Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Ипотека конструкциясын пайдаланып ақшаны кепіл берушінің  иелігінде және пайдалануына қалдыру  оның пайдаланып кетуіне мүмкіндік  тудырады, нәтижесінде кепіл ұстаушының құқығы қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін. Айта кету керек — ақшаның негізгі арналымы оны төлем құралы ретінде пайдалану, бұл тұрғыдан алғанда ол қолданылатын мүлікке жатады[37].

Ақшаны банкке салу міндеттемесі ақша кепілінде банктің кепіл құқық қатынастарына өзінше міндеттемесі бар дербес қатысушы ретінде қатысуын көздейді. Ақша кепілі бойынша ақша салынған банк, өзінің мәніне қарай кепіл туралы шарттың қайсы бір жағымен үйлеспеуі керек. Олай болмаған жағдайда, бұрын аталып өткендей, салынған ақшаның кепіл ұстаушысы мен меншік иесінің бір тұлға болуына немесе ипотека нысаны ретінде қолданылатын мүлікті пайдалануға байланысты кепіл тоқтайды.

Кепіл нысаны болып табылатын  ақша арнайы банк салымына банкке салынуы  тиіс, ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуге арналады.

Мұндай салым шарты  салымдар туралы ережеге бағынады, ол кепіл берушіге ақшамен қамтамасыз етілген шарт тиісінше орындалған жағдайда ғана қайтарылады. Сондықтан, мұндай салымнан ақшаны несие ұстаушыға беру кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген шартты орындамауы жағдайында болады.

АК-ның 301-бабында көзделгеніне қарамастан, ақша кепілі АК-ның 765-бабына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңымен толықтырулар енгізілгенше мүмкін болмады, себебі, сол кезге дейін банк салымының шарты бойынша салымшының кез келген мерзімді немесе шартты салым бойынша, салымды қайтару үшін келісілген мерзім немесе мән-жай болғанға дейін салымды қайтаруға сөзсіз құқығы болды. Бұл жағдайда банктегі ақшаны кепілге салу мүмкін емес еді, себебі салымшы, банкпен арадағы қандай да бір шарттарға қарамастан, салымды кез келген уақытта қайтарып алуына мүмкіндік беретін, АК-ның 765-бабыңда алдын-ала белгіленген құқығына сүйеніп салымды қайтарып ала алатын. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңынан АК-ның 765-бабына 6-1-тармақ түрінде толықтыру енгізілді, оған сәйкес банк салымын сөзсіз қайтару ережесі ақша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған жағдайға, яғни ақша кепілі жағдайына таралмайды.

Ақшаны банк есепшотына кепіл нысаны ретінде, ятни банк есеп-шотының шартын пайдаланып банкке салуға болмайды, себебі банк есепшоты міндеттемесінің конструкциясы клиенттің банк есепшоты шарты бойынша банкте жатқан ақшаға билік етуінің сөзсіз құқығын, сондай-ақ клиенттің банк есепшоты шартын кез келген уақытта бұзуға және бұл жағдайда ақшаны алуға не үшінші жақтың пайдасына аударуға сөзсіз құқығын көздейді.

Ақша кепілі банк салымының  кепілінен немесе банк есепшотының  кепілінен едәуір басқаша. Мысалы, банк салымының кепілінде немесе банк есепшотының кепілінде кепіл нысаны ақша емес, салымшының банк есепшоты шарты бойынша құқығы немесе клиеттің банк салымы шарты бойынша құқығы болады, оған салымшының немесе клиенттің салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе банк есепшоты шартын мерзімінен бұрын бұзуға және бірінші талап бойынша банк есепшотынан ақша алуға шарттардың осы түрлерінде көзделген құқықтары да кіреді. (Ақша кепілінде негізгі шартты қамтамасыз ету үшін банкке салынатын ақша кепіл нысаны болып табылады, бұл ретте, негізгі шартты қамтамасыз ету үшін банкке салынған ақшаны алуға кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің құқығы қамтамасыз етілген шарттың орындалған-орындалмағанына байланысты, олардың салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе бірінші талап бойынша ақша алуға құқығы жоқ.

Ақша кепілі жағдайында негізгі шартты тоқтату немесе оны заңсыз деп тану ақшаны қамтамасыз етуші ретінде салу туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға алып келеді, ал банк салымы немесе банк есепшоты кепілі жағдайында сондай мән-жайлар кепіл туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға әкеп соғады, ал ол банк салымы шартына немесе банк есепшоты шартына еш әсер етпейді[75].

Ақша кепілінде банкке қамтамасыз ету ретінде салынған ақша бойынша тиесілі сыйақы кепіл  берушіге беріледі, ал бұл сыйақыға кепіл құқығы таралмайды. Мұндай сыйақының мөлшері мен төлеу тәртібі банкке ақша салу туралы шартта көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан  Республикасының банк қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заң акгілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен, АК-ның 301-бабының 4-тармағы сияқты, АК-ның 303-бабыньщ 5-тармағы да жаңа редакцияда баяндалды. АК-ның 303-бабының 5-тармағының жаңа редакциясында кепіл нысаны болып табылатын актыда, егер кепіл туралы шартта өзгедей белгіленбесе, банкке салынады деп көрсетілген. Бұл ретге АК-ның 303-бабы 5-тармағының жаңа диспозитивтік редакциясы АК-ның 301-бабы 4-тармағының кепіл нысаны ретінде ақша пайдаланылғанда ақшаны банкке салуды императивті ұсынған редакциясына қайшы келеді. Осыған байланысты, бұл біріне бірі қайшы келетін ережелерді сәйкестендіру керек екенін айта кеткен жөн. АК-ның 301-бабының 4-тармағы мен АК-ның 303-бабының 5-тармағы нормаларының бұл қиғаштығында басымдылық бірінші нормаға беріледі, себебі ол ақшаны тек банкке салғанда ғана оны кепіл нысаны ретінде пайдалану мүмкіндігін анықтайды[40].

Кепілдің заңнамада  келтірілген әрқилы түрлері сонымен  аяқталмайды, азаматтық заңнама  нормаларының диспозитивтігі және шарт формаларының бостандығы нәтижесінде практикада кепілдің заңнамада көзделгендерінен басқа да түрлері кездесуі мүмкін. Айналымдағы тауарлар кепілінен басқа ипотеканың басқа түрлері де болуы мүмкін. Заң актілері негізінде кепілдің өзге түрлері, бұрын аталып өткендей, кепілдің шарттық түрлерінен өзгеше "заңды кепілдер" деп аталатын (заңнама белгілегендіктен міндетті болып табылатын) түрлері белгіленуі мүмкін.

Кепіл құқығының мазмұны  және оны жүзеге асыру. Кепіл ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы қамтамасыз етілетін шарт бойынша талаптардың қанағатын алу үшін оның өндіріп алуды кепіл нысанына аударуын білдіреді. Бұл ретте ескеретін бір жағдай — кепіл негізгі шартты қанағаттандыру үшін керек, сондықтан кепіл ұстаушының кепіл нысанына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі, көбіне, негізгі шарттың тағдырына байланысты. Кепіл ұстаушы негізгі шартты борышкер орындамаған немесе тиісінше орындамағанда ғана өндіріп алуды кепіл нысанына аударуға құқылы.

Борышкер мен кепіл  беруші бір адам болып үйлескенде міндеттеменің мәні мен кепіл  берушінің жауапкершілігінің маңызы болмайды. Кепіл беруші де, борышкер сияқты, негізгі шартты орындауы тиіс. Негізгі шартты орындамаса ондай борышкер өзінің барлық мүлкімен жауап береді, ал кепіл несие беруші үшін оған борышкердің белгілі бір мүлкін өндіріп алуға аударуға ерекше құқық, өз талаптарын кепіл нысаны есебінен қанағаттандырғанда ол борышкердің басқа несие берушілері алдында артықшылық алады. Борышкер мен кепіл беруші екі басқа адам болып келетін заттық кепіл болушылықта қамтамасыз ету, яғни несие берушінің негізгі шарттың орындалуына сенімі міндетті адамдар қатарына борышкерден басқа үшінші жақтың — заттық кепіл болушыны тарту есебінен қосымша артады. Несие беруші бұл жағдайда өз талаптарын борышкердің емес, үшінші жақтық-заттық кепіл болушының кепілге салған мүлкінің есебінен қанағаттандырып, басқа несие берушілер алдында артықшылыққа ие болады. Бұл жерде негізгі шарт бойынша борышкер кепіл құқық қатынастарына қатыспайды, бірақ шарттың орындалмағаны үшін өзінің барлық мүлкімен жалпы азаматтық-құқықтық принциптер бойынша жауап береді, және несие беруші өндіріп алуды борышкердің мүлкіне жалпы негіздерде, яғни борышкердің басқа несие берушілері алдында кепіл берген артықшылығынсыз, аударуға құқылы.

Кепілмен қамтамасыз етілетін мерзімді шартты белгіленген мерзімге орындамау фактысының өзі өндіріп алуды кепіл нысанына аударуға негіз болады, себебі бұл жерден борышкердің шартты орындамауын көреміз. Мерзімсіз шартта немесе талап ету кезімен анықталған міндеттемеде несие берушінің өндіріп алуды кепіл нысанына аудару құқығы негізгі шартты орындау жөнінде талап қойғанда ғана және мерзімсіз шартты орындау үшін көзделген жеңілдік мерзімі (әдетте, бұл - шартты орындау үшін қажетті ақылға қонымды мерзім және одан кейін жеті күндік мерзім) не, орындалуы талап ету кезімен анықталған шартты орындаудың жеңілдік мерзімі (әдетте, талап ету кезінен бастап жеті күндік жеңілдік мерзім) өткеннен кейін ғана туындайды[41].

Кепіл нысанын өндіріп алуға аудару, жалпы ереже бойынша, сот тәртібінде, яғни кепіл берушіге талап қою жолымен және негізгі міндеттеме бойынша талаптарды қанағатгандыру үшін кепіл нысанын өндіріп алуға аудару жөніңдегі сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мүлікті сатуды және түскен ақшаны бөлуді, бұл жағдайда, сот орындаушысы Азаматтық-іс жүргізу кодексінің ережелері бойынша жүргізеді.

Шартта, соңдай-ақ АК мен  заң актілерінде көзделген жағдайларда  кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті  сауда еткізу (аукцион) жолымен жөне сауданы даярлаудың жөне жүргізудің айрықша процедураларын сақтай отырып мәжбүрлі сотган тыс тәртіпге өз бетімен  сатуға қүқылы. Мысалы, жалпы ереже бойынша, ақша қарызын қамтамасыз ететін кепіл нысанын сату жөніндегі кепіл ұстаушы - банк кепіл мүлкін мәжбүрлі сотган тыс тәртіпте сатуға құқылы.

Мәжбүрлі соттан тыс  тәртіпті қолдану мүмкіндігі кепіл  туралы кез келген шартта көзделуі мүмкін. Сонымен қатар, заң актілерінде, өндіріп алуды кепіл нысанына аударуды мүліктің кейбір түрлері үшін соттан тыс тәріпте қолдануға, шарт жағдайларына немесе заң актілерінің соттан тыс тәртіпті көздейтін ережелеріне қарамастан шек қою көзделуі мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүліктің ипотекасында қоғам үшін едәуір тарихи, көркемдік немесе өзгедей мәдени құндылығы бар, жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл нысанын сатқанда мәжбүрлі  тыс тәртіпке жол берілмейді. Жылжымайтын мүліктің ипотекасы үшін басқа адамның немесе органның келісімі керек болған жағдайда да мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте кепіл нысанын сатуға жол берілмейді. Өндіріп алуды кепіл нысанына аудару оны ашық саудада сату арқылы жүзеге асырылады. Кепілге салынған мүлікті сот тәртібінде сату процедурасы жылжымайтын мүлікті сот шешімдерін қанағаттандыру үшін сату ережесіне сай жүзеге асырылады.

Өндіріп алуды кепіл  нысанына мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте аудару процедурасы үшінші жақтың —  сенім білдірілген тұлғаның болуын көздейді, ол кепіл мүлкін сатуға дайындайды және ашық сауда жүргізеді. Жалпы ереже бойынша, сенім білдірілген тұлғаны кепіл ұстаушы тағайындайды. Сенім білдірілген тұлға жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Сенім білдірілген тұлға кепіл ұстаушының өкілі болып табылады және сауда өткізуге қатысты өз функцияларын жүзеге асыру үшін оның сенімхатын алады. Сенім білдірілген тұлға сауданы, әдетте, аукцион түрінде, алдын ала хабарлаған ереже бойынша өткізеді, ақшаны кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша талаптарын қанағаттандыруға жіберу және қалғанын кепіл берушіге қайтару арқылы түскен ақшаны бөледі[35].

Кепілді қайталап салу. Кәсіпорындарда айналымдық қаражаттың тапшылығы, несиелердің  қайтарылымын қамтамасыз етуге банктердің көтеріңкі талаптары жағдайында, сондай-ақ құқық қолдануда кепілді қайта салумен байланысты белгілі бір қиындықтар болғанда кепілді қайталап салу мәселесі айрықша көтеріледі.

Жалпы ереже бойынша  кепіл берушінің кепілдегі мүлікті  келесі кепілге беруіне жол берілген. Кепіл берушінің кепілді қайталап салу мүмкіндігін шектеу кепіл туралы шаргга белгіленуі мүмкін. Кепіл туралы шартта кепілді қайталап салуға тыйым болмаса кепіл беруші кепілдегі мүлікті басқа шартты қамтамасыз етуге пайдалану мәселесін өзі шешуге құқылы, бірақ алдыңғы кепіл ұстаушылардың құқықтары туралы кейінгілердің барлығын ескертеді.

Әртүрлі несие берушілер  алдындағы шартты қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды аударған жағдайда (кепілге қайталап салу), талаптарды қанағаттандыру "үлкендік принципі" — кепіл құқығының туындау кезектілігі бойынша жүргізіледі. Ескеретін бір жағдай — тіптен қайталап салынған кепіл нысанына өндіріп алуды бір-ақ рет аударуға болады, және кепіл мүлкін ашық саудада сату, сондай-ақ оны сатудың мүмкін еместігі осы кепіл нысанының барлық кепіл ұстаушыларының кепіл құқығының тоқтауына алып келеді. Алдыңғы кепіл ұстаушыда тұрған кепіл мүлкін кепілге қабылдағанда, кейінгі кепіл ұстаушылар: біріншіден, осы мүліктен алдыңғы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін ғана және ондай қанағат алудан қалған құн шегінде өз талаптарын қанағаттандыруға құқық алады; екіншіден, осы мүліктің келесі кепіл ұстаушылары мен кепіл берушінің талаптары осы мүліктің кепілімен қамтамасыз етілмеген несие берушілеріне қатысты ғана өз талаптарын мұндай мүлік есебінен қанағаттандыруға айрықша артық құқық алады.

Мүлік кепілге қайталап салынғанда кепіл беруші әрбір келесі кепіл ұстаушыға осы мүліктің барлық кепілдері жайындағы деректерді хабарлап отыруға міндетті. Бұл міндет борышкер негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша талаптарды орындамаған жағдайда кепіл мүлкін иеліктен шығару мүмкіндігінен, барлық кепіл ұстаушылардың — несие берушілердің талаптарын кепіл нысанын сатудан түскен ақша есебінен "үлкендік" тәртібінде қанағаттандыру жөне барлық кепіл ұстаушылардың сатылған кепіл мүлкіне қатысты кепіл құқығын тоқтату қажеттілігінен туындайды[30].

Кейінгі кепіл ұстаушылардың  алдыңғы кепіл ұстаушылардың  құқықтары туралы білмеуі кейінгілердің  кепіл құқығына ықпал етеді. Кейінгі  кепіл ұстаушылардың алдыңғылардың  құқықтары туралы білмеуінің бұл  адамдардың несие берушімен ара қатынастары үшін ғана маңызы бар, себебі, несие берушінің кейінгі несие ұстаушьшарға кепілге салынатын мүліктің барлық бар кепілі жайында хабарлау міндетін орындамауы осындай бұзушылық салдарынан кейінгі кепіл ұстаушы келтірген залалды өтеудегі оның жауапкершілігіне негіз болады.

Кепіл берушінің кейінгі  кепіл туралы ережені әйтеуір  бұзуы кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген шарттың мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге, ал талабы ақылға қонымды мерзімде қанағаттандырылмаса — өндіріп алуды кепіл затына аударуға құқық береді.

Мүлікті кепілге қайта  салуға кепіл туралы шартта тыйым  салынса, онда ол заңсыз деп танылады, ол заң талаптарына, атап айтқанда АК-ның 311-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Мүлікті кепілге қайталап салу туралы шарт, егер оған бұрынғы шартта тыйым салынған болса, тек бұрынғы несие ұстаушының ғана емес, сонымен қатар мәмілені заңсыз деп тану туралы жалпы ереже бойынша кез келген мүдделі адамның да талабы бойынша заңсыз деп танылуы мүмкін.

Информация о работе Азаматтық құқық