Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12

2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19

3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24

Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................

Работа содержит 1 файл

germania_zhaponia_italia_izmenenny_variant.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

1922 жылы қазанның басында Социалистік  партияның 18 съезі шақырылды. Мұнда партияның фашизмге қарсы саясаты жалпы партияның болашақ күрестері бойынша максималистер мен реформистердің арасында қызу пікірталас туды. Көптеген максималистердің өз сөздерінде реформистерді партиядан шығару керек екендігін алға тартты. Реформистерді партиядан шығару туралы резолюция 29119 дауысқа қарсы 32106 дауыспен бірауыздан қабылдады. Социалистік партиядан шыққан реформашылар өз алдарына Унитарлық социалистік партияны құрды. Бұл кезде коммунистік партия фашизмге қарсы тағы да бір әрекет жасап жатты. 1922 жылы 8 қазанда КПИ кәсіподақтың комитеті ВКТ сол қанатын съезге шақырды (Милан). Съездің құрамына максималистер, коммунистер, революциялық синдикалистер кірген комитет құрды. Бірақ енді шет болатын, Италияның жұмысшы таптың ішкі ынтымақтастығының жоқтығы, басшылықтың фашизмге қарсы бірыңғай саяси ұстанымының болмауының нәтижесінде халықты өз жанына жинауға кедергі келтірді. Фашистер өздерін Факттың ықпалсыз үкіметі жанында еркін сезінді. 1922 жылы тамыздағы оқиғадан кейін Италиядағы қос үкімет туралы сыбыстың шығуы негізсіз емес. Факт үкіметінің аңқаусыздығының нәтижесінде фашистер өз биліктерін провинцияларға орната бастады. 16 қазанда фашистердің құпия жиналысында билікті әскер күшімен тартып алу жөнінде шешім қабылдады. 17 қарашада Муссолинидің билік басына әскери төңкеріс арқылы келуге дайын екендігі айқын болды. Оқиға шапшаң дамып жатты. 24 қазанда Неопальде Сан-Карло театрында фашистік съезд шақырылды. Бұл қалаға делегаттардан басқа тұрлі елдердің түкпір-түкпірінен 40 мың фашист келді. Съездің ашылуында сөйлеген Муссолини сөзі үкіметке жарияланған ультиматум болды. "Біз, қазіргі палатаның төрағанын қалаймыз ұлттық және антиүлтшылдық күресті сақтап отырған Шутов нетралитетінен шығуды талап етеміз. Біз сыртқы істер министрлігінің, әскери, теңіз, еңбек, қоғамдық жұмыс министрліктерінің болуын талап етеміз. Бұл талапты ешкімнің де шектен шыққандық деп санамайтындығына сенімдімін".

1935-1936 жылдары фашистік Италия озық  техниканың арқасында бірқатар жетістіктерге жетті. Фашистер уландыратын заттарды тек Эфиопия содаттарына қарсы емес, сонымен қатар қарапайым халыққа да қарсы пайланды. Эфиопияның феодалдық көсемдерінің арасында бірлік болмады. Италия әскері мұны дер кезінде пайдалана білді.

Алайда  Эфиопия халқы окупанттарға қарсы  партизандық соғыс жүргізді. Фашистік Италия бәрі бір бүкіл елге гегмондығын орната алмады. Италия әскері өз қолында тек қана маңызды пункттерді және коммуникацияны ғана ұстап тұра алды.Италияның Эфиопияны жаулап алуы Англия мен Францияның теңіз сауда жолдарының жабылуына әскеп соқты. Бұл Италияның стратегиялық жағдайын жақсартқанымен, Англия және Франциямен конфликт туды. Батыс елдерінің Жерорта теңізіндегі өз позицияларын қорғауда әлсіздік танытуы Муссолиниді жаңа жаулап алушылыққа итермеледі.

Германия мен  Италия 1937 жылдан бастап мүдделері  ортақ мемлекеттерге айналды. Екі мемлекеттің жақындасуына Германияның Австрияны себепсіз жаулап алуы ықпал етті. 1937 жылы күзде Германия сыртқы істер мингистрі Риббентроп Италияға келеді. Ондағы мақсаты Гитлердің Австриядағы саясатына Муссолинидің көзқарасын білу болатын. Муссолини қарсы болмады.

Гитлер 1938 жылы 11 наурызда Австрияға шабуыл жасады. Муссолини Италияның жаулап алу соғысына дайын екенін мәлімдеді. 30 наурызда сыртқы саясаттағы қызметі үшін империяның маршалы деген атақ алды Италия мен Германияның одағы одан әрі нығая түсті. 1938 жылы мамырда Гитлер Италияға келді. Германия мен Италия жақындаса түсті. Мұны 1938 жылы Студенттік дағдарыс шегіне жеткен кезде Гитлердің Чехословакия туралы кемсіткен баяндамасынан Муссолинидің сөзі кем түспегенінен байқауға болады. Сонымен қатар, Муссорлини егер соғыс конфликт болатын жағдайда Гитлер тарапынан болтанын мәлімдеді. 28 қыркүйекте Чемберлен Муссолинимен дүниежүзілік соғыстың басталуын тоқтау үшін кездесті.

 

 

 

 

 

2.2 Фашистік  Германия,Жапония,Италиядағы басқару  жүйесі

 

1939 жылы 4 сәуірде  Муссолини үлкен фашистік кеңесте  сөз сөйледі. Онда Италияның жақын және үзақ жылдары ұстанатын сыртқы саясаты қарастырылды.

Әр  мемлекеттің тәуелсіздігін сол  елдің теңізге шығу мүмкіндігімен шектелді. Италия Жерорта теңізінің тұтқыны болып табылады. Болашақта халқының саны көбейген сайын жағдай қиындай түсуі. мүмкін. Мұхитқа шығу үшін темір тор: Корсика, Тунис, Мальта, Кипр, Суэц және Гибралтар жауып тұр.

Италияның бірінші  міндеті Муссолинидің айтуы бойынша  Албаниядан басқа Еуропа территориясына ешқандай мүдделі емес. Италияның мақсаты мұхитқа шығу болып табылады. Ал бұл үшін Үнді мұхитына болса, Судан, Ливия аралығы, Атлантқа Франция және Солтүстік Африка аралығын өтуі тиіс. Қайсысы болса да Англия және Франциямен қақтығысады. Сондықтан Муссолини Германиямен одақтасты. Бұл Италия тылының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ірі аумақтағы мұндай интервенцияға Италия дайын емес еді. Содықтан ол елінің әскери күшін дамытуға кірісті. Италияның соғысқа кіруі 1942 жылға қарай жоспарланды [19.1975ж].

"Стальной  пактіден" кейін бірнеше күн  өткен соң, біріккен агрессивтік соғыстар жөнінде ой бөлісті. Муссолини Гитлерге бұл соғысқа үш жылдық мерзімге дайындық керек екендігін хабарлады. Италияның әскери күші, техникалық және тактикалық жағынан Эфиопиямен соғыс кезіндегі деңгейде қалып қойды. Бұл Италияның әскери бюджеті өзгерген кезде де еш өзгеріс енбеді.

1939 жылы 1 тамызда Италияның әскері 67 дивизиясы, 3 моторы, 3 жылжымалы және 3 таулы-альпілік дивизиялары болды. Жылдың соңына қарай дивизия саны 73-ке өсті. Бұл дивизиялардың қаруының көп бөлігі бейбіт кезеңдегі штаттармен құрастырылды, яғни ескірген. Жаяу әскерлерінің негізгі қаруы 1851 жылы шыққан винтовкалармен жабдықталды, артиллерия әлсіз болды, қару жетіспеді, моторлы дивизияда машина жетіспеді. Әуе күштерінде ұрысқа кіретін ұшқатың 3/1 бөлігі жарамды болды. Әскери теңіз күші басқа салалармен салыстырғанда анағүрлым жақсы болды. Алайда соғыстың алғашқы жылдарында-ақ жанармайдың жетіспеушілігі байқалды. Елдің соғысқа әскери дайындығын бас штабтың басшысы Ген Бадольо басқарды. Ол әскери өндірісті де қадағалады. 1937 жылы Бадольо тәкәппарлы тұрде Муссолиниге әскери саланың халықтың және дученің кез-келген бүйрығын орындауға дайын екендігін жариялады. Бас штабтың басшысының бұл сөзінің шындыққа жанаспайтындығын Муссолини жақсы білді. 1939 жылы жоғарғы комиссия қорғаныс саласында шикізаттың соғыс болған жағдайда жетіспейтіндігін жариялады. Бұл комиссияның есебі бойынша соғыс жағдайында Италияға 21 млн тонна тұрлі материалдар қажет: жанармай, өндіріс тауарлары, ағаш және т.б. Франциямен немесе Англиямен соғыс болған жағдайда негізгі материал Шығыс және Орталық Еуропадан әкелінді. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде әскери өндіріске қажетті шикізат жеткіліксіз шамада болды.

Муссолини соғысты кешеуілдетіп бастау қажеттігін түсінді. Бұл жөнінде ол Гитлерге ұсыныс жасады. Алайда фюрер бұған келіспеді.

Гитлер Германияның  әскери дайындығына еш шек келтірмеді. 25 тамызда Муссолини түнде жалпыға бірдей мобилизациялау шешімін қабылдады. Фашистік Италия Гитлер бастаған соғысқа қатысуға дайындала бастады. Чиано былай деп жазды: "Муссолини кіруге бел буды. Соғысты кейінгі қалдыру мүмкін емес. Мен көнемін". Бір сәтте бәрі де аяқ астынан өзгеріп шыға келді. 25 тамызда Римге Гитлердің елшілігі келді. Гитлер жақын арада Польшамен соғыстың болатынын және Италия тарапынан түсінушіліктің болуын қалаған. Гитлер Италияның соғысқа тез арада араласуын өтінбеді. Келесі күні Муссолини штаб басшыларын жинап, оларға соғысқа кіру үшін әскери материалдардың тізімін жасауды бүйырды. Нәтижесінде Чианоның айтуы бойынша: "Оқи алатын өгізді өлтіре алатындай нәтиже шықты". Нәтижесінде алынған құжатта 170 млн тонна әскери материалдар белгіленді. Оны тасу үшін 170 мың теміржол эшелоны қажет болды. Бұл тізімді Муссолини дереу Гитлерге жіберді. Италия қажетті материалдарды жіберген жағдайда соғысқа кіре алатынын хабарлады. Германия Италияның барлық ұсынысын қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ еді. 27 тамызда жауап хатта Гитлер Италияның бейтараптығын хабарлауды тоқтата тұруды сұрады. Мобилизациялау іс-шараларын одан әрі жалғастыруды сұрады. Өйткені Англия мен Франция қауіп төндірген еді. Муссолини бұл талапқа келісті. Муссолини бүкіл халықты мобилизациялауды тоқтатқанымен, бірақ соғысқа дайындық тоқтаған жоқ. Запастағы офицерлер әскерге шақырылды. Италияда әскери жаттығу істері жүріп жатты. 1939 жылы 1 қыркүйекте соғыстың басталған күнінде Италия өзінің бейтарап саясат ұстанатының хабарлады. Алайда бұл өтірік еді. Өйткені осыдан бірер күн бұрын Муссолини Гитлерге "Италия бірнеше уақыттан кейін соғысқа енеді" деп салтанатты тұрде уәде берген болатын. Италияның бейтараптықты ұстанғанын білген ел бұл фашистің өз еркі емес екенін түсінді.

Соғыс басталғанан кейін өзінің шарасыздығынан ашуланған Муссолини бір айға жуық көпшілік алдында сөз сөйлемей қойды. Эмилии-Романьеде партия белсенділерінің алдында сөйлеген сөзінде оның негізгі тақырыбы елдегі антифашистік қалдықтарды жою, еврейлермен, масондармен күресу туралы болды. Муссолини елдегі халықтың көзқарасы жақсы білді. Тамыздың соңында полиция басшысы өз баяндамасында халықтың соғысқа қарсы көзқараста екені айтылды. Осы кезде үкімет құрылысында үлкен өзгерістер жасалынды. Бұл өзгерістерде Чиано кеңесі үлкен роль атқарды. Өзгертілген үкімет құрамы тіпті "Чиано кабинеті" деген атақ алды.

Сыртқы  саясатты Италияның бейтараптығы кезеңінде  Италия Германия және оның қарсыластары арасына түсуге тырысты. Сол арқылы Италияның халықаралық саясаттағы ролі өседі деп ойлады. 1940 жылы 5 қаңтарда Муссолини Гитлерге хат жолдады: "Германияның КСРО-ға агрессия жасауын сұранған". Бұл хатқа Гитлер бірден жауап бермеді. Тек 8 наурызда Гитлердің жауап хаты келді. Батыстағы соғыс Муссолиниді одан сайын шыдамсыздандырды. Ол Германияның жеңетініне сенімді болды. Сондықтан өз үлесіне тиетін территориялық сыйлықтан құр қалмау үшін соғысқа араласуға әрекеттенді.

Муссолини итальян  халқының сапасы жөнінде жоғарғы  көзқараста болды. Муссолини Чианоға айтқан сөзінде Италия халқы 1914 жылы қазіргіден жасқы еді деді. Ресми түрде Муссолини өзі буржуазия деп атаған хылқының бір бөлігіне қысым көрсетті. Соғысқа кірмей тұрып газетке берген сұхбатында Муссолини буржуазияны сөзімен мүдделес болмайды деп айыптады.

Буржуазияның көп бөлігі фашистік әскери авантюрасына қарсы оппозициялық топ құрамады. Буржуазияның ішіндегі негізгі наразылық соғыс ықпалымен болған кейбір қүқытық шектеулерге қарсылық білдірді. 1940-1941 жылы антифашистік және соғысқа қарсы пікірі үшін соттаған адамдарының көпшілігі жұмысшы табынан болды. Айыптаулардың көпшілігі "Дучені қорлағаны үшін", "ұлтқа қарсы үгіт жүргізгені үшін" болды.

Фашистік  режимге қарсылықтың күшейгені  соншалық, өкімет билеушілері арасында үрей туды. Чиано Муссолиниге халықтың моральдық жағдайын көтеру үшін бір амалын қарастыруды сұрады. Халыққа: "Дәл қазіргі кезеңде фашистік партияның тағдыры туралы мәселе емес Отанның тағыдыры туралы мәселе жүріп жатыр" дегенді түсіндіргісі келді. Осылайша фашистер қиын сәтте фашизм мен Отанды бөліп қарастырды. Италияндықтар фашизм және отанды бөліп қана қоймай отандарының осы кезге дейін бақытсыздыққа душар болуы фашизмнің салдарынан екенін жақсы түсінді.

Желтоқсан соңында соғыс барлауының басшысы, король адьютанты Аме Пунтониге: "Бұл Италияның көп бөлігі бейбітшілікті қалай болса да алады. Бұл моральдық апат фашизм өзінің ең дағдарысты кезеңін басынан кешіп отыр. Муссолини елдегі ықпалынан айырылды"-деді. Шындығында фашизм күйреу алдында тұрды. Мұны Муссолинидің өзі де түсінді. Бұл кезеңдегі Чиано күнделігі Дученің генералға ашу-ызасына толы болды. Муссолини генералдарын Италияның "ішқұрты" корольге қарсы, тіпті Гитлердің өзіне қарсы еш шара қолданбайтындықтарына ашуланды. "Ішкі майданның" бірқалыпты болмағанына бас кінәлі деп фашистік партияның хатшысы Мутиді айыптады. Ол 1940 жылы қазанда қызметінен кетті. Осымен бір мезетте бірнеше министрлер лауазымдарынан алынып тасталынды.

Итальян халқының наразылығы соғысқа қатысқан Италияның шығынының нәтижесінде де дамыды. Италия үшін соғысқа кіру үлкен шығын әкелді: 1939-1940 жылғы бюджет 28 млрд лирдің дефицитімен жабылды. Келесі жылы бұл цифр екі есеге дейін өсті. Халықтан материалдық көмекті арттыру мақсатында Муссолини салықты көбейтті. 1940 жылы карточка жүйесі енгізілді. 1941 жылдың ортасына қарай негізгі тамақ карточкамен алынды. Алайда жылдың соңына дейін Батыс Еуропаның басқа мемлекеттеріндегідей сауда қиыншылығы болмады. Бірақ олар халықтың моральдық жағдайына өте ықпал етті. Фашизмнің елдің ара-қатынасы алшақтай түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Саяси жүйе

3.1Германия, Жапония,  Италия саяси жүйесі

 

Фашистер билікке  келген соң,  ең алдымен,  буржуазиялықдемократиялық бостандықтарды жоя бастады. 1933  жылғы ақпанда сөз, басылым, жиналыс бостандықтарын жойған “Герман халқы мен мемлекетін қорғау туралы” декрет қабылданды. Сол айда полицияға шексіз өкілеттіктерді берген  “Герман халқын қорғау туралы”  декрет қабылданды. 1933  жылғы 23 наурыздағы заңмен рейхстагтағы депутат-коммунистер мандаттарынан айырылып,  қамауға алынды,  коммунистік партиямен оның баспа құралдары жабылып, оларға тыйым салынды. Басқа барлық партиялардың қызметіне де тыйым салынды.Кəсіподақтар таратылып,  мəжбүрлі мүшелікпен байланысты өздерінің кəсіподақтары құрылды.

Елде жалғыз партиялық əскерилендірілген саяси  жүйе орнады.  Үкімет партияның бақылауына өтті.  Партияда өзінің штурмдық отрядтары (СА), қорғау отрядтары (СС) жəне əскери құрылымдары болды,  бұлар кейінірек фашистік Германияның қарулы күштеріне  (вермахт)  айналды.  Ұлтшылдар партиясының мүшелерінің қылмыстарын соттардың жалпы жүйесінен бөлек, партиялық соттарда қарастырылды.

“Жаңа үшінші рейхты”  құру үшін ұлтшылдарға  (олардың көзқарасы бойынша) бүкілəлемді жаулап алушылық қимылдар қажет болды. 1939  жылғы 1  қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді, сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945 180жылы КСРО жəне одақтас-мемлекеттер АҚШ пен Ұлыбритания фашистік Германияны жеңді. 

Осы жылдары  аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина  халықтары еврейлер мен арабтар  арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген соң еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы - Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды.

Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы