Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Работа содержит 1 файл

КР мемлкетт3к баскару.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

                 Министрлік Республиканың Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті тарапынан құрылады, қайта құрылады және таратылады.

                 Министрлік Республика үкіметінің құзіретіне жатпайтын сұрақтар бойынша қз құзіреті шегінде шешім қабылдауға өкілетті.

                 Министрлікке негізгі қызмет болып үкіметтің қоюымен бекітілген министрлік жайындағы ереже табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасы конститутциясы және басқа да заң Республика Президентінің актілерінің кепілдігін сақтау үшін жүзеге асырады. Сонымен қатар берілген министрліктің қызметсаласына қатысты жалпы мемлекеттік саясатқа араласады.

                 Министрлік келесідей сәйкес атрибуталары бар заңды тұлға: елтаңбалы мөр, белгіленген үлгілі бланк, банктегі шоты.

                Әр министрліктің қызметі министрлікпен реттелетін өзінің қызметсаласына сай әркелкі болады.

                 Барлық министрлікке тән келесідей қызмет түрлерән бөліп көрсетуге болады: реттеліп саланың дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру; реттеліп саладағы субьектілердің Республиканың коститутциясы мен басқа да заңдық актілерін орындауын бақылау;  экономикалық өсуге, сонымен қатар реттелетін саланың дамуына,  егер де ол экономикалық сипатта болса жағдай туғызу.                                                                   

Министрлікті Президент тағайындайтын Премьер-министр басқарады. Министрдің бірнеше орынбасарлары болады, яғни Вице-министрлер, оның ішінде біреуі Вице-министр (яғни министрдің бірінші орынбасары). Вице-министрді министр тағайындайды.                                           

Министрліктің құрылымы сәйкес министрмен бекітіледі. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып ведомстволар, департаменттер және басқармалар болады. Осы жерде негізгісі болып ведомстволар, одан кейінгілері департаменттер болып табылады. Олар өз алдына басқармаларға, ал олар бөлімдерге бөлінеді. Құрылымдық бөлімшелерге жатудың негізгі критерийі болып оның функционалдық өкілеттігі табылады.      

Департамент - министрліктің құрамына тікелей кіретін ең ірі құрылымдық бөлімше. Ол өз құрамына бірнеше ішкі салаларды алатын бір немесе екі үлкен саланьің қызметін жүзеге асырады. Департаментті қызметіне министр тағайындайтын және босататын директор басқарады. Департаменттің ведомстводан айырмашылығы, ведомствоның заңды тұлға мәртебесінің болуы, ал департаментте ондай мәртебе жоқ. Тәжірибе көрсеткеніндей, департаменттің штаттақ саны 50-60 адамнан аспайды.

         Департамент тәртіп бойынша өз алдына басқармаларға бөлінеді. Басқарма - департамент құрамына кіретін және басқаруын департамент жүзеге асыратын бөлек сала ішіндегі реттеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Басқарма басшылығын департамент директорының ұсынуы бойынша министр тағайындайтын басшы атқарады. Басқарма саны тәртіп бойынша 20-25 адамнан тұрады.

Басқарма өз кезегінде, бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер сала іші сұрақтарының белгілі бір бөліктерін реттеумен айналысады. [4,5]

Кей жағдайларда департамент министрдің меншігіне және оған жүктелген тапсырмалар көлеміне байланысты тікелей бөліктерге бөлінуі мүмкін. Мысалға, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті. Ол төрт бөлімнен тұрады.

1)  нормативтік   құқықтық   құжаттарды   дайындап   және экспертиздеу бөлімі;

2)  зандық бөлім;

3)  халықаралық ғылыми-техникалық бағдарлама және қор бөлімі;

4)  Халықаралық ынтымақтастық бөлімі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" деген Жарлығына сәйкес 14 министрлік бар.

1)  Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі.

2)  ҚР-ның қорғаныс министрлігі.

3)  ҚР-ның ішкі істер министрлігі.

4)  ҚР-ның мемлекеттік кіріс министрлігі.

5)  ҚР-ның қаржы министрлігі.

6)  ҚР-ның әділет министрлігі.

7)  ҚР-ның   мәдениет,   ақпарат   және қоғамдық келісім министрлігі.

8)  ҚР-ның ауыл шаруашылық министрлігі.     

9)  ҚР-ның    еңбек    және    халықты    әлеуметтік қорғау министрлігі.

10)  ҚР-ның энергетика, индустрия және сауда министрлігі.

11)  ҚР-ның   табиғи   ресурстар   және   қоршаған   ортаны қорғау министрлігі.                           

12)  ҚР-ның экономика министрлігі.                

13)  ҚР-ның білім және ғылым министрлігі.

14)  ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі.                    

              Жалпылап айтсақ, министрліктер мемлекеттің нақты бір саладағы қызметін атқаратын құралы т.б. Олардың құрылымы өкілеттілікті жоғарғы деңгейден төменгіге бөлу жүйесіне сәйкес келеді, нәтижесінде мемлекеттік басқару тиімділігінің жоғарылауына, өсуіне көмектеседі.

Егер әрбір бөлімшенің өзінің айқын белгілі бір көлемде уәкілеттігі болса, онда олардың алдына қойылған мәселелерді жақсылап шешуге мүмкіншіліктері болады. Құрылымдық бөлімшеде мамандану қанша нақты болса, қызметкерлер өз міндеттерін сонша білікті түрде орындайды. Егер де министрліктердің атқарып жатқан мемлекеттік басқаруларын көтеру тиімділігі туралы айтатын болсақ, егеменді мемлекетіміздегі әкімшілік реформалар туралы сөз қозғамау дұрыс болмас деп ойлаймын.

              Егемендігімізді алған кезде Қазақстанда 43 министрлік болған болатын. Нәтижесінде, бүгінгімізге дейін жүргізіліп келген әкімшілік  реформалар министрліктерді қысқартуға бағытталды. Реформалар бір-біріне қызмет сферасы ұқсас министрліктерді қосу немесе мүлдем жауып тастау арқылы жүргізіледі. Әйтсе де бұл реформалар мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталды. Біріншіден, Кеңес үкіметінен мирас қалған пайдасыз аппаратты қысқарту нәтижесінде оларды ұстап отыру шығыстары елеулі азайды. Екіншіден,  әр саланы басқаруда болған бюрократиялық машина жәймендеп әлсіреді.

Қазақстан Республикасындағы Агенттіктер үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылады. Агенттіктер негізінен қысқартылған мемлекеттік комитеттер мен министрліктер базасында құрылып отырды. Агенттіктердің құрылымына келетін болсақ, оның басшысы сәйкес агенттіктің төрағасы болып табылады және ең ірі бөлімі — департамент, одан кіші бөлімі — басқарма болып келеді. Жалпы құрылымы бойынша агенттіктер министрліктер құрылымына ұқсас болып келеді. Агенттіктер мен министрліктердің қаншалыкды ұқсастығана  қарамастан олардың бір айтарлықтай ерекшелігі бар. Ол ерекшеліктің мәні келесіде: егер министрліктер тікелей премьер-министрге тәуелді болса, агенттіктер Үкімет құрамына кірмейді, яғни премьер-министрге бағынбайды. Олардың тікелей Президентке бағынатындығы министрліктерге қарағанда жоғарғы дәрежесін емес, олардың шешетін мәселелерінің маңыздылығын және приоритеттілігін көрсетеді. 1999 жылғы 22 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің №І6 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлығына сәйкес және оған 1999 жылғы 13 мамырда, 1999 жылғы 3 наурызда енгізілген түзетулерді ескере отырып осы күнге дейінгі агенттіктер келесілер болып табылады:

1.Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттігі.

2.Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі.

3.Қазақстан Республикасының миграция және демография Агенттігі.

4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау                                                                   Агенттігі.

5.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері Агенттігі.

6.Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігі.

7.Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару Агенттігі.

8.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі.

9.Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау Агенттігі.

10.Қазақстан Республикасының инвестиция Агенттігі.

11.Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Агенттігі.

Қазіргі кезеңде елдерде мемлекеттік механизмнің құрылуы мен қызмет етуінің негізгі іргетасы ролін биліктің үш тармаққа бөліну принципі атқаруда. Қазақстан Республикасында да, қабылданған Конституцияға сәйкес билік атқарымдық, заң шығарушылық, сот билігі болып үшке бөлінеді және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Алдыңғы бөлімде айтылып кеткендей, тікелей мемлекеттік басқарумен атқарымдық билік органдары айналысады. Ал заң шығарушылық және сот билігі органдары осы тікелей мемлекеттік басқарудың нәтижелі түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының элементтерін құрайды.

Сонымен, барлық агенттіктер мемлекетіміздің қазіргі тарихи даму кезеңіндегі ең маңызды, приоритетті мәселелерді шешіп отырады екен. Сондықтан да олар мемлекет басшысына тікелей тәуелді болып келеді.

 

2.2 Алматы қаласындағы әлеуметтік процестерді басқару

 

Алматы қаласы республиканың интеллектуалды және білім орталығы ретінде ролін атқарады. Халықтың 70% жоғарғы, орта жалпы және орта арнайы білімі бар. Қаланың территориясында 144 мектепке дейінгі ұйымдар, 190-нан астам мектептер, 73 жоғарғы оқу орындары бар. Жоғарғы, орта және жалпы білім беретін мектептерінде қала бойынша 300.0 мың адамнан астамы білім алып жатыр, яғни қаланың бүкіл халқының 1/3 бөлігі.

Қала әкімнің шешімдері бойынша орта мамнды оқу орындарында кадрлерды дайындауға, мемлекеттік білім мекемелерінде кадрларды қайта дайындауға, орта білім жүйесін мәліметтендіруді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру туралы мемлекеттік заказ тәртібі бекітілді.

Халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, инновациялық бағыттар бойынша тәжірибелер жүргізіліп жатыр. Білімнің барлық деңгейлері мен қатарлары бойынша жаңа варияциялық білім бағдарламаларын енгізіп үзіліссіз білім кешендерін құру, оқу-құрал базасын жақсарту, сондай-ақ жалпы білім мектептері, лицей және гимназияларды комьютерлендіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан басқа спецификалық мекемелерде қажеттіліктің есебі бойынша 11 коррекциондық мектеп-интернаттар, қиын тәрбиелі жасөспірімдер қалалық орталығы, 3 балалар үйі, 1 жанұялы балалар үйі, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтеру институты қызмет етуде.

Соңғы бірнеше жылдарда мектеп құрылыстары қолға алынады. Өткен жылда 3 жалпы білім мектептері іске қосылды.  

Мектепке бармайтын балаларды есепке алу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп бойынша барлық оқу Қоры іске асып жатыр. Тұрмысы нашар жанұядан шыққан балалар мен жетім балаларға басқарушыларды ұйымдастырған.

Әлсіздікті болдырмау үшін қабылданып жатқан бағдарламалар арқылы өз мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Білім саласына қаржыландыруды көбейту, мәліметтендіру жүйесін дамыту, жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін қолдану қажет. Мұғалімдер мен оқитындардың денсаулығы, олардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы сапалы біліммен қамтамасыз етудің ең басты фактор болып табылады. Сондықтан да мектептерде жиі-жиі медициналық тексерулер жүргізіледі, арнайы мектептердін тәрбиешілер мен оқушыларды толық және сапалы тамақпен қамтамасыз ету, жазғы демалыста балаларды демалыс, дене шынықтыру сияқты жұмысшылармен шұғылдануын қамтамасыз етуін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданда. Тұрмыс жағдай нашар жанұялардың балалары үшін әртүрлі қайнар көздер құралдарын тарту есебінен, соның ішінде барлық оқу қорларының есебінен тамақтандыру тегін беріледі. Арнайы мекемелердін қызметтерінің байланысы қамтамасыз етіледі, балалар үйінің түлектері үшін жасөспірімдер Үйін ашу жоспарланып отыр.

Республикалық деңгейде мемлекеттік тілде оқыту үшін бірдей оқу-әдістемелік құралдарын міндетті түрде жасап шығару қажет. Білім мекемелер мен жұмыс берушілер және тағы басқа да әлеуметтік қызметтестер арасында тығыз байланысын қамтамасыз ету қажет.

Еңбек рыногының сұранысының анализі мен мониторинг жүргізу үшін және кәсіптік кадрларды дайындау бойынша ұсыныстар жасау үшін барлық әлеуметтік қызметтестердің өкілдерінен қала әкімінің енгізінде аймақтық комиссия құрылады. Барлық қызығушы жақтар кадрларға экономиканың болашағы бар сұраныстары туралы жүйелі түрде хабарландырылып отырады.

Болашақта тоғыз жыл ішінде 18 жалпы білім мектептерін ашу, есеп бойынша жылына 2 мектептен ашу жұмыстары жоспарланып отыр, яғни бұл мектеп құрылысына 25-27 млрд. теңге қажет етеді.

Жалпы білім мектептерінде оқитындар саны 10-12% және 2005 ж. соңында 200-205 мың адамды құрайды, ол 2010 жылдың соңында – 215 мың адамды құрайды.

Кәсіптік мектептерде оқитындардың саны 2005 жылдың соңына екі есе өседі және 11-12 мың адамды құрайды, ол 2010 жылы ауылшаруашылығына сұраныс 17-20 мың адамды құрайды.

ССУЗ-да оқитындардың саны болжанып отырған кезеңнің соңында 35-40% өседі және 25-26 мың адамға жетеді, яғни бұл деген қаланың экономикалық сұранысына сәйкес болады.

Қазіргі күні денсаулық сақтау саласында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қала территориясында 250 поликлиника және 57 аурухана қызмет етуде, сәйкесінше 41 және 49 мемлекеттік меншікте болып табылады.

Денсаулық сақтау қалалық мемлекеттік ұйымдарынан басқа, қаланың тұрғындарына медециналық көмекті 16 республикалық, 3 ведомствалық ұйымдар, 11 ҒЗИ және 682 мемлекеттік емес субъектілер көрсетеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару