Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12
2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19
3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................
Жоспар
Кіріспе.......................
1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік
басына келуі.........................
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12
2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы
мемлекеттік құрылыс.......................
2.1Германия, Жапония, Италиядағы
мемлекеттік аппарат.......................
2.2 Фашистік Германия, Жапония,
Италиядағы басқару жүйесі........................
3-тарау. Саяси жүйе..........................
3.1Германия, Жапония, Италия саяси
жүйесі........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия, Жапония және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Италия мен Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың мақсаты Италия, Жапония мен Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-тегжейлі зерттеу.
-Италиядағы 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыстың алғышартын;
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-фашистер
өз кабинетін құрғаннан кейін
Италияда империялық теңденциян
-Германиядағы
фашистік режимнің
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік
соғыс өртін Германия және
Италия сияқты фашистік мемлеке
Тақырыптың тарихнамасы. Италия және Германиядағы нацизм мәселесі бойынша арнайы. еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І.Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер
және Муссолинидің билікке
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету мақсатында Л.Чернойдың «Коричневые диктатуры» [1] еңбегі пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау Фашистік Германия, Жапония,Италияның құрылуы тарихы
Германияда революция өрті шыққанда және Веймар республикасының пайда болуы кезінде А.Гитлер 1919 жылғы Версаль келісіміне қарсы тұру үшін саясатқа араласа бастады. Бұл кезде ол ескі полкінің құрамында болатын, оған саяси партиялардың ішінде тыңшылық жасау жүктелген. 1919 жылы қыркүйекте Гитлерге неміс жұмысшылар партиясының анықтамасын алу табыс етілді.
Бұл партияның ешқандай бағдарламасы, жосапары болмаған. Оның қорында тек бірнеше марка болды. Бірақ Гитлерді оның идеясы қызықтырды. Гитлер бұл партияға мүшелікке кірді. 2 жыл өтер-өтпес уақыттан соң Гитлер бұл партияның жетекшісі болып тағайындалды. Гитлер неміс жұмысшылар партиясының атын Германияның ұлтшыл социал жұмысшы партиясы атына өзгертті. (НСДАП) Осыдан кейін ұлтшылдық социалист сөзінен шыққан "нацизм" термині пайда болады. Гитлер өз қызметін партияның қалыптасуына арнау үшін әскерден кетеді. Бұл мақсатқа жету үшін Германияда жағдай қолайлы еді. Экономикалық жағдайларға наразылық және жеңген елдерге қарсылық туып жатқан болатын. Гитлер 25 пункттен тұратын өз бағадарламасын жасады. Оның мазмұны антисемитизм, национализм, арий нәсілінің артықшылығы, либералдық партиялардағы жек көрушілік және фюрерлік принцип болды. Бағдарлама кімде кішкентай наразылық болса тарта алатындай өте сәтті жасалды. Ол нацистік партияға-свастика символын және өзінің алдындағы билеушілерге еліктеп "Хайль" деп сәлемдесуді енгізді. Ол партияның көзқарастарын кең тарату үшін "Фелькшпер беобахтер" газетін шығаруға тырысты. Партия жинаған қорын қорғау мақсатында қоңыр көйлектілер отрядын құрды. Бұл отрядты оның жақын досы Эрнс Рема басқарды. Келесі ұйым Гитлердің жеке гвардиясын болды. Оның мүшелері өз фюрерінің мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күресуге ант берісті.
1923 жылдың соңына қарай Гитлер Веймар республикасының күреу алдында тұрғанына анық көзі жетті және "Берлинге марштың" кезі келгенін түсінді. Сөйтіп, "еврейлік-маркстік сатқындардан" тұратын үкіметті құлатуды мақсат етті. Армияның қолдауымен ол Германияда нацистік бақылау орнатпақшы болды. Гитлер өз жосспарын жасауда хатшының және әскерінің ішінде әйгілі генерал Эрих Людендорфтың көмегіне сүйенеді. Эрих Людендорф I дүниежүзілік соғыстың ардагері, революционер және милиторист болатын. Гитлер және Людендорф саяси дағдарысты пайдалана отырып Мюнхенде төңкеріс ұйымдастырды [21, III том].
8 қазан күні кешке 3000 адам "Бюргербраукеллер" орына жиналды. Бұл Мюнхендегі сыра ішетін залда Бавария үкіметінің мүшесі Густав фон Кара мен бірге жергілікті жоғарғы шенеунік-Ген Отто фон Лоссов болды. Отто фон Лоссов Баварияның әскери күшетірінің басшысы болатын. Сонымен қатар, Бавария полициясының басшысы ханс фон Шайссер болды. Кара трибунада сөйлеп жатқан кезінде 600-ге жуық қаракөйлектілердің штурмавиктері залды байқатпай қоршап алды. Нацистердің лидері А.Гитлер өз жақтастарымен залға қараңғылықты жамылып кіріп алды. Столдың үстіне шыққан А.Гитлер "ұлтшылдық революциясы басталды" деп айқайлады. Сонан соң көпшілікке: "Залда 600 адам бар. Ешкімге кетуге рұқсат етілмейді. Бавар және Берлин үкіметі құлады. Дәл қазір жаңа үкімет құрылады. Рейхсвер казармасы және полиция алынған. Барлығы свастика белгісінің агтында жаңа күреске көтерілуі тиіс" дейді. Трибунаға бұрылған Гитлер фон Караға, фон Лоссовка және фон Шейссерге келесі бөлімге өтуіне дөрекі бұйырды. Бұл жерде Гитлер өзінің фон Эрихпен және үкімет құратындығын және олардың тұтқындалатынын мәлімдеді. Бүған қарсылық білдірген көпшілікке ашуланған Гитлер нацистік үкіметті қалайда құратындығын мәлімдеді.
Мюнхендегі оқиға Берлинге мәлім болған кезде Рейхсвер басшысы Ген Ханс фон Зеект жергілікті үкімет еш шара қолдана алмаса, көтерілісті өзі басатындығын айтты.
Таңертең Гитлер қолдау таппаған көтерілістің сәтсіздігі туралы естіді. Бірақ Людендорф кері шегінудің қажетсіздігін түсінді. Таңертең сағат 11 жиналған ұлтшылдар Мариенплац орталығына қарай жөнелді. Колоннааның бас жағында Гитлер, Людендорф, Геринг және Юлиус Штрайхер жүріп келе жатты. 3000 ұлтшылдарға 100 жуық полицейлер қарсы тұрды. Гитлер полицейлердің берілуін талап етті. Жауап ретінде оқ атылды. Бірнеше мезеттен кейін 16 ұлтшыл және үш полицей мерт болды. Көптеген адам жараланды. Герингтің жанбасына оқ тиіп құлады. Гитлерді жақтастары қауіпсіз аймаққа алып кетті. Людендорф басын иместен алға қарай жүрді. Полицейлер әйгілі соғыс ардагеріне оқ атпады.
"Пивной
путч" сәтсіз аяқталғанмен, белгілі
бір саяси жетістіктерге жете а
1924
жылы 26 ақпанда Гитлерді отанына
опасыздық жасағаны үшін соттад
Гитлерді бір жылға бас бостандығынан айырды. Оның сот залындағы тәртібі немістерді таң қалдырды. Оны ұлы ұлттық батыр деп санады. Гитлер Ландабергтегі абақтыда тоғыз ай отырды. Оған жайлы камера берілді. Ол жерде ол оқ қателіктерін сараптады. Бұл жерде ол "Майн камф" еңбегін жазды. Кейін Бұл еңбек нацистік қозғалыстың библиясы болды. Бұл кітабында Гитлер өз өмірі жайында, бағдарламасын, өзіндік философиялық ойларын жазды. Гитлерді дарвинизм үлгісінде жазды: тұлға, халық өмір сүру үшін жалғасып жатқан күрестік субъектісі болып табылды. Мораль ақымақтық, үстем болуы күште. Нәсілдік үстемдікте немістер еврейлерді қаралады. Егер Германия өзінің ішкі жағайына аянбай күрес жүргізсе қайта ұлы атанады. Тек қана халық қолдауына сүйенген диктатордың арқасында Германия "өмір сүру аймағын" сыртық жаулардан тартып ала алады. Жаңа нацистік қозғалыс Германияның болашпақ дамуына стратегияны енгізуі тиіс болды. "майн камф" еңбегі көп сөзді болғанымен, оның атағы бірті-бірте шыға бастады. 1939 жылы бұл кітап он бір тілге аударылды, жалпы тиражы 5,2 млн дананы құрады [23,33б]. Гонарар Гитлерді бай етті.
1923
жылғы оқиғаның жеңілісі
Бұл кезде Гитлерге "қарыз берушілерінің" құрамына химиялық фабриканттар, "ИГ Фарбениндустри", ірі Берлиндік өндіріс иесі Эдуард фон Бюрдиг, орыс ақ гвардияшылары, тіпті шетел саясатшылары кіреді. Бұның бәрі күрделі жүйелілікпен жасалды. 1929 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда кең етек жайды. Дағдарыс елінің барлық финанстық сфересан тоқырауға ұшыратты. Өндіріс көлемі екі есе қысқарды. Жұмыссыздық саны 7,5 млн адамға жетті. Тек жұмысшылардың емес, орта таптағы қала тұрғындарының да жағдайы күрт төмендеді. Мыңдаған ұсақ буржуазия күйреді.
Елдің аграрлық саласында болып жатқан дағдарыс аграрлық салаға да тартады. Дағдарыс елдің әлеуметтік жағдайын шиеленістірді. 1931 жылы қаңтар Руда кеншілерінің көтеріліс болып өтті. Оған 350 мың жұмысшы қатысты. Бүны ұйымдастырған Германияның коммунистік партиясы еді. 1930 жылы КПГ "Неміс қалаларын әлеуметтік және ұлттық азат ету" бағдарламасын жасап шығарды: банктерді және өндіріс саласын национализациялау, салықты төмендету, помещиктік жерлерді тәркілеу және бұл жерлерді шаруаларға үлестіру. Билеуші тап Германияның буржуазиялық демократиялық жүйесі елді басқару елде қажет емес көзқарасқа бет бұра бастады. Бұл билеуші тап ресми түрде ұлттық-социалистік деп аталған партия болатын. Фашистер буржуазиялық демократияның жойылып, орнына диктатураның орнауын талап етті. Гитлерлік фашистік партия монополияның мүддесін қорғады.
Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы