Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 15:05, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.............................................................................14

2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ...............................................22
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны.........................22
2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37

Работа содержит 1 файл

Мемлекет пен құқық теориясының негіздері.docx

— 81.72 Кб (Скачать)

1) реттеуші және құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы және  міндеттеуші; 3) императивтік және  диспозитивтік. 

Реттеуші норма–бұл субъектінің  субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету  жағдайларын  анықтайтын норма,

Құқыққорғаушы норма–бұл  субъектіге мемлекеттік мәжбүрлеу  шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

Құқық беруші норма–бұл  субъектіге белгілі бір әрекеттерді  жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

Тыйым салушы норма–бұл  субъектіге белгілі бір әрекеттерді  жасадан бас тартуды міндеттейтін норма.

Міндеттеуші норма–бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді  жасау міндетін жүктейтін норма.

Императивтік норма–бұл  қатаң ережелер түрінде көрініс  табатын және құқық субъектілерінің  қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.

Диспозитивтік норма– бұл  өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Гипотеза–бұл құқықтар мен  міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция–бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция–бұл норманы  бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.

Бұл үлгінің сөздік кестесі  мынадай: «егер… , онда… , бұлай болмаған жағдайда…ң. Мысалы, займ шарты жазбаша  нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық  түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілетін  болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы  тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың  күші болмайды.

Құқық нормасы мен нормативтік  акт бабының арақатынасы. Құқық  нормасы мен нормативтік акт  бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы– бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы–бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының  логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында  немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.

Көрсету тәсілдері бойынша  құқық нормасы мен нормативтік  акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тәсіл–құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ә) сілтемелі тәсіл–нормативтік  акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тәсіл–нормативтік  акт бабы нақты бір бапқа емес, белглілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының  өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып  қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес  жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған  арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз  былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды  елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып  айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын  анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты  зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі  таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан  мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару  жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық  жағын айрықша көрсете білу әрбір  тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында  біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара  қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі  бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал  ете алатындығын ескереміз. Сондықтан  да, қоғам мен мемлекеттің, оны  жаңа түрде көрсететін аса маңызды  институттарының көмегімен болатын  өзара қарым-қатынасының принциптері  мен негіздерін теориялық жағынан  айқындау қажеттігі туып отыр. 

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына  байланысты. Демократиялы мемлекеттер  туралы айтатын болсақ, олар тек  қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде  көбіне монархиялық басқару болғаны  жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп  көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны  оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен  тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстанда  екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының орнына екiншi 1995 жылғы Конституция  алынды. Бұл соңғы Конституция  мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың  саяси режимі құрылды

Мемлекеттік аппарат – қоғамды  басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек  қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерiмен  қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат  азаматтардың заңды мүдделер мен  құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан  Республикасы “Мемлекеттік қызмет туралы”  заңның екiншi бабында мемлекеттік  қызмет – азаматтардың мемлекеттік  органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де мiндеттерi мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.

Мемлекеттік аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге бiрiктiредi. Бұл жүйенің  негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір  органның өзiнiң орны, бiр-бiрiмен қарым-қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптері көрсетiледi. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік  органдардың орындайтын қызмет бабы және iстерi өзгеріп отырады. Шығыс  мемлекеттерде бүкіл аппаратты  бір орталыққа бағындыратын –  патшаның билiгi орнаған Парламенттік республикада негiзгi функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

1. Баққұлов С. Д. «Құқық  негіздері».Оқулық,2- ші басылым.  Алматы, 2004 -

   248 бет. III- бөлімі. 46-53 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық   негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті 

    жарғы, 2007. - 304 бет.  III- бөлімі 72-93 беттер.

3. Қ. Р. Конституциясы. II- бөлім  адам  және  азамат  Алматы  2008 ж.

4. Конституцияның  түсіндірме  сөздігі. Алматы  1996 ж.

5. «Әкімшілік  құқық   бұзушылық  туралы» заң  2001 ж.

6. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

    «Жеті Жарғы» 2003 ж.

7. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

8. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

   «Жеті Жарғы» 2006 ж.

9. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

   «Жеті Жарғы» 2003 ж.

10. Сапарғалиев Ғ. «Заң  терминдерін түсіндірме  сөздігі». Алматы «Жеті

    Жарғы» 1995 ж.

11. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

    анықтамалық   сөздігі» Алматы 2001 ж.

12. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және  құқық теориясы» Алматы

    «Жеті Жарғы» 1997 ж.

13. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

14. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

15.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

 


Информация о работе Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны