Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 15:05, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.............................................................................14

2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ...............................................22
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны.........................22
2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37

Работа содержит 1 файл

Мемлекет пен құқық теориясының негіздері.docx

— 81.72 Кб (Скачать)

Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде қолданылады. Кең мағыналық  түсінік болғандықтан әрбір адамда қ ұқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Құқық негіздері теориясының  әдістері, оларды  жүйелеу  негіздері

 

Құқық көптеген адамдар мен  жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт  бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі  әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа  тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға  да тән.

Сонымен, құқық нормасы  – бұл жалпыға міндетті, формальді  анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық  ережелері.

Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне  ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті сипатты  – бұл құқық нормасының көптеген  нақты өмірлік жағдайларға және  көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық  норма тек жеке тұлғаларға  емес, сонымен қатар, ұйымдарға  да міндетті.

2. формальді анықтылығы  – ресми құжаттарда жазбаша  нысанда тиісті атаулы болады.

3. мемлекетпен байланысы  – мемлекеттік органдармен не  қоғамдық ұйымдармен белгіленеді,  және мемлекеттік күштеу, ынталандыру,  жазалау шараларымен қамтамассыз  етіледі. 

4. ұсынушы және міндеттеуші  – адамдардың мүмкін не міндетті  мінез – құлқын мемлекеттік  үстем ережелері. 

5. микрожүйелігі – бүртүрімен  байланысты гипотеза, диспозиция  және санкция сияқты элементтерден  тұруын білдіреді. 

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір  – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді.

Заңи норманың құрылымы –  бұл оның функционалдық дербестігін  қамтамассыз ететін қажетті элементтердің  тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан; 

2. диспозициядан; 

3. санкциядан тұрады.

1. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция – бұл  гипотезада көрсетілген заңи  фактінің туындағанда субъектілердің  мінез – құлқын білдіретін  құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

3. Санкция – бұл диспозицияны  іске асырғаны не асырмағаны  үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз – жазалау  шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

Қоғамда әр түрлі қатынастар бар. Егер бұл қатынастар құқық нормаларымен реттелетін болса, онда оларды құқықтық қатынастар деп атауға болады. Сонымен құқықтық қатынастар деп құқықтық норма негізінде пайда болған, оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін білдіретін қоғамдық қатынастардың бір түрі. Құқықтық қатынастардың белгілері:

Құқықтық қатынастар құқықтық норма негізінде пайда болады;

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін болады. Құқықтық қатынастар саналы ерікті сипатта болады.

4.Құқықтық қатынастар  мемлекетпен кепілденеді және  қажетті жағдайларда оның күштеу  шараларымен қорғалады. 

Құқықтық қатынастардың  құрылымы үш элементтен тұрады:

1) Құқықтық қатынастың  субъектісі;

2) Құқықтық қатынастың  объектісі;

3) Құқықтық қатынастың  мазмұны. 

Құқықтық қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғалар және ұйымдар болады. Жеке тұлғаның өзі үшке бөлінеді:

- ҚР азаматтары;

- шетел азаматтары;

- азаматтығы жоқ тұлғалар.

Ұйымдардың өзі:

- мемлекет;

- мемлекеттік огандар; 

- мемлекеттік емес органдар;

- қоғамдық ұйымдар деп  бөлінеді.

Жеке тұлға мен ұйым құқықтық қатынастың қатысушысы болуы  үшін олардың құқық субъектілігі болуы керек. Құқық субъектілік  бұл жеке тұлға мен ұйымның  заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге  ие болуы және оларды жүзеге асыру  мүмкіншілігі. Құқық субъектілік  екіге бөлінеді құқық кабілеттілік және әрекет кабілеттілік. Егер құқық кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіншілігі болса, онда әрекет кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мүмкіншілігі.

Жеке тұлғада құқық  кабілеттілік туғаннан пайда болады және ол қйтысболғанда жойылады. Ал әрекет қабілеттілік жеке тұлға белгілі бір жасқа толғанда пайда болады. Әрекет қабілеттілік үшке бөлінеді:

- толық, яғни 18 жастан  басталады; 

- жартылай, яғни 14 пен 18 жас  аралығын қамтиды, бұл кезде  тұлға тек ұсақ мәмілелерді ғана жасауға мүмкіндігі бар, ал ірі мәмілелерді жасау үшін ата-анасының рұқсаты керек;

- шектелген, яғни адамның  денсаулық жағдайына байланысты, оның құқықтарын шектеу.

Ұйымда құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болады. Осы арқылы жеке тұлғаның құқық субъектілігімен ерекшеленеді.

Құқықтық қатынастың объектісіне мыналар жатады:

- материалдық құндылықтар  (ақша, зат және т.б.);

- материалдық емес құндылықтар  (адамның құқықтары, оның беделі  және т.б.);

- жеке тұлғаның әрекеті (жұмысқа орналасу және т.б.);

- рухани қажеттіліктер  (театрға, кітапханаға және т.б.).

Құқықтық қатынастың мазмұнына  қатысушылардың субъективті құқықтары  мен заңды міндеттері жыйынтығы жатады.

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекетпен жеке адамның мүдделеріне  зиян келтіретін субьектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға кауіпті әрекеті. Құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

- іс-әрекет немесе әрекетсіздік;

- қоғамға зиян әкелуі (моральдық және материалдық,  өлшенетін және өлшеусіз, мәндік  және рухани, елеулі және болмашы,  қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін);

- құқыққа қарсы;

- кінә дегеніміз субьектінің  қоғам, мемлекет, жеке адам мүдделеріне  іштей теріс көзқарасының құқыққа  қарсы әрекет жасаумен білдірілген көрінісі. Кінә негізгі екі нысанға: қасақана және абайсыздықпен жасалған болып бөлінеді;

- құқық бұзушылық үшін  заңды жауапкершіліктің қолданылуы.

Құқық бұзышылық құрамын  құрайтын белгілердің тіпті біреуінің болмауы заң жүзінде жауапкершілікті болғызбайды.

Құқық бүзушылық құрамына мыналар кіреді:

1) құқық бұзушылық субъектісі - заңмен құқық бұзушылыққа қабілетті деп танылатын жеке адамдар немесе сондай әрекет жасаған әлеуметтік ұйымдар;

2) құқық бұзушылық объектісі  - құқықпен реттеліп, қорғалатын және құқық бұзушылық араласатын нәрсе. Тектік обьект -қоғамдық қатынастар, олардың саласы және түр объектісі - өмір, денсаулық, ождан, мүлік және т.б.;

3) құқық бұзушылықтың  субъективті жағы - субъектінің өз  әрекеті мен оның зардаптарына  ішкі, психикалық көзқарасын сипаттайтын  белгілердің жиынтығы.

4) құқық бұзушылықтың  объективтік жағы- әрекеттің өзі немесе әрекетсіздік, құқыққа қарсылық (әрекетті заңда көрсету), зиянды нәтиже (мағыналы аспект), әрекет (себеп) пен одан туындайтын зиянды нәтиже (салдар) арасындағы тікелей (кездейсоқ емес) себеп - салдарлы байланыс сияқты, құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртықы белгілердің жиынтығы

Қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша құқық бұзушылық қылмыс және теріс қылық деп бөлінеді. Қылмыс - қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

Сипаты мен қоғамға  қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмысты әрекеттер қазір төрт санатқа бөлінеді, олар: а) онша ауыр емес қылмыстар; ә) ауырлығы орташа қылмыстар; б) ауыр қылмыстар және в)ерекше ауыр қылмыстар. [10]

Теріс қылық қоғамдық қауіптілігінің азырақ дәрежеде болуымен сипатталады. Ол қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында және қол сұғұшылықтың әртүрлі обьектілерінде жасалады, тиісінше зандық салдарға әкеп соғады.

Құқық бұзушылықтар қоғамның саласына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- әкімшілік теріс қылық  бұл мемлекеттік басқару мен  қоғамдық қауіпсіздік, тәртіп саласында жасалған құқық бұзушылықтар.

- азаматтық теріс қылық  бұл мүліктік немесе мүліктік емес қатынастар саласында, өз міндеттерін орындамаумен сипатталатын құқық бұзушылықтар.

- тәртіптік теріс қылық бұл жұмыс бабында жасалаған құқық бұзушылықтар.

Зандық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Зандық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазлау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу, ысырапты өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада занды мінез-қүлық мотивтерін қалыптастыру және зандық жауапқа тартылушы субъектінінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу.

Құқық бұзушылықтардың түрлеріне  қарай зандық жауапкершілік келесідей  топтастырылады:

- қылмыстық, тек қана  қылмыс үшін және қылмыстық,  қылмыстық іс жүргізу және  қылмыстық атқару заңдарына сәйкес  соттың үкімі бойынша ғана  қолданылатын ең қатаң түрі. Оның  шараларына бас бостандығынан  шектеу, мүлікті тәркілеу, өлім жазасы  және т.б жатады;

- әкімшілік, яғни әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Оның шараларына айып пұл, құқық бұзушылықтың объектісі болған затты алып қою, арнайы құқықтан айыру және т.б. жатады;

- азаматтық, яғни шарттық  міндеттемелерді бұзудан туындайтын  жауапкершілк. Оның шараларына айып  пұл, кепілге берілген затты алып қою, тұрақсыздық айыппұлын төлеу және т.б. жатады;

- тәртіптік, яғни тәртіптік теріс қылық үшін қолданылатын жауапкершілік. Оның шараларына ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару және т.б. жатады ;

- материалдық, яғни еңбек  міндеттерін орындау кезінде  ұйымға келтірілген залал үшін болатын жауапкершілік. Оның шараларына жойылған мүлікті қалпына келтіру, айып пұл және т.б. жатады.

Ғылымның немесе оқу құралының  өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.[11]

Методология (әдіс-тәсіл) – дүниені  философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжірибенің бірлестігіне сүйене отырып, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі – диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.

Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек  көңіл бөлетін философия мен  тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.

Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дұниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:

Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық  пен саясаттың тарихи дамуы;

Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т.б.

Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық  т.б.

Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы  бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен  кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.  

Информация о работе Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны