Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Кепіл құқығының тоқтауы. Несие берушінің кепіл құқығының негізгі шартқа қосымша екендігі негізгі шарттың зандылығына байланысты екендігінен басқа, кепілмен қамтамасыз етілетін шарттың орындалуы арқылы немесе шарттың тоқтауын қарастыратын өзге де негіздер бойынша, мысалы, борышты кешіру, орындаудың мүмкін еместігі, заңды тұлғаның тарауы, т.б. себепті тоқтауының нәтижесінде кепілдің тоқтауынан да көрініс табады. Бұл кепілдің қосымша ретінде негізгі шартқа тәуелді екендігінен туындайды, ал акцессуорлық сипат оның негізгі міндеттемесіз болуы мүмкіндігін жоққа шығарады. Қамтамасыз етілетін шарт тоқтағанда оны қамтамасыз ету қажеттілігі де қалады.

Бірақ, мұнымен қатар, кепіл құқығы кепіл нысаны ретінде  пайдаланылатын заттың тағдырына да, және кепіл берушінің кепіл нысанына меншік құқығына да байланысты. Атап айтқанда, кепіл нысанының жойылуы немесе кепіл нысанына меншік құқығының заң актілерінде көзделген негіздермен және тәртіпте (алып қою немесе мемлекет пайдасына сатып алу, реквизиция, ұлт меншігіне айналдыру жөне т.б.) тоқтауы негізгі шарт тоқтамай-ақ кепіл құқығының тоқтауына әкеп соғады.

Кепілге салынған мүлік  жойылған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, себебі жоқ затқа кепіл құқығы болуы тиіс емес. Кепіл ұстаушы  жауапты емес мән-жайлар бойынша  кепіл нысанының жойылуы немесе басқадай шығыны, егер кепіл беруші ақылға қонымды мерзімде кепіл нысанын қалпына келтірмесе немесе оны құндылығы сондай басқа мүлікпен алмастырмаса, кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілетін шарттың мерзімінен бұрын орындалуын талап етуіне құқығы бар.

Кепілге салынған мүлікті заң актілерінде көзделген негіздер бойынша алып қоюдың кез келген жағдайында осы мүлікке қатысты кепіл құқығы тоқтайды. Кепіл ұстаушы, заңнамада көзделген өзге құқықтармен қатар, қамтамасыз етілетін шарттың мерзімінен бұрын орындалуын сөзсіз талап ету құқығын алады. Ескеретін бір жағдай — кепіл ұстаушының негізгі шарттың мерзімінен бұрын орындалуын талап етуі оның міндеті болып табылмайды. Кепіл ұстаушының негізгі шарттың мерзімінен бұрын орындалуына өз құқығын пайдаланбау фактысы кейін несие беруші — кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша шығындарды өтеу жөніндегі талаптардан бас тартуына немесе оларды азайтуына негіз бола алмайды[49].

Алынған мүліктің орнына өзге мүлік қойылған жағдайда алынған  мүлікке қатысты кепіл құқығы тоқтайды, кепіл ұстаушы негізгі шарттың мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге қүқылы. Бірақ, мұнымен қатар, кепіл ұстаушыда алмастырылып қойылған мүлікке де кепіл құқығы туындайды. Бұл ретте алғашқы кепіл нысанына кепіл берушінің меншік құқығы тоқтаған кезден бастап қандай мүліктің қандай шартты қамтамасыз етуге кепілге берілгендігін тағайындайтын заң актісінің негізінде кепілдің жаңа міндеттемесі туындайды (заң актісі негізінде туындайтын "заңды" кепілдің бір түрі). Бір шарттың (алғашқы кепілдің) екінші шартқа (алынған алғашқы кепіл нысанының орнына қойылған мүлікке) алмасуы болады.

Кепіл нысаны болып табылатын  мүлік алынып, оның құны өтелген  жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, кепіл  ұстаушыға негізгі шарттың мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы беріледі, сонымен қатар, кепіл ұстаушыға өз талабын кепіл берушіге тиесілі сомадан қанағаттандыруға, кепіл құқығындағы сияқты, артықшылық құқық беріледі. Бір шартты (кепіл құқығын) басқаға (алынған мүліктің құнын өтеуден қанағат алуға артықшылық кұқық) алмастырудың негізі, сақтандырылған мүлік жойылғанда сақтандыру төлемінен қанағат алуға құқық туындағандағы сияқты, тараптардың келісімі емес, заңнамадағы нұсқау болып табылады.

Кепілге салынған мүлікті  заң актілерінде белгіленген  негіздерде және алынған мүлікті  алмастыруға не алынған мүліктің құнын өтеуге ешқандай мүлік берілмейтін тәртіпте алып қойған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, бірақ бұл негізгі шартқа еш әсерін тигізбейді, себебі қамтамасыз етуші мәміленің заңсыздығы негізгі міндеттеменің заңдылығына ықпалын тигізбейді.

Кепіл берушінің кепіл  құқығын мерзімінен бұрын тоқтату  жөніндегі талаптарын кепіл мүлкі  берілген кепіл ұстаушы кепіл  нысанының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шартты кепіл нысанын жоғалтатын немесе бүлдіретіндей өрескел қанағатгандырған жағдайда да негізгі шарт тоқтамай-ақ кепіл туралы шарт күшін жояды. Бұл ереже кепілге салынған мүліктің меншік иесінің құқықтарын кепіл ұстаушының кепіл нысанын жоғалтуға немесе бүлдіруге алып келетін сондай құқыққа қарсы әрекеттерінен қорғайтын шара болып табылады.

Кепіл ұстаушы кепіл  шарты бойынша өз құқықтарын жүзеге асырып негізгі шартты орындалса да кепіл құқығы тоқтайды. Борышкер шартты орындамағандықтан немесе тиісінше орындамағандықтан несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі шарт бойынша талаптары кепіл мүлкінің құнынан, оны сату жолымен қанағаттандырылғанда осындай болады. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, борышкердің негізгі шарт бойынша міндеті, мүлік құны несие берушінің талаптарын толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, тоқтамайды, ал кепіл берушінің міндеті өндіруді кепіл нысанына аударған несие берушіге қатысты ғана емес, осы мүліктің өзге келесі кепіл ұстаушыларына қатысты да тоқтайды, себебі келесі кепіл ұстаушылар осы мүліктен, ол сатылған жағдайда, алдыңы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін қанағат алуға құқылы[75].

Кепілге салынған мүліктің құны несие берушінің талабын  қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, ол, жалпы ереже бойынша, борышкердің өзге мүлкінен жалпы  негіздерде, кепіл ұстаушыға берілетін  артықшылықсыз қанағат алуға құқылы. Сатылған мүліктің өзге де келесі кепіл ұстаушыларында да осыңдай құқық болады.

Жылжымайтын мүлік ипотекасының сол ипотека тоқтағанда негізгі шарттың тоқтауына алып келетін кейбір жағдайлары (Ипотека туралы жарлықтың 37-бабының 2-тармағы) жоғарғы ережеге жатпайды[21].

Кепілдің тоқтауының жалпы негіздерімен қатар жылжымайтын  мүлік ипотекасының тоқтауының өзіндік  ерекшеліктері де болады. Ипотека  куәлігі берілмей ипотека шартымен рәсімделген ипотеканың тоқтауы  азаматтық заңнаманың жаңа нормаларында, атап айтқанда, АК-ның 322-бабында көзделген негіздер бойынша, Ипотека туралы жарлықтың 37-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ипотека шартын ипотека куәлігін беріп рәсімдеген жағдайда, кепіл құқығын тоқтатудың азаматтық заңнаманың жалпы нормаларыңца көзделген негіздерінен басқа реттерде, кепіл құқығы ипотека куәлігінің күші жойылғаннан бастап тоқтайды. Ипотека куәлігінің әрекеті одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылғанда тоқтайды, егер одан туындайтын талаптар негізгі шарт бойынша борышкерге негізгі шарттың орындалу мерзімі келгеннен кейін бір ай өткенше немесе ипотека нысаны жоғалған жағдайда қойылмайтын болса.

Кепіл шарты тіркелуге  тиіс жағдайда кепіл туралы шарт тіркелген  тізілімде кепілдің тоқтағаны туралы белгі қойылуға тиіс, себебі кепіл  туралы шарттың тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысаны ретінде пайдаланылған мүлікті пайдалану немесе және оған билік ету құқығына шектеулердің тоқтауымен де байланысты.

Кепілмен қамтамасыз етілген шарт оны орындағандықтан немесе АК-ның 21-тарауында көрсетілген өзге негіздермен тоқтаған жағдайда, сондай-ақ кепіл берушінің кепіл қүқығын 312-баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы талаптары қанағаттандырылған жағдайда, кепіл ұстаушы, егер кепіл мүлкі өзінде болса, немесе сақталуын қамтамасыз ету үшін ол мүлік үшінші жаққа занды негізде берілген болса, оны кепіл берушіге тез қайтаруға міндетті. Мұндай міндет кепіл құқығының тоқтауымен және кепіл мүлкі кепіл ұстаушының иелігінде болған негіздердің тоқтауымен байланысты туындайды. Кепіл құқығының тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысанына құқығын толық көлемде қалпына келтіреді (меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын, оралымды басқару құқығын, өзінің басқаруындағы мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге сенімгерлікпен басқару құқығын жөне т.б.) және кепілге салынған мүлікке кепіл құқығы ауыртпашылығын түсірумен байланысты барлық шектеулерді тоқтатады. Кепіл ұстаушы кепіл нысанын дер кезінде қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда, кепіл мүлкін жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті қоспағанда, кепіл беруші алдында кепілге салынған мүлікті қайтармаудан немесе дер кезінде қайтармаудан келген залал үшін жауап береді[30].

Негізгі шарт бойынша борышты аудару кепіл құқығы тоқтайтын негіздердің бірі болып табылады.

Кепілмен қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышты аудару кепіл құқығын тоқтатады, себебі кепіл берушінің қамтамасыз етуге мүлік беруі борышкердің жеке басымен, оның телем қабілеттігімен, кепіл беруші тарапынан деген оған сеніммен тығыз байланысты. Сондықтан, негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойьшша борышкердің ауысуымен, егер кепіл беруші жаңа борышкер үшін жауап беруге келіспесе, кепіл де тоқтайды. АК-ның өзге келісім болмаған жағдайдағы толықтырушы нормасына сәйкес кепіл құқығы, борышты басқа адамға аударған жағдайда, кепіл беруші негізгі шарт бойынша борышкер болса да тоқтайды, АК-ның 348-бабына сәйкес несие беруші борышты аударуға келісім беру мәселесін шешеді, және, егер ол мұндай келісім берсе, онда кепіл берушімен — бұрынғы борышкермен кепіл шарты тоқтайды.

Кепіл құқығын аудару. Кез келген мүліктік құқық сияқты кепіл құқығы да кепіл шартының мәнінен туындайтын, беру жөніндегі ерекшеліктермен берілуі мүмкін.                                 

Кепіл құқығын, оның ішінде заттық кепіл құқығын беруге шарт бойынша несие беруші құқының басқа адамға өтуі үшін белгіленген ережелер қолданылады. Бұл, біздің пікірімізге, кепілдің туындау негізі қамтамасыз етілетін шартқа қосымша және оған тәуелді айрықша шарт болып табылатындығымен байланысты. Кепіл заң актісі негізінде туындаған жағдайда, оған да, егер заң актілерінде тікелей өзге көзделмеген болса, шарт негізінде туындаған кепіл туралы ереже қолданылады.

Кепіл туралы шарттың  акцессорлығы (қосымшалығы) және оның негізгі қамтамасыз етілетін шартқа байланыстылығы себепті, сондай-ақ, кепіл ұстаушы тек негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші ғана болуы мүмкін болғандықтан кепіл ұстаушы құқығының басқа адамға өтуі несие берушінің негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша құқықтары сол адамға өтпейінше мүмкін емес. Кепіл ұстаушының кепіл туралы шарт бойынша құқығын беруге көнуі сол адамға негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша құқық та берілмей заңды деп танылмайды.

Негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша құқықтың өтуі оны қамтамасыз ететін шарттар бойынша, оның ішінде, кепіл туралы міндеттеме бойынша, егер заң актілерінде немесе негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша талап ету құқығын беру туралы шартта өзгедей көзделмесе, құқықтардың өздігінен және бір уақытта өтуіне әкеп соғады. Заң актілерінде немесе негізгі шарт бойынша талап қою құқығын беруге көну туралы шартта несие берушінің басқа несие берушіге өтетін құқықтарының өзге көлемінің көзделуі мүмкін, атап айтқанда, кепіл туралы шарт бойынша құқық жаңа несие берушіге өтетін құқықтар көлемінен алынып тасталуы мүмкін (бұл ретте кепіл құқығы тоқтайды), немесе кепілмен қамтамасыз етілетін көлемі азаюы мүмкін (бұл ретте кепіл туралы шартқа өзгертулер енгізілуі тиіс). Қамтамасыз етілетін талаптардың көлемін ұлғайту мүмкін емес, себебі ол үшін кепіл берушінің келісімі керек.

  Аталып өткендей, шартты қамтамасыз ету әдістері құқықтық реттелуі АК-ның 18-тарауында жан-жақты қарастырылған тұрақсыздық айыбымен, кепілпұлмен, кепілдікпен, кепіл болушылықпен немесе кепілмен ғана шектелмейді. АК-ның өзінде және кейбір заң актілерінде қамтамасыз етудің ұстап қалу және кепілдік жарна сияқты тәсілдері туралы айтылған.

АК-ның 292-бабында ұстап  қалу міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретінде айтылғанмен, АК-ның 18-тарауында  оның құқықтық реттелуі келтірілмеген. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде борышкер мүлкін ұстап қалудың мәні — несие берушінің заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда, мәміле нысаны болып табылатын мүлікті беруді борышкер шартты орындағанға дейін кейінге қалдыру немесе несие берушіге борышкерден тиесілі ақшаны немесе ақша сомасынан өзге мүлікті немесе несие берушіге борышкер есебінен келіп түскен өзге мүлікті ұстап қалу құқығы. Мысалы, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бұл тәсіліне сатушының сатып алу-сату нысанын сатып алушы оның құнын төлегенше ұстай тұруы (АК-ның 439-бабының 5-тармағы), коммиссионердің комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне тиесілі соманы ұстап қалуы (АК-ның 572-бабы) және т.б. Ұстап қалу ұғымын міндетемені қамтамасыз ету тәсілінен гөрі кеңірек қарастырған жөн. Ұстап қалу, қамтамасыз ету тәсілімен қатар, АК-ның 284-бабының 2-тармағында көзделген өзін өзі қорғау тәсілі де болып табылады. Өзара міндеттерді орындағанда тараптардың біреуінің шартты орындамауы немесе тиісінше орындамауы екінші тарапты өзара міндеттерді орындаудан және өз міндетін орындауға қатысты кері талапты қанағаттандырудан босатады. Тараптың кез келген өзара шарт бойынша екінші тарапын міндеттемеде көзделген өзара міндеттерді орындағанына дейін мүлікті ұстап қалуды пайдалану құқығы (мүлікті беру, ақша төлеу жөніндегі міндетті орындамау), оның ішінде сатушының сатып алу-сату нысанының сатылатын бағасын төленгенше оны ұстай тұру құқығы, біздің ойымызша, дәл осыдан туындайды. Комиссионердің комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне тиесілі соманы ұстап қалуға құқығында біршама басқа мән бар, себебі бұл ретте комиссионердің біртекті талаптарды АК-ның 370-бабының ережелеріне сәйкес есепке жатқызуы орын алады. Ұстап қалуды құқықтық реттеудің болмауы АК-ның 380-бабына сәйкес міндеттеме тараптарына қамтамасыз етудің бүл түрінің ережесіне өз ықтиярымен келісуіне мүмкіндік береді[43].

Шарттың орныдалуын қамтамасыз етудің АК-да және бірқатар заң актілерінде айтылатын басқа әдісі — кепілдік жарнасы. Әдетте, шарттың орындалуын кепілдік жарнамен қамтамасыз етудің шарттары ашық саудаға қатысу үшін көзделген. Мысалы, кепілге салынған мүлікті АК-ның 319-бабы-ның 4-тармағына сәйкес сатқанда саудаға қатысу, АК-ның 915-бабы 6-тармағының ережелеріне сәйкес конкурстық міндеттемелерге қатысу кепілдік жарнаның төленуін қарастырады. Бұл ретте кепілдік жарна қатысушы офертасының белгілі бір уақыт аралығындағы заңдылығын да, қатысушыны ашық сауданың немесе өзге конкурстық міндеттемелердің жеңімпазы деп жариялағанда оның конкурс талабында көзделген шартты жасау міндетін де қамтамасыз етеді. Көрсетілген мысалдардағы сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, басқа да кез келген жағдайларда, оның ішінде сатып алу-сатуда, жалдауда, ақысыз қызмет көрсетуде және т.б. пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте кепілдік жарнасы тараптардың кез келгенінің шартын қамтамасыз ете алады.

Информация о работе Азаматтық құқық