Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12
2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19
3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................
Жергілікті əкімшілік фашистік партияның құрамынан тағайындалатын префекттер мен подесттердің басқаруына берілді. 1926-1927 жылдардағы “Мемлекетті қорғау туралы” заңдармен фашистік партиядан басқа барлық саяси партиялардың жəне фашистерге қарсы барлық газеттердің қызметіне
тыйым салынды. Фашистік кəсіподақтардан басқа барлық кəсіподақтар таратылды.
Қуғын-сүргіндік аппарат белсенді түрде қалыптасты. 1923 жылы Жоғарғы Фашистік кеңестің шешімімен ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен айналысатын ерікті милиция құрылды, оның мүшелерінің саны елдің қарулы күштеріндегі əскердің санынан асып кетті. Милиция тек дучеге бағынатын.
1926 жылы мына органдар құрылды: ұлттық қауіпсіздік полициясы; фашистерге қарсы қозғалыстардан қорғау ұйымы; саяси тергеудің ерекше қызметі. Қарулы күштер үкімет басшысына бағынды, жəне оған ішкі істер министрі ретінде карабинерлер корпусы да бағынды.
Сот жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: арнайы комиссиялар (полициялық соттар); режимге қарсы қылмыстарды реттеуге арналған ерекше саяси трибунал; мемлекетті қорғау бойынша арнайы фашистік трибунал ерекше өкілеттіктерді иеленді.
Партия бюрократиялық, əскерилендірілген аппаратқа айналды. 1927 жылы Жоғарғы Фашистік кеңес Еңбек хартиясын қабылдады, оған сəйкес, фашистік мемлекеттің негізін кəсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады,ереуілдер мен қозғалыстарға тыйым салынды
Фашистік режим Корпорациялардың арнайы министрлігін жəне Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде өнеркəсіптің əртүрлі салаларында 22 корпорация құрылды,Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару органына айналды.
Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Ватиканды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы келісім бекітілді. Католик діні Италияның жалғыз діні ретінде танылды.
Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия ерекше сипатты иеленді. 1936 жылы Эфиопия (Абиссиния) жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940жылы Италия əскерлері Грецияға басып кірді. 1937 жылы Италия “Антикоминтерндік пактқа” Жапония мен Германия мен бірлесе отырып қосылды. 1940 жылғы шілдеде Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады, содан кейін Италия КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа қатысты.
Бұл жолы бейбітшілікке басты кепілдік берушілер Ұлыбритания, Франция және АҚШ болды. Әлемге қауіп төндірушілер неміс реваншизмі мен Ресей большевизмі деп жарияланды. Бұлардан басқа Ұлттар Лигасы құрылып отыр, бірінші, ең ірі тұрақты түрде жұмыс істейтін бұл халықаралық ұйым бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс болды. Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзінің бірқатар аймағында жеңімпаздардың пайдасын көздеп, ұтылғандардың ренішін туғызып, қару-жарақтың саны мен сапасын алға тартты. Бұл реніш бірте-бірте келіп неміс реваншизмі мен жапон милитаризміне ұласты. Бұған ілесе неміс және жапон экономикасының күрт дамуы Германия мен Жапонияның Италиямен бірлесіп, "Берлин - Рим - Токио" белдеуін құруына мүмкіндік берді, олар енді халықаралық саяси-құқықтық тәртіпті өзгертуге ұмтылыс жасады. Ақырында, пайда болған қайшылықтар Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеп ұрындырды.
1945 жылы Гитлерлік
Германия талқандалды.
Мұндай ғаламдық деңгейде екі жақ болып қарсы тұру қырғи қабақ соғыстың басталуына қарсылас екі жақ ашық соғысқа бармай-ақ ұдайы жасырын әрі ашық түрдегі идеологиялық, экономикалық және саяси бәсеке мен жаппай қарулануға көшті. Мұндай геосаяси құрылым жағдайына мүлдем жаңа қатер ядролық соғыс қаупі мен адамзаттың жаппай жер бетінен жойылу апаты алға шықты.
Соғыс шиеленісінің ешқандай болашағы жоқ екендігі, екі жақтың да тұтастай қырылатыны халықаралық тайталасты бәсеңдету талабына бағытталды. Оның ең маңызды бір шарасы "Хельсинки процесі" болды, Еуропадағы қауіпсіздік пен бірлескен іс-қимыл (ОБСЕ) жөніндегі Кеңес өткізумен аяқталған бұл шараның қорытындысында 1975 жылы Хельсинки актісіне қол қойылды.
2-тарау Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылысы
Германияда фашистер билік басына келгенне кейін барлык мемлекеттік аппаратты өзгерту мәселесі туындады.Басқарудың мемлекеттік құрылымдары өзгеріске ұшырады немесе түгелдей жойылды. Президента қызметі үкiметiнiң қаулысы бойынша 1934 жылдың 1 тамызында Гинденбургiнiң өлiмінен кейiн жойылды,ал барлық өкiлеттi билік Гитлер қолына түйлiктi.Сөйтіп Гитлер өмірлік рейхканцлер атағын алды.
Германияда фашистік диктатураның орнауына төрт жағдай əсер етті:
1) ірі өндірістік
жəне қаржылық буржуазия
2) ұсақ буржуазия
мен шаруалар ұлтшылдардың
3) Германияның жұмысшы табы өз ішінде ыдыраудың нəтижесінде əлсізденді, сол себепті, коммунистер фашистермен жалғыз өздері күресуге дайын болмады;
Фашистік Германияның
басқару аппараты қөп сатылы болды.Гитлер
өз мойнында фашистік елдің фюрері,президенті,
Италиядағы фашистік диктатура контрреволюциялық сипатта болды. Фашистер жергілікті социалистік және коммунистік партия ұйымдарына ғана емес, соған қарамастан, буржуазиялық, республикалық және либералдық партия ұйымдарына қырғидай тиді. Фашистердің осындай іс-әрекеттері билік басындағы либералдық буржуазияны да мазаламай қоймады. Бұл өз кезегіндегі билеуші топ арасында фашизмге деген көзқараста алауыздық тудырды. Кейбір буржуазия өкілдері фашизмнің көмегі арқылы ашық реакциялық мемлекет құруға тырысса, кейбірі елдегі революцияны басуға пайдалануға тырысты. Соңғыларының қатарына премьер-министр Джолитти жатады. [11,125б].
Міне осы жағдайда фашистерге қарсылықты ұйымдастыру күрделі болды. Антифашистік қозғалыстардың кең тараған тұрі еруілдер мен шерулер болды. Алғашқы ереуілдердің бірі 1921 жылы 25 қаңтарда Флоренцияда болып өтті. Мұндай ірі ереуілдер Пизеде, Мортареде. Ливорнада болып өтті. Туриндер фашистер еңбек палатасын өртеп жіберуіне жауап ретінде ірі ереуіл болып өтті. Жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Ереуіл қалаға артиллерия мен әскердің бір бөлігі келгеннен басылды. Антифашистердің және фашистердің қозғалысы Римде үйреншікті жағдайға айналды. Алайда фашистер барлық қақтығыстарда үстем болып шықты. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болмады.
Антифашистік
қозғалыстарда жалпы еңбек
Фашизм ең алдымен кәсіподақ ықпалымен күресу қажет болды. Италияның социалстік партиясының басшылары фашизмге қарсы әлсіз қарсылықтар көрсетті.
Коммунистік партия басшылары елдегі жағдай бойынша былай жауап берді: "Біз дайындыққа дайындықпен, қарулануға қаруланумен, күшке күшпен жауап береміз"-деді.
Фашистік
қозғалыстың басшылары
1921
жылы қарашада фашизмді
1921 жылы съезден кей фашистер өздерінің бағыттары бойынша белсенді тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты. Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді. 1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: «Жаңа Рим папасы Милан архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам» деп жазды.
Фашистер әскери облыста партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға тырысты.
Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды. Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты болуы тиіс болды.
Фашистік кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені алға қоюы тиіс болды. Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.
1922
жылдың бастарында фашистер
1922 жылыдың басында Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында абыройы жоғалды.
1922
жылы 2 қаңтарда Бономи үкіметі
отставкаға кетті. Италияның бі
Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды. Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды. "Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды дұрыс көрмеді.
Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті. Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады. Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері (1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15,75б].
1922
жылы фашистік террордың өсуі
жаңа үкімет дағдарысын
Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы