Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12
2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19
3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................
Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары "тежеу" саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясатың табысты болуы немістерге байланысты екені айқын болды. Сондықтан АҚШ маршал жоспарының әрекет ету аймағына Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасын жүргізілді. Құнсыздаған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Германия проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәлімдеме берлиннің батыс секторларынын батыстық оккупациялық зоналар мен транспорттық байланыстарын қамтамсыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады.
1949жылы Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халхы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ тарапынан абыржу туғызды.
150 жылы АҚІП Корея жарты аралығындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбұр болды. Соғыстан соң Корея Солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстіггінен АҚШ оккупациялады. Германия сияқты екі үкіметі құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚПІ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды. Кореяның екі бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскері 38 параллель бойынша деморкациялық шепті бүзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ -Солтүстік Корея әрекетін аргессиялық деп танылп, Б¥Ү-на Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешім қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды.
Қорытынды
Курстық жұмысымызда қорыта айтарымыз, фашистік режимдегі Италия, Жапония және Германия тұтатқан екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы өртіне су себілгенде адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына енгендей болды. Адамзат келесі ең сұрапыл және ең ауыр соғыс біткенен кейін келсі соғысты ойлаудың өзі қорқынышты еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған жанның өмірін қиып кетті. Бұл соғысты адам шығыны I дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда 5 есе көп болды. Ал материалдық шығын 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік
соғыс адамзат тарихының
Фашистердің тізе бүктіруде КСРО шешуші роль атқарды. Совет-герман майданында фашистердің негізгі қарулы күштері ойсырай жеңілді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі Екінші дүниежүзілік соғыстың түбегейлі бетбұрысына ықпал етті. Соғыстан кейін КСРО-ның халықаралық беделі өсіп, дүниежүзіндегі екі Ұлы державаның біріне айналды.
Герман фашизмнің күйреуі және милитаристік Жапонияның тізе бүгуі, Еуропаның және Азияның саяси картасына үлкен өзгеріс әкелді. Егер соғысқа дейін социализм тек КСРО жерінде жеңіске жетсе, енді бұл жүйе Моңғол Халық Республикасында, Албанияда, Югославияда, Болгарияда, Румынияда, Венгрияда, Чехословакияда, Польшада, Герман Демократиялық Республикасында, Вьетнамда, Қытайда жеңіске жетті. Дүниежүзілік социализм жүйесі пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында империализмнің отарлық жүйесі жойылды. Көптеген отар елдер-Сирия, Ливан, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Индонезия, Бирма, Филлиппина, Корея өз тәуелсіздіктерін алды. Индия мен Малазияда патриоттар тәуелсіздікті талап етті. Отарлаушылар өзінің колониялық жүйесін сақтап қалу үшін Үнді-Қытайдағы, Индонезиядағы жүргізген соғыстарынан ешнәрсе шықпады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отарлық жүйеге қарсы ұлт-азаттық күрес соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасты.
Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрын халықаралық жағдайда Ұлы державалық сипатқа ие болған Германия, Италия, Жапония сияқты мемлекеттер өзінің күш-қуатынан айырылып, тәуелді елдерге айналды. Олардың күш-қуаты соғыс нәтижесінде күйреп, бірнеше жыл бойы бұрынғы бәсекелес елдермен теңесе алмады.
Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде КСРО жеңіске жеткенімен оның экономикасы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласы, әлеуметтік жағдай біршама әлсіреп шықты. Әсіресе КСРО құрамындағы көптеген социалистік одақтас республикалардың соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық саласы біршама күйреді. Соның ішінде соғыс жылдырында КСРО-ның әскери күш-қуатына және тыл жұмысына шешуші роль атқарған Қазақстан болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қазақстандықтар Мәскеу түбіндегі, Сталинград түбіндегі шайқастарда, соғыстағы түбегейлі бетбұрыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы Украйна, Белоруссия, Польша, Югославия жерлерін азат етуде жан аямай, қасық қаны қалғанша күресті 500 қазақстандықтар фашистермен күресте ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске алғанда, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің есімдерін атамау мүмкін емес. Кеңес Одағының екі дүркін батыры алған Талғат Бегелдиновтың есімі Ұлы Отан соғыс тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Зұлым фашистердің ордасын қызыл ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқаста батырлығымен аңыз болған Бауыржан Момышұлы тарих жадында мәңгі қалады.
Жалпы КСРО-да соғыстан
кейін өндіріс орындарын
Фашистік басқыншылар 100 мыңдай ұжымдар мен кеңшарды, 3 мыңдай МТС жүйесі қирады.
Жалпы фашистік Германия мен Италия, Жапонияның тұтандырған екінші дүниежүзілік соғыстағы экономикалық әлеуметтік, саяси дағдарыс соғыстан кейін Еуропаның және Азияның бірнеше мемлекеттерінде дамудың бірнеше жылында өз кедергісін келтіріп отырды.Бірақта соңында фашистік мемлекеттер ойсырата жеңіліс тауып режим құлатылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы