Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:06, реферат
Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына бағытталған мамандар даярланды. Шамамен сол кездерде кейбір араб елдерінде де әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік жұмысты институционализациялау процесі Батысқа қарағанда баяу жүрді.
Азия елдеріндегі әлеуметтік
жұмыс.
Әлеуметтік
жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс
елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке
мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік
ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған
әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына
бағытталған мамандар даярланды. Шамамен
сол кездерде кейбір араб елдерінде де
әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға
алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік
жұмысты институционализациялау процесі
Батысқа қарағанда баяу жүрді. Бұл әлеуметтік
– экономикалық дамудың шығыс елдеріндегі
төмен деңгейімен және де әлеуметтік ортаны
мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру
мүмкіндіктерінің аздығымен түсіндірілді.
Бұл жерде әлеуметтік көмек пен қолдау
көрсету дәстүр бойынша аймақтық құрылымдар
мен отбасылық және де қоғамдық ережелерге
бағынышты болып тұр.
Әлеуметтік
жұмыстың Жапондық моделі.
Әлеуметтік жұмыстың жапондық моделін өзінше бөліп қарастыруымызға осы елге тән ерекше әлеуметтік – экономикалық және де рухани тіршілік әрекетімен түсіндіруге болады. Мәдени тұтастық – жапондықтардың ерекше белгісі болып табылады. Көптеген танымал зерттеушілердің (Америка саясаттанушысы С. Хантингтон және т.б.) заманауи Жапонияны негізгі әлемдік мәдениеттілік деп қарастыруы бекер емес.
Әлеуметтік жұмыстың көптеген танымал түрлерінен жапондық модельдің айырмашылығы отбасылық дәстүрлі немесе корпаративтік – фирмалық компоненттің әлеуметтік ортадағы приоритетті рөлі болып табылады. Сондықтан да оны корпаративті – дәстүрлі модель деп те атайды. Оның келесідей ерекшеліктері бар:
Жапония әлеуметтік ортасында сақтандыру принципі мемлекеттік қолдаумен аз мөлшерде толықтырылады. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру қоғамдық жүйесінде қарастырылады. Мұндағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі халықтың қартаю деңгейімен тікелей байланысты. Бір жағынан, туу азаяды, ал екінші жағынан, жапондықтардың өмір сүру деңгейі артады. Қазіргі таңда жапондықтардың орташа өмір сүру деңгейі 82 жас болып отыр, бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Алайда, кейбір болжамдарға сүйенер болсақ, 20 жылдан соң Жапониядағы зейнеткерлер саны жұмыс істеушілер санымен тең болады екен. Бұл жағдайларға қарамастан, жапон билік органдары қалыптасып қалған зейнетақылық жүйесін өзгертер емес. Алайда өмір ағымына байланысты, бұл жүйеге өзгертулер аз-аздап енгізіліп отырады.
Жапониядағы,зейнетақылық жүйені қалыптастыру процесі 80 – жылдардың екінші жартысында басталып, қазіргі таңда өз жалғасын табуда. Бұл уақытқа дейін зейнетақымен қамсыздандыру жекеленген режимдердің жиынтығымен көрсетілді, оның әрқайсысы өз тобының зейнеткерлерін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Зейнетақылық кезеңдер алғашында сақтандыру шарттары бойынша да, зейнетақы беру шарттары бойынша да сәйкес келмеді.
Алғашқы кезең екінші дүние жүзілік соғысқа дейін қалыптасқан болатын, ол өзара көмек көрсететін, алайда ол жергілікті органдардағы, орталық қызмет көрсету мекемелеріндегі мемлекеттік қызметкерлерге есептелген, сонымен қатар жекеменшік мектептердегі және т.б. категориялардағы жұмыскерлерге арналған. Бұл режим бойынша сақтандыруға қатысушылар 55 жасына толғанда жоғарғы деңгейдегі зейнетақы алуға құқылы болған. Екінші пенсиялық режим 1941 жылы енгізілді, бұл зейнетақы сол кездегі жекеменшік жапондық компаниялардың жалдамалы персоналдарымен қамтамасыз етілген. Бұл жердегі зейнетақымен қамсыздандыру шарттары басқаша: 20 жылдық сақтандыру стажының болуы, және 60 жасқа толу қажеттігі. Бұл жүйе бойынша бірінші кезеңмен салыстырғанда зейнетақыны 4-5 адам артық алып отырған.
60 жылдардың басында мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің үшінші кезеңі енгізілді. Оған сонау кезеңдерде ешқандай да зейнетақы алмаған адамдар қолға алынды. Алайда бұл ең есепсіз зейнетақылық қамсыздандыру болып есептелінді. Ең сорақысы 25 жылдық жұмыс стажы мен 65 жас болды.
Зейнетақылық жүйенің осындай бөлімдерін біріктіру үшін және оның әсерлілігін арттыру үшін 80 жылдары Жапонияда зейнетақылық реформа жүргізіле бастады. Бұл дегеніміз мемлекеттің зейнетақылық жүйесінің жақсы жағдайдағы қаржылық қорларынан бағдар алып отырды.
Жалғастырушы кезеңде сақтандырудың мерзімін ұлғайтуға тура келеді, 15-20-дан 25 жылға дейін, ал зейнетақылық жас мөлшерін 55-60 жастан 65 жасқа дейін. Реформа бойынша бірыңғай базалық зейнетақы енгізіле бастады. Реформаның басында базалық зейнетақылық қаржы 50 мың иен айына құрады, немесе 500 ақш доллары.
Қазіргі
таңда Жапониядағы реформалық шарттардың
орындалуы барысында
Алғашқы зейнетақылық кезеңнің қызметі зейнетақы жүйесінің қоғамдық өзара көмегін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл зейнетақы міндетті емес зейнетақылар жүйесіне кіреді, орталық билік органдарының мемлекеттік қызметкерлер жарнасы жалақысының 17 пайызын құрайды, ал жергілікті органдардың қызметкерлерінің 16 пайызын, жекеменшік мектептердің мұғалімдерінің 13 пайызын, ауылшаруашылық және балық аулау кооперативінің 18,5 пайызын құрайды. Мұндай зейнетақылардың мемлекеттік үстемесі заттың барлық бағасының 20 пайызына жуығын құрайды.
Екінші зейнетақылық режимнің ақшасын Жапонияның жекеменшік компанияларының жалдамалы персоналдары, шахтерлер және басқа да деңгейдегі азаматтар құрайды.
Жапониядағы
мемлекеттік дотацияланған
И. Тихоцкийдің деректері бойынша 2000 жылдың басында елдің мемлекеттің жалпы шығындарының 60 пайызы әлеуметтік қамсыздандырудың зейнетақымен қамсыздандыру бөліміне көп бөлінген.
Мемлекеттік зейнетақы алудың қалыпты жасы Жапонияда әйелдер үшін де, ерлер үшін де 65 жас болып табылады. Алайда, көптеген Жапондықтар бұл жасқа жетсе де жұмыс жасап, өз күндерін көре береді.
Басқа
елдермен салыстырғанда Жапонияда
жұмыс бастылық жоғары болып табылады.
2000 жылдың басында Жапонияда
Ал Германияда 60,3 пен 60,1 жасты құрайды. Т.Н. Матрусовтың зерттеулерінің бірінде ХХ-ХХІ ғасырда 65 жаста жұмыс істеушілер Жапонияда 34,1 пайызды құрады, ал АҚШ-та және Европада 16,9 және 5,3 пайызды құрады.
Күн шығыста орналасқан елдерде қоғамдық зейнетақының мөлшері орташа жалақының 60 пайызын құрайды. 2000 жылдың басында қажетті сақтандыруы бар жалдамалы жұмысшылар үшін жылына 1,9 млн иен болды, ал мүгедектер үшін жылына 1,3 млн иен болды, асыраушысынан айырылған жағдайда 920 мың иен болды. Ол кезде жалдамалы жұмысшының орташа жалақысы жылына 2,8 млн иен болған болатын.
Жапониядағы мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру фирмалардың қосымша төлеуімен ерекшеленеді. Көптеген жекеменшік мекемелерде жұмыс істеушілер зейнеткерлікке шығу кезінде тек қана қоғамдық қана емес, сол компаниядан қосымша зейнетақы немесе пособие төленіп отырады.
Жапонияда жекеменшік зейнетақылық қорлар да жұмыс жасайды, онда жалдамалы жұмысшылар өздерінің сақтандыру қорларын төлеуі мүмкін. Мұны көбісі істейді.
Жалдамалы зейнетақылық қорлар бойынша 90 жылдың аяғында 30 пайыздан жоғары болды. Мұны алған кезде, мемлекеттік зейнетақы да сақталып отырды.
Кейбір жапондықтар «қартаюға арнап» ұлттық немесе шетелдік валютада банктік депозиттерге қаржы салады. Соның нәтижесінде жапондықтар қартайғанға дейін көптеген қаражат жинап қоюы мүмкін. Оның көлемі 30 млн иенді құрайды. Бұл Жапондықтарды қартайған шағында жылына саяхат жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар таңдауы бойынша курстарға баруға, шетел тілдерін үйренуге жалпы айтқанда жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.
Жапонияда зейнетақымен қамсыздандыруға әлеуметтік заңдылық мобильділігі тән. Тез қартаюшы қоғамда елде жасап тұрған заңдылық бойынша әрбір 5 жыл сайын қаржыллық есеп бойынша зейнетақы мөлшері өзгереді.
ХХ ғасырдың 90 жылдары жалақының индексациясы зейнетақының тұрақтылығын сақтау үшін және қалыптастыру үшін кіріспен есептелген. Ол жалақыдан жылдам өседі. Сондықтан да кірістер арасындағы балансты жұмысқа қабілетті халық пен зейнеткерлер арасында сақтау оңай болды.
Зейнетақыны қалыптастыру кезінде 2000 жылдың бірінші жартысында Жапония белгілі бір қиындықтарға тап болды. Яғни демографиялық жоспар бойынша мемлекеттің ззейнетақылық қорды толықтыру қиындықтыры, сонымен қатар экономикалық сипаттамаларды сақтау қиындықтары көп болды.
Осындай жағдайларда жақын арада зйнетақыны көтеру туралы мәселелер қаралды, 13,58 ден 18,35 ке дейін, сонымен қатар 59,4-тен 50 пайызға дейін елдегі орташа жалақыны көтеру.
Сақтандыру
механизмдері мен мемлекеттік
Жапонияда жұмыссыздыққа байланысты пособиелердің мерзімі дифференцияланған. Сақтандыру стажы бойынша 10 жыл және одан да көп адамға жұмыссыздық кезінде 9 айға дейін, ал кейбір ерекше жағдайларда одан да көп мерзім беріледі. Жұмыссыздық бойынша төленетін пособие мерзімі бір жылға дейінгі жұмыс стажы бойынша анықталады.
Жапниядағы
мемлекеттің жұмысбастылық
Жапония заңдары бойынша егер де азамат жұмысынан айырылғаннан кейін 18 айдың ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысатын болып шешсе оған курстарда төленетін қаржымен тең пособие төленеді. Мұндай тәжірибе мемлекеттегі жеке кәсіпкерлікті дамытуға әсерін тигізеді.
Егер де өз компанияларында екінші беттегі адамдарды жұмысқа алса, мемлекеттік гранттарға ие болады. Яғни, бұрын жұмыстан қысқартылуларға байланысты жұмысынан айырылып қалғандар кіреді. Ал 65 жастық мөлшерді енгізген жапондық кәсіпкерлерге мемлекеттен көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Саясаттағы жұмысбастылық мәселесі бойынша Жапонияда жұмыссыздықтың деңгейі төмендеді.
2000 жылдың басында ол жұмысбасты халықтың 5,4 пайызын құрады. Ал АҚШ-та сол кездері бұл көрсеткіш 6 пайызға тең болған, Германияда – 8,3 пайызға, Финляндияда – 8,9, Бельгияда – 6,9 пайызға тең болды.
Әлеуметтік жұмыстың Жапондық моделінде ерекше сипатталатын корпаративті компонент әлеуметтік қамсыздандырудың фирмалық қайырымдылықпен сипатталады. Зейнетақылық жүйе бойынша оның маңызы көрсетілген болатын, тәжірибеде зейнеткерлерге қосымша жәрдемақылар белгіленеді. Алайда, бұл корпаративті – фирмалық жүйе әлеуметтік қамсыздандыруда шектелмейді. Ол өзіне тағы да келесідей әдістерді кіргізеді:
Жапонияда тұрғын үйлер мен квартира үшін төлемнің жоғары екендігі бәріне мәлім. Сондықтан да көптеген фирмалар, үлкен мекемелер отбасылы және жалғызбасты жұмысшыларға арналған жатақханаларымен қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар фирмадан көптеген сомадағы үй алуға байланысты қаржыны аз процентпен алуға мүмкіндігі бар. Ал кейбір фирмалар өз қызметкерлері үшін өздері үй салады да, қамтамасыз етеді. Шындыққа келер болсақ, тұрғылықты жері бар көптеген азаматтар үйлерін өздері жұмыс жасайтын фирмалардан алған екен.
Көптеген жапондық фирмалар өз қызметкерлерін медициналық сақтандырулармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, фирманың өзінде тегін медициналық қызмет көрсетіледі.
Компаниялар жұмыскерлерінің демалуын да қамтамасыз етіп отырады, көпсанды кештерді, таза ауадағы пикник, туристикалық саяхаттар деген секілді көптеген демалыстар ұйымдастырады.
Жұмысшылар фирманың кірістеріне өз үлестеріне қосатын болса, белгілі бір бонустарға ие болады. Яғни алты айға сыйлық немесе 1 жылға болып табылады. Орта есеппен алғанда 4 айлық қосымша жылына төлемдер ескеріледі.
Той,
баланың туылуына байланысты, сонымен
қатар қайғылы жағдайларға