Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:06, реферат

Описание работы

Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына бағытталған мамандар даярланды. Шамамен сол кездерде кейбір араб елдерінде де әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік жұмысты институционализациялау процесі Батысқа қарағанда баяу жүрді.

Работа содержит 1 файл

Айдана.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

    Чилилік зейнетақылық қордың әсерлілігі мұндай жақсы көрсеткішті қолданбайды. Авторитетті эксперттердің пікірінше, сақтандырылған адамдардың жартысы тек қана минималды зейнетақыға ғана үміттене алады, ол күнделікті күн көріс минимумына да жетпейді.

    Латын Америкасы елдерінде денсаулық  сақтау қорына деген сұраныс азайып кетті. Егер де 70 жылдың басында госбюджет медициналық шығындар 60 пайызға дейін қысқартылды, ал 90 жылдардың ортасында 40 пайызға дейін төмендеді. Мұнымен бірге бір уақытта жекеменшік медициналық сақтандырылуды қолданатын адамдардың саны да көбейді. 2000 жылдың басында олар халықтың 1/3 бөлігін құрады.

    Медициналық сақтандырудың жекеменшік нарығын  ынталандыру үшін 80 жылдары Чилиліктер өз салымдарын жекеменшік медициналық  компанияларға сала басталы. Жекеменшік компаниялар көрсететін медициналық қызметтердің деңгейі сақтандыру салымдарының мөлшерімен анықталды. Сол себептен де бұл сақтандыру түріне кірісі жақсы адамдар ғана келді.

    90 жылдардың аяғында жұмыссыздықтан  сақтандырудың жүйесі тек қана 8 латынамерика елдерінде ғана (Барбадос, Мексика, Аргентина, Бразилия, Чили, Эквадор, Уругвай, Венесуэла) болды.

    Экономист Е.Е. Шестоковтың айтуы бойынша  осындай түрдегі әлеуметтік сақтандыруға салынбаған жұмыскерлер көп болған жерлер – Аргентина, Бразилия, Мексикада 1/3 бөлігі болса, Чилиде 20 пайыз болды. Алайда, сол жұмыскерлердің өзі кейде өзін, отбасын күнделікті кіріс минимумына дейін де жеткізе алмайды екен.

    Әлеуметтік  жұмыстың латынамерикалық моделі толығымен  децентрализациялық жүйеге сипатталады. Әсіресе бұл Чилидегі Әлеуметтік қызмет көрсетуде айқын байқалады.

    Чилиде  әлеуметтік жұмыс Латын Америкасы  елдерінің ішінде ең алғаш пайда  болған.  Әлеуметтік жұмыс ең алғаш  рет 1925 жылы Чилидің әлеуметтік заңы бойынша қабылданды. Елде әлеуметтік органдар құрылып, жұмыс жасай бастады.

    Чилиде  әлеуметтік жұмыскерлерді дайындауда Европалық тәжірибеге сүйенді. Сол мақсатта Европадан мамандар шақырылды.

    1960 жылы Чилидегі әлеуметтік жұмысқа  Чилиге эмигрант болып келген  Бразилия педагогі Фрейр қатты  әсер етті.

    Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда әлеуметтік жұмыскерлер Чилиде әлеуметтік саясаттың негізгі элементін жасап шығарды. Олар жер сілкінсе, сел сияқты жағдайларда көмек көрсететін компаниялар құрды.

    Қазіргі кезде Чили әлеуметтік жұмыскерлері жастар ұйымында, денсаулық сақтау мекемелерінде, қайырымдылық қорларында, жеке әлеуметтік ұйымдарда қызмет жасайды.

    Қазіргі таңда Чилиде 17 мектеп бар, мұнда  әлеуметтік жұмыскерлер даярланады.  
 

Африка  елдеріндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің  қалыптасуы 

    Дүние жүзіндегі әлеуметтік жағдайы өте  нашар және проблемалары өте көп  ол – Африка болып отыр. Бұл дегеніміз, Африка елдерінде кедейліктің өте  көп болғандығын көрсетеді, тіпті  мұны «табиғи» деп түсінуге де болатын сияқты.

    Күніне 1 ақш доллары – бұл кедейліктің  сатысы. Бұл жерде 250 млн. адам осы  аймақта тұрады. 200 млн. африкандықтардың медициналық қызметке мүмкіндіктері  жоқ.

    Африканың тек қана он шақты қалаларында  ғана балалардың бастапқы білім алуға мүмкіндіктері бар. 2000 жылы СПИД ауруымен ауыратын адамдар дүние жүзі бойынша 34 млн болса, соның 2/3 бөлігі Африка елдерінде тұрады екен.

    1980-2000 жылдар арасында осындай жаман аурумен ауырып, 20 млн.дай африкандықтар дүниеден өтіпті. Көптеген балалар осы аурудың кесірінен өз ата – аналарынан айырылуда.

    БҰҰ-ң  бас хатшысы Кофи Ананның айтуы  бойынша 2000 жылдың басында дүние  жүзілік індет бойынша 11 млн жетімдер болды, оның ішінде 90 пайызы африка елінің балалары екен.

    Соғыстар  және қарулы қақтығыстар Африка елі үшін апатты жағдай болды. Нәтижесінде ақырғы 20 жылдың ішінде 8 млн. адам қайтыс болған. Қазір де 20 млн. Сахарадан, және оңтүстігіне жақын жерлер әскерлермен қоршалған. Ал бұл елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына әсерін тигізуде.

    Африка елдерінің ең басты мәселесі жұмыссыздық болып табылады. Мысал ретінде Заир мемлекетін алсақ болады. Бұл елде жинақталған 60 пайыз жинақталған кобальт және магния бар, ал 90 жылдардың аяғында 80 пайыз еңбекке қабілетті адамдар жұмыссыз отырды. Тіпті ОАР-да 2000 жылдың басына қарай 10-ң ішінен 7-ден аз жас оңтүстік африкандықтар 20-29 жас аралығында жұмыссыз болды.

    Профессионалдық сатыда Нигерияда, Зембавада әлеуметтік жұмысты дамыта бастады. Ал басқа да африка қалаларының әлеуметтік жұмыс дамымаған жерлерінде оларға әлеуметтік көмекті дәстүр түрінде мүлік арқылы көмек көрсетер еді. Оның субьектісі аймақтық жанұя болып табылады. Анық бір көмекті оларға әртүрлі гуманитарлы, қайырымдылық қорларының бірігуі, халықаралық ұйым мен индустриалды қоғамдық жағынан дамыған мемлекеттер көрсетеді.

    Оңтүстік  Африка Республикасында Африка қалаларының  ішіндегі бір емес, бірнеше рет әлеуметтік жұмыстың функционалдық жүйеде әсер етуі. Р.Вуд деген зерттеуші бұл қаланың әлеуметтік жұмысының өте нашар екендігін, оларға әлеуметтік жұмыстың қажет екендігін анықтады.

    Оңтүстік  Африкалық әлеуметтік жұмыскерлер  көбіне әлеуметтік қызмет ету саласында  жұмыс істейді. Қалада неггізінен көбінесе қарт адамдар мен мүгедектерге көмек  көрсетіледі.

    Қарттар мен мүгедектерге көмек беретін  әлеуметтік мекемелер негізі оңтүстік Африканың әлеуметтік жүйесіне бағынады. Бірақ оларға көмекті мемлекет те көрсетеді.

    ОАР зейнетақымен қамтамасыз ету ең басты  мәселе емес дейді, бірақ мемлекеттік  қаражаттың қажет екені бәріне мәлім.

    ОАР мемлекетінде жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған азаматтарға, және ауыр аурулармен ауыратын азаматтарға беріледі. Бұл аурулар негізінен 2000 жылдың басында әр жыл сайын 13 мың адам ауырып, еңбекке жарамсыз болып қала берген.

    Мұндай  адамдарға мемлекеттік жәрдемақы  және емделуіне ақша бөлініп отырған.

    ОАР-да әлеуметтік жұмыстың ерекше жүйесі болып  оның білім мен денсаулық сақтау ортасына кіруі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс бөлімдері Африкада емханаларда  көптеп кездеседі. Әлеуметтік жұмыскерлер  аурудың отбасымен, туған – туыстарымен байланыс жасап, психолгиялық қолдау көрсетіп отырады.

    Өлім  мен басқа да ауыр жағдайлар жайында  хабарлау керек болатын болса, дәл осы әлеуметтік жұмыскер оның отбасымен, туыстарымен сөйлеседі.

    Әлеуметтік  жұмыскерлер Африкада мектептерде  де бар. Африкада ең маңызды рольді әлеуметтік көмектің дәстүрлі аспектісі алады.

    Африка  халқына әлеуметтік көмекті көптеген діндік ұйымдар да көрсетеді. Қашқындарға  Африка елінде орналасқан уақытша лагерьлердегі  қашқындарға көмек бері үшін Бүкіләлемдік Лютерандық федерация өзінің өкілдерін жіберіп тұрады.

    90 жылдың ІІ жартысында Конгода  евангилистер мен кейбір гуманитарлық  ұйымдардың қаржысына пигмей  халқының балалары үшін оқу  орталығы ұйымдастырылды.

    БҰҰ-ң  көптеген күш – қуаты қажет  болды. Әртүрлі мемлекеттік емес гуманитарлық және қайырымдылық қорларының Африка отбасыларын қамтамасыз ету іс – шаралары жүйесіне өтуіне көмегі тиді.

    Бұның нәтижесінің көрсеткіші болып жиынтық  коэфицентінің туындысының төмендеуі  болып табылады. Бұл бір әйелден  туған баланың орташа санын көрсетеді.

    Африка  бұл коэфицентті ғасырдың бір  бөлігінде төмендетуге қол жеткізді. 1970-75 жылдары ол – 6,3, ал 1995-2000 жылдары 5,1-ге тең болды. Яғни, жетім балаларды  азайту үшін әйелдің бала көтеруі  бақыланып отырды.

    Әлеуметтік  ортаны дамыту перспективасы  Африка мен Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік қорғауды қалыптастыру жүйесі олардың экономикалық жағдайымен анықталады.

    Біз талқылаған тақырыбты аяқтау барысында  айта кететін жайт, елде іс - әрекет жасайтын бірнеше әлеуметтік қорғау ұйымдарын жасауға болмайтындығы туралы ескеру қажет. Себебі ондай ұйымдар қаншалықты көп болса да, «саны бар, сапасы жоқ» деген секілді нәрселер де бар. Сондықтан да, халыққа пайдасы бар, әсерлі әлеуметтік қорлар ашу қажет.

Информация о работе Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс