Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 15:05, курсовая работа
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
КІРІСПЕ........................................................................................................3
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.......................6
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым.......................................6
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары..................................10
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.............................................................................14
2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ...............................................22
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны.........................22
2.2 Мемлекет және құқық негіздерінің заң ғылымдары жүйесінде.......33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................37
Техникалық нормалар–бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) «субъектілікң құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.
Әлеуметтік нормалар–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол–қоғамдық қатынастар; ә) «субъектілікң құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль–бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық–бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;
2)олардың реттеу объектісі біреу–қоғамдық қатынастар;
3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:
1) пайда болуы бойынша:
егер мораль қоғаммен бірге
пайда болса, құқық
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;
3) әрекет ету саласы
бойынша: мораль барлық
4) күшіне ену мерзімі
бойынша: моральдық нормалар
5) қамтамасыз ету тәсілі
бойынша: моральдық нормалар
6) бағалау негізі бойынша:
моральдық нормалар қоғамдық
қатынастарды жақсылық пен
Құқық және діни нормалар. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырлған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етунің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады. [5]
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.
Құқық және корпоративтік нормалар. Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында бекітлген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.
Корпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету шаралары қолданылады.
Құқық және әдет-ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқық жүйесі–бұл
құқықтың өзінің құрылымы, оның
салаларға, институттарға
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі
болып құқық нормалары
2) оның элементтері бір-біріне
қайшы келмейді, іштей үйлескен,
тығыз байланыстылыққа ие; бұл
құқық жүйесінің тұтастығын
3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа
ие, себебі, объективтік сипаттағы
қатынастарға тәуелді және
Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі–бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:
1) императивтік–бұл тыйымдарға,
міндеттерге, жазаларға
2) диспозитивтік– рұқсат
етуге негізделген,
3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттаау әдісі;
4) ұсынушылық–мемлекет пен
қоғам үшін тиімді жүріс-
Құқық саласы– бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
әрбір саланың өз пәні болады;
әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар; бұлар
басты құқықтық режимдерді
2) арнайы салалар; бұларда
құқықтық режимдер қоғамның
3) кешенді салалар; бұларға
негізгі және арнайы
Құқық институты–бұл қоғамдық
қатынастардың белгілі бір
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі–бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
құқықтар мен міндеттер;
заңды мүдделер;
құқықсубъектілік;
азаматтық;
заңды жауапкершілік;
құқықтық қағидалар.
Құқықтық мәртебе жалпы,
арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе–бұл тұлғаның мемлекет
азаматы ретіндегі
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі–этатистік; бұл
бағыт мемлекеттің құқыққа
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті
жүзеге асырудан. Тура мағынада
бұл мемлекеттің құқық
2) тіккелей мемлекеттік
емес сипаттағы нормаларды
3) іс жүзінде қалыптасып
қойған қатынастарды жүріс-
4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
Информация о работе Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны