Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 15:05, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.............................................................................14

2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ...............................................22
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны.........................22
2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37

Работа содержит 1 файл

Мемлекет пен құқық теориясының негіздері.docx

— 81.72 Кб (Скачать)

4. Жеке құқықтық әдістер–тек  заң ғылымдарына ғана тән болып  келеді, оларға мыналар жатады:

а) формалды-заңды әдіс–заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге  және т.б. мүмкіндік береді;

ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс–әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген  элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.

Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі  мемлекет және құқық теориясы. Өз жиынтығында  ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану  ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар.

Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен  институттарды зерттейді. Заң ғылымдары–гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар  болып табылады.   Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:

мемлекет және құқық теориясы;

тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);

салалық заң ғылымдары  ( конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары);

қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).[3]

         Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жұйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.

 Заң ғылымдары жүйесіндегі  мемлекет және құқық теориясының  орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі  мемлекет және құқық теориясының  орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен  арақатынасын мысалға ала отырып  қарастыруға болады. Мемлекет және  құқық теориясы мен тарихи-құқықтық  ғылымдарға тән ортақ белгі–олар  мемлекет пен құқықты зерттейді.  Ал айырмашылықтары мынада– тарихи-құқықтық  ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың  даму үдерісін хронологиялық  тәртіпте зерттесе, мемлекет және  құқық теориясы бұл үдерістерге  жалпы сипаттама береді, мемлекет  пен құқықтың мәнін, олардың  қызмет ету заңдылықтарын және  т.б. зерттейді.

Салалық заң ғылымдарына  қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын  зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады. [4. 3]\ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Құқық негіздері теориясының  функциялары

 

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі  әлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді;

- тікелей қоғамдық болып  табылды, алғашқы қауымдық демократияның,  өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;

- бұл биліктің биліктік  органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және  т.б. қызмет етті, олар алғашқы  қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.   

Мемлекеттің пайда болуы  туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары  оның пайда болуы туралы күннен-күнге  жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің  пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері  болып мыналар табылады:

1. Діни теория–мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының  құдайлық бастамасын негізге  алады, «барлық билік құдайданң  деген тұжырымдаманы бекітіп,  жақтайды. Өзінің діни мазмұнына  қарамастан, бұл теория бірқатар  шынайы жағдайларды көрсетеді,  нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің  теократиялық нысандарын–абыздар  билігін, шіркеудің ролін, діни  және әкімшілік орталықтар арасындағы  билік бөлінісін. Бұл теорияның  көрнекті өкілдерінің бірі–Фома  Аквинский.

Патриархалды теория–мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен  туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

Шартты теория–ХVІІ-ХVІІІ  ғасырларда кеңінен таралған. Оны  жақтаушылардың қатарынан Голландияда  Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа  тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына  берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар  табылады, олар шарттың негізінде  өз бостандықтарының, өз билігінің  бір бөлігін мемлекетке береді.

4. Күштеу теориясы–мемлекеттің  пайда болу негізі ретінде  күштеу әрекетін, бір халықтың  екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті  бекіту үшін, оған күштеу жүргізу  үшін мемлекет құрылады. Күштеу  теориясы ХІХ ғасырда пайда  болы, оның өкілдері–Л.Гумплович,  К.Каутский, Е.Дюринг.

Психологиялық теория–мемлекеттің пайда болуын адам психмкасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы  қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына  тәуелділікті сезінумен, белгілі бір  әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен  және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

 Органикалық теория. Бұл  теорияның өкілдері Г.Спенсер,  Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза  ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері  арасындағы тұрақты байланыстар  тірі ағзаның бөліктері арасындағы  байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет–биологиялық дамудың бір  түрі ретінде көрініс табатын  әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық  ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің  өз миы (басшы)  мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.

 Ирригациялық теорияға  сәйкес мемлекеттердің алғашқы  қанаушы нысандарының пайда болуы  шығыстық аграрлық аймақтардағы  ірі ирригациялық құрылыстарды  жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі  неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің  еңбектерінен айрықша көрініс  тапқан.

Материалистік теория–мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің  пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның  өкілдері–К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин–мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен  үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі  мен қызмет етуін қамтамасыз ету  мақсаттарында пайда болған деп  санайды.

Шығыста «өндірістің азиялық  тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай  және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.

Афины мен Римде мемлекеттің  пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы  және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде  пайда болды. Афины–мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар–патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда  болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік  революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты  шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.

Сонымен, мемлекет объективтік  түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.       

Қазақстан Республикасының  өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып  қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес  жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған  арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз  былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды  елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып  айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын  анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты  зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі  таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан  мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару  жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық  жағын айрықша көрсете білу әрбір  тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында  біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара  қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі  бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал  ете алатындығын ескереміз. Сондықтан  да, қоғам мен мемлекеттің, оны  жаңа түрде көрсететін аса маңызды  институттарының көмегімен болатын  өзара қарым-қатынасының принциптері  мен негіздерін теориялық жағынан  айқындау қажеттігі туып отыр. 

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстанда  екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының орнына екiншi 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси режимі құрылды

Мемлекеттік аппарат – қоғамды  басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек  қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерiмен  қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның екiншi бабында мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де мiндеттерi мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.

Мемлекеттік аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге бiрiктiредi. Бұл жүйенің негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзiнiң орны, бiр-бiрiмен қарым-қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптері көрсетiледi. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және iстерi өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттік республикада негiзгi функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметі.

Қазiргi мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелі, тиiмдi болуы.

Ол  үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық

принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.

Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесiн  қорғап, соны іске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкiлдерi мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады.

Информация о работе Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны