Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42
Басқару ықпалына экономикада, әлеуметтік сала да, әкімшілік-саяси құрылыс саласы да ұшырайды. Өзінің кезегінде, басқару саласы адамның спецификалық саласы ретінде, қоғамның қандай саласында жүзеге асатынына байланысты, басқару өзінің табиғи пәніне ие болады. Әсерлеу обьектісі жағынан әлеуметтік басқарудың салаларын қарастырайық.
Экономиканы басқару-әлеуметтік басқарудың негізгі түрлерінің бірі.
Мемлекетті басқарудағы құқықты түрде құралған заң құралдарының (заңды – нормативті негіз, басқару заң қатынастары, заңды міндеттемелерді және субъективті құқықтарын іске асыру актылары) және әлеуметтік бағалаудың тиімділігінің бірлігінен мемлекеттік аппарат жүйесінің қызметін құрайды.
Басқару практикасында екі негізгі басқару қызметін көрсететін бағыттары қалыптасқан: 1) мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Бұлар бір-бірін толықтыра отырып, жалпы әлеуметтік жүйенің қызметін басқаратын құрамды бөліктер болады. Мемлекеттік және қоғамдық басқару органдардың негізінде конституциялық принциптері бойынша, яғни іскерлігімен, нақты мақсатты және нысаналы, әлеуметтік басқару табиғатынан және мазмұнынан құрылады. Негіз болып құрылатын ҚР-ның конституциялық принциптері болып, қоғамдық келісімділік, саяси тұрақтылық, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, үкімет өмірінің үлесімді сұрақтарының демократиялық әдістермен шешілуі, сонымен қоса республикалық референдумда немесе Парламенттегі (2.п 1 ст.Конституцияның) сайлауы табылады. Бұның бәрі ҚР-ң мемлекеттік және қоғамдық басқару фундаменталды негізін анықтайды.
Сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық басқару айырмашылығы бар. Өйткені қоғамдық басқару мемлекеттік аппараттың басқару сатысында бірдей емес деңгейінде тұр. Мемлекеттік басқарудың мазмұны үкіметтің қоғам алдындағы және әлеуметтік рөлінен шығады. Тек үкімет қоғамдық өмірдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың, әлеуметтік жалпы комплекстерінің реттеуінде үлесімді орын алады. Үкімет экономикалық, әлеуметтік аймақта, саяси құрылыста салаларды басқаруын қамтамасыз етеді. Азаматтардың қоғамдық ұйымдардың ішінде басқару ұйым ішіндегі масштабынан аспайды. Мемлекеттік басқару қоғамдық басқаруда стержіні болып табылады.
Қоғамдық басқаруға келетін болсақ, ол мемлекеттік емес ұйымның ішіндегі іскерлікке бағытталған. Ұйымның ішіндегі қатынастар құқықтық нормалармен емес, қоғамдық әсерлермен регламенттеледі. Азаматтардың қоғамдық ұйымдары басқаруда өзінің мақсаттарына жету үшін арнайы әдістерді қолданып, мемлекеттік емес өзі басқарылатын жүйе болады. Бұндай әдістердің мазмұны моральді, қоғамды және ұйымды құқықты емес азаматардың іс-әрекеттеріне әсер ету. Басқаша айтқанда ұйымның өз азаматтары арасындағы қатынастары құқықты емес десек те болады. Керісінше, бұндай ұйымдардың құқықтық нормалары сол жұмыс жасалып жатқан аймағында нормативті актілермен реттеледі. Бұл жағдайда қоғамды ұйым заңды тұлға болады.
Қоғамдық ұйымдардың статусы белгілі нормативті актілермен (уставпен) анықталады. Бекітілген құқықтармен міндеттемелер осы ұйымдарға белгілі қоғамдық қатынастарға түсуге мүмкіндік береді. Қоғамдық ұйымдар өз мақсаттарын орындау үшін іс-әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қоғамдық басқаруы туындайды.
Қоғамдық ұйымдар құқық алуымен бірге өзіне басқару органдар арқылы міндеттемелер қабылдайды, заңдарға қайшы келмейтін. ҚР-да территориялық бастамалардан қарағанда республикалық, жергілікті және регионды қоғамдық ұйымдар құрылуы мүмкін. Республикалық ұйымдарға, республиканың территориясының обылыстарында жартысынан көп орналасқан құрылымды бөлімдер (филиалдар, елшіліктер) жатады. Регионалды ұйымдарға, республиканың территориясының обылыстарында жартысынан аз орналасқан құрылымды бөлімдер (филиалдар, елшіліктер) жатады. Жергіліктіге бір обылыстың ішінде болатын ұйымдар.
Үкімет пен қоғамдық ұйымдардың қатынасының бір формасы бұл – бірге қызмет ету. Қоғамдық ұйымдар үкіметтен түскен жұмысты келісу арқылы істеуі мүмкін, заңға қайшы келмейтін. Бұған мысал бола алатын спортағы республикалық органдардың жеке қоғамды спорт федерациялармен және т.б. қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынастарынан айқын.
Әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастардан туындайтын әлеуметтік серіктестік жүйесіне ерекше тоқталып өткен жөн. 2000 жылғы 18желтоқсандағы ҚР-ң Заңында «ҚР-ы әлеуметтік серіктестік туралы» республикадағы серіктестіктің негізгі мақсаттары, принциптері және жүйесі бекітілген. Республикалық деңгейде әлеуметтік серіктестік республикалық үш жақты комиссиясын (тұрақты орган әлеуметтік серіктестіктердің қызығушылығын сұхбаттасып, келіс сөздерін жүргізіп белгілі шешімдерге келеді.) қамтамасыз етеді. Республикалық комиссияның мүшелері болып ҚР-ң Үкіметінен елшілері, республикалық профсоюздардың және республикалық жұмыс беру бірлестіктерінің елшілерінен тұрады. Осыған ұқсас деңгейлері төмен комиссиялар құрылады. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны келесі принциптер бойынша құрылады: елшіліктердің үлесімді болуы, жақтардың теңдігі, сұхбаттасуға берілген тізім сұрақтарының таңдау еркіндігі; міндеттерді қабылдау және жақтардың оны орындау еркіндігі; әлеуметтік серіктестіктердің заңдарды, халықаралық келісімдерді және республикалық міндеттемелерді ұстануы; елшіліктердің орындалмауынан шығатын жауапкершілігі.
Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың тағы бір қатынасы болып – үкіметтік тіркеу және қайта тіркеу. Қоғамдық ұйымдардың үкіметтік тіркеудің тәртібі мен мерзімі заңды тұлғаларды тіркеу заңымен реттеледі. Тіркелуден келіспеушілік соттық тәртіппен шешіледі.
Үкіметтің құқықты саяси концепциясында, ҚР-ң Президент жарлығымен 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 бекітілген Жарлығында, мемлекеттік өміріндегі аса ағуалды сұрақтардың демократиялық әдіспен шешілуінде мемлекеттік институттардың, саяси партиялардың, мемелекеттік емес ұйымдардың, әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі азаматтардың, халық азаматтар кейбір топтарының және т.б. қоғамдық ұйымдардың бірігіп, тығыз байланыста ролі жоғары болады. Сондықтан мемлекеттік басқару теориясында стратегиялық мақсаттары қоғамдағы құқықты ғылым көмегімен мемлекеттік және қоғамдық басқаруларының бірігуін және тығыз байланыста болып, әлеуметтік процестерді шешу.
Мемлекеттік басқарудың деңгейлері
Бұрын болған және қазір өмір сүріп жатқан мемлекеттер бір-бірінен қатты айырықшаланады. Бұл айырмашылық мемлекетті басқаруында көрініп, терең принципиалдық (қағидалық) және терең принципиалдық емес мағынаға ие. Сондықтан да, мемлекеттердің айрықшаланатын белгілерін білу керек.
Билік күшінің қайнар көзі және егемендігі (яғни, дербестігі, жоғарғы және тәуелсіздігі) бойынша Аристотель заманынан бастап мемлекеттер былай бөлінеді:
а) монархиялық, тирандыққа айналаалатын;
б) аристократиялық, олигархиялыққа айналаалатын;
в) демократиялық, охлократиялыққа айналаалатын;
Монархиялық мемлекетке жоғарғы билік мұрагерлік монархтың қолында болып, және ол монарх өз істеріне тек қана Құдайдың алдына жауап береді. Бұл байланыс жиі түрде діни иерархтардың қатысуымен және олардың берген батасымен іске асырылатынымен сипатталады. Ал аристократиялық мемлекетке жоғарғы билік қоғам өкілдерінің ішіндегі ең жақсыларында, элитаның қолдарында болуы керек деп саналады. Демократиялық қоғамда жоғарғы билік халықтың қолында-яғни сол мемлекеттің барлық азаматтарында болады.
Таза монархиялық әсіресе абсолютті монархиялық мемлекеттер тарихта қалды; ал оның сақталып қалған жері болса да, олардың құрамы монархиялық, аристократиялық және демократиялық варианттары мен пропорцияларынан тұрады, яғни олар конститутциялық монархиялық (заңдармен шектелген) мемлекеттеріне айналды. Ал аристократиялық мемлекеттерді бөлу қиынға түсуде, өйткені элитаның ұйымдастырушылық консолидациясы әр-қашан күрделі іс болатын. Элитаның билеп еткенң және билік етуі монархиялық немесе демократиялық сипат түрінде болғанын жиі кездестіресің. Демократиялық мемлекеттердің болашағының және орындылығының мойындалуы ХХ ғасырға тән, бәрақ «біз халықпыз...қабылдаймыз да, бекітеміз де»-деген сөздері АҚШ-тың Конститутциясында-ақ 1787 жылы жазылып қойылған.
Жоғарыда айтылыпғанның ішінен ескерілетін жәйт -ол жоғарғы биліктің әр принципі(қағидасы) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыруында мен функционалдауында өзінің логикасына ие. Монархиялық принціпі кезінде- бұл жалғыз монархтың билік етуі (жоғарыдан төмен). Аристократиялық принцип биліктің белгілі түрде бөлінуімен вертикалдық және горизонталдық түрде элитадан ұжымдық басқаруды талап етеді(тарихи мысал ретінде: Посполитайдың сөзі). Демократиялық принципінің мойындалуын мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың төменнен жоғары қарай құрылуын керек етеді – яғни халықтан. Демократиялық мемлекеттің спецификасы республика (латыннан res publіca – Рим халқының саяси-құқықтық ұйымы) деген терминімен белгіленуі сирек кездеспейді. Егер, адамдардың тең-құқықты екендігі принципінде қайтпай тұратын болсақ, бұл позициясына сәйкес келіп және адамдардың еркіндігін қамтамасыздандыра алатын тек қана демократиялық мемлекет екендігін мойындауға болады.
Басқару түріне қарай, яғни жалпымемлекеттік(немесе әдетте айтып жүргеніміздей жоғарғы мемлекеттік) биліктің ұйымдасуына байланысты, республикаларды парлементтік және президенттік деп ажыратады. Аралас түрлері де болу мүмкін: жартылай президнттік республика және парламенттік монархия. Бұл жерде маңыздысы – биліктің бөліну қағидасын (принципін) мойындау және оның іс-жүзінде іске асуындағы арнайы механизімдері.
Парламенттік республикасында танымалды болып келетін заң шығарушышы орган, және ол өзінің құрамасынан және өзіне есеп беретін үкіметті қалыптастырады (Италия, ГФР). Парлементтік монархиясында да заң шығарушы және атқарушы билік сәйкестерінің қалыптасу механизімі осындай (Ұлыбритания, Дания, Италия, Япония). Дәл осы жерде және тек осы жерде премьер-министр қызметі бар болады.
Президенттік республикасында заң шығарушы орган да, және билік жүргізушісі де бірдей халықпен сайланып, және функциялары дербес болғанымен олар бір-бірін шектеуімен және қарамақарсылығымен өзара байланысты (США, Аргентина, Мексика және т.б.).
Ерекше мәртебеге Ресей мен Франция және т.б. мемлекеттерінің президенттері ие, себебі олар арбитр ретінде бөлінген мемлекеттік билік органдарының функциялануы мен бірбірімен қарымқатынастандыруды қамтамасыздандырады. Бұндай мемлекеттерінде президентке есеп беретін үкімет бар болады.
