Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау, орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын шарт сияқты, жалпы ереже бойынша, жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі шарттың мәнінен туындайтын болмаса.

Егер кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ең жоғарғы мерзімі  белгіленбеген болса, онда ол кепілдікпен  немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген шарттың орындалу мерзімі келген кезден бір жыл өткенше несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды[56].

Егер негізгі шартты орындау мерзімі көрсетілмеген болса және оны анықтау мүмкін болмаса немесе шартпен, талап ету кезімен анықталған болса, кепілдік немесе келіп болушылық, жалпы ереже бойынша, егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартын жасаған күннен бастап екі жыл ішінде несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды.

Заң актілеріне сәйкес кепілдігі  немесе кепіл болушылықты мезгілсіз тоқтатудың өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін. Бұл ережелерде белгіленген мерзімдердің өтуі сот арқылы қорғану құқығын тоқтатып қана қоймайды, сонымен қоса кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады. Сондықтан, бұл көрсетілген мерзімдер тыйым салушылық рөл атқарады, талап қою мерзімін қалпына келтіру ережесі бұларға қолданылуы тиіс емес.

  Кепіл ұғымы. Мүлік айналымында несиенің маңызы зор. Несиелік шарттың орындалуын борышкердің барлық мүлкімен жауап беруі принципімен қамтамасыз ету несие берушіні барлық уақытта бірдей қанағаттандыра бермеуі мүмкін, себебі борышкердің мүлкін өндіртіп алуға айналдыру кезінде оның құны несие берушінің талабының мөлшерінен кем болуы немесе сол борышкердің басқа несие берушілерінің сол уақытта жарыса талап қою қаупі бар. Осының барлығы қоғам мен құқықтың дамуының белгілі бір кезінде қамтамасыз ететін шаралардың ерекше түрін қалыптастырды, ол кепіл деп аталды, ол белгілі бір адамның (борышкердің, кепіл болушының) жеке басының қасиетіне емес, борышкердің белгілі бір мүлкінің құнына сенуге, және онымен өз талаптарын қалайда қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделді. Уақыт өте келе кепілге борышкердің ғана емес, заттық кепіл болушы деп ат алған үшінші жақтың мүлкі де беріле бастады, ал несие берушінің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі заттардан басқа мүлікке — "тәнсіз заттар" деп аталатын мүліктік құқықтарға да таралды.

Кепіл (кепілдік құқық) деп несие берушінің шарт бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен канағаттандырудағы айрықша құқығы танылады.

Кепілді құқықтық реттеу көздері. Кепіл институты Қазақстан Рес-публикасының азаматтық заңнамасы үшін дәстүрлі болып табылады, онда кепіл құқық қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бірқатар заң актілері бар. Қандай да бір нормативтік актіні қолдану қажеттігі не мүліктің түрінен (мысалы, жылжитын немесе жылжымайтын), оның айналым қабілеттілігінен (мысалы, мүліктік айналымда шектелген жер қойнауы мен пайдалы қазбалар), немесе кепіл құқық қатынастары субъектісінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерінен (мысалы, арнайы құқық қабілеттігі бар мемлекеттік кәсіпорын), немесе қолданылатын құқық мәселелерінен (мысалы, кепіл туралы сыртқы экономикалық мәміле жасағанда) туындайды.

Кепіл құқық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер — Азаматтық кодекс, атап айтқанда оның 18-тарауының 3-параграфы және жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлық. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу, қажеттігіне байланысты жылжымайтын мүлік ипотекасы мен жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтың кепілін (мысалы, жалдау құқығының кепілі, сенімгерлікпен басқару құқығының кепілі және т.б.) тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықпен реттелуге жатады [9]. Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеудің кейбір жақтары арнайы заң актісіңде — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңында реттелген.

Жер учаскелері және жер  пайдалану құқығы кепілінің ерекшеліктері (мысалы, жер учаскесінің, жер учаскесін жалдаудың мүліктік құқығының кепіл берушісі кімдер екендігіне қарай) жер туралы заңнамадан, атап айтқанда Жер туралы заңнан туындайды[7].

Жер қойнауына құқық кепілінің, сондай-ақ пайдалы қазбалар кепілінің ерекшеліктері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы туралы және мұнай туралы Жарлықтарда көзделген.

Бағалы қағаздар кепілінің  ерекшеліктері бағалы қағаздар туралы заңнамада, атап айтқанда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы заңмен, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы заңымен реттеледі. Вексельдер кепілінің ерекшеліктері 1997 жылғы 28 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы" ҚР Заңында көзделген[8].

Валюталық құндылықтар  кепілін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" Заңмен, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу Ережелерінде (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шіддеде тіркелген, №1561), сондай-ақ валюта операцияларын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген.

Кепіл жөніндегі сыртқы экономикалық шарт бойынша қолданылатын құқыққа қатысты коллизиялық  нормалар АК-ның VII бөлімінде реттеледі.

Кәсіпорындардың, ғимаратгардың, пәтерлердің, жер учаскесіне құқықтың және басқа жылжымайтын мүліктің кепілі арнайы заң актісімен — Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлықпен реттеледі. Ал, осы Жарлықтың 2-бабының 3-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік ипотекасы мен оларға құқық ерекшеліктері Жер туралы заңда белгіленген. АК-ның кепіл туралы жалпы ережесі жылжымайтын мүлік кепіліне, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы арнайы заң актілерінде өзге ереже белгіленбеген жағдайда, қолданылады. Сондықтан АК-ға қарағанда ипотека туралы Жарлықтың басымдылығы сонда, ол жылжымайтын мүлік ипотекасы бойынша қатынасты реттейді, ол АК нормалары жылжымайтын мүлік ипотекасына ипотека туралы Жарлықпен өзгедей ереже белгіленбеген жағдайда ғана қолданылады[21].

2002 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Заңымен АК-ның 299-бабы 3-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілі (кеме ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі, және АК-дағы кепіл туралы жалпы ереже кеме ипотекасына Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ереже белгіленбеген жағдайда қолданылады[43].

Соңдай арнайы заң  актілерінің бірі — Қазақстан  Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңы, оның 203-221-баптары теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілінің (кеме ипотекасы) ерекшеліктерін көздейді. Бұл заң актісімен кепілдің екі түрі қарастырылған: заң актісі негізінде туындайтын кепіл - кеменің (тұрғызылып жатқан кеменің) теңіз кепілі, сондай-ақ шарт негізінде туындайтын кепіл — кеме (тұрғызылып жатқан кеменің) ипотекасы. Кепіл жөнінде АК-да көзделген жалпы нормалардың заң актісі негізінде туыңдайтын кепілге таралу мәселесі АК-ның 300-бабының 2-тармағында реттелгендіктен, АК-ның 299-бабының 3-тармағы, тиісінше, АК-ның кепіл туралы жалпы нормаларының кемелердің шарттық кепіліне — кеме ипотекасына таралу мәселесін ғана реттейді. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңның 209-211-баптарында кеме ипотекасын белгілеудің, кеме ипотекасы нысанын анықтау тәртібінің, кеме ипотекасын тіркеудің, кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру тәртібінің ерекшеліктері белгіленген, кеменің занды және шарттық кепілінің кепіл ұстаушылары құқықтарының коллизиялық мәселесі және басқа да бірқатар мәселелер шешілген. Сонымен қатар, бұл көрсетілген заң актісінде шарт жасасу, кепіл құқығын іске асыру, кепіл нысанын мәжбүрлеп сату мәселелері шешілмеген, және "Саудамен теңізде жүзу туралы" заңмен реттелмеген мәселелер бойынша теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің ипотекасына АК-дағы кепіл туралы жалпы нормалар қолданылады[45].

АК-ның 299-бабының 3-тармағына сәйкес "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заң мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тұрғызылып жатқан теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілін белгілейтін бірден бір заң актісі емес, және мұндай ерекшеліктер әуе кемелерінің құқықтық режимін реттейтін өзге де заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Айта кететін бір жағдай -әуе кемелері кепілінің ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы" Заң күші бар Жарлығында және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" ҚР Заңында көрсетілген ерекшеліктері әуе кемелері кепілінің міндетті мемлекеттік тіркеуіне ғана қатысты, ол әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу талаптарынан және АК-ның 308-бабының 1-тармағынан орынды туындайды.

Кепілдің акцессорлық  сипаты. Кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі шарт бойынша талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан кепілде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін шарттан бұрын туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды. Кепілмен қамтамасыз етілген шарт бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі — қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышкерге талап, екішісі — кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, оңда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы.

Кепіл объектісі. Кепіл  қатынасында көрсетілген борыш төленбеген жағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі (кепіл құқығы) деп аталады. Егер оны кепіл жауапкершілігінің заты деп алсақ дәлірек болар еді, себебі кепіл беруші кепіл қатынастарынан және өз жауапкершілігіне алған міңдеттеме бойьшша сол атпен және оның құны шегінде жауаптылық көтереді. Заңнамада құқық теориясыңда кепіл құқығының объектісі жай кепіл заты деп аталады.

Кепіл объектісі (заты) белгілі  бір құндылығы, бағалылығы бар, негізгі шарт орыңдалмаған жағдайда несие берушінің мүддесін сақтандыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, оның ішінде шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, жұмысты, қызметті, айырмашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құралды және "мүлік" ұғымына жататындардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай — мүлік деп материалдық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтың қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қандай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің көптеген түрлерін бірікгіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік — нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады[41].

Жылжитын да, жылжымайтын  да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, әдетте, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат тұтастай кепілге беріледі. Бөлінетін заттың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.

Ортақ меншіктегі заттар да кепіл объектісі бола алады. Мұндай мүлікті кепілге беру үшін оған ортақ  мүліктің барлық меншік иелерінің келісімі керек. Сонымен қатар әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін кепілге  салуға құқылы. Ортақ үлесті меншіктің ортақ мүліктің өзі үлесіне шамалас бөлігін өзінің иеленуіне және пайдалануына алған қатысушысы ортақ меншіктің сол бөлігін кепілге өз бетінше беруге құқылы, себебі ол оны бөліп алуға не ортақ меншіктегі бұл бөлікті иелену және пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы. Ортақ бірлескен меншіктің қатысушысы ортақ мүліктің тек "идеалдық" бөлігін — ортақ меншіктегі құқығын ұсынуға құқылы.

Кепілге салу үшін белгілі  бір талаптар орындалған жағдайда ақша кепіл заты бола алады. Ақшаны кепіл  заты ретінде пайдаланғанда ол банкке салынуы тиіс, бұл ақша кепілінің ерекшелігі, сондықтан мұндай кепіл кепілдің айрықша түріне жатады. Кепілге бергенде ақшаны банкке салудың қажеттігі оның жоғары өтімді мүлік ретіндегі қасиетінен, кепілге салғанда кепіл берушінің немесе ипотекада кепіл ұстаушының ақшаны пайдалануын шектеу мүмкін еместігінен, сондай-ақ ақшаны кепілге ұстаудың немесе ипотекасының мүмкін еместігінен туындайды.

Ақша кепілінде кепіл  заты ретінде қолма қол ақшаның  да (ақша белгілері), "қолма қол  емес" акшаның да (банктердің өз клиенттерінің банк есепшоттары бойьшша жазбаша берген ақшалай міндеттемелері) пайдаланылуы мүмкін. Қолма-қол ақшаны банкке салғанда олар да "қолма-қол емес" ақшаға — банк міндеттемесіне айналады[38].

Банк есепшотының кепілін  немесе банк салымын ақша кепілінен айыру керек. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінде кепіл беруші кепілге ақшаның өзін емес, банк есепшотының шарты немесе банк салымының шарты бойынша өз құқығын (талабын) береді. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінің өзге міндеттемелік мүліктік құқық кепілінен, мысалы, жалдау құқығының кепілінен еш айырмашылығы жоқ. Банк аккредитивін — белгілі бір мән-жайларда немесе аталып көрсетілген құжаттарды ұсынғанда банктің ақша төлеу міндеттемесін беруі де ақша кепіліне жатамайды. Аккредитив қамтамасыз етудің өзінше бөлек тәсілі болып табылады.

Ақшаны қамтамасыз ету  заты ретінде пайдаланудың өзгедей  шарттық және заңнамада көзделген  тәсілдерін ақша кепілінен ажырату  керек. Мысалы, ақша қамтамасыз етудің кепіл мүлкін АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сату кезінде саудаға қатысудың кепілдік жарнасы, АК-ның 915-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық міндеттемелердің кепілдік жарнасы ретінде пайдаланылады. Бұл мысалдар сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, өзге жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін.

Информация о работе Азаматтық құқық