Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:13, курсовая работа
Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.
Топтар мен жіктерге әлеуметтік бөліну және оларға тән қарама-қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым-қатынастар мемлекеттің саяси функциясына – қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызды. Мемлекеттік аппаратта ерекше дәрежелі топтар шоғырланғандықтан әлеуметтік реттеу функциясы негізінен осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцияны орындау сәтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.
Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік- мүддесін білдіретін орталықтандырылған билік арқылы жүзеге асты. Халық сайлайтын немесе билікті мұрагерлікпен алатын бделді тұлғалар тобы тікелей билікке ие болды.
Бүгінгі таңда аталған факторлардың ешқайсысы да ұтымды басқарудың заңды негізі (детерминанта) ретінде өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көптеген басқа да оьъективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез-келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін және формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағаттандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттат жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мәселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік-техникалық және экономикалық базисі әлеуметтік құрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, әлеуметтік институттардың, адамдар қажеттіліктерінің мазмұны мен құрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тұрғыдан өзгеруіне себеп ьолды, Жаңа қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар туғызады. ХХ ғасырдың екінші жартысы мемлекеттердің адам құқығы мен бостандықьарын қорғау мәселелерін шешуге басты назар аударып, әлемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңі болып табылады.
Әрбір
ел үшін аталған мәселелердің
белгілі тарихи кезеңмен байланысты
өзіндік ерекшеліктері болады.
Егер басқарушы күштер өз
қызметтерінде жалпы даму заңдылықтарын
білуді басшылыққа алуға қабілеттілік
танытпаса, сондай-ақ өздері
басқарып отырған халықтың жағдайын,
даму деңгейін, дәстүрін, оның
үміттерін ескермесе онда қоғамды
басқару өзінің алдында қойған
міндеттерін толық атқара алмайды.
3.3 Мемлекеттік басқарудың объективті және субъективті басқару қажеттілігі
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу – мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі – мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет ұғымына әр түрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? Деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретінде мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұоақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар – көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінгі біржақты емес. Сондықтан саясат сбъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатынасына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікеоей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум – осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.