Жалпы мемлекеттік биліктің билік ету түрлерін, функцияларын, құрылымдарын және басқа да параметрлерін таңдауы мемлекеттік басқаруына маңызды әсерін тигізеді. Бұл образдық түрде айтқан кезде мемлекеттік организімінің миі, сондықтан мемлекет органдарының жағдайы және функциялануы оның құрылғанына байланысты тәуелді болып келеді.
Мемлекеттердің іштеріндегі іске асып жатқан саяси режимдеріне қарай ажыратылуы маңызды мәнге ие болады – мемлекеттік биліктің іс жүзінде іске асуының әдістері мен мазмұны. Мемлекеттің саяси режимі ең маңызды бөлігін ашады: мемлекеттік билікттің адам құқығы мен еркіндігіне қатысы. Мемлекеттік биліктің шын мәнісі ретінде саяси режим болып табылады. Тарихпен анықталған бірнеше саяси режимдердің түрлері бар:
Деспотиялық, бұған тоталитарлы және автократиялық, авторитарлы режимдер жатады; бұл жерде мемлекеттік еркін жоғары билеушісімен (император, король, дуче, вождь, фюрер, кормчи, және т.б.) іске асып, қанау, тежеу,еркіндігті шектеу сипатына тән.
Либералдық, бұл жерде мемлекеттік билік адамның құқығы мен еркіндігін жүзеге асыру үшін өз мүмкіндіктерін жұмсайды; яғни билік еркіндікке қызметін көрсетеді; өкінішке орай бұл режим шындықтан гөрі жай саяси лозунгке жақын болып қалады.
Демократиялық-құқықтық, оның мәні демократиялық қалыптастандырылған халықтың жалпы еркі (билік күші) тек материалды процессуалды заңмен шектелген болып табылады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер дәл осындай саяси режиміне ұмтылу үшін бағытталған.
Әр мемлекеттің тарихында мемлекеттік ұйым әр-түрліформаларға ие. Белгілі бір мемлекеттің құрылымының мәнін және басқаруын түсіну үшін типологиялық мемлекет түрлері жайында нақты білімдер керек.
Бұл жағдайларда экономикалық реформаларды жүргізу үшін басқарудың ролінің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік саланы басқару (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, спорт, әлеметтік қамтамасыздандыру) объективті негізде топтастырылып, бірегей кешенді құрайды. Бұл сала халыққа рухани құндылықтарды құруында және таратуында, адамды тәрбиелеуінде, әлеуметтік-мәдени және басқа да қызметтерінде көрінеді. Бұның барлығы әлеуметтік салаларды басқаруын ерекше ұйымдастыру үшін, және әлеуметтік тұрғыда обьектілерді дамыту бойынша әр-түрлі әдістер мен басқару ісінің түрлерін қолдануы әсерін тигізеді.
Қоғам-экономикалық, саяси және әлеуметтік факторлардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін күрделі әлеуметтік организм болып табылады. Бұл жағдайларында басқару қоғамның сақталуын, дұрыстығын, ұйымдастырылуын қамтамасыздандырып, маңызды әлеуметтік институт ретінде көрінеді.
Сонымен қатар, мен басқарудың әлеуметтік институты ретінде маңызды белгілерін қарастырдым: а) басқару қоғамға керек функция болып табылып, жалпы сипатқа ие және адамдардың ұжымдық қызметті жүргізіп отырған жерінде орын алады; б) басқару адамдардың басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іс жүзінде асырумен байланысты мақсатты бағытталған қызметі болып табылады; в) басқарушылық әсер тигізу басқырудың өзегі болып табылып, қоғамдық жүйесіне және оның құрамдық бөліктеріне, адамдардың мінез- құлқыларына жан-жақты әсерін тигізеді; ұйымдастырушылық пен реттеушілік ерекшелігінің мақсаттылығына ие; г) билік ету басқарудың негізгі белгісі және ол обьектілерге басқарушылық әсерін, адамдардың мінез-құлқыларын іске асыру жағдайына керек етеді; д) әлеуметтік басқару жүйесінің және оның құрама бөліктерінің,адамдар ұжымдарының (ассоциацялар) құрылуын мен функциялдануын қамтамасыздандыратын басқарудың ұйымдастырушылық (әкімшілік) дайын болуы.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару