Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12
2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19
3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................
Гитлершілер халықтың және елдің мүддесін қорғауға уәде берді. Версаль келісіміне бұқаралық наразылықты пайдалған фашистер "Версаль жүйесі жойылсын" деп лозунг көтерді. Жұмысшылардың ауыр жағдайын ескере отырып, олар жалақыны көтеруге және жұмыссыздықты жоюға уәде етті. Солдаттар, буржуаздарға, шаруаларға уәдені үйіп төккен фашистер өздеріне бүқаралық база құра алды: Зорлық-зомбылық, басқа көзқарастағы адамдарды қуғындау жаппай етек алды. Фашистік жастардың құрған "Гитлерюгенд" сияқты ұйымдары пайда бола бастады [24,28б].
1932
жылы Гинденбургтің
1932 жылы 13 наурызда сайлау болды. Эрнст Тельман 5 млн, Гинденбург 18,6 млн, Гитлер 11,3 млн дауыс жинады. Ал национистердің лидері Дюстерберг 2,5 млн дауыс жинады. Гитлер кандидат болуға құқығы болмағанын айта кетуіміз қажет. Өйткені ол Германияның азаматы емес еді (ол Австрияның азаматы болатын). Алайда, Бруаншвейгтің фашистік үкіметі оған герман азаматтығын берген болатын. Фашистердің сайлау қорын капитал магнаттары қаржыландырды.
Сайлау қорытындысы бойынша ешқайсы кандидат көп дауыс жинай алмады. Сондықтан сайлаудың екінші туры болды. Президент болып Гинденбург сайланды. Бірақ Гитлер 13,4 млн дауыс алды. Осылайша Гитлерді қолдайтын бұқаралық база бар екендігі анықталды.
1932
жылы 30 мамырда Брюнинг үкіметі
отставкаға кетті. Германияның
Компартия
фашистермен соғысқа қарсы
Фашизммен күреске халық белсене қатыса бастады. Вупперталдегі антифашистік қозғалысқа 70 мың адам қатысты. Эссенде-60 мың, Дортмунде-30, Эрфуртте-40 мың адам антифашистік қозғалысқа қатысты. Компартия СДПГ-ға бірлесіп, фашизммен күресуге шақырды. Алайда СДПГ бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Бұл СДПГ позициясының әлсіреуіне алып келді. 20 шілдеде Пакен Пруссияның социал демократиялық үкіметін таратты. Сөйтіп өзін империя коммисары етіп жариялады.
Пакен Рейхстагты 1932 жылы 31 шілдеде таратып сайлау өткізді. Коммунистер 5,3 млн дауыс, фашистер 13,7 млн дауыс жинап парламентке 230 депутат енгізді. Алайда бұл фашистердің үкімет құруына жеткіліксіз еді.
Пакен Рейхстагты тағы таратып, 6 қазан 1932 жылы сайлау өткізді. Коммунистер-6 млн дауыс, социал демократтар-7,2 млн дауыс алса, фашистер-2 млн дауыстан айырылды. Олардың мандаттарының саны 230-дан 196-ға дейін түсіп кетті. Бұл фашистер арасында үрей туғызды.
Алайда герман басшылығы фашистердің үкімет басына келуіне мүмкіндік туғызды. Қазандағы сайлаудан Пакен отставкаға кетті. Шмейхер тағайындалды. Бұл фашистерге жақын үкімет болды. 1933 жылы 5 ақпанда Кельндегі банкир Шредердің вилласында Пакен, Тиссен және Гитлердің кездесуі өтті. Гитлер үкімет басшысы болу керек деп шешілді.
Бұған қарсы КПГ ОК Берлиндік пролетариатты фашизмге күресуге шақырды. 1933 жылы 25 ақпанда 150 мың жұмысшы Берлин көшелеріне ереуілге шықты. Алдыңғы қатарда Э,Тельман, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин болды.
1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург Гитлерді рейхканцлер етіп тағайындады.
Гитлершілердің үкімет басына келген кезі Германия тарихында ең көмескі кезең болып табылады. Елде Агрессивтік диктатура орнады. Фашизм жұмысшы қозғалысын жоюды мақсат етті. Сыртқы саясатта Герман империализмінің дүниежүзіндегі гегемондығын орнатуды жоспарлады.
Гитлершілердің үкіметі финанстық капиталдың ашық диктатурасын болып табылады. Оның құрамына моноплистер Гугенберг және Шахт кірді [25,97б].
Алғашқы күннен бастап үкімет жұмысшыларға қырғидай тиді. 1933 жылы 1 ақпанда рейхстаг таратылып жаңа сайлау өткізілді. 4 ақпанда президент Гинденбург белгісіне кез-келген жиналысты және бұқаралық ақпарат құралдарын жабатын құқық беретін декретке қол қойды.
Бұл декрет бірнеше күннен кейін, полицейге қару қолдану құқығын және фашистік отрядтардан құралған көмекші полицей құру құқығы қосып қабылданды. Фашистер өз саясатына қарсы көзқарасты адамдарды қудалай бастады. Гитлер билік құрған алғашқы күннің өзінде түрмеге 18 мың антифашистер қамалды. Қамалғандардың ішінде сонымен қатар социал-демократтар, интеллегенция болды.
Фашистердің өздеріне қарсы көзқарастағы адамдарды қуғынға ұшыратқанына қарамастан антифашистер күресін одан әрі жалғастырды. Гитлердің үкімет басына келген күні КПГ жұмысшылары бүкілхалықтық ереуілге шақырды. 7 ақпанда Цойтенде болған КПГ ЦК пленумының ашылымында Э.Тельман өз сөзінде фашистік үкіметі жаңа соғыстың және буржуазияның диктатурасының үкіметі деп айтты. Компартия фашистік режимге қарсы бұқаралық қарсылықты тудыруға тырысты. КПГ ОК-ті СДПГ-ға бүкілхалықтық бірігіп, фашизмге қарсы бірлесіп майдан ашуды ұсыныс жасады. СДПГ басшылары бұл ұсынысты қабылдамады. Олар тек қолайлы сәттің тууын күтті. 27 ақпанда Э.Тельман социал-демократиялық партияға, христиандық партия және ерікті кәсіподақтың мүшелеріне біріккен антифашистік майдан құру туралы ұсыныс жасады. Бірақ бұл үндеу келесі үндеулер сияқты СДПГ және кәсіподақтар тарапынан қабылданбай тасталынды. Жұмысшы тобының және еңбекшілердің ынтымағының болмауы фашистердің үкіметі басына келіп нығаюына мүмкіндік жасады.
Үкіметтің билік құрған күндерінде жағдайы жақсы болмады. Фашистер рейхстагтағы келесі сайлауда жеңіліп қалмауға тырысты. Олар тағы да елдің жеткші монополияларына үміт артты. 20 ақпанда Гитлер Германияның ірі өндіріс иелерінің жиналысына шақырды. Бұл жиналыста рейхстагтағы сайлау компаниясы үшін фашистік партияның қорына 3 млн марка жиналды.
Сайлау алдында гитлершілер құбыжық жоспар құрды. 27 ақпан 1933 жылы түнде Геринг басшылығымен фашистер рейхстагты өртеді. Бұған гитлершілер коммунистерді айыптап, жалпыға бірдей қүғын-сүргін жүргізді. Тек Берлиннің өзінде бұл түні 1500, ал бүкіл елде 10 мыңнан астам коммунистер тұтқындалды.
1933 жылы 3 наурызда гитлершілер жұмысшы қозғалысына маңызды соққы берді. Германия коммунистік партиясының төрағасы Э.Тельман тұтқындалды.
1933
жылы 5 наурыздағы Рейхстагтағы
Компартия үкіметі тарапынан қуғын көріп таратылды. Э.Тельманның жақтастары: В.Пик, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин эмиграцияда жүріп, өз күрестерін одан әрі жалғастырды. КПГ Ок өз саясаттарын жүргізетін "Роте фане" газетін шығарды.
Сайлаудан соң Гитлер жақтастары қуғын-сүргінді одан әрі жалғастырды. Эсестер тобы халықтың гитлершілер үкіметінің алдында үрейін тудыру үшін көшелерде адамдарды қорлық-зомбылыққа, ұрып-соғуға ұшыратты. түрмелерге сотсыз және айыптаусыз жұмысшылар және интеллегенциялар жабылып жатты.
24 наурызда рейхстаг өзіне төтенше жағдайдағы өкілеттік туралы заң қабылдады. Бұл рейхстагтың жойылуын және коституцияның қалдықтарының жойылуын білдірді. Рассалық және саяси белгісіне қарап мемлекеттегі билік аппараты тазартылды.
2 мамырда
фашистер кәсіподақтарды жойды.
1933 жылы 23 маусымда СДПГ тартылды. Жұмысшы тап толығымен өз ұйымдары мен партияларынан айырылды. Шілде айында елде тек национал-социалистік партия ғана өмір сүрсін деген заң шығарылды. 1933 жылы желтоқсанда шыққан "Мемлекеттің және партиялардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету туралы" заңның шығуымен национал-социалистік партия елдің билеуші ұйымы болып табылды.
1933
жылы қыркүйекте рейхстагтың
өртелуіне байланысты правонаци
Сот процесі Лейцпцигте 21 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін болды. Басты айыпкер болып, халықаралық коммунист Георгий Димитриев саналды. Ол Германияда эмиграцияда жүрген болатын. Фашистер Димитриевті айыптау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тырысты.
Г.Димитриев қорғау үшін елдің барлық аумағында қозғалыстар болды. Бұл қозғалыстың басында КСРО тұрды. Қозғалысқа тек жұмысшылар емес сонымен қатар қала тұрғындарының орта табын және алдыңғы қатарлы интеллегенцияны қамтыды. Г.Димитриевтің түрмеде жатып анасына, әпкесіне, Анри Барбюуға, Ромен Ролланға жазған хаты қозғалыстың өртіне май құйды. Парижде гитлерлік фашизмнің құрбаны болған жандарға көмек көрсететін Халықаралық комитет құрылды. Лондонда рейхстагты фашистер жақұқанын дәлелдейтін сот процесі құрылды. Лейцигтегі сот айыптаушыларды ақтауға мәжбүр болды. Бұл халықаралық антифашистік қозғалыстың үлкен жемісі болды.
Гитлер және фашистік билік өкілдері бұрынғы берген уәдесін орындамайтындығы айқындала түсті. Ұсақ буржуазия арасынан жүргізіліп жатқан гитлерлік саясатқа көңілі толмайтындары пайда бола бастады. Елде "жаңа төңкеріс" туралы сөздер шыға бастады. Гитлер наразы топтарды және оппозициялық көзқарастағы адамдарды жоюға кірісті. 1934 жылы 30 маусымда Германия тарихына "ұзын пышақ түні" деген атпен енді. Бұл түні 1200 адамнан астам антифашистік көзқарастағы интеллегенция өкілдері мен жұмысшылар өлтірілді.
Фашистік
Германияның антикоммунистік
Италия ХХ ғасырды конституциялық монархиялық мемлекет ретінде аттады. Бұл кезде Италияда дамыған банкілік капитал мен өнеркəсіптік өндіріс болған. ХХ ғасырдың басында “Фиат”, “Монтеатини”, “Пирелли” сияқты концерндер мен “Банка ди Рома”, “Қасиетті рух банкі” сияқты банкілер құрылды.
Солтүстік Италия өнеркəсіптік сипатты, ал Оңтүстік Италия(Сицилия аралын қосқанда) ауылшаруашылық сипатты иеленді. Италияның негізгі заңы болып 1848 жылғы Пьемонт (Альбертиндік) статут сақталып қалды. Оған сəйкес, заңшығарушы билікті патша мен парламент жүзеге асырды. Патша күшті президенттік билік орын алған мемлекеттегі президенттің функцияларына тең келетін функцияларды жүзеге асырды (заңдарды бекіту, үкіметті құру жəне т.б.).
Парламент Сенат пен 5 жылға сайланатын Депутаттар палатасынан тұрды. Сенат (патша сияқты) ұснылатын заң жобаларына қатысты вето құқығын иеленді. Депутаттар палатасы мемлекеттің бюджетін құру мен салық жинаумен байланысты өкілеттіктерді иеленді. Үкімет Депутаттар палатасының алдында жауап берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия жеңген мемлекеттердің (Антанта) жағында болды жəне аграрлық мемлекеттен аграрлық-индустриялық мемлекетке айналды. Мұндай даму барысында қоғамның əлеуметтік белгілер бойынша түрге бөлінуі орын алды.
Жұмысшылар қозғалысы күшейе түсті, 1919 жылғы сайлауда Итальяндық социалистік партия сайлаушылардың үштен бір дауысын иеленді. Ірі кəсіподақтық бірлестік — Жалпыитальяндық еңбек конфедерациясының қызметі ерекше маңызға ие болды. 1921 жылы социалистік партияның сол қанаты Итальндық коммунистік партияны құрады.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында оң жəне сол күштердің арасындағы саяси күрестің нəтижесінде шовинистік көзқрасты ұсынған офицерлер мен солдаттарды,ұсак буржуазиянықұрған итальяндық фашистік қозғалыс пайда болды.Олардың басында Б.Муссолини тұрды.Фашистік партия қызметінің идеологиялық негізін антисемитизм мен расизм құрады, ал оның ұраны болып “Ұлы Италия” табылды. Сонымен Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы жаңа геосаяси құрылымның Версаль-Вашингтон халықаралық қауіпсіздік жүйесінің басталуы болды. Дәл осы кезде халықаралық айналымға және дипломатия тіліне "ұжымдық қауіпсіздік" деген термин енді, қазіргі күнде ол ең өзекті ұғымға айналып отыр.
1922 жылғы қазан
айының соңында фашистердің
1925 жылы “Үкімет басшысының құқықтары мен артықшылықтары туралы” заңға сəйкес мемлекеттегі бүкіл атқарушылық билік премьер-министрдің қолына шоғырланды.
1923 жылғы
сайлау заңына сəйкес
1939 жылы парламенттік жүйе жойылды. Депутаттар палатасының орнына партиялық-мемлекеттік органға айналған фашалар мен корпорациялар палатасы құрылды. Оның құрамы сайланбалы емес, тағайындаушылық сипатты иеленді, мүшелерді дуче (көсем) Б.Муссолини тағайындайтын. Сенатпен (бұрынғыдай патша тағайындайтын) бірлесе отырып жаңа палата жоғарғы заңшығарушы органды құрады.
Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы