Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Работа содержит 1 файл

КР мемлкетт3к баскару.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік басқарудың маңызды белгілерін есепке ала отырып келесі анықтамаларды қалыптастыруға болады:жаңа берілген жағдайына қоғамда іске асатын әлеуметтік нормативтердің негізінде келтіру мақсатында әлеуметтік жүйенің және оның құрама бөліктеріне,адамдар ұжымдарына (ассоциациялар) әсер ететін және сол үшін арнайы құрылған әкімшілік аппаратының (басқару субъекті) билік етуі мен ұйымдастырып реттеуі басқару болып табылады.

Мемлекеттік басқаруының негізгі белгілері. Қоғам үрдістеріне (процесіне) ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері мемлекеттік басқарудың бағытталған жүйесіне ерекше тән. Бұл мемлекеттің әлеуметтік басқарудың жүргізуші субъктісі ретіндегі белгілі бір территориясында бүкіл халықты қамтитын, қоғамдағы саяси биліктің жан-жақты ұйымдастыруымен байланысты көрінеді. Әлеуметтік басқарудың еш бір субъектісі осындай ерекшелікке ие болмайды.

Мемлекеттік басқаруды толық түсіну үшін оның маңызды ерекшеліктерін анализдеуімен байланысты. Ал мемлекеттік басқаруының мән-мағынасы мен спецификалық ерекшеліктерін  ашу үшін – оның қоғамдағы объективті керектігін көрсететін ерешеліктерін көрсетуін білдіреді.

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси табиғаты оның бірнеше мағыналық ерекшеліктерінде көрінеді. Біріншіден, бұл мемлекетте негізделген мықты билік ету күші болып табылады. Кез-келген билік басқару арқылы байқалады (еңбек ету ұжымдарында, қоғамдық бірлестіктерінде, және т.б.). Мемлекеттік билік – бұл қоғам ішіндегі басқарудың ерекше атрибуты. Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарымен иемденіп, мемлекет әлеуметтік жүйе үрдісін басқарғанда, керек кезінде мәжбүрлік легетимдік құралдарын қолдануға құқысы бар.

Мемлекеттік басқарудың мақсаттық сипаты бар және арнайы сұрақтардың шешуін қамтамасыздандырады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Коституцияның, заңдардың,мемлекет Президентінің жарлықтарын және басқа да нормативті-құқықтық актілердің күнделікті орындалуынан және өмірге келтіруінен тұрады. Мемлекеттік органдар қызметінің неғұрлым нақты мақсаттылығы олардың жарлық құжаттарында немесе заң актілерінде белгіленіп анықталған.

Мемлекеттік билік қоғамды органдар жүйесінің көмегімен басқарады. Ол органдар өздерінің құрылымдары бойынша әр-келкі болып келеді, ал олардың жиынтығын мемлекеттің механизмі деп атауы сирек кездеспейді (мемлекеттік биліктің материалдық көрінісі). Негізгілерінің қатарына заң шығарушы органдары, атқарушы және сот, және деқоғамның дұрыс функционалдауын және әр-түрлі қауіп қатерден сақтануын қамтамасыздандыратын  мемлекеттің басқа да органдары жатады.

Мемлекеттік басқару бүкіл қоғамның мүддесін көрсетіп, барлық салаларының келісімдерінің дамуының басқаруын камтамасыздандырады. Басқарушылық функцияларының (қызметтерінің) күнделікті орындалу үшін қоғамда мемлекет тарапынан арнайы аппарат құрылады. Мемлекеттік органдарының алдында тұратын сұрақтардың шешілуі, осы органдардың қызметінің мазмұнын анықтайды. Мемлекеттік басқару арқылы мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары (қызметтері) іске асады. Мемлекеттің бұл қызметі көпобразды болып табылып, басқарушылық функциясының үлкен масштабымен және көлемімен ерекшелінеді. Экономикалық-әлеуметтік салаларын және әкімшілік-саяси құрылысын дамытуында жайлы сөз айтылып отыр.

Мемлекеттік органдар жүйесінің ішінде мәжбүр етуші органын ерекше бөлуге болады. Ол орган әскериленген (армия, полиция, ұлттық гвардия, және т.б.) және арнайы мәжбүр етуші мекемелер (сот, түрме, еңбекпен түзеу мекемелері, және т.б.) құрылымдарын қамтиды. Еркіндіктен, мүліктерден және адамдарды өмірден  айыру қоғамдағы мемлекеттік биліктің потенциалды мүмкіндігін көрсетеді.

Қазіргі заман қоғамында мемлекет әлеуметтік қарсылықтарды, қоғамның әр мүшесінің қоғамдық және өзіндік мүддесін қорғауында. Демократиялық қоғамда мемлекеттік басқару биліктің арнайы бұталарына (заң шығарушы, атқарушы, сот) бөлінуінде негізделген. Басқаша айтқанда қазіргі заман қоғамында әлеуметтік арбитраж мемлекеттің және мемлекеттік басқарудың негізгі бір функционалдық белгілеріне айналуда.

Мемлекеттік басқаруына тікелей әлеуметтік азаматтықтың институты қатысты болып келеді. Адамдардың мемлекеттпен тұрақты-құқықтық байланыстары жайында айтылып отыр. Азаматтықтың институттары арқылы  мемлекетпен оның билігінің әсерінің астындағы адамдардың байланыстары орнатылады.  [2,3]

      

1.2 Мемлекеттік басқарудың функциялары мен принциптері

 

Мемлекеттік қызметті қоғаммен байланыста көруге болады, яғни жеке және қоғамдық өмірді жетілдіру барысында көре аламыз. Мемлекеттің қоғамдағы бұл қызметтері мемлекеттің функциаларымен сипатталады. «Функция» латын сөзінен шыққан functio-міндет қызмет айналасы деген мағынаны білдіреді. Функция мемлекеттік қатынастар арқылы өз қызметін қоғамға кұйады. Бұл жерде мәселе тікелей мемлекеттің қоғамдық  қатынастары туралы жүріп жатыр, өйткені мемлекет қоғаммен қарымқатынаста болмаса, ол өзінің мағынасын жоғалтады, ал оның қоғамдық қасиеті (табиғаты) осы функциялары арқылы ашылады. Мемлекеттің қоғамдық функцияларының анализі бізге мемлекеттің анық қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі кездегі мемлекетің қоғамдық функцияларының бірнеше түрлерін бөліп, көрсетуге болады. Бәрінен бұрын мемлекетің қоғамын сақтау және қорғау функциясы. Оны саясаттық функция депте атауға болады, өйткені кез-келген саясаттың түб-негізі обьективті мағынада қоғамды тыныш және бейбіт өмірмен қамтамасыз ету. Мемлекет осы себептерденде пайда болды, қоғамдағы қарама-қайшылықтарды шешіп, бәрін орталықтандыру.

Бірақ күні бүгінге дейін кейбір саясат күштері мемлекетті жеке адамдардың өзінің эгоистік жүзеге асыратын механизм деп қарастырады. Сол себептен бұл адамдар билікке келгеннее бастап, күшті қоғамдық рөлге қарап жібереді және өз оппоненттерін басып тастауға тырысады, көбінесе оппозициямен санаспайды. Ал оппозиция конфронтация жасап, өз күштерімен мүмкіндіктерін мобилизациялап, билікке өздері келеді немесе жағдайды өз пайдасына бұрып алады. Міне осындай оқиғалар қоғамға кері әсерін тигізіп, оның экономикалық өсуіне кедергі жасайды.

Бәріне белгілі біздің ғасырымыздың бірінші жартысында көп мемлекеттер дәл осындай қарама-қайшылықтарда құрылған және әр мемлекеттің конститутциясы ол сол мемлекет ішіндегі әр түрлі ағымдармен қоғамдық топтардың ойларын біріктіріп, олардың арасындағы жанжалдарды бір шешімге келтіреді. Мемлекет қоғамның нәтижесі болып табылады, мемлекет жеке адамдардың пайдасымен ойларын, басқалармен санаспай, қорғап жүзеге асыра алмайды. Мемлекетті қоғамның бір жағы екінші жаққа қысым көрсету құралына айналдыруы, мемлекетті амалсыз әлсіздендіреді және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысиы үзіп, ертеме кешпе оны бұзады. Дүние Жүзілік тәжірибе бойынша, қоғамның ең жақсы кездері, мемлекет ішінде бейбіт өмірмен тыныштық, конструктивтік творчество болған кезде ғана болады. Егер мемлекет қоғамды осындай өмірмен қамтамсыз  ете алмаса және қолдамаса, қандай да бір топтар арасындағы қарама-қайшылықтарға, қоғамдағы тыныштықты бұзуға, этникалық немесе азаматтық соғыс жанжалдарына жол берсе, онда ол мемлекеттің өзінің бірінші функцияларын атқармауы, яғни өз міндеттерін орындамауы, мемлекеттің өзін-өзі өтей алмауы. Бұндай жағдайда мемлекеттік басқару туралы айту қиын. Әлеуметтік және мемлекеттің территориясындағы әр адамның немесе жеке тұлғаның құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету мемлекеттің ахуалды функциясы деп айтуға болады.

                 Алайда, осы елдердің күнделікті тәжірибесі бекітілген заң мен адамның бас-бостандығы және құқықтарының шын өмірде жүзеге асырылуының арасында талай-талай дистанциямен айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Күні бүгінге дейін, адамдардың өмірі қылмыс қолмен сөніп, оның өміріне қауіп төнеді. Қылмыстық топтар глобалдық проблемаға айналып кетті.        Адамдардың кейбір құқықтары мен бас-бостандықтары бұзылып, тіпті жауап қайтарусыз қалады.

                  Мемлекеттің әлеуметтік функциясы қарастырылған кезде, оның мазмұны адамдардың құқықтарымен бас-бостандықтарын қорғаумен бітеді. Бірақ, ол одан әлде қайда кең және күрделі: адамдарды  жетілдіру мен қайта жандандырудың жағдайларының алуан түрлігі туралы айтылады, жаңа ұрпақтың туылғанынан бастап, оларды тәрбиелеу мен оқыту және ата-бабаларын есте сақтауға дейін; әлеуметтік салт-дәстүр кенін құру; адамдардың творчесталық өсуін жаңғарту; және олардың өнері мен мүмкіндіктерін қолдану; әлеуметтік шындық және тағы басқа принциптерді дүниеге әкелу. Адамның қоғамдағы бостандығы қандай кең болмасын, әрқашан оны мемлекетпен байланыстырып, тұратын жіп сақталуы керек, өйткені ол өмірге тұрақтылықпен сенімділік береді, адамды өз-өзіне сенімді мемлекет азаматына айналдырады.

                  Қазіргі замандағы мемлекет құрылымдық құқықтан тұратын өзінің экономикалық функциясын төмендетпей керісінше көтермелейді.

                  Мемлекеттің тағы бір айта кететін функциясы, ол бостандықпен егемендікті қолдап, өз еліндегі халықтардың тарихи тірлігін халықаралық қоғамдастықтың кқлемінде сақтап қалу. Адам өз халқында (ұлтында) басқа ұлттармен қарым-қатынаста пайда болады. Бірақ кейде, ғасырлар бойы ұлттық ойлармен, халықтар тағдырын анықтайтын геосаясаттық жағдайлар ұмытылып қалады. Бұхара-ақпараттардың космосаясатының арқасында, ұлттық идеялар, рухани құндылықтар жойылып, бір тәсілмен батыстандыру болып жатыр, оның барлығы бір адамдардың қолында және оладың арам ойлары жүзеге асырылып жатқандығы байқалады.

                   Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын ұйымдастырушы мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық принциптерінің арасынан келесілерді атауға болады.

              1.Құқықтық нормаларды шығару арқылы қызметтерді тіркеу және диффересациялау мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзіреттеріне басқарушылық қызметтерді бекіту.

              2. Бір органның құзіреттерінің шеңьеріндегі бір реттік басқарушылық қызметтерінің олардың ішкі жүйелерінің немесе бүтіндей мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының шеңберіндегі басқа органдарының басқарушылық қызметтерімен сайысымдылығы.

              3.Шоғырландыру-белгілі органға тиісті басқарушылық қызметтерді жүктеу және қажетті ресурстардың берілуі. Шоғырландыру нәтижесінде мемлекеттік-басқарудан шығатын әрекеттерді, басқарылатын обьектілерді реттеуге, ұйымдастыруға кеңінен бағыттауға болады.

              4.Комбинациялау-яғни әр-түрлі басқарушылық қызметтердің қосарланушылық және параллелизмдігін болдыру үшін бағытталады.

              5.Жеткілікті әр-түрлік-саны және мазмұны бойынша басқару жүйесінің сол немесе басқа компоненттерінің басқарушылық қызметтерінің басқарушылық қажеттіліктеріне сәйкес болу қажеттігін талап етеді.

              6.Басқарылатын компоненттердің ең алдымен басқарылатын обьектілердің нақтылы қажеттіліктеріне, сұраныстарына басқарушылық әрекеттердің сәйкестігі.

              Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының құрылысына қатысты мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдық принциптерінің арасынан мыналарды бөлуге болады:

              1.Мемлекеттік-басқарушылық процестерінің әсерлігін, келісімдігін және бүтіндігін қамтамасыз етуші мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.

              2.Аймақтарға, өндіріс және қызмет көрсету салаларына, қоғамдық тіршілік қызметінің сферасына ұйымдық құрылымдарының байланыстығын болдырушы аймақтық-салалық принципі.[2,3]

              3.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарумен мемлекеттік билік органдарының түрлі деңгейлік ұйымдық өзара әрекестіктерін көрсететін ұйымдық байланыстардың әр алуандығы.

              4.Жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары қызметінің реттілігінен және ұйымдық құрылыс ерекшеліктерінен туындайтын алқастықтың және дара басшылықтың ұштастырылуы.

              5.Мемлекеттік басқарудыың ұйымдық құрылымында басқарушылық өзара әрекеттердің және бағыныштылықтардың көлемін және мазмұнын ашушы сызықтық функционалдығы.

              Мемлекеттің басқарушылық қызметін ұйымдастырушы және кең қолданыс тапқан құрылымдық-іс жүргізу принциптеріне келесі принциптер жатады.

              1.Мемлекеттік билік органдарының және өзін-өзі басқару органдарының қызметтеріне және ұйымына басқарушылық қызмет элементтерінің (әдістердің, формаларының және кезеңдерінің) сәйкестігі.

              2.Басқарушылық қызметтінің және оның нәтижелері үшін жеке жауапкершіліктің нақтылануы.

              3.Оңтайлы және тиімді басқарушылық қызметке ынталандыру.

              Мемлекеттік басқару субьектісінің ұйымдастырылуы және қызмет етуі неғұрлым осы айтылған принциптер жүйесінің талаптарына сәйкес болса соғұрлым мемлекеттік басқарудың нәтижелігі арта түседі. 

             

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері-министрліктер, агенттіктер: құрылымы және қызметтері

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс және басқару тәжірибесін рационализациалаумен дамыту теориясында методологиялық негізде жасалған, мемлекеттік басқарудың қазіргі концепциялары аса маңызды ролдерін атқарады. Бұл жерде мәселе, республикадағы саяси және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды тездетуге арналған, мемлекеттік аппараттың тәжірибелік жұмысының принципиалды жаңа бағыттары туралы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жіберген «Қазақстан-2030» бағдарламасында олар, республика дамуының бағыттары ретінде жазылған. Осыған байланысты мемлекеттік басқарудың мемлекеттік қызметкерлердің профессионалды қызметі ретіндегі сапалық ерекшеліктерін қарастырамыз, өйткені құрылым себептерін және мемлекеттік аппаратты функциялау, принциптердің құрылуын функцияларын, тәсілдерімен мемлекеттік басқару формаларын дәл осыдан іздеу керек.[7,8,]

Министрлік мемлекеттік басқарудың сәйкес салаларын салааралық координацияны басқаруды заң шығарушылармен қарастырылған шектеуге жүзеге асыратын Республиканың атқарушы органы болып табылады, яғни өз құзіреті шегінде атқаруға, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару