Мемлекеттің мәні және басқару нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.

Работа содержит 1 файл

курсовой Ақмарал.doc

— 155.50 Кб (Скачать)
"justify">    Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы  қызметті қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс - әрекетін құқықтық реттеумен байланысты.Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі  туындайды. Бұл мағнада ол білімнің саяси – заңдық саласы ретінде  сипатталуы мүмкін.

    Сондай-ақ жоғарыда  айтылғандай мемлекеттік басқару  мемлекеттің тұтас қоғамға  жалпы ықұпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым.

    Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны  - қоғамды   басқару институты ретінде мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды  жүзеге асырудың зааңдылықтары мен қағидаларын оқып – үйрену, басқарудың негізі ретіндегі  мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

    Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси – құқықтық институты ретіндегі  мемлекеттік билік органдарының  қызметін және қалыптасатын саяси – құқықтық  әлеуметтік қарым  - қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесіндей ұғымдарды жатқызамыз:

    - мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі  мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар);

    - мемлекеттік билік (саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б): басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті- құқықтық реттеу);

    - басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);

    - атқарылған қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін  ұғымдар:мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;

    - басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;

    - басқару қызметі мен қатынастардың қорғаушы қорғаушы күштеін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;

    - тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі ;

    - билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару;

    - мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси құқықтық , экономикалық және басқа кеңестіктер.

    Мемлекеттік басқару теориясында филосософиялық-әлеуметтік және басқа жалпытеориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.

    Ғылыми  әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері  бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси  басқару, рухани идеологиялық басқару.

    Қоғамдық  қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар  мен өндірушілер  арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық  сақтау салаларының қызметін пайдалану  барысында туындайтын қатынастыр), саяси және рухани дамуын басқару.

    Басқарудың  қоғамдық құбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты: қоғамды  басқару, мемлекетті басқару, кәсіпорын, ұйымдарды, фирмаларды басқару және т.б.

    Мемлекеттік басқарудың өзіне   ғана тән ерекшеліктері оны   басқа басқа басқару түрлерінен  ерекшелеп  тұрады.  Ондай  ерекшеліктер  үшеу.  Мемлекеттік  басқаруда,  осы  аталған  басқару  түрін  жүзеге  асыратын  оның  субъектісі – мемлекет.  Мемлекет  анықтамаларының  айырмашылығына  және  оның  көп  қырынан  көрініс  табуына  қарамастан  барлық  зеттеуші-ғалымдар  бір ауыздан онда  шоғырланған билік күшін атап  өтеді.  Мысалы  М.Вебер: «Мемлекет дегеніміз адамдардың  легитимді күш қолдану арқылы  екінші  бір адамдарға үстемдік  етуі» - деп жазған.  Қоғамда адамдардың  тәртібінің   дұрыс  болуын  қамтамасыз  ететін  және  оған   мәжбүрлеу арқылы  қол жеткізетін  мемлекеттік құрылым туралы  пікір қалыптасты.

    Сонымен  қорыта айтқанда  мемлекеттік  басқаруды  былай  деп  анықтауға  болады:  мемлекеттік  басқару – бұл мемлекеттің адамдардың  қоғамдық  іс-әрекеттерден  тәртіпке  келтіру,  сақтау  немесе  қайта құру  мақсатында  өзінің  билік күшіне  сүйене  отырып  практикалық,  ұйымдастырушылық және  реттеушілік әсері.  Әрине,  күрделі қоғамдық  құбылыстың  кез келген  анықтамасы  шартты   сипатқа  ие  және  жіктелуі  болады,  берілген  сипаттамаларға  кейбір  элементтердің  енбей  қалуы  мүмкін. Мемлекеттік  басқарудың  ұсынылып  отырған  анықтамасының  ерекшілігі  оның   жүйелі  ұйымдасқан  субъект  ретінде  басқарушы  әсерді  қабылдайтын  адамдардың  қоғамдық  өмірін,  мемо\лекет  пен  қоғамды  байланыстыратын   басқа  әсерін  біріктіруінде.  

    2.3 Мемлекттік  басқарудың  әдістемелік  негізі

    Басқару  теориясының  және  оның  методологиялық  негізінің  кешенді  сипаты  саяси-әлеуметтік  және  саяси-құқықтық  өмірді  зерттеудің  объективтік және  субъективтік, әлеуметтік,  социологиялық және  жалпы ғылыми,  теориялық,  эмпирикалық әдістердің  жиынтығын айқындайды.

    Объективті  және  субъективті  саяси-әлеуметтік  өмірдің  көрініс  ретіндегі   мемлекеттік  басқарудың  екі  ұдайылық  болмысы  оны  зерттеу  барысында  объективті  және  субъективті  әдістерді  қолдану қажеттілігін  тудырады.  Объективті  әдіс  зерттелуші  объектіні – мемлекет пен  оның  қызметін  қандай  да  бір  қөзқарас   тұрғысынан  бағалауды  қажетсінбейтін,  тарихи  қажетті  процесс  ретінде  сырттай  бақылап,  өзгеріссіз  қабылдауды  білдіреді.   Ол  зерттеуші  субъектінің  ой-пікріне  сүйенбей  басқарушылық  қызметтің  объективті  нәтижесін  талдау  арқылы  мемлекеттің   басқару  жүйесін  түсіндіру  әдісі.  Субъективті  әдіс  объектіні  адамдардың  өздері  ұйымдастырған  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  және  басқа  да  өмірлері  ретінде  қарастыруды  ұйғарады.  Егер  объективті  әдіс  танып-білуші  субъективтіге  тәуелсіз  болатын  объектіден  туындаса,  ал  субъективті  әдісте  объект  емес,  керісінше,  қоғамның  қандай  да  бір  мүшелерінің  ол  туралы  түсініктері,  зерттеушінің  қөқарасы  талдау  көзі  болып  табылады.  Субъективтік  әдіс  субъектінің ой-пікірі,  ұстанымы,  мүдделері арқылы  саяси-әлеуметтік  ақақатты  сипаттауға  және  түсіндіруге мүмкіндік береді.  Объективтік әдістердің  ішінде  нақты өмірдегі  құбылыстар  мен процестерді бақылау,  салыстыру,  қорытындылау  басқарушылық  қызмет  пен  қатынастардың  сипаттама  моделін  әзірлеу  әдісін  атап  өткен  жөн.

    Мемлекеттік  басқару  мақсаттары  мен  функцияларын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  әдістерді  мазмұны  және  адамдардың  мінез-құлықтары  мен  мүдделеріне  әсер  ету  аспектініне  қарай  моральдық-этикалық,  әлеуметтік-саяси,  экономикалық  және  әкімшілік  деп  бөлеміз.

    Мемлекеттік    басқару  адамдардың  әлеуметтік  қызметін  және  соның  негізінде  қалыптасатын   қоғамдық  қатынастарды  білдіреді.  Ол  әлеуметтік  ортада  жүзеге  асатындықтан  оған  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының  тигізетін  ықпалы  зор.  Сондықтан  мемлекеттік  басқаруды  ғылыми  танып-білуде  әлеуметтік  әдістер  қолданылады.  Себебі  саяси-әлеуметтік  талдау  мемлекеттік   органдардың  атқаратын нақты міндеттерін айқындайтын басқару сратегиясын әзірлеумен  және  әлеуметтік  қажеттіліктерді,  мүдделерді,  құндылықтарды анықтаумен  байланысты  болатын көптеген  теориялық және  тәжирибелік мәселелерді шешуге  мүмкіндік береді.  Саяси-әлеуметтік  әдістер адамдардың  еңбек,  тұрмыс  жағдайларымен,  оларға  әлеуметтік  қызмет көрсету,  қоғамдық  және  саяси белсенділіктерін  дамытумен,  билік процестеріне  қатысумен байланысты.аяси-әлеуметтік  әдістер адамдардың  еңбек,  тұрмыс  жағдайларымен,  оларға  әлеуметтік  қызмет көрсету,  қоғамдық  және  саяси  белсенділіктерін  дамытумен,  билік  процестеріне  қатысумен  байланысты.

    Әлеуметтік  әдістер   басқару  жүйесі  мен  қоғамның  өзара  іс-әркететіндегі  кері  байланысты  оқып-үйренудің  негізгі  құралы  бола  отырып,  көбінесе  мемлекеттік  институттардың  қандай  да  бір  шешімдеріне  деген  халықтың  жеке  әлеуметтік  топтарының    көрініс табады.  Әлеуметтік,  оның  ішінде  эмпирикалық  әдістердің  көмегімен  экономикалық,  құқықтық  жүйенің,  мемлекеттік  чаясаттың  әлеуметтік  тиімділігі  анықталады.  Сонымен  қатар  бұл  әдістер  мемлекеттік  басқару  аясындағы  жеке  адамдардың  тәртібін,  іс-әрекеттерін  және  саяси  бағдарын  талдауға  мүмкіндік  береді.

    Басқарушылық  қызмет  әдістерін  жеке  түрде  емес,  талғамды  түрде,  қоғамда  орын  алған  жағдайға  байланысты,  болған  оқиғаның  сипатына  және  адамдардың  тәртібінің  деңгейіне  қарай қолданған  жөн.  Сонымен  бірге  әрбір  әдістің өзінің  қолдану  шегі  бар,  осыған  байланысты мемлекеттік басқару  органдары өздерінің басқарушылық  қызметі  аталған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Мемлекеттік  басқару  қағидалары  мен  объективті  және  субъективті  басқару  негіздері 

    3.1 Мемлекеттік  басқарудың  қағидалары мен  негізгі әдістері

    Мемлекттік  басқару  жүйесінде қағида  заңдылықты,  қатынстарды,  элементтер  арасындағы  өзара  байланысты   білдіреді.  Соларға сәйкес  мемлекеттік басқару жүйесі  құрылып,  жұмыс істейді.  Қандай  да  бір қағидадан «бас  тарту» бүкіл   жүйенің  қалыпты қызметіне нұсқан келтіруі  мүмкін.  Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау  және   негіздеу  процесіне белілі  талаптар  қойылады:  а) мемлекттік  басқарудың  кез келген  емес,  тек ең  маңызды,  басты,  объективті,  қажетті заңдылықтарын,  қатынастары   мен  өзара  байланыстыратын  білдіру;  ә) мемлекеттік  басқарудағы тек  тұрақты  заңдылықтарды  сипаттау; б) мемлекеттік  басқарудың  өзге  басқару  түрлерінен  ерекшелігін  білдіру.

    Мемлекеттік  басқару  қағидаларының  ерекше  белгілерін  де  атап өткен  жөн:  ұл  олардың  диалектикалылығы,  жүйелілігі,  басқарушы  субъектінің біліміне  байланыстылығы  және  қағидалардың  өзара  байланыстылығы.

    Отандық  және  шетелдік  ғалымдар  басқару  қағидаларын  жүйелеу  мен  жіктеуге  әр  түрлі көзқарастар білдіреді.  Олар  мемлекеттік басқарудың  ерекшелігін ескере  отырып  басқару қағидаларының жүйесін үш  топқа бөледі:

    1) жалпы  ортақ  қағидалар:  жүйелік,  объективтілік,  өзін-өзі  реттеу,  кері  байланыс,  оңтайлылық,  құқықтық  реттілік (заңға сәйкес   келу);

    2) қоғамның  түрлі  салаларында  (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани)  және  әр  түрлі  қоғамдық  құбылыстарды,  ұйымдарды,  институттарды   талдау  барысында  қолданылатын  жекелеген  қағидалар; 

    3) мемлекеттік  басқарудың  ұйымдастырушылық-технологиялық  жақтарын  қарастыратын  ұйымдастырушылық-технологиялық  қағидалар. 

    Бұл «жіктеу» соңғы  емес.  Ғылыми әдебиеттерде  мемлекеттік  басқару қағидалары жүйесінің көптеген  түрі келтірілген,  олар  шектеулі  емес. Сондықтан  мемлекеттік  басқару  тәжірибесінде қолданылатын  барлық  қағидаларды қамту  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты  мемлекеттік басқару ісінде  барынша  маңызды  болып  табылатын  қағидаларға  ғана  тоқталғанды  жөн  санаймыз.

    Қоғам  күрделі  жүйе  болып  табылатындықтан  басқарудың  негізгі  қағидасы  ретінде  жүйелік  қағидасын  атауға  болады.  Қоршаған  ортамен  өзара  әрекетінің  сипатына  қарай  жүйелер  жабық  және  ашық болады.  Сол  сияқты  қоғам да  жабық  және  ашық  болуы  мүмкін.  Жабық  қоғамда  басқару  объектісі  мен  субъектісі  арасында  кері  байланыс  үлкен  мәнге  ие  болмайды.  Мақсатқа  жету  үшін  мұндай жүйенің  дамуын басқару  директивті  басқару  қағидасына  сүйенеді.  Мұның  айқын  мысалы  кеңестік  жоспарлы  жүйе.  Оның  салдарынан  қандай   болғаны  белгілі.  Нәтижесінде  кеңестік  директивті-жоспарлы  экономика  мейлінше  тиімсіз  болып  шықты.  Екінші  түрі – ашық  қоғам,  дамудың  қатаң  белгіленген  варианты  тән  емес  және  мақсатқа  жету  қағидасы  ретінде  терминалдық  басқару,  яғни «қоғалысты»  дамуды  еркін  бағдарламалау. 

    3.2 Мемлекеттік  басқарудың  объективті  қажеттілігі

    Қоғамды мемлекттік  басқарудың  объективті  қажеттілігі  жалпы  тарихи  және  әлеуметтік-саяси,  сонымен  қатар  нақты  қоғамның  тек  өзіне  тән факторлардан  туындайды.  Аталған факторлардың  бірінші тобы  мемлекет  болмысымен  байланысты.

    Қазіргі  ғылыми  деректерге  сәйкес  алғашқы  мемлекет  адамдар  қауымдастығының  өмір  сүру  шартына  айналған  еңбек  қызметінің  жаңа  нысандарын,  өндіруші  экономиканың  қызмет  етуін  ұйымдасқан  түрде  қамтамасыз  ету  үшін  пайда  болады,  деп  жазады  профессор  А.Венгеров.  Осыдан  келіп,  ең  алдымен,  қоғамға  ақпараттық  қызмет  көрсетуді  көздеген  басқарушылық  (жұмытар  туралы  әр  түрлі мәліметтер  жинақтау  және  т.б.)  функция туындайды.

Информация о работе Мемлекеттің мәні және басқару нысандары