Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42
Медициналық қызметтің кепілдік көлемінде көрсету қамтамассыз етіледі, негізгі көңіл оның сапасының көтерілуіне аударылады.
Бюжджеттің қаржыландыру көлемі 1999 жылдан бастап 30% -ға дейін өсті.
1999-2003 жж. денсаулық сақтау саласын бюджеттік қаржыландыру динамикасы( млн. теңге) Сурет 1.
[7]Денсаулық сақтау жүйелерін қайта құру, тұрғындардың әр түрлі медициналық қызметтерге сұраныстың есбімен жүзеге асырады. Емдеу-диагностикалық сипаттан, нашақорлық саладағы, әртүрлі жұқпалы аурулардың профилактикасы бойынша мекемелердің күші нығайды.
Бірнеше медициналық ұйымдар жекешелендіріліп алынған стоматологиялық поликлиникалар, косметологиялық емдеушілер, дәрігерлік дене-шынықтыру диспансері, хоз расчет поликлиникалар. 2009 ж. денсаулық сақтау мемлекеттік емес ұйымдары және жеке тәжірибеден өтіп жүрген дәрігерлер, қала тұрғындарын 11,3% көлемінде емханалық көмекпен қамтамасыз етті.
Дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету басымдылығының даму мақсатында 7 жеке жанұялы дәрігерлік емханалар ашылып, қызмет етіп жатыр.
Емханалық-поликлиникалық көмекее қол жеткізу деңгейін көтеру қамтамасыз етілген, жылына бір тұрғынның қатысу саны жоғарғы деңгейде қосып тұр – 7,3 (республика бойынша – 5,4). Емханалық – поликлиника ұйымдарының жоспарлы күші 95% пайдаланды. Көмектің стационарлық орналастыру технологиялары негізілген, осыған байланысты жыл сайын 70 мыңнан астам аурулар немесе стационарларда госпиталданғандардың санынан 41% госпиталдаусыз ем алып жатыр.
Соңғы жылдары стацои-халықтың керуетті күші маңызды түрде қысқарып кетті, біраз стационарлық көмектің қажеттілігі оның интенсивтілігі мен стационарлық орналастыру технологиялық даму есебінен қамтамасыз етілді . Керуетті қордың тиімді пайдалану көрсеткіштері жақсарды – керуеттің жұмыс көрсеткіші жылына 287-ден 335-ке дейін өсті, стационарларда ауруларды емдеудің орташа ұзақтығы 13,9-дан 10,2 күнге төмендеді, керуеттердің айналымы 20,5-тен 33 госпитализацияға дейін жетті.
Халықты және дәрігерлік ұйымдарды дәрігерлікпен қамтамасыз етуге жолдар өте маңызды өзгертілді.
Қазіргі күні бұл екі бағытта жүзеге асырылады: халықты тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету және дәрігерлік ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Негізгі өмірлік қажетті дәрі-дәрмек құралдарын бөлу үшін тендерлер жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі, және жеткізуші фирмалардың бағалы ұсыныстарының анализінің қорытындысынан шыға “Диабет” және “Туберкулез” мақсатты бағдарламасы бойынша дәрі-дәрмектер жергілікті және республикалық бюджетінің қаржы есебінен орталықтандырылып сатып алынады.
Әкімнің шешімі бойынша, дәрігердің ұсынысы бойынша дәрмектерді ауруға және аурудың маңыздылығына қарай тегін жіберу үшін дәрі-дәрмектер ассортименті кеңейді.
Бірақ қала тұрғындарының денсаулықтары әлі де күрделі жағдайда тұр. Осымен қатар соңғы 4 жылда туу көрсеткіштерінің өсу деңгейі 1000 халыққа (2000 ж. туу көрсеткіші 17 мың адам, алайда оның деңгейі орташа республикадан әрі төмен), халықтың өсімі жоғары болып тұр. Қала бойынша азайса да, бірақреспубликалық деңгейден жоғары. Жасы жоғары халықтың өсім себептерінің құрылымында мына аурулар тұр: қан айналым жүйесі (56%), опкалогиялық (17%), улану және сынық (11%), өкпе аурулары болып табылады.
Халықтың тұрмысы нашар топтарға адрестік әлеуметтік көмек көрсету бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Республика бойынша Алматы қаласы зейнеткерлерге ай сайын есептік көрсеткішпен 0.5 мөлшерде арнайы қалалық жәрдемақылар төленіп отыратын жалғыз аймақ болып табылады.
Халықты әлеуметтік қолдау бойынша шаралардың бірі болып, мұқтаж ететін жанұяларға үй-жай тұрмыс шаралары үшін ақшалай көмек беру болып табылады. Соңғы үш жылда тұрғын-үй жәрдемақы төлеу анализі алушылардың саны жыл сайын 30%-ға өсіп жатқанын көрсетеді. Алматы қаласы бойынша кедейшілік белгісі қазіргі күні 1891 теңге мөлшерінде анықталады, осымен бірге өмір сүру минимумы 4977 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының “Өмір сүру минимумы” Заңына сәйкес, өмір сүру минимумы – тұтыну қоржынының минималды құнының мөлшеріне тең, бір адамның қажетті минималды ақшалай табысы. Өмір сүру минимумы республика және аймақ бойынша квартал сайын орташа есеппен:
1) халықтың жан басына
2) халықтың жасы бойынша
Минималды тұтыну қаржыны – натуралды және бағалық сипаттағы тауарлар мен қызметтердің минималды жиынтығы.
Минималды тұтыну қаржыны құралады:
1) азық-түлік қоржыны
2) азық-тулік емес тауарлар мен қызметтерге шығындардан.
Бүгінгі күні 55 мың адам шамасында кедейшілік белгіде тұр, яғни бұл деген жалпы халықтың 4% шамасын құрайды.
Тұтас әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттің шығындары өсіп жатыр, тен қана соңғы жылдары 1,5 есе өсті, осымен байланысты Алматы қаласы бойынша мемлекеттік шығындарда жоғарыда аталып өткен мақсаттар үшін олардың үлесі 9-дан 13%-ға өсті.
Соңғы жылдарда әлеуметтік бағытталған объектілер дами бастады. Осыған байланысты, республикада бірінші 74 пәтерлі әлеуметтік үй салынды, ардагерлер үйі 350 орынмен, тұрақты үй-жәйі жоқ адмдарға әлеуметтік адаптация Орталығы, қиын тәрбиелі балалар мен жетім балалар үйін реабилитациялық орталық ашу, үй-жәйсіз балаларға асырап алу орындары ашылды.
Халықты әлеуметтік қорғау артықшылықтары мен кемшіліктері:
- кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша республикалық және қалалық бағдарламалардың бар болуы;
- халықты әлеуметтік қорғау жөнінде белсенді саясат жүргізу;
- тұрмысы нашар азаматтарды категория негізінде есепке алу бойынша ортаматтандырылған жүйесін жасау;
- Алматы қаласының 1999-2003 ж.ж. мүгедектерді реабилитациялау жөнінде комплексті мақсатты бағдарламалар жасау;
- қайырымдылықты дамыту;
Кемшіліктері:
- адрестік әлеуметтік көмектің жетіспеушілігі және кедейлікті түбімен жоюға арналған арнайы қабылданған әдістеме айқын көрінісі көрсетілмейді.
- “Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы” Заңның жоқтығы және басқада нормативті құжаттардың жетіспеушілігі;
- жүзеге асып жатқан заңда жетім-балаларға адрестік әлеуметтік көмек көрсету қарастырылмаған.
Жоғарғы және орта арнайы білім жүйесінде оқитындарға, сондай-ақ студенттердің жерлеуі үшін жәрдемациялар, жұмыс істемейтін азаматтарға, яғни еңбек биржаларында тіркелмегендер үшін көмек көрсету көрсетілмеген.
Алматы қаласының әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша стратегиялар мен анализдер.
Жыл сайын білім процессіне қаржылай салымдардың көлемін көбейтуді қамтамасыз ету жоспарланды, яғни білім мекемелерінің оқу-әдістемелік және құрал-техникалық базаны жақсарту, білім берудің жаңа стандарттарын жасау және енгізу арқылы білімнің сапасын, маңызды түрде жақсартуға мүмкіндік береді.
Стратегиялық тапсырмалар:
- білім сапасын көтеру;
- білім жүйесінің барлық деңгейін информациялау;
- білімге қол жеткізу теңдігін және таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- білімнің барлық деңгейін тиімді қамтамасыз ету;
- тәрбие жұмыстарын жаңарту, оқыту және тәрбие жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;
- профессионалды оқыту сапасын жетілдіру;
- бастауыш және орта профессионалды білім жүйесінде әлеуметтік қызметтестік үшін жағдайларын жасау, экономиканың қажеттілігіне сәйкес мамандарды дайындауда жоспарлай механизмін енгізу жұмыстарын жүргізу қажет;
- білім саласындағы басқару жүйесін жаңарту, қаржыландыру жүйесінің тиімділігін көтеру;
- білім процессіндегі субъектілерді әлеуметтік қорғау туралы аймақтың жуйесін жасау.
Алдыңғы жылдарда мектептерде қазіргі кездің бағдарламалары мен құралдарын енгізу процессі аяқталу қажет.
Қалада оқытудың сапасы білімнің сапасы білімнің барлық деңгейлері мен кезеңдерінде, оның бағалау белгілерінің кешенін енгізу жолымен, оқыту әдісін жасау бойынша ғылыми-әдістемелік лабораториясын құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Жасалған белгілер негізінде білім, оқыту және оқитындардың тәрбие мекеме жұмыстарының сапасына мониторинг жүйесі енгізіледі. Білім сапасын бақылау және оқитындарды сапасыз біліммен қорғау механизмін жасау, қалалық білім беру Департаменті бойынша құралтын мемлекеттік аттестациялық қызметпен жүзеге асырылады.
Халықты сапалы оқытудың маңызды факторы болып, мұғалімдік құрамының дайындық деңгейі болып табылады. Алматы қаласы басқа аймақтардың алдында артықшылығы көп, себебі кадрлардың мамандық дәрижесін көтеру және қайта дайындау жүйесінің негізгі базасы осы территорияда орналасқан. Бұл сұрақта негізгі іс-әрекет, қазіргі талаптарға сәйкес оқытудың бағдарламалары мен әдістерін жаңарту, олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату және мәліметтермен айырбас жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бүгінгі таңда республиканың бірден-бір Алматы қаласында, қаланың білім жүйесінің жалпы білім мектептерінде компьютерлендіру жұмыстары аяқталды. Болашақта орта білім профессионалды мекемелерде қазіргі таңдағы компьютерлік сыныптармен толық жабдықтау жоспарланып отыр.
Білім саласында мәліметтендіруді дамыту үшін корпоративті байланыс жүйелерді, дистанциялық оқытуды, әлемдік глобалды байланысқа Интернетке кіру мен шығу жолдары бойынша құру және енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы қаласының оқушыларының дайындық деңгейінің жеткілікті жоғары екенін ескере отырып, ұлттық мектептердің жаңа үлгісін енгізу үшін, тәжірибелік алаң түрінде тұтастай мектеп құру керек. Тәжірибе тәртібінде бастауыш мектептерде таңдалған сыныптарда бірден бірнеше тілдерге оқытуды енгізу қажеттілігін қарастырады. Мысалы, математика сабағын ағылшын тілінде, физика және химия – неміс тілінде, табиғаттану – орыс тілінде, тарих – қазақ тілінде. Бұндай бағыт оқитындарға өзднрінің ақыл-ой мүмкіндіктерін және әлемнің қандай да бір жоғарғы оқу орнына түсу кезіндегі таңдау базасын кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өздерінің таңдаған қандай да бір тілде Интернет арқылы дистанциялық оқуды жалғастыра алады.
Бюджеттік және қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз қорлардың қолдауы арқылы тұрмысы нашар жанұядан шыққан балалар үшін қаланың әрбір ауданында бір балабақшадан ашу, сондай-ақ арнайы білім беретін балабақша ашу туралы сұрақтарды қарастыру жоспарланды. Сонымен қатар білімді балаларды дамытуға көңіл бөліп, оларға жағдай жасау қажет. Олар үшін арнайы мектептер ашу керек.
Барлық оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде тұрмысы нашар жанұяның балалары үшін 150 орынмен орыс тілде оқытатын жалпы білім мектеп-интернаттарын ашу керек, сонымен қатар арнайы мекемелерді республикадан тыс жерлерде шығарылатын арнайы оқу-құралдарымен және оқу әдістемесін құралдарымен орталықтан қамтамасыз етіледі.
Оқитындарды сауықтыру бойынша жинақ бағдарламаларын – “Балалардың білімі мен денсаулығы” және “Балалық және оқитын жастардың жазғы демалысы мен жұмыс бастылығын ұйымдастыру” және тағы басқа бағдарламаларды жасап, енгізу жоспарланды.
Білім саласындағы жағдайдың анализіне келетін болсақ, Алматы қаласы республиканың ғылым және интеллектуалды орталығы болып табылады. Қалада республиканың 60% шамасында ғылым докторлары және кондидаттары (7,5 мың адам) жұмыс істейді.
Тек, 2009 жылы халық шаруашылығының жоғары маманданған жұмысшылар кадрларына сұраныстың өсуіне байланысты профмектептерге және профлицейлерге оқуға қабылдау, 2008 жылмен салыстырғанда 4%-дан 32%-ға дейін өсті. Осымен байланысты жоғарыда аталған оқу орындарында оқитындардың саны 15%-ға өскен, яғни жалпы барлық санынан 80% бюджет есебінен оқып жатыр.
Аймақтық даму стратегиясының құрылымы. Сурет 2.
Жалпы білім ұйымдарының альтернативті түрлері мен типтері іске асуда. Мысалы, 29 гимназия, 10 лицей, әртүрлі пәндер бойынша тереңдетіп оқытатын арнайы 14 мектеп бар, 114 жалпы білім мектептерінде жеке-жеке сыныптарда негізгі және қосымша жалпы білім бағдарламаларын қамтиды. Осыған орай олар оқитындардың қабілетігіне сәйкес тереңдетілген және дифференциалды оқумен 120 мың оқушыны қамтамасыз етеді.
“Салауатты өмір сүру” Бағдарламасының шегінде 2002 жылы денсаулық Жылына арналған шынықтыру мәдениеті мен спортқа байланысты 1124 шаралар жүргізілді. Дәстүрлі сауықтыру шаралары жүргізілді, Жаңа жылдың бәйге шоу “Денсаулық”, “Алматы қаласы – Жамбыл музей” атты шаңғы туристік походттар, 2003 жылдың қаңтар айынан бастап, қала мектептерінде дене шынықтыру сабақтары өткізіледі, спорттың 26 түрі бойынша қалалық федерациялар пайда болды.
Соңғы жылдары қалады Республикалық және Халықаралық жарыстар өткізіліп жатыр. Осы жылы Алматы қаласында жастар арасында хоккей бойынша әлемдік чемпионаты болып өтті.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару