Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 15:05, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.............................................................................14

2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ...............................................22
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны.........................22
2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37

Работа содержит 1 файл

Мемлекет пен құқық теориясының негіздері.docx

— 81.72 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................3  

 

  1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

МЕН     ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6

1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6

1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10

1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды

     жүйелеу негіздері.............................................................................14  

 

2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ  МАҢЫЗЫ...............................................22

2.1Мемлекет және құқық негіздерінің  рөлі мен орны.........................22

2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ  

 

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты  маңызды жалпы  теоретикалық және әдістемелік  функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының  бірі. Ол өзі  ғана емес, сонымен қатар  басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен  категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында  өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми  игеруде  бағыт қызметін атқарады.

Мемлекет және құқық теориясы  жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы  жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және  мемлекеттанудың бастапқы  түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды  теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.

 Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы  студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және  дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және  басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы  теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік  тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне  шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа  құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді  қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.

Мемлекет және құқық теориясын  терең оқып зерттемейінше салалық  заң ғылымдарын және басқару сипатындағы  пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

Мемлекет және құқық теориясының  жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін   ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір  мақсатқа қол жеткізуге болады.

Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметiне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгiнышандарын, функцияларын зерттейді.

Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесiндегi мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезiмiн, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен  айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерiнiң нақты бағыттары болады. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық-нормативтiк актілер жүйесін қалыптастырады.

Міне, осы бiрлестiкпен дербестік  олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң  әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты  зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.

Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы  қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазiргi кезеңде, болашақта  мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы  объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдiс-тәсiлдерiн зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерiнiң даму процесінде болған жақсы тәжiрибелердi жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясының  пәні – адам қоғамының өмiрдегi құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мән-маңызы, құрылымы және мақсаты.

Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның мәнінеде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.

Бастапқы айта кететін  жайт мемелекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен  едәуір ажыратылатын екі сұраққа  бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы  және оның дамуы туралы сұрақтар осы  мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.

Ғылымның немесе оқу құралының  өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы  саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк  заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн  терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға  болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың  құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс  тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ 

МЕН  ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН  ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым

 
          Мемлекет  және құқық теориясы–заң білімдерін  беретін жоғары оқу орындарының  бірінші курсында оқытылатын  күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет  пен құқық туралы жалпыланған  абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер  бірінші курста нақты материалдармен–  қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен,  мемлекет және құқықтың тарихымен  таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы  теориялық мәселелер салыстырмалы  түрде қарапайым қалыпта берілген. 
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мемлекет және құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

 Ғылым ретіндегі мемлекет  және құқық теориясының ерекшеліктері  мынада: Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.

Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым  бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты  қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл  ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық  теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды  тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.

Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым  бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі  және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.

Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы  ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын  көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін  қарастырады.

Мемлекет және құқық теориясының  функциялары. Мемлекет және құқық теориясының  үш негізгі функциясы бар:

Теориялық-танымдық функция–мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды  жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге  негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқа  да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің  қызметін жетілдіруге, заңнама мен  оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар  жасауға қызмет етеді. [2]

Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу  мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге  қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

Мемлекет және құқық теориясының  пәні. Әрбір ғылымның өз зерттеу  пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның  объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.

Мемлекет және құқық теориясының  әдістері. Ғылым әдісі–бұл пәнді  түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу  үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы әдістер–ойлаудың  кешенді қағидаларын көрсететін  философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен  құқықты мәңгілік және өзгермейтін  институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік  және идеалистік болып бөлінеді.        Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағ әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал  субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми әдістер–жалпы  әдістер сияқты бүкіл  ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:

а) талдау–күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген  бөліктерге бөлу;

ә) синтез–құбылысты оның құрамдас бөліктерін  шартты түрде біріктіре отырып зерттеу;

б) жүйелік әдіс–объектінің  тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;

в) функционалды әдіс–бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты  функцияларын анықтауға бағыттайды.

3. Жеке ғылыми әдістер–мемлекет  және құқық теориясының техникалық, жаратылыстаны және гумантарлық  ғылымдардың ғылыми жетістіктерін  қабылдауы нәтижесінде пайда  болатын әдістер. Оларға мыналар  жатады:

а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс–сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың және т.б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі  жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға  мүмкіндік береді;

ә) статистикалық әдіс–нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік  береді;

б) кибернетикалық әдіс–кибернетиканың  түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.

Информация о работе Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны