясы- көршілес, сондай – ақ басқа мемлекеттермен қатынасты жөндеу функциясының да мәні зор. Мұндай қатынасар мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге,онда толық құқықты субъекті және партнер ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.Олардың нысаны әртүрлі – дипломатиялық қатынастар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық құрылымдар жағынан байланыстар. Мемлекеттер  арасындағы қатынастарға  ресми сипат пен жария мәртебе беретін дипломатиялық қатынастар ерекше рөл атқарады. Олардың шеңберінде мемлекеттер арасында саяси, сауда – экономикалық, ғылыми – техникалық, мәдени және басқа да байланыстар нығайып, көптеген өмірлік мәселелер өзара түсіністік негізінде шешіледі. Белгілі бір жағдайларда (екі жақтың да ұмтылысы мен пайдасы болған кезде ) мемлекетаралық қатынастар тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қатынасына айналуы мүмкін, ол жасалатын келісім - шарттардан (мысалы, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер), сондай- ақ  олардың үкіметінің міндеттемелерінсақтауына көбірек көңіл бөлуінен, бастамаларды өзара қолдаудан, аталған  мемлекеттердің сыртқы   саяси   акцияларын  үйлестіруінен көрініс табады.

     Қазақстанның  мемлекеттік - құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары таралып, оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері демократияландырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы.

2.1. Нарықтық экономиканың  мәні және қағидалары (принциптері).

   Нарықтық экономика ұтымды жұмыс  істейді, егер де мына жағдайлар  айқын болжалып және айқындалса:

  1. Тауарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек.
  2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін тауарлар мен қызметтерді анықтау.
  3. Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.
  4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
  5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалуы керек.

   Нарықтық қатынас дегеніміз –  аталған бес шарттыңміндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.

   Нарықтық қатынас кемеліне келгенде  иелік ететін екі жақ та  маманданып, өндіріс технологиясы  мен оның өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.

   Нарықтық экономикада өнімнің  де, қызметтің де бағасы бар.  Егер тұтынушыға әлде бір өнім  көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.

   Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға  бағытталған және өндірушілердің  баға көтерушілік ниеттерін тежеу,  өнімді сатуға байланысты мәселелермен  маркетинг саласы айналысады.

   Нарық дегеніз шаруашылық байланыстардың  белгілі көрінісі болғандықтан  бөліс, сұраным мен тұтынушы  әрекеттерін жарасымды келістіріп  отырады. Нәтижесінде нарыққа  қатысушылардың бәрінің де сіңірген  еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген  өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.

   Нарықтық қатынас сұраным мен  ұсынысқа негізделеді. Сұраныс  тұтынушылардың қаражатына қарай  нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың  басты жетекшісі өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным  төмендейді, баға арзандаса сұраным  арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқандай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.

   Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған тауарының санынан-ақ белгі бермек. Тауар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, тауар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.

   Нарық адамдар арасындағы сан-салалы  экономикалық қарым-қатынас жүйесі  болғандықтан өндіріс барысында,  таратуда, айырбас пен тұтынуда  мынадай қағидаларға тіреледі:

  1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың экономикалық, шаруашылық және кәсіпкерлік іс-әрекеттеріндегі еркінділік заңдылқты сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде еркіндіктің екі жағы бар. Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни ол кәсіпке кіріседі, өз ойындағысын іске асырады. Сөйте жүріп шаруашылық іс-әрекеттерге байланысты қабылданған ережелер мен нормаларды сақтаса, экономикалық еркіндік алады. Екіншіден, мекемелер мен азаматтардың кәсіптерінің түрі, сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойылады.
  2. Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын есте ұстау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықты және қатынастарды мемлекет тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек мемлекет қандай амалдар қолдануында. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде мемлекеттік бағдарламалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайлы заңдар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметтік қорғау сияқтылар араласады. Нарық еркіндігі экономикалық жауапкершілікпен, кәсіпкердің тәуекелімен қатар жүреді. Теңдік құқығы енгізіліп, меншіктеудің қанша бір түрлеріне еркіндік туғызған нарық шағынды кәсіпкерші шаруа иесі толығынан экономикалық жауапкершілікте болады.
  3. Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі. Жеткіліксіз дүниедеөндіруші тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол қалпында қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да баға дегеніміз көтеріле береді, өндіруші ешнәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда табады. Көлденең араласқа шығысымен шаруа иелерінің экономикалық еркіндігі кеңейе түседі, ал мұның өзі әрқайсысынан өз жолын тауып, іс-қимылын қайта қарау, бағаны еркін қою, кіріс пен пайданы бөлісу, қайтадан бөлісу, бәсеке механизмінің көмегімен қаражат-несие жолдарын пайдаланып, өз білгенін істеу әрекетін туғызады.
  4. Экономиканың ашықтығы. Мұның мәні мекемелердің белгілі шарттарды сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті кеңейте түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелерден бірдей құқықта ішкі нарықта тауар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге мүмкіндік берілген.
  5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз іскерлікті қоздырудың ықпалды да тиімді құралы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып өнім сапасын арттыру, тұтынушылардың құбылып отыратын мүдделерін қанағаттандыру. Әрине, бәсеке ең алдымен ұқсас өнімдер шығаратын кәсіпкерлер арасында туындайды.
  6. Финанс және қаражат айналымына әсері. Егер орталықтанған экономика материалдық-заттық орындарды басқаруды қорлар жасау, өндірер заттың көлемін белгілеу арқылы жүргізілсе, нарықтық экономика басқару жұмысын баға механизмі, ақша, несие, банк, салық жүйелері арқылы жүргізіледі.
  7. Нарықтық баға қою жолдары. Нарықта баға деген сатушы мен алушы арасында саудаласу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасып, ауызша келісім немесе шарт жасасады. Нарықтық бағаны еркін баға деген түсінік бар. Оның тіркеулі бағадан өзгешелігі – ол ұдайы өсе береді. Біріншіден, әсіресе өтпелі кезеңде, мемлекет өзін-өзі ақтаудың орташа көрсеткішіне сәйкестендіріп бағаның жоғарғы шегін бақылайды. Екіншіден, тұрақтандырылған экономикада әлдебір тауардың жоғары табыс бере қалса, бәсекелестер ол тауарды жарыса өндіріп сатады да бағаны құлдыратып жібереді. Сөйтіп қалыпты нарықта баға заттың өзіндік құнынан төмен емес, бірақ өзіндік құнның сомасы мен табыс өндірісті кеңейте беруден аспайды.
  8. Шарт және контракт қатынастардың талаптарын сақтау нәтижесінде жоғарыдан басқару көлденеңнен басқарумен ауысады, яғни тең құқықты шаруа иелері өзара келіседі. Нәтижесінде негізінен серіктестік қарым-қатынас қалыптасады. Жалпы заңдылықты,ережелерді сақтау үшін бағыныштылық қатынасқа онша мән берілмейді. Толық мағыналы нарықта тауар өндіру мен сату ғана емес қызметкерлер алу, босату, еңбек төлеу, мекемелерге несие беру де контракталық жағдайға көшіріледі.
 

2.2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай.

   Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.

   Олар ең алдымен Қазақстан  экономикасының құрылымындағы қайшылықтар  да болды. Мұнда терілмеген  мол мүмкіншіліктер бола тұра  өнеркәсіптің дәрежесі өте төмен болды. Реформаға кірісерде /1987ж/ республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса, Қазақстанда 46% қана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді, КСРО да ОЭК, ТМД, химия және мұнай-химия өндірудің үлесіне орташа 9% келсе, Қазақстанда 15% /1987ж/ еді. Ал машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27% болса, Қазақстанда 17%-ға ғанажетті /1987ж/.

   Республикада КСРО халқының 6 пайыздай  тұрғанмен, Одақ бойынша өндірілетін қоғамдық өнімнің 4,5% өндірілді. Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтың салдарынан адам басына шағатын өнім өте төмен болды.

   Халық тұтынатын тауарлар өндіретін  салалардың үлесі Қазақстанда  кем еді. Ол өнімдердің 60% дейін республикаға сырттан әкелініп тұрды. Қазақстаннан жуылған жүннің 70%, жиналға астықтың жартысынан астамы, мақтаның, мал терісінің, аң терісінің 50% өңделмеген күйінде сыртқа жіберіліп отырды. Шикізат және жартылай өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд. Рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделгеннен кейін қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8 млрд. болып шықты. Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі 9% еді, ал Эстонияда осындай үлес - 45 % болатын. Қазақстан одақтық қорға республикада дайындалға нбарлық еттің 33%-ын /басқа республикалар 17-19 %/ жіберіп отырды. Осының нәтижесінде нарықтық қор есебінің бүкіл КСРО бойынша адам басына шаққанда келетін ет көлемі 42 кг. болса, ол Қазақстанда 32 кг. ғана болды.Республикадан өңделмеген астық пен жүннің салық айналымынан бюджетке түспеген ақша 1,1 млрд. рубльге кеміп отырды.

   Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның экономикасы иемдене басқарылып,өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында жүргізілді. Мысалы, Қазақстан өнеркәсібінің 93% одақтық министрліктер мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржының 70 % дейіні «А» тобындағы өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалды. Мұның өзі экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді /приватизациялауды/ қиындата түсті.

Информация о работе Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары