Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:13, курсовая работа
Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.
Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған интелектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің ағымын және жағдайын, адамдардың сана – сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әлеуметтік нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді анықтайды, оны жетілдіру мен жаңа деңгейге көшірудің оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән – мағнасы басқарылатын процестің жаңа сапасын ашу, ал бұл шығармашылық күш – қуат қажет еттеді.
Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қорғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.
Басқару ісі сондай – ақ субъектінің ерік – қалауын білдірітін күрделі әлеуметтік - психологиялық құбылыс болып табылады. Онымен айналысатын әрбір адам талдау, бағалау, таңдау, бақылау амалдарын ойлау қабілеті, ерік қалауы арқылы атқарады. Бұл мемлекеттік билік органдарының ұжымдарында ерекше әлеуметтік – психологиялық жағдайды, мінез – құлық пен қызметтің белгілі бір түрін қалыптастырады. Ерікті үнемі шыңдау, жауапкершілік жүгі, тәртіптілік, мемлекеттік қызметті атқаруға бағыныштылық - мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметпен айналысатын адамдарға тән қасиеттер.
Егер бұл қасиеттер болмаса онда мұндай орган жүзеге асыратын басқарушылық ықпалдар адамдар арасында беделге ие болмайды.
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандайда бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперация талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылық қызмет өзінің әлеуметін жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.
Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі – сан қырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы бірге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттыр бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылық ұжым бола тұра, өзінің кәсіби деңгейінің төменендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан – жақты ойластырып, тепе – тең түрде әрекеттке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.
Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне, адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда заңдық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқаруға ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекеттік органдарда тіркеліп, олардың құқықтың мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процесінің элеметтерімен ұқсастығы туындайды.
Барлық
басқару деңгейлеріндегі
Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен – бірін ажырата білген жөн. Саяси және әкімшілік шешімдерді бінен – бірі ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықтың шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастық ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Саяси шешімдер аймақтық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қоғамдастықтың шеңберінде қабылданса да сол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.
Әкімшілік шешімдер адамдар өндірістік – шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жәке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шгығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.
Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерде қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немесе жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табалады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік – басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.
Мемлекеттік шешім қабылдайтын субъект - мемлекеттік биліктің басқарушы органымен алқалы немесе жеке лидермен ; шешімді атқарушысубъект – мемлекеттік қызмет аппаратымен ; шешім бағытталған объектімен ( төмен деңгейдегі басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.
Мемлекеттік шешімдердің басқа да сипаттамалары бар : шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы мемлекеттік билік субъектісінің деңгейін, оның заңға сәйкестілігі мен негізділігін білдіреді;
- әдетте саяси шешімдер көп мақсатты болып келеді.
Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілер деңгеиіне қарай : жалпы ұлттық, аймақтық жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттары мен міндеттері сипатына қарай – саяси әкімшілілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немесе мемлекеттік өмірдің жекелеген облытарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша бойынша - шаруашылық – экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік , құрылыс және т.б. бойынша бойынша шешімдер ; басқару объектісін қамту маштабына қарай – жалпы жүйелік, жалпы саяси, макроэкономикалық, мироэкономикалық шешімдер; басқару функциялары бойынша - жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.
Саяси шешімдердің мысалы келтіру ретінде мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік – саяси және әскери - стратегиялық тұжырымдамаларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялық сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік - басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын, министірліктер мен ведомстволардың бұйрығы мен өкімдері жатады.
Басқару мәдениеті - мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін аса қажет. Мемлекет қызметінің нәтижесі басқару процесінде жинақталған білім, тәжірибе, экономиканы басқарудың қандай әдістері қалай қолданылатындығына тікелей байланысты. Басқару мәдениет алдыңғы аға буын өкілдері қалыптастырған материалдық және рухани мәдениет, ұлттық дәстүр негізінде дамиды. Адамзат қоғамның дамуы барысында ол да жинақталып, дами береді. Мысалы ғылыми басқарудың жолдарын, әдістерін, тәсілдері мен амалдарын ғылыми бағалау жүргізіледі, әлемдік практикада қолдану үшін олардың ішінен ең таңдаулысы алынады.
Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің құшрамдас бөлігі болып табылғанымен де, басқа мәдениет түрлерімен нысандарынан ажырататын оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Басқару аппаратының әрбір қызметкерінің оны білу тек қажеттілік емес, сонымен қатар тікелей міндеті болып табылады, өйткені кез келген құрлымның, ұйымның тиімді жұмыс жасауы оның қызметкерлерінің мәдениеті жоғары болуымен байланысты. Басқару мәдениеті – басқару процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы, басқарушылық еңбекті ұйымдастырудағы жетістіктердің, сондай – ақ қоғамдық мораль, этика, эстетика, құқық нормалары мен қағидаларына сай келетін басқару жүйесі мен қызметкерлерге қойылатын талаптардың жиынтығы. Ол жалпы түрде экономиканы басқару жүйесіне қойылатын талаптардың сақталу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Экономиканы басқару жүйесін жалпы жүйелік көрсеткіштермен бағалауға болады, олардың ең негізгілері болып табылатындар:
- мақсаткерлік (жүйенің мақсатқа қол жеткізу қабілеттілігі);
- тұтастығы (жүйенің басқа бөлігінде жоқ қасиеттердің жүйеде болу мен қолданылуы);
- байланыстылығы (тиімді технологиялық, ақпараттық, өндірістік және басқа байланыстардың болуы);
- ашық сипатта болуы (жүйенің басқалармен өзара іс-әрекеті және сыртқы ақпаратты қабылдауы);
- серпінділік (жүйенің қандай да бір факторлардың әсерінен өзгеру жылдамдығы);
- дамуға ұмтылыс (жүйе құрамының қандай да бір факторлардың әсері негізінде күрделене тенденциясы).
Бірақ
тәжірибе жүзінде басқару жүйесі
мәдениетін аталған жалпы жүйелік
көрсеткіштермен бағалау қиындықтар тудырыды.
2.2 Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекет
қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан
барлық дерлік гуманитарлық ғалымдар
мемлекеттік басқару
Философия – табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, объективті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әр түрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтармен өзара байланыста және қарым – қатынаста қарастырады.
Саясаттану – мемлекеттік ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғынан қарастырады.
Экономикалық теория – мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқарудың мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын , нысндары мен әдістерін, сондай – ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саяси, мемлекеттік басқару, билік сияқты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізгі саналатын коцепция саясаттың, құқықтың басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